Бақылау сұрақтары
1) Корреляциялық талдау жүргізгенде мәліметтер қалай ұйымдастырылады?
2) Корреляциялық талдау қандай жағдайда қолданылады?
3) Корреляциялық талдау жүргізуге қандай функциялар қатысады?
14-тәжірибелік жұмыс. Регрессивті талдау
Тапсырма. Регрессивті модель құру есебін шығару. Шешімді іздеу құралдарының көмегімен бір тәуелді және бір тәуелсіз өзгермелілер үшін регрессия теңдігін табу есебін шешу.
Жұмыстың орындау әдістемесі
Екі байқалатын шама х пен у бар, мысалы, қолданыста болған автомобильдерді сататын фирманың өткеру көлемі, оның алты аптадағы жұмысы. Бұл байқалатын шамалардың мәндері 3.44-суретте келтірілген, онда х – есепті апта, ал у – сол аптада өткерілу көлемі. Бастапқы мәліметтері 1 суретте келтірілген.
3.44-сурет – Желілік модель салу үшін бастапқы мәліметтер.
Байқалатын мәндерді барынша жақсы көрсететін желілік моделін салу қажет. Әдетте m мен b байқалатын және тәуелді өзгермелі у теориялық мәнінің арасындағы айырмашылық текшелерінің сомасы минимальды болатындай етіп іріктеледі, яғни минималдандырылғанда:
мұнда n – бақылау саны (мына жағдайда n=6).
Бұл есепті шешу үшін m мен b өзгермелілеріне тиісінше D3 және E3 ұяларын бөлеміз,ал F3 ұясына минималдандырылған функцияны енгіземіз
{=СУММКВРАЗН(B2:B7;E3+D3*A2:A7)}.
СУММКВРАЗН функциясы көрсетілген массивтердің элементтері үшін айырмашылық текшелерінің сомасын есептейді.
Енді Сервис, Шешімді іздеу командаларын тереміз, ашылған Шешімді іздеу диалогты терезесін 3.45-суретте көрсетілгендей толтырамыз.
m мен b өзгермелілеріне шектеудің жоқ екенін атап өтеміз. Есептеу нәтижесінде іздеу құралы шешімді табады: m=1,88571 және b=5,400. Бұл нәтижелер 3.46-суретте келтірілген.
3.45-сурет – Регрессия теңдігін есептеу үшін шешімді Іздеу диалогты терезесі
3.46-сурет – Регрессия теңдігінің ұтымды шешімі.
Бұл бөлімде регрессияның желілік теңдеуінің түрлі сипаттарын тікелей есептеген жұмыс парағының функциялары келтірілді.
Алдыңғы бөлімдегі у=mx+b желілік моделінің m мен b параметрлерін НАКЛОН және ОТРЕЗОК функцияларының көмегімен анықтауға болады.
НАКЛОН – ұзындық бойындағы мәндердің өзгеру жылдамдығы. НАКЛОН функциясы желілік тренд еңісінің коэффициентін анықтайды. Синтаксис:
НАКЛОН (белгілі_мәндер_у; белгілі_мәндер_x).
ОТРЕЗОК (INTERCEPT) функциясы желілік тренд желісінің ординат кіндігімен қиылысқан нүктесін анықтайды. Синтаксис:
ОТРЕЗОК (белгілі_мәндер_х; белгілі_мәндер_у).
НАКЛОН мен ОТРЕЗОК функцияларының дәлелдері:
-
белгілі_мәндер_у – тәуелді бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві;
-
белгілі_мәндер_x – тәуелсіз бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві. Егер белгілі_мәндер_x дәлелі түсіп қалса, онда массив {1;2;3;...} белгілі_мәндер_у дәлеліндей мөлшерде деп топшыланады.
-
НАКЛОН мен ОТРЕЗОК функциялары мына формулаларымен есептеледі:
,
мұнда ,
4 суретте көрсетілген D2 мен Е2 ұяларында тиісінше m мен b табылды, формулалары:
=НАКЛОН(В2:В7;А2:А7);
=ОТРЕЗОК(В2:В7;А2:А7).
m мен b коэффиценттерін басқа тәсілмен де табуға болады. А2:В7 ұяларының диапазоны бойынша нүктелі кескіндеме салыңыз, қосарлы шертпемен кескіндеме бөліңіз, содан соң мышьтың оң жақ кнопкасымен шертіңіз. Ашылған контексттік менюде 3.47-суретте көрсетілгенде тренд желесі командасын таңдаңыз.
3.47-сурет- Тренд желісін салудың басы.
Тренд желісін салу тобында Тип вкладында тренд Желісідиалогтық терезесінде (аппроксимация мен сглаживание) Желілік параметрін таңдаңыз, ал Параметрлер вкладына диаграммада теңдеуді Көрсету және аппроксимация шынайлығы шамасы диаграммасына Орналастыру (R^2) жалаушыларын қойыңыз (яғни диаграммаға корреляция коэффиценті текшесінің мәнін орналастыру қажет).
Корреляция коэффициентіне қарап, регрессияның желілік теңдеуін пайдаланудың дұрыстығын пайымдауға болады. Егер ол 0,9-дан 1-ге дейінгі диапазонда жатса, бұл тәуелділікті нәтижені алдын ала болжау үшін пайдалануға болады. Корреляция коэффициенті бірлікке тақаған сайын оның бақылаудағы шамалар арасындағы желілік тәуелдікті көрсететінін негіздей түседі. Корреляция коэффициенті -1-ге тақау болса, бақылаудағы шамалар арасында кері тәуелділіктің болғаны.
Нүкте белгілі болған жағдайда ғана қисық сызықпен Ү кескіндігін қиылысқан нүктесіне жалауша қойылады. Мысалы, жалауша қойылатын, оның өрісін 0 енгізілсе, y=mx моделі іздестірілуде деген сөз.
Тренд желісі командасының орындалу нәтижесі 3.48-суретте келтірілген
3.48-сурет – Тренд желісінің кескіндемесі
Суреттен көрініп отырғандай, коррелация коэффициентінің текшесі 0,9723-ке тең, демек желілік модель нәтижелерді алдын ала айту үшін қолдынылады.
Регрессия теңдеуінің табылған коэффициенттерінің негізінде бақылаудағы y шамасының теориялық мәнін анықтауға болады. 3.48-суретте көрсетілген С2 ұясында y теориялық мәнін
=$D$2*A2+$E$2
формуласы бойынша А2- ден x кезінде есептеп шығарамыз.
Алайда тіркелген нүктеде y теориялық мәнін желілік модель коэффициенттерін алдын ала анықтамай-ақ ПРЕДСКАЗ функциясының көмегімен есептеп шығаруға болады.
Синтаксис:
ПРЕДСКАЗ (t; белгілі_мәндер_y; белгілі_ мәндер_x).
Дәлелдер:
t – мәні алдын ала айтылатын мәләметтер нүктесі;
белгілі_мәндер_y – тәуелді бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві;
белгілі_мәндер_x – тәуелсіз бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві; Егер дәлел белгілі_мәндер_x түсіп қалса, бұл массивтің {1;2; 3;..}мөлшері белгілі_мәндер_y массивінікіндей деп болжанады.
3.46-суретте С2 ұяда теориялық мәнді мына формуламен шығаруға болады:
=ПРЕДСКАЗ (A2;$B$2:$B$7;$A$2:$A$7)
ТЕНДЕНЦИЯ функциясының регрессиясы бір өлшемді, сондай-ақ көр өлшемді деңгейі үшін тәуелсіз өзгермелерінің тұтас ауқымы үшін жиілік регрессиясы теңдеуінің мәндерін есептеп шығарады. Регрессияның көп өлшемді желілік моделінің түрі:
Синтаксис:
ТЕНДЕНЦИЯ (белгілі_мәндер_y; белгілі_мәндер_x; жаңа_мәндер_x; конст)
Дәлелдер:
- белгілі_мәндер_y – тәуелді бақыланатын шаманың белгілі мәндерінің массиві;
- белгілі_мәндер_x – тәуелсіз бақыланатын шаманың белгілі мәндерінің массиві; Егер дәлел белгілі_мәндер_x түсіп қалса, бұл массивтің {1;2;3;....} мөлшері белгілі_мәндер_y массивінікіндей деп болжанады.
- жаңа_мәндер_x – жаңа мәндер x, олар үшін тенденция функциясы тиісті мәндер y-ті қайтарады.
- конст- қисынды мән b константының 0-ге тең болуының қажетінің бар- жоғын көрсетеді. Егер дәлел конст ИСТИНА мәнінде болса немесе түсіп қалса, онда b әдеттегідей есептеледі. Егер конст ЛОЖЬ мәнінде болса, онда b 0-ге тең деп болжанады.
Егер көп өлшемді желілік модель салынса, онда дәлелдер белгілі_мәндер_x пен жаңа_мәндер_x әрбір тәуелсіз өзгермелі үшін баған (немесе жол) ұстауы керек. Егер дәлел жаңа_мәндер_x түсіп қалса, онда ол дәлел белгілі_мәндер_x-пен сәйкес келеді деп болжанады.
ЛИНЕЙН функциясы көп өлшемді желелік регрессия теңдігінің параметрлерінің мәндерінің массивін оралтады.
Синтаксис:
ЛИНЕЙН (белгілі_мәндер_y; белгілі_мәндер_x; конст; статистика).
Дәлелдер:
- белгілі_мәндер_y – тәуелді бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві;
- белгілі_мәндер_x – тәуелсіз бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві; Егер дәлел белгілі_мәндер_x түсіп қалса, бұл массивтің {1;2;3;....} мөлшері белгілі_мәндер_y-тегідей деп болжанады.
- жаңа_мәндер_x – жаңа мәндер x, олар үшін тенденция функциясы тиісті мәндер y-ті қайтарады.
- конст- қисындық мән конст b-ның 0-ге тең болуының қажетілігі- қажетсіздігін көрсетеді. Егер дәлел конст ИСТИНА мәнінде болса немесе түсіп қалса, онда b әдеттегідей есептеледі. Егер конст ЛОЖЬ мәнінде болса, онда b 0-ге тең деп болжанады.
- статистика- регрессия бойынша қосымша статистиканы, мысалы, корреляция коэффициентін шығарудың қажетілігі- қажетсіздігін көрсететін мән. Егер статистика ИСТИНА мәнінде болса, онда ЛИНЕЙН функциясы қосымша регрессиялық статистиканы оралтады. Егер дәлел статистика ЛОЖЬ мәнінде болса немесе түсіп қалса, ЛИНЕЙН функциясы коэффициенттердің мәнін ғана оралтады.
Бақылау сұрақтары:
1) Регрессиялық талдаудың қандай әдістері бар?
2) Регрессиялық талдауға қандай функциялар қатысады?
3) Тренд желілерінің мәні?
4) Қандай тренд желілерінің мәні
4 Өздік жұмыстардың тапсырмалары
4.1 Дәріс сабақтарына дайындалуға тапсырмалар
1-тақырып. «Экономикалық ақпараттық жүйелер»
Мақсаты: экономикалық объектіні басқарудағы ақпараттық жүйелермен танысу.
Тапсырма: төмендегі өз бетімен дайындалу сұрақтары бойынша қысқаша конспект жазу және бақылау сұрақтарына
ауызша жауап беу.
Өз бетімен дайындалу сұрақтары:
1) Экономикалық ақпараттық жүйе (ЭАЖ). Құрылымы.
2) ЭАЖ жіктелімі.
3) Менеджменттегі және маркетингтегі ақпарат жүйелерінің негізгі түрлері.
Бақылау сұрақтары :
1) «Ақпараттық жүйе», ЭАЖ ұғымдарына анықтама беру.
2) Өздеріңізге белгілі ЭАЖ түрлерін атаңыздар.
3) Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (АвАЖ) деген не?
2-тақырып. «Жаңа ақпараттық технологиялар»
Мақсаты: студенттерді информатиканың, ақпараттарды өңдеу құралдарының қазіргі қоғамдағы ролімен таныстыру.
Тапсырма: төмендегі өз бетімен дайындалу сұрақтары бойынша қысқаша конспект жазу және бақылау сұрақтарына
ауызша жауап беу.
Өз бетімен дайындалу сұрақтары:
1) Ақпараттық технологиялардың даму сатылары.
2) Ақпараттық технология түсінігі және олардың жәктелімі.
3) Анағұрлым кең тараған ақпараттық технологиялар.
Бақылау сұрақтары:
1) «Ақпарат» терминіне ауқымды сипаттама беріңіз.
2) Ақпараттық технология деген не?
3) ЭЕМде программалау дегенді қалай түсінесіз?
3-тақырып. “Басқару қызметін автоматтандыру бағыттары”
Мақсаты: басқарудың ақпараттық жүйелерін меңгерту.
Тапсырма: төмендегі өз бетімен дайындалу сұрақтары бойынша қысқаша конспект жазу және бақылау сұрақтарына ауызша жауап беу.
Өз бетімен дайындалу сұрақтары:
1) Технологиялық процестерді басқарудың автоматандырылған жүйелері (АСУ ТП).
2) Жобалауды автоматтандыру жүйелері (САПР).
3) Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері (АСУП).
Бақылау сұрақтары:
1) Басқарудың технологиялық объектісі деген не?
2) Технологиялық процестерді басқарудың автоматандырылған жүйелерінің негізгі функциялары.
3) Жобалау деген не?
4) Қандай жобалау автоматтандырылмаған деп аталады?
5) Қандай жобалау автоматтандырылған деп аталады?
6) Жобалауды автоматтандыру жүйелері деген не?
7) Жобалауды автоматтандыру жүйелеріндегі жобалау технологиясының қағидаларын атаңыздар.
8) Өндірісті басқару жүйелері деген не?
4-тақырып. «Маманның автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО)»
Мақсаты: заманауи мекемені және қызметкердің жұмыс орнын техникалық жабдықтау сұрақтарымен таныстру. Сонымен қатар, Power Point программасымен жұмыс дағдыларын қалыптастыру.
Тапсырма: келесі сұрақтар бойынша электрондық презентация дайындау.
Өз бетімен дайындалу сұрақтары:
1) Экономист маманның автоматтандырылған жұмыс орны.
2) Бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орны.
3) Технологтың автоматтандырылған жұмыс орны.
4) Басшының автоматтандырылған жұмыс орны.
Бақылау сұрақтары:
1) Маманның автоматтандырылған жұмыс орны деген не?
2) Экономист маманның автоматтандырылған жұмыс орнының міндеттері.
3) Бухгалтердің АЖО-ң негізгі міндеттері.
4) Басшының АЖО-ң тағайындалуы.
5) Электрондық офис деген не?
6) Офиске арналған интеграцияланған пакеттерге қандай программа кіреді?
5-тақырып. «Эксперттік жүйелер»
Мақсаты: «Интеллектуальды» ақпараттық технология түсінігімен таныстыру.
Тапсырма: Эксперттік жүйелердің мақсаты мен міндеттерін сипаттау.
Өз бетімен дайындалу сұрақтары:
1) Жасанды интеллект түсінігі.
2) Басқарудың эксперттік жүйелері.
3) Эксперттік жүйелердің негізгі міндеттері.
4) Білімдер базасы.
Бақылау сұрақтары:
1) Жасанды интеллект деген не?
2) Эксперттік жүйелердің негізгі міндеттерін атаңыз.
3) Шешім қабылдауды қолдау жүйелері деген не?
4) Эксперттік жүйелердің сыныптарын атаңыз.
5) Эксперттік жүйелердің құрылымы.
6) Білімдер базасы деген не?
6-тақырып. «Жобаларды басқару жүйелері»
Мақсаты: жобаларды басқаруды программалық жабдықтаумен таныстыру .
Тапсырма: сұрақтары бойынша қысқаша конспект жазу және бақылау сұрақтарына ауызша жауап беу.
Өз бетімен дайындалу сұрақтары:
1) Іс қағаздарын жүргізу процесін және бизнес-жоспарлауды автоматтандырудың программалық құралдары.
2) Жобаларды басқару теориясының жалпы мәселелері.
Бақылау сұрақтары:
1) Жобаларды басқару саласында туындайтын негізгі міндеттер класын сипаттаңыздар.
2) Жобаларды басқару міндеттерін шешетін программалық жабдықтарға мысал келтіріңіздер.
7-тақырып. «Компьютерлік желілер және желілік технологиялар»
Мақсаты: компьютерлік желілерде ақпараттарды берудің қазіргі заманғы желілік технологияларымен студенттерді таныстыру.
Тапсырма: келесі сұрақтар бойынша электрондық презентация дайындау.
Өз бетімен дайындалу сұрақтары:
1) Интернет желісінің даму тарихы.
2) Интернет негізіндегі перспективті технологиялар.
3) Электрондық коммерция.
4) Электрондық төлем жүйелері.
Бақылау сұрақтары:
1) Жергілікті желі деген не?
2) Жергілікті желі құру үшін қандай байланыс линиялары қолданылады?
3) Әлемдік желі мен жергілікті желінің негізгі айырмашылықтары неде?
4) Интернет желісін құрудың базалық қағидаларын атаңыздар.
5) Интернет желісінің қандай ақпараттық серверлерін білесіздер?
6) Интернетте қандай негізгі іздеу құралдары бар?
4.2 Тәжірибелік сабақтарына дайындалуға тапсырмалар
1-нұскау
Қаржылық талдау
1-есеп. 7 % жылдық ставкамен берілген 10 000 000т. 7 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 10 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.
2-есеп. 6 % жылдық ставкамен берілген 15 000 000т. 3 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 14 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.
3-есеп. Шотқа 1000000т. 8 % жылдық ставкамен салғанда 10 жылда қанша болатынын есептеу керек. Процент квартал сайын есептеледі. БС функциясын қолданыңыз.
4-есеп. Шешімді іздеу (поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару.
Дүкен үш түрлі өнімді саудалайды: Ө1, Ө2, Ө3. Екі шектелген ресурс қарастырылады: дүкеннің пайдалы ауданы – 450 (кв.м)., дүкен жұмысшыларының жұмыс уақыты – 600 (адамсағат). Тауар айналымы 240000-нан кем болмауы керек. Ең максималды пайда табу үшін қандай тауар айналымы болу керектігін анықтаңыз. Тауарды сатуға кететін ресурстардың шығындары мен содан түскен пайда төмендегі 4.1-кестеде берілген:
4.1-кесте – Тауарды сатуға кететін шығындар мен пайда
Ресурстар
|
Тауарды сатуға кеткен шығындар
|
Ресурстар көлемі
|
Ө1
|
Ө2
|
Ө3
|
Аудан
|
1,5
|
2
|
2
|
450
|
Жұмыс уақыты
|
3
|
2
|
1,5
|
600
|
Пайда
|
50
|
65
|
70
|
|
5-есеп.Транспорттық есепті шығару
Өнімді өндіру n кəсіпорында орындалады. Ол өнім m тұтынушыға тасымалданады. Кəсіпорындардың бір күнде өндіретін өнімі, тұтынушы пункттері бір күнде тұтынатын өнім көлемі, кəсіпорыннан тұтыну пунктіне дейін жүкті жеткізу үшін кететін шығындардың сандық мəндері əр варианттың кестесінде берілген. Өнімді қоймада сақтау үшін күніне кететін шығын – 1,6, келісім бойынша жүк жеткізілмей қалған əр күн үшін айып пұл – 3,4. Өнімді жеткізуге кететін шығынды минималдау керек. Өнім бірлігін тасымалдау құны 4.2-кестеде көрсетілген.
4.2-кесте– Транспорттық шығындар
Кəсіпорын
|
Өнімді тасымалдау құны
|
Өндіру көлемі
|
Тұтыну пункттері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
A
|
5
|
1,8
|
6
|
6
|
30
|
B
|
1
|
5,1
|
8
|
2
|
42
|
C
|
3,5
|
6
|
3
|
3,1
|
10
|
D
|
2,2
|
4,9
|
1,3
|
4
|
10
|
E
|
3
|
7
|
8,95
|
1
|
10
|
Тұтыну көлемі
|
20
|
38
|
30
|
22
|
|
2-нұскау
Қаржылық талдау
1-есеп. 4 жыл бұрын 200000 ссуда 20 % жылдық ставкамен берілген. Процент ай сайын есептеледі. Қанша сома төленетінін анықтаңыз. БС функциясын қолданыңыз.
2-есеп.. 14,5 % проценттік ставкамен салынған 1000000 сомаға əр жылдың аяғындағы төлем 10,897 болу үшін неше жыл өту керек? КПЕР функциясын қолданыңыз.
3-есеп.. Процентті есептеу ай сайын жүргізілетін болса жəне проценттік жылдық ставка 35,18 % болса неше жылдан кейін 500000 мөлшердегі салым 1000000-ға жетеді. КПЕР функциясын қолданыңыз.
4-есеп. Шешімді іздеу (поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару.
Цех екі түрлі өнім шығарады, оған екі шикізат қолданады. Максимум пайда түсіретіндей өндіріс жоспарын құру керек. Өнімді шығаруға кететін шикізат мөлшері төмендегі 4.3-кестеде берілген :
4.3-кесте – Тауарды сатуға кететін шығындар мен түсетін пайда
Шикізат
|
Тауарды сатуға кеткен шығындар
|
Шикізат көлемі
|
Ө1
|
Ө2
|
1
|
5
|
8
|
600
|
2
|
14
|
8
|
1400
|
Пайда
|
50
|
30
|
|
5-есеп.Транспорттық есепті шығару
Өнімді өндіру n кəсіпорында орындалады. Ол өнім m тұтынушыға тасымалданады. Кəсіпорындардың бір күнде өндіретін өнімі, тұтынушы пункттері бір күнде тұтынатын өнім көлемі, кəсіпорыннан тұтыну пунктіне дейін жүкті жеткізу үшін кететін шығындардың сандық мəндері əр варианттың кестесінде берілген. Өнімді қоймада сақтау үшін күніне кететін шығын – 1,6, келісім бойынша жүк жеткізілмей қалған əр күн үшін айып пұл – 3,4. Өнімді жеткізуге кететін шығынды минималдау керек. Өнім бірлігін тасымалдау құны 4.4-кестеде көрсетілген.
4.4-кесте – Транспорттық шығындар
Кəсіпорын
|
Өнімді тасымалдау құны
|
Өндіру көлемі
|
Тұтыну пункттері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
A
|
2,3
|
7
|
6
|
8
|
15
|
B
|
2
|
1,3
|
1
|
2,5
|
55
|
C
|
4,9
|
4
|
4
|
1
|
12
|
D
|
2
|
8
|
1
|
4
|
18
|
E
|
33
|
2,1
|
1,2
|
5
|
17
|
Тұтыну көлемі
|
35
|
35
|
15
|
25
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |