Экономикадағы инвестициялық инновациялық қызметтің басқару тетіктері және оларды жетілдіру жолдары



Дата17.07.2016
өлшемі69.78 Kb.
#206237
Экономикадағы инвестициялық - инновациялық қызметтің басқару тетіктері және оларды жетілдіру жолдары
Умирзакова М.А., Имьяминов С.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Өңірдің инвестициялық - инновациялық әлеуетін жетілдіруді қамтамасыз ету – аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі проблемалардың бірі болып табылады.

Аймақтық проблемалардың ерекшелігі – оларды шешу үшін әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қатысуы талап етіледі. Осымен байланысты аймақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толқтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:

біріншісі – макродеңгейдегі өңір экономикасын басқару механизмін одан әрі жетілдіру;

екіншісі – мезодеңгейде тиімді өңірлік менеджмент механизмін қалыптастыру;

үшіншісі – жергілікті өзін-өзі басқару әдістерін жетілдіру.

Егер Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясында айтылған мақсаттар мен міндеттерді бәсекеге қабілеттілікті арттыру үдерісіндегі бастапқы нүкте деп қабылдайтын болсақ, онда ең алдымен бүгінгі таңда Қазақстандық бәсекеге қабілеттіліктің күшті және әлсіз жақтарын анықтап алу керек.

Ең әуелі «бәсекелестік» деген сөздің мәніне тоқтала кетейік, бұл:

- біріншіден, алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік жасайтын өзге бәсекелестерінен асып түсетін артықшылық жасай білу қабілетік;

- екіншіден, бәсекелестік сол артықшылықта пайдалану және ұзақ уақыт ұстап қалу қабілетін білдіреді.

Ал, ұлттық экономиканың бәсекелестігі бұл экономиканың, соның ішінде, өнеркәсіптік өндірістің озық технологиялар мен жаңалықтарды игеруі арқылы, ішкі және әлемдік нарыққа сапалы да, бәсекелес өнімдер шығарып, оларды өткізуде бәсекелестік артықшылықтарды пайдалану, сондай-ақ, өндірісті заман талбына сай жаңғырта білу қабілетін сипаттайды .

Әлемде барлық жағынан бірдей бәсекелестік қабілеті күшті бірде-бір ел жоқ екендігін есте ұстау қажет. Сондай-ақ, бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізген, бірақ оны ұзақ уақыт бойы ұстап отырған да ел жоқ. Жоғары жетістіктерге жеткен елдердің көбі бәсекелестік қабілеті әлуетін жасаудың бірқатар сатыларын басынан өткізген. Ендеше, Қазақстан да сондай жолды қайталауға тиіс. Мұндай сатыларды бөліп көрсету, өз кезегінде ұлттық экономиканың қалай дамитынын, әр сатыда отандық өндірушілер алдында қандай мәселелер тұрғандығын және экономикалық өсуді немесе тоқырауды қандай өндірістік күштер қамтамасыз ететіндігін білуге мүмкіндік береді.

Бірінші сатыда тұрған елдердегі экономиканың жетекші салалары негізінен өндірістің базалық факторлары мен ресурстары есебінен артықшылықтарға қол жеткізеді. Сондықтан, мұндағы бәсекелестік жағынан қабілеті экономика салаларының қатары аз, олар өз өнімдеріне төменгі баға белгілеу арқылы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізеді. Олардың сыртқы нарықтарға шығуына бірлескен негізде құрылған шетелдік кәсіпорындар ықпал етеді. Мұндай сатыдағы экономика әлемдік нарықтағы болатын өзгерістерге өте сезімтал келеді. Қазіргі жағдайда ондай экономиканың қандай да бір нақты жетістіктерге жету мүмкіндігі аз. Бұл сатыны қазіргі дамушы елдердің көбі басынан кешуде.

Екінші саты (инвестициялау сатысы) негізінен экономика мүмкіндіктерінің өндірісті кеңейтуге жұмсалатын инвестицияға және оны модернизациялауға тікелей тәуелділігін көрсетеді. Бұл сатыда өндірісте пайдаланылып отырған технология, әлемдік шамаларға қарағанда, алдыңғы емес, бірақ біршама жеткілікті дамыған деуге тұрады және ол жиі жетілдіруді талап етеді. Мұндай технологияны жетілдіру сол елдің қол жеткізген маңызды көрсеткішін көрсетеді. Нәтижесінде ондай экономиканың әлемдік шаруашылықтағы ашықшылығы айқындалып, ішкі нарықтағы бәсеке күшейе түседі. Пайдаланылып отырған технологияны жетілдіру өндірістің факторларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл сатыдан өз уақытында көптеген дамыған елдер өткен, сонымен қатар, дамушы елдердің арасында бұл сатыдан Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Бразилия, Мексика сияқты елдер өтуде.

Үшінші сатыда экономиканың негізгі қозғалысы иновацияларға тәуелді және иновациялар арқылы сол елдің қандай да бір ресурстар мен факторларға деген кемтігінің орнын толтырады. Көптеген салалар иновацияларды пайдаланып қоймай, оларды үнемі жасайды және орналастырады. Осы сатыдағы елдің жететін көрсеткішіне машина жасау кешенінің және ғылыми сыйымдылығы жоғары өндіріс салаларындағы бәсекелестік қабілетті кеңейту, іскерлік және өзге де қызмет түрлерін дамыту, салалық құрылымлы трансформациялау, трасұлттық корпорацияларды көбейту шаралары жатады. Бұл сатыға барлық индустриалды дамыған елдер жетті, ал Оңтүстік Корея мен Тайвань мемлекеттері оған жетуге біршама жақын қалды .

Демек, Қазақстан осы сатылардың қайсысында тұр дегенге келсек, негізгі өлшемдер бойынша біздің еліміздің бірінші сатыда тұрғанын айқындау қиын емес. Себебі, бүгінгі экономикамыздың бәсекелестік қабілеті базалық факторлар мен ресурстарлың, нақтырақ айтсақ, табиғи ресурстар мен арзан жұмыс күшінің есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Бірақ та, базалық факторларға негізделген бәсекелестік артықшылықтарымызды өте жеңіл жоғалтуымызға болатынын естен шығармауымыз керек. Қазіргі кезде біздің еліміз үшін болашағы бар факторлардың, соның ішінде, осы заманға сай инфрақұрылымның, жоғары білікті және білімді тұлғалардың және ғылыми әлуеттің дамуы аса маңызды. Бірақ олардың қалыптасуы мен дамуы біршама күрделі және көп қаражат салуды қажет етеді. Бұл жерде олардың сапасын арттыру үшін бірмезеттік қаржы салу жеткіліксіз, яғни, үздіксіз қаржыландыружы талап етеді. Аталған факторлардың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру үшін жекелеген факторлардың санының болуына емес, олардың қалыптасу сипатына, «сапасына» және «пайдаланылу тиімділігіне» аса мән беру қажет. Инновациялық экономика - кез-келген азаматтың назарын аудара алады. Түптеп келгенде, оның классикалық экономикадан өзгешелігі- пайдаланылатын- пайдалы қазбалар емес, жоғары экономиканың негізі- яғни адамның білімі, ал оның күш-кқаты шексіз екендігі белгілі. Инновациялық жүйені құру үшін ғылыми-техникалық әлеуетті дамытумн қатар, іргелі дүниелерді коммерциялық қолданысқа дейін жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа инфрақұрылымның және институтциялдық ортаны қажет ететін қолданбалы зерттеулер саласы да қажет.

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін факторы ретіндегі инновациялардың маңыздылығы күмәнсіз. Ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігінің стратегиясын құрастыру және оның болашақ қызмет етуі инновацияларды кеңінен пайдалану және инвестицияларды адами капиталға, ғылымға, білім беруге, денсаулық сақтауға бағыттау тұрғысынан қарастырылған .

Енді Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекелестік қабілеттілігін қалыптастыратын негізгі факторларды қарастырайық.

Материалдық және заттық факторлар. Қазақстанның ірі өндірістік әлуетінің болуы оның ұлттық экономикасының бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға объективтік негіз болып табылады. Бірақ, Қазақстанның қазіргі жағдайындағы өндірістік құралдар шығындық экономикаға сай келетіні жасырын емес. Себебі, жалпы өнімнің ұлғайған бөлігі «ішкі» айналымға жұмсалатындықтан, жеткілікті деңгейде ұлттық табыстың өсуіне мүмкіндік бермейді. Қазіргі кезде негізгі өндірістік қорлардың жоғары дәрежеде моральдық және заттай тозуы, өз кезегінде, өндірістік әлуеттің «құнсыздануына» әкеліп, ақыр соңында бәсекелестік қабілеттілікті арттырудың тежегішіне айналуы әбден мүмкін. Сондықтан, Қазақстан үшін қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресті пайдаланатын салалар мен қызмет көрсету аясындағы өндіргіш күштерінің құрылымын өзгерту қажеттігі сапалы экономикалық өсуі мәселесінен туындайды. Ондай мәселені шешуде барлық өндірістік ресурстарды, соның ішінде негізгі өндіріс қорларының қайтарымдылығын арттыруға мүмкіндік жасайтын жаңа ғылыми-техникалық және адами факторларды пайдалану қажет.

Ресурс және шикізат факторлары. Бай ресурстық шикізат әлуетіміз республикамыздың өндіргіш күштерінің дамуының негізі болып табылады. Бүгінгі күні минералдық-шикізаттық ресурстарымыз алыс және жақын шетелдерге шығарылуда. Ұзақ мерзімде табиғи ресурстар есебінен елдің экспорттық қажеттілігін қамтамасыз ете алуымыз мүмкін бе? Әрине, жоқ, себебі ресурс – бұл шектеулі дүние.

Ендеше, біріншіден, ұлттық байлығымыздың басты элементі саналатын жер қойнауы қорларымызды нақты бағалау қажет. Ондағы мақсат олардың құны пайдалы қазба байлықтарын өндіру және қайта өңдеуге кететін шығынды жаппайтын болса, онда пайда таппайтынымыз белгілі.

Екіншіден, экономикалық өсудегі және ғылыми-техникалық прогрестегі әлемдік ағымдарды ескеру қажет. Мүмкін, келесі дамудың сатысында, жоғары технологиялар есебінен олар бастапқы ресуерстарға деген қажеттіліктерін азайтуы мүмкін. Сондықтан да, кез келген елдің өмірі үшін шикізатты сыртқа шығарғаннан гөрі, бәсекелестік қабілетті тауарларымызды өндіріп, оларды экспортқа шығаруға көңіл бөлуіміз қажет.

Адам факторы. Бәсекелестік қабілетті қалыптастыратын факторлардың іс-әрекеті адам әлуетімен толықтырылады. Адамның мүмкіндіктерін іске асырудың маңызды бағыттарына еңбек, оны ынталандыру және кәсіпкерлік ресурс жатады. Адам ресурсы – бұл ұлттың бәсекелестігін арттыратын маңызды фактор. Нарыққа өту кезінде Қазақстанда жекелеген техникалық мамандықтарға қажеттілік болмағандықтан, оларды даярлау қысқарғаны белгілі, ал қазіргі кезде олардың тапшылығы сезілуде. Жалпы елімізде жұмысшы-кадрларды даярлаудың кәсіби деңгейі төмен.

Сондықтан, адам факторын дамытуға, яғни, білім беруге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қамсыздандыруға, сақтандыруға және ғылымға қаражат салуға ерекше көңіл бөлу қажет. Дамыған елдерде негізге капитал мен адам капиталына жұмсалынған инвестицияның арасындағы қатынас 1:1 құрайды. Арзан және жартылай білікті кадрларды даярлау қажет емес, олар өндірістің тиімділігін арттыру мүмкіндігін шектейді.

Аумақтық және кеңістіктік фактор. Қазақстан үшін айрықша мәнге ие фактор – бұл экономиканың аймақтық кеңістігінің бәсекелестігі. Ондай факторға Қазақстан аумағының көлемі, климаттық ерекшеліктері, көліктік байланыстары, ауыл шаруашылығына қолайлы жерлердің болуы және т.б. жатады. Қазақстанның теңізге тіке шығатын жолының болмауы әлемдік нарыққа шикізатты шығарымен байланысты сыртқы экономикалық байланыстардың мүмкіндіктерін шектейді. Әлемнің «үшінші елдерінің» соңғы он жыл ішінде дамығандарының көбі бұл теңіз жағалауына жақын орналасқан елдер екені белгілі.



Қазақстанның Көлік стратегиясына сәйкес қарастырылған республикамызды өзге елдермен байланыстыратын мұнай құбыры, темір жолдары және автомобиль жолдары құрылысы жобаларының іске асырылуы оның алдағы уақыттары транзиттік мүмкіндіктерін арттыра түсері сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет