Экономикалық АҚпараттық ЖҮйелердегі жаңа технологиялар


Ақпараттық технологияның жіктелуі



бет4/12
Дата08.06.2016
өлшемі2.09 Mb.
#121949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ақпараттық технологияның жіктелуі.

Әр түрлі қоғам саласында ақпараттық технологияны пайдалану, бағалау, дұрыс түсіну, сауатты дамыту үшін оларды алдын – ала жіктеу керек.

Ақпараттық технологияның жіктелуі жіктелген өлшеміне байланысты. Өлшем сапасы сол және басқа ықшамды жинақтық және көрсеткіштік белгілермен қатысты болуы мүмкін. Мысалға, бұл өлшем қолданушы интерфейске қызмет атқарады. Өз кезінде операциялық жүйе командалық, WIMP, SILK интерфейстерімен жүзеге асады.

Командалық – командаларды енгізу үшін шақыруды экранға шығарады.

WIMP- (Window-терезе, Image-бейнелеу, Menu-меню, Pointer-нұсқама).

SILK- (Speech-сөз, тіл, Image-бейнелеу, Language-тіл, Knowledge-білім). Берілген интерфейсте тілдік команданы шығару кезінде семантикалық байланысқа сәйкес бір ізденіс бейнелеуден екіншіге көшу болады.

Операциялық жүйелер бірпрограммалық, көппрограммалық және көпқолданушылық болып бөлінеді.

Бірпрограммалыққа - SKP, MS DOS және т.б. жатады. Олар ақпаратты өңдеудің сұхбаттық және пакеттік режимдерді қолдайды.

Көппрограммлыққа - UNIX, DOS 7.0, OS/2, WINDOWS жатады; ақпаратты өңдеудің сұхбаттық және пакеттік технологияларын үйлестіруді қолдайды.

Көпқолданушылыққа - (желілік операциялық жүйелер) - INTERNET, NOVELL, ORACLE, NETWARE және т.б. жатады. Олар желіде жойылған өңдеулерді, сонымен қатар жұмыс орнында сұхбаттық және пакеттік технологияларын жүзеге асырады.

Тізілген нысандар және ақпараттық технологиялар қазіргі кезде экономикалық ақпараттық жүйелерде (ЭАЖ) кеңінен қолданылуда.

Ақпараттық технология өзіне объект түрінде жеке есеп немесе экономикалық ақпараттық жүйенің элемент бола алатын автоматтандырылған жобалау жүйесін (АЖЖ) қамтиды, мысалы, CASE - технологиясы, Clarion пакетінің Designer утилиті.

Ақпараттық технологияның бір бөлігі болып қолданушылар арасында хабарламаны сақтауды және жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиынынан тұратын электрондық пошта табылады.



2.4-тақырып. Желілік және бөлінген технологиялар

Желі - бұл есептеу ресурстарының тиімді үлестірілуін қамтамасыз ететін программалық, техникалық және коммуникациялық құралдардың жиынтығы.

Адам зердесі дамуының бір уақытта әрі өнімі, әрі ынталандырушысы бола отырып, желі келесідей мүмкіндіктер береді:

- тармақталған ақпарат қоймасын құруға;

- ақпаратты өңдеу бойынша шешу қажет міндеттер көлемін кеңейтуге;

- дербес компьютердің жұмысын қатарласа жүргізу есебінен АЖ сенімділігін арттыруға;

- сервистік қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, мысалы электрондық пошта құруға;

- ақпаратты өңдеу құнын төмендетуге.

Екі және одан да көп компьютерлердің физикалық бірігуі кезінде компьютерлік желі қалыптасады.



Есептеу желісі - бұл байланыс арналарымен қосылған компьютерлер жиынтығы. Байланыс арналары кабельдерден, желілік адаптерлерден және басқа да коммуникациялық құрылғылардан құралады.

Жалпы жағдайда компьютерлік желі құру үшін арнайы аппараттық жабдықтау (желілік құрал жабдықтар) және арнайы программалық жабдықтау (желілік программалық жабдықтар) қажет.

Мәліметтермен алмасу үшін екі компьютердің қарапайым қосылуы тікелей қосылу деп аталады. Windows 98 операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын компьютерлердің тікелей қосылуы үшін арнайы программалық та, аппараттық жабдық та қажет емес. Бұл жағдайда аппараттық құрал болып стандартты енгізу/шығару порттары табылады, ал программалық құрал ретінде операциялық жүйе құрамындағы стандартты жабдық қолданылады (Пуск -Программы - Стандартные - Связь - Прямое кабельное соединение).

Компьютерлік желілердің барлығының негізгі мақсаты - ортақ ресурстарға бірлесіп енуді қамтамасыз ету.

Ресурстар үш түрлі болады: аппараттық, программалық және ақпараттық. Мысалы принтер - аппараттық ресурс, өте күрделі және ұзақ есептеулерді орындау үшін қашықтағы үлкен ЭЕМ-ге қосылып, есептеу тапсырмасын соған жіберуге болады, есептеу аяқталғасын нәтижелерді дәл осылай кері алуға болады. Бұл жағдайда желілік программалық ресурс қолданылады. Қашықтағы компьютердегі сақтаулы мәліметтер ақпараттық ресурсты құрайды.

Аппаратура бойынша, программа бойынша тиісті үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін компьютерлік желілерде хаттамалар деп аталатын арнайы стандарттар болады. Олар желі компоненттерінің аппараттық өзара әрекет ету сипатын (аппараттық хаттамалар) және программалар мен мәліметтердің өзара әрекет ету сипатын (программалық хаттамалар) анықтайды.



Желі архитектурасы деп қолданушыларға түрлі ақпараттық ресурстардың кең ауқымын ұсынатын дербес компьютерлердің(ДК) күрделі бірігуін түсінеміз.

Желінің маңызды сипаттамасы болып топология табылды, ол дербес компьютердің желіге қосылу құрылымын анықтайды. Екі түрлі топологияны ажыратады: физикалық және логикалық. Физикалық топология желі түйіндерінің байланыс каналдарына қосылуының нақты схемасы, ал логикалық - түйіндер арасындағы мәліметтер ағымының бағытталу құрылымы.

Желінің бірнеше топологиялық құрылымдары бар: шиналық, жұлдыз тәрізді, ағаш тәрізді, сақиналық және көп байланысты.

Желілік технологияның көптүрлілігі оларды қандайда бір басты белгілері бойынша жіктеуді қажет етеді. Желілік технологияның жіктелімі төмендегі 2.1-кестеде келтірілген.


2.1-кесте – Желілік технологияның жіктелімі


Жіктелу белгілері

Мамандануы

Ұйымдастырылу тәсілі

Байланыс тәсілі

ДК құрамы

Территорияны қамтуы

Әмбебап

Мамандандырылған



Бір рангілі(бір деңгейлі) Екі рангілі

Сыммен Сымсыз Спутниктік

Біркелкі Біркелкі емес

Локальдық

Аймақтық


Әлемдік

Қолданатын хаттамаларына сәйкес локальды (жергілікті) және глобальды (әлемдік) компьютерлік желілерді ажыратады.



Локальды желінің компьютерлері көбіне барлық қатысушылар үшін хаттамалардың біртұтас комплектісін қолданады. Олар бір ғимараттың, қабаттың, ықшам орналасқан ғимараттар тобының компьютерлерін біріктіреді. Локальды компьютерлік желі қатысушыларының жұмысын ұйымдастыратын басқарушы тұлғаны жүйелік администратор деп атайды.

Әр түрлі хаттамалар бойынша жұмыс жасайтын бірнеше локальды желілерді өзара қосу үшін шлюз деп аталатын арнайы құралдар пайдаланылады. Шлюздар аппараттық та, программалық та болады. Мысалы, ол арнайы компьютерлер (шлюздық сервер) немесе компьтерлік программа (шлюздік қосымша) болуы мүмкін.

Локальды есептеу желісін серверлер мен жұмыс станцияларының жиынтығы ретінде де қарастыруға болады.

Сервер - бұл желіге қосылған және оның пайдаланушыларына қандай да бір қызмет көрсететін компьютер. Серверлер желі ресурстарының көзі. Ол мәліметтерді сақтау, мәліметтер қорын басқару, тапсырманы қашықтан өңдеу, мәліметтерді баспаға шығару жұмыстарын және желі пайдаланушыларының басқа да қажеттіліктерін жүзеге асырады.

Жұмыс станциясы - желіге қосылған дербес компьютер, пайдаланушы осы компьютер арқылы желі ресурстарына ену мүмкіндігін алады. Желінің жұмыс станциясы желілік те және локальды режимде де жұмыс жасайды. Ол жеке операциялық жүйемен жабдықталған және қолданбалы міндеттерді шешу үшін пайдаланушыны барлық қажетті құралдармен қамтыған.

Файл-сервер желі пайдаланушысының мәліметтерін сақтайды және осы мәліметтерге енуге мүмкіндік береді. Бұл жедел жадысының сыйымдылығы үлкен, қатты дискісінің сыйымдылығы жоғары және магниттік лентадағы қосымша жинақтауыштары бар компьютер. Файл-сервер келесідей функциялар атқарады: мәліметтерді сақтау, мәліметтерді архивтеу, түрлі пайдаланушылардың мәліметтер өзгерісін синхронизациялау, мәліметтерді беру.

Ұйымның локальды желісін глобальды желіге қосқан кезде желілік қауіпсіздік ұгымының ролі артады. Локальды және глобальды желі арасындағы желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін брандмауэрлер қондырылады. Брандмауэр болып желілер арасында мәліметтердің рұқсатсыз алмасуына тосқауыл жасайтын арнайы компьютерлер немесе компьютерлік программа табылады.



Аймақтық есептеу желісі бір бірінен елеулі қашықтықта орналасқан абоненттерді байланыстырады. Ол үлкен қала, экономикалық аймақ және бір елдің ішіндегі абоненттерді қамтуы мүмкін.

Әлемдік желі әр түрлі елдерде, әртүрлі континенттерде орналасқан абоненттерді біріктіреді. Мұндай желіде абоненттер арасында өзара байланыс телефондық байланыс арналары, радио байланыс және спутниктік байланыс жүйелері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Желі қолданылатын өндіріс бөлімшесінің ауқымынан тәуелділікте бөлім желісі, кампус желісі және корпоративтік желі деп ажыратады.



Бөлім желісін - кәсіпорынның бір бөлімінде жұмыс жасайтын, бір міндет аясында қызмет ететін қызметкерлердің кішігірім тобы қолданады. Оның бір-екі файлдық сервері және отыздан аспайтын пайдаланушылары болады; бөлім желісінің басты мақсаты қосымшалар, мәліметтер, лазерлік принтерлер және модем секілді жергілікті ресурстарды бөлу болып табылады.

Кампус желілері жеке ғимарат шеңберінде бөлім желілерін біріктіреді және мұнда глобальды біріктірулер қолданылмайды. Кампус желілері жағдайында әртүрлі аппараттық және программалық жабдықтарды басқару және интеграциялау мәселесі туындайды.

Корпоративтік желілер жеке кәсіпорынның барлық территорияларында компьютерлердің көп санын біріктіреді.

Компьютерлік желілердің және дербес компьютерлердің(ДК) өзара әрекет формаларының көптүрлілігі олардың интеграциялану немесе ең болмағанда хабарлармен алмасу деңгейінде бірігу мәселесін тудырады. Таратылған жүйелерде үш интеграцияланған технологиялар қолданылады:

- «клиент-сервер» технологиясы;

- әлемдік желі шеңберінде ресурстарды бірігіп пайдалану технологиясы;

- электрондық пошта түрінде әмбебап пайдаланушылық қарым-қатынас технологиясы.

Желідегі ДК-ң өзара әрекетінің негізгі формасы - «клиент-сервер». Әдетте желідегі бір ДК ақпараттық-есептеу ресурстарына(процессорлар, файлдық жүйе, пошталық қызмет, баспа қызметі, мәсіметтер қоры) ие болады, ал қалған ДК-р оларды қолданады. Осы немесе басқа ресурстарды басқаратын компьютерді ресурс сервері, ал оны пайдаланғысы келетін компьютерді клиент деп атайды. Егер ресурс мәліметтер қоры болса, мәліметтер қорының сервері; егер ресурс - файлдық жүйе болса, онда файлдық сервер немесе файл-сервер деп айтылады.

«Клиент-сервер» технологиясы кең тарауда, бірақ технологияны нақты программалық өнімде іске асыру әртүрлі.

«Клиент-сервер» технологиясының негізгі қағидаларының бірі - мәліметтерді өңдеу операциясын табиғаты әртүрлі үш топқа бөлу. Бірінші топ - бұл мәліметтерді енгізу және бейнелеу. Екінші топ берілген пәндік облыстың міндеттерін шешу үшін тән, мәліметтерді өңдеудің қолданбалы операцияларын біріктіреді. Үшінші топ - мәліметтерді сақтау және оларды басқару операцияларын қамтиды.

Осы жіктелімге сәйкес кез келген тезпроцесте программалардың үш түрін ажыратуға болады:

- бірінші топтың операцияларын жүзеге асыратын көрініс программалар;

- екінші топтың операцияларына қолдау көрсететін қолданбалы программалар;

- үшінші топтың операцияларын жүзеге асыратын, ақпараттық ресурстарға ену программалары.

Осыған байланысты «клиент-сервер» технологиясын іске асырудың үш моделін ажыратады:

- қашықтағы мәліметтерге ену моделі(Remote Date Access - RDA);

- мәліметтер қоры серверінің моделі(Date Base Server - DBS);

- қосымшалар серверінің моделі(Арр1icatin Server - AS).

RDA-моделінде көрініс программалары мен қолданбалы программалар біріктірілген және мәліметтерді енгізу, бейнелеу операцияларын, сондай-ақ қолданбалы операцияларды орындайтын клиент-компьютерінде орындалады. Ақпараттық ресурстарға ену SQL тілі операторларымен немесе арнайы кітапхана функциясын шақырумен қамтамасыз етіледі. Ақпараттық ресурстарға сұрау желі арқылы қашықтағы компьютерге жіберіледі, мысалы мәліметтер қоры серверіне, ол сұрауды өңдеп және клиентке өңдеуге қажетті мәліметтер блогын қайтарады.

DBS-моделі клиент-компьютерінде орындалатын программалар енгізу және бейнелеумен шектеледі, ал қолданбалы программалар мәліметтер қоры процедурасында жүзеге асырылады және мәліметтер қоры сервері-компьютерінде мәліметтерге - МҚБЖ ядросына ену және басқару программаларымен бірге тікелей сақталады деген ұйғарыммен құрылады.

Тәжірибеде жие аралас модельдер қолданылады.

AS-моделінде клиент-компьютерінде орындалатын программалар мәліметтер енгізу және бейнелеу міндеттерін шешеді, яғни бірінші топтың операцияларын жүзеге асырады. Қолданбалы программалар бір немесе қосымшалар серверінің тобымен орындалады. Қолданбалы есептерді шешуге қажетті ақпараттық ресурстарға ену RDA-моделіндегідей қамтамасыз етіледі. Қолданбалы программалар түрлі типтегі ресурстарға енуді қамтамасыз етеді -мәліметтер қорына, индексацияланған файлдарға және т.б.

RDA- және DBS-модельдері операциялар бөлінуінің екі буынды схемасына сүйенсе, AS-моделінде қолданбалы программалар маңызды ретінде ерекшеленген, операциялар бөлінуінің үш буынды схемасымен жүзеге асырылған.

Қазірде әлімдік есептеу және ақпараттық желісінің дамуы етек алуда.



Әлемдік желі - бұл жалпы байланыс хаттамасы, қосылу әдістері және мәліметтермен алмасу хаттамалары бар, локальды ақпараттық желілерді біріктіретін телекоммуникациялық құрылым.

Ірі әлемдік ақпараттық желі Internet болып табылады. Бұл желіде мәліметтерді беру Internet хаттамасы - IP негізінде ұйымдастырылған.

ТСР/ІР желілік хаттамаларының архитектурасы арнайы біріктірілген желілер үшін арналған. Желі әртүрлі бір бірімен шлюздар арқылы қосылған ішкі желілерден тұра алады. Ішкі желілер ретінде жергілікті, аймақтық, ұлттық және арнайы, т.б. желілер қатынаса алады. Бір ішкі желіге қосылған екі машина пакеттермен тікелей алмаса алады, ал егер басқа ішкі желінің машинасына хабарды беру қажеттілігі туындаса, онда желіаралық келісім күшіне енеді, ол үшін ішкі желілер желіаралық тіл - ІР хаттамаларды қолданады.

Әлемдік желіге ену түрлерін атап өтейік:

- тікелей ену;

- Internet каналдары деңгейлерінің хаттамалары арқылы ену- SLIP және PPP;

- «Шақыру бойынша» ену (Dial-up Access);

- UNIX, UUCP арқылы стандартты телефон байланыстары бойынша ену;

- әлемдік желіге енетін басқа желілер арқылы ену.

Электрондық пошта есептеу желілерінің танымал қызметі болып табылады. Электрондық пошта жергілікті желілерде құжаттарды беруді қамтамасыз етеді, мекеме жұмыстарын автоматтандыруда табысты қолданылады. Мәліметтерді берудің әлемдік желісінің электрондық поштасы мыналарды қамтамасыз етеді:

- пошталық түйінде тұрақты болу талап етілмейтін жағдайларда, офлайнды режимде жұмыс жасауға.

- телеконференцияларға енуге;

- файлдық телеконференцияларға енуге.

Файлдық телеконференциялардың айырмашылығы қарапайым телеконференциялардан - хабар ретінде хат емес, файл болады. Түрлі жүйелердегі электрондық пошталардың көптүрлілігіне қарамастан, олардың функциялары бірдей: жаңа пошта түскендігін хабарлау, келген поштаны оқу, жіберілетін пошта құру, хабарды адресациялау, абоненттер тізімінен тұратын адрестік кітапты қолдану, хабарды жіберу және оны сақтау.

2.5-тақырып. Банктік ақпараттық жүйелер (БАЖ)

Банктік ақпараттық жүйелер (БАЖ) - бұл жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану негізінде банкті ұйымдық басқару формасы.

Жаңа нарықтық жағдайда банктік технологияларды автоматтандыру коммерциялық банктер пайда бола бастаған 1990 жылдардан басталды. Банктер жұмысы бүтіндей ел экономикасының жағдайынан едәуір тәуелді. Ел экономикасының біршама тұрақтануы 2003 жылдан бастап қазақстандық банктердің дамуын, банктер арасындағы бәсекелестіктің күшеуін қамтамасыз етті. Қазіргі банктік қызмет нарығына тән ерекшелік: банктер универсализациясы және клиенттер үшін күрес. Қызмет тиімділігін арттыру мақсатында банктер IT-технологияларға қомақты қаржы салуға мәжбүр.

«Диасофт» компаниясының(банктер үшін программалық өнімдер шығаратын ресейлік өндірушілер арсындағы лидер) мәліметтері бойынша орта есеппен әрбір банк бес жылда бір рет не БАЖ ауыстырады, не жаңа версияға көшеді. Бұл жағдай біріншіден, технологияны жетілдіруге және жаңа бизнес түрлеріне ынталандыграды, екіншіден стратегияны таңдаудағы өндірушілердің кешіліктерін табуға ықпал етеді.

Жалпы, соңғы үш жылда қаржылық программалық өнімдерді сату нарығы автоматизация облысындағы өз міндеттерін үнемі күшейтіп келе жатқан ірі, белсенді дамушы банктер есебінен екі есе өсті.

Бүгінде нарықта отандық және шетелдік өндірушілердің программалық өнімдері ұсынылған, олар бір бірінен құны және функциялары бойынша айрықшаланады.

БАЖ нарығында әртүрлі программалық өнімдер өндіретін 20 шақты БАЖ өндіруші-фирмалар бар. Өндірушіні таңдау кезінде банктік қызметті автоматтандыру сферасындағы компанияның жұмыс тәжірибесіне сүйену қажет. Өндіруші компанияның программалық өнімдерінің нарықтағы қажеттілік (сұраным) көрсеткіші ретінде осы өнімдерді сатып алған банктер санын айтуға болады.

Қазіргі БАЖ-ғе банктер - пайдаланушылар тарапынан ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік және бақылауоргандары тарапынан да өте қатаң талаптар қойылады. БАЖ өндірушілері өз өнімдерін үнемі өзгеріп отыратын банктік бизнесті жүргізуге қойылатын нормативтік және есептік талаптарға бағыттап отырулары тиіс.

БАЖ банкті басқару құралы болып табылады. Қазіргі БАЖ-ғе қойылатын негізгі талаптарды үшке бөлуге болады:

- БАЖ программалық өнім ретіндегі талаптар - жүйелік-техникалық талаптар;

- Банктік қызметтің спецификасын, банктік операцияларды және оларды орындау технологиясын бейнелейтін арнайы талаптар;

- БАЖ жасау процесін сипаттайтын сапа көрсеткіштері.

БАЖ программалық өнім ретінде қарастырылатын талапты гана қарастырамыз.

Функциональдық толыцтылыц - БАЖ-ң ең басты сипаттамаларының бірі. Күрделі БАЖ ондаған мың түрлі автоматтандырылған функциялар мен банктік операциялардан тұруы мүмкін. Функциональдық толықтылық талабы программалық өнімге берілген функцияны орындауға қажетті барлық программалық компоненттердің кіруі көзқарасы тұрғысынан сипаттайды және жүйенің барлық банктік қызмет түрлерін қамти отырып, банктің ақпараттық қажеттіліктеріне анағұрлым толық сай келу мүмкіндігін білдіреді.

Сатып алынып (жасалып) жатқан БАЖ автоматтандыруы қажетті функциялар тізімін қалыптастыру кезінде тек бүгінгі күннің талаптарын ғана емес, сонымен қатар банктің даму стратегиясы шеңберіндегі мәселелерді де ескеру қажет, яғни қолда бар БАЖ-ға стратегияны бейімдеп өзгерту жағдайына қалмау қажет.



Кешенді тәсіл. Банк қызметінің түрлі сфераларын интеграциялайтын, тек кешенді ақпараттық банктік жүйе ғана қаржылық мекеменің бизнес-процестерін тұтас біріктіруге және толықтай автоматтандыруға қабілетті. Клиенттермен жұмыс, биржалық саудаға қатысу және т.с.с. банктің ішкі шаруашылық қызметімен, бухгалтериямен байланыста болуы қажет.

Жүйе ауцымдылыгы(масштабируемость) - бұл жүйенің қойылатын талаптарды кеңейтуге және шешетін міндеттер көлемін арттыруға қабілеттілігі: қызмет көрсететін автоматтандырылған жұмыс орындарының саны, өңдейтін құжаттар саны, сондай-ақ есептеу ресурстарын ұлғайтқан кезде оның жауап беру шапшаңдығы, жалпы өнімділігі.

Жүйе икемділігіастраиваемость) - бұл оның мобильділігі, өзгермелілігі, шапшаңдық қасиеті. Бұл талап қандай да бір маңызды параметрлердің қатаң берілмеуін, яғни банктің қажеттіліктері мен жағдайларына бейімделу мүмкіндігін көрсетеді.

Жүйені орталықтан басқару. Барлық негізгі келтірулерді(бейімдеу) банктің білікті технологы жүзеге асырады, ал банк қызметкерлері бірден программамен жұмыс жасауға кірісе алады. Мұндай архитектураға ие БАЖ-ды эксплуатацияға барынша тез және сапалы дайындауға болады. Сонымен қатар, біз кез келген операцияны орындау жағдайын дереу өзгерту мүмкіндігін аламыз, ал бұл жаңа банктік өнімдерді құру кезіндегі аса жағымды тұс болып табылады.

Біртұтас мәліметтер базасы көп пайдаланушылық жұмысты қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік МҚБЖ (MS SQL Server, Oracle, Informix, DB2)негізіндегі таратылған мәліметтер жүйесін қолдану орынды болып саналады. Таратылған мәліметтер қорын пайдалану ақпараттардың қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге, банк программисттеріне қосымшаның мазмұндық бөлігін оптимизациялауға көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.

Нақты уақыт режимінде жұмыс жасау. Нақты уақыт режимінде жүйенің басқару әрекеттеріне реакциясы жүйе басқарып отырған процестің жүру жылдамдығына сәйкес келуі тиіс.

Жұмыс қауіпсіздігі және сенімділігі. Программалық жабдықтың жұмыс жасамауы немесе территориальды-таратылған банктік ақпараттық жүйеге рұқсатсыз ену сандық (шығын көлемі) және сапалық (имидждің түсуі, келісімдердің үзілуі) тұрғыдан өте ауыр салдармен сипатталуы мүмкін.

Банктерді автоматтандыруға бірдей әдіс болуы мүмкін емес. Шағын, орта және ірі банктердің міндеттері әртүрлі және автоматтандыруға деген олардың көзқарастары да әралуан. Шағын банктер үшін (100 адамға дейін) автоматтанд^ірудың басты міндеті үзіліссіз қызмет етуді және кешенді БАЖ-ң сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Мақсаты қазіргі қаманғы компьютерлік технологиялар деңгейінде жұмыс жасауға талпыну.

Орта банктер үшін (100-1000 адам) автоматизацияның басты міндеті «өскен» шаруашылықты ретке келтіру -мұнда олар банктің барлық қызмет сферасын жабатын және жұмыстың біртұтас технологиясын қамтамасыз ететін интеграцияланған БАЖ ендіруге бел буады.

Ірі банктер үшін (1000 адамнан жоғары) автоматизацияның басты міндеті көптеген филиалдардың, бөлімшелердің және туынды құрылымдардың мәліметтерін біріктіретін біртұтас корпоративтік орта құру болып табылады.

Автоматтандырылған банктік жүйелерді функциональдық тағайындалуына байланысты үш ішкі жүйелерге бөлуге болады:

Front-office (жоғары деңгей) - банктің сыртқы ортамен өзара әрекетін қамтамасыз ететін ішкі жүйе. Ішкі жүйеде алғашқы ақпараттарды енгізу, банктің клиенттермен, басқа банктермен, биржалармен, қор нарығымен өзара әрекеті жүзеге асырылады.

Back-office (орта деңгей) - жалпы банктік және жалпы шаруашылық қызметтерді қамтамасыз ететін ішкі жүйе.

Accounting (төменгі деңгей) - бухгалтерлік есеп шеңберінде банк қызметін уақытылы және дұрыс бейнелеуді қамтамасыз ететін ішкі жүйе.

Өзіндік жеке топқа - Analysis - банктің ағымдық жағдайын талдау, жоспарлау және ішкі аудит операцияларын орындау жүктелген.

Кез келген уақытта және кез келген жерден ақпаратқа енуді қамтамасыз ету концепциясы тұтынушыға компания қызметтерін пайдаланудың түрлі тәсілдерінің мүмкін болатынын таңдауға жағдай жасау деген сөз. Концепция қаржылық қызметтер мен бөлшек сауда секілді салаларда жұмыс жасайтын фирмаларда кеңінен қолданылып келеді. Бұл концепцияны іске асыру үшін клиенттерге байланыс каналдары арқылы (электрондық пошта, компания сайттары), абоненттік қызметтер арқылы, дәстүрлі пошта қызметі, телефон, факс арқылы банк қызметкерлеріне де, банктің мәліметтер қорына да ену мүмкіндігін ашу қажет.

Front-office ішкі жүйесіне банк пен клиенттер (банкте есеп шоты бар ұйымдар) арасында электрондық құжат алмасуды ұйымдаст^іруға арналған "Клиент-Банк" автоматтандырылған жүйесін(БАЖ) жатқызуға болады. Жүйе екі бөліктен тұрады - клиенттік және банктік.

"Клиент-Банк" БАЖ-ң клиенттік модулі валюталық құжаттарды (төлемдік міндеттемелер, валютаны сатуға және сатып алуға міндеттемелер, қаражаттар мен басқа да құжаттарды аударуға арыздар) дайындауға және модемдік байланыс арқылы жіберуге, сондай-ақ банктен клиенттің есептік шоты туралы есеп(көшірмелер) қабылдауға арналған. Клиент автоматты түрде жаңа валюталар анықтамасын, банктер БИК-ын, валюталар курсын және елдер кодын алады.

Интернет-банкинг - Интернет арқылы банктік шоттарды басқару қаржылық интернет-шешімдердің анағұрлым өсіңкі және өкілді бағыттарының бірі болып табылады. Ұйғарымдарды беру үшін клиенттер телефон және интернетте қолданады. Банкпен қарым-қатынас банк сайты арқылы интерактивті режимде өтеді. Қашықтағы тұлғаның түп-нұсқасын куәләндыру үшін цифрлық қол пайдаланылады.

Мұндай жүйелер есептеулер жүргізуге және барлық қаржылық қатынасқа қатысушылар тарапынан оларды бақылауға мүмкіндік береді. АҚШ-та мұндай жүйелерді бүгінде 50 миллиондай адам қолданады екен.

Интернет-банкинг жүйесінің классикалық варианты қолма-қол ақша операцияларынан басқа, клиенттерге -банк офисінде жеке тұлғаларға көрсетілетін банктік қызметтердің толық жиынын қамтиды.

Интернет-банкинг жүйесін пайдаланудың келесідей артықшылықтары бар:

- банкке барудың қажеті жоқтығына байланысты уақыт үнемделеді;

- клиент тәулігіне 24 сағат бойы жеке есеп-шотын бақылау мүмкіндігіне ие, және қаржы нарығында орын алған жағдайға байланысты дереу осы өзгеріске сай әрекет ете алады (мысалы, банктегі салымдарын жабу, валютаны сату немесе сатып алу және т.с.с.);

- интернет-банкинг жүйесін пластикалық карталармен операцияларды қадағалауда да ештеңе алмастыра алмайды - карточкалық шоттан кезкелген қаржыны алу жүйе дайындайтын шоттар бойынша көшірмеде лезде көрініс табады, бұл да клиент тарапынан өз операцияларын бақылауды күшейтеді.

WАР-банкинг - сымсыз мәліметтерді беру хаттамасы негізіндегі арнайы программалық жабдықпен қамтамасыз етілген ұялы телефон арқылы шоттарды қашықтан басқару. Дегенмен әзірге банктер WАP-банкингті жеке қызмет түріне жатқызбайды. Тек ұялы телефон арқылы ғана банктік операцияларды жүргізуді қалайтын клиентке интернет-банкинг жүйесіне қосылуына тура келеді. Қазірде ұялы байланыс жүйесінің компаниялары Интернетке шығу мүмкіндігі бар GSM стандартындағы телефондарды клиенттерге ұсынғанымен, берілетін және қабылданатын мәліметтердің қауіпсіздігін Интернетте ұйымдаст^ірылғандай, қажет деңгейде әрқашан қамтамасыз етеді деп айту қиын. Сондықтан, банктер клиент төлемдерінің конфиденциальдығына жауапкершілік ала алмайды, және әзірге оларға ұялы телфон арқылы тек шоттағы қалдықтар мен соңғы жасалған операциялар тізімі туралы қарауды ұсынып отыр. Бірақ WАP-банкинг қызметінің қауіпсіздігін жоғарылатуға қабілетті программалық жабдықтар жасалуда. Әзірге төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір банктер клиенттермен операциялар тізімін келісіп және олардың әрқайсысына сәйкес код меншіктеуде.

Банктердің ұялы телефон иелеріне ұсынатын тағы бір қызметі - SMS-банкинг. Кезкелген ұялы байланыс операторында бар қысқа хабарлар қызметі көмегімен клиент есеп айырысу шоттарының жағдайы туралы барлық ақпараттарды ала алады, сондай-ақ талап етілген кезеңге шот бойынша көшірмелер алуға болады. Мамандардың пікірлері бойынша, бұл қызметтің WАP-банкингке қарағанда болашағы зор. Біріншіден, бұл қызмет арзан, ал екіншіден, мәліметтерді беру жылдамдығы жоғары - он есе жылдамырақ, үшіншіден операциялардың қауіпсіздігі анағұрлым жоғары. SMS-сервис клиенттер арасында өте әйгілі.



Барлық бар жүйелерді үш категорияга бөлуге болады:

- мүмкіндіктері клиенттерге өз шоттары туралы ақпараттар берумен шектелетін жүйелер.

- шоттарды ара-қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін жүйелер – ішкі - және банкаралық аударымдар, коммунальдық қызмет төлемдері, қолма-қол емес валюталарды сатып алу/сату және т.б.

- үшінші категорияға одан да ілгері жүйелер жатады, онлайн режимінде клиентке банктік қызметтердің барлық кешенін алуға, оның ішінде несиелеу, бағалы қағаздармен операциялар және жеке қаржыларды басқаруға мүмкіндік беретін жүйелер.



Бірінші типтегі жүйелердің уақыты өтті деуге болады, ал үшінші типтегі жүйелер әлі көп таралган жоқ, сондықтан біз екінші категориядагы жүйелер туралы батыл айта аламыз.

Интернет-трейдинг Интернет арқылы осы мақсаттар үшін құрылған арнайы программалық жабдықтар көмегімен саудаға қашықтан ену мүмкіндігі. Интернет-трейдинг пайдаланушыға түрлі қаржылық құралдармен (валютамен, акциялармен, облигациялармен және т.б.) жұмыс жасауда үлкен мүмкіндіктер береді:

- өз мониторында таңдалған құлардардың ағымдық бағамын көру мүмкіндік береді;

- нақты уақыт режимінде өтініштер(арыздар) қалыптастырып және олардың тікелей сауда жүйелерінде орындалуын көруге мүмкіндік береді;

- түрлі биржалық құралдардың техникалық талдауын жүргізуге мүмкіндік береді;

Биржалардан экспортталған мәліметтерді архивтерде сақтауға, олардан графиктер тұрғызуға, MetaStock-та және басқа да техникалық талдау программаларында талдауға болады.

Интернет-трейдинг үш бөліктен тұрады: сауда жүйесі, Интернет-трейдинг пайдаланушылары және программалық жабдықтар.

Сауда жүйесі - бағалы қағаздармен сауда ең төмен тәуекелмен жүзеге асырылуы үшін құрылған биржалар (бейкоммерциялық ұйымдар). Мысалы, биржа бағалы қағаздардың жеткізілімін және мәміленің төлемі уақытылы жасалуын бақылауды жүзеге асырады. Өз қызметінің спецификасына байланысты бағалы қағаздармен сауда жасайтын ұйымдар, қайсыбір соманы биржаға кейбір тәуекелді алғаны үшін төлеуге келіседі. Ондай ұйымдар кәсіби қатысушы статусына ие болуы шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет