Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы



Дата21.06.2016
өлшемі296.75 Kb.
#151521


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы

«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІНЕН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

ҚАРАҒАНДЫ – 2009
Курстық жұмысты жазу бойынша әдістемелік ұсыныстар «Мемлекеттік басқару теориясы» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде э.ғ.к., профессор З.Ш.Шумековпен өңделген

Кафедраның оқу-әдістемелік семинарының отырысында қарастырылып, қабылданды.


29 тамыз 2009 ж. Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі: Жетпісбаева М.Қ.

Кіріспе
Мемлекеттік басқару теориясы пәні өзара байланысты және өзара тәуелді болып табылатын бірнеше тарауларды қамтиды. Мемлекеттік басқару теория курсын студенттердің оқып-білуіндегі аяқтаушы кезең болып олардың курстық жұмыстарды жазуы табылады.

Курстық жұмысты жазуды мақсаты:

Әрбір студент өзінің болашақ мамандығын қалыптастыратын пәндерді оқып-үйрену барысында алған теориялық білімдерін одан әрі тереңдетіп, жетілдіре беруі үшін күнделікті болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестерді басқарудың тәжірибесін мемлекеттік, салалық және аймақтық тұрғыдан жеткілікті талдап, соның арқасында басқару тәжірибесінің салыстырмалы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтай отырып, соңғыларын одан әрі болдырмаудың жолдары мен әдістерін ғылыми-методологиялық және ұйымдастырушылық-құқықтық жағынан негіздей білуге тиіс. Сондықтан дәл осы мақсатқа қол жеткізу үшін осы пән бойынша курстық жұмыс жазу керектігі оқу жопарында әдейі қаралған.

Курстық жұмыс студенттердің дербес жұмыстарының маңызды формаларының бірі, курстың логикалық аяқталуы болып табылады.

Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен байланыстыруға үйренеді.

Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті экономикалық әдебиетті дербес іріктеу, нақты статистикалық материалды іріктеу ептілігіне ие болып, экономикалық және басқару құбылыстарын талдау мен жалпылауға үйренеді.

Курстық жұмыстың мәні, жазу әдістемесі мен сатылары.

Курстық жұмыстың мәні – жинастырылған ресми, әдеби-статистикалық және болжамдық материалдарды жүйелі түрде саралап-талдап, одан алынған тұжырымдар мен қорытындыларды алынған тақырыпты терең ашып беру үшін белгілі логикалық сәйкестілікке келтіруге және осылардың барлығын өз сөзімен жазып шығуға үйрету болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда студенттердің жазбаша жұмыстары диплом жұмыстарын жазумен аяқталады. Курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдістемелік нұсқау сақталғаны жөн:

- тақырыптың ғылыми-методологиялық астарын толық меңгеру үшін керекті әдебиетті анықтап, оны оқып-үйреніп, өзіне жарамды дегендерін жазбаша жинақтау;

- ғылыми-теориялық тұжырымдарды қоғамдық өмірдің тәжірибесінде болып жатқан жағдайлармен салыстыра қарастыру үшін ресми материалдар мен динамикалық,құрылымдық, мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерді терең талдау;

- тақырыпты таңдап алғандағы мақсатқа қол жеткізу үшін жоғарыда аталған жұмыстарды логикалық бірлікке келтіру, зерттеу объектісінің басқару механизмдерін одан әрі жетілдіру және экономикалық-әлеуметтік тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерін негіздеу.

Курстық жұмыстың орындалуы оны жазудың өзара байланысты кезеңдерінен құралады:



  1. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту

  2. Ақпарат көздерін іріктеу және талдау

  3. Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар

  4. Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері

  5. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу

  6. Курстық жұмысты рецензиялау.

  7. Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.


1. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту

Курстық жұмыстың тақырыбы кафедраның әдістемелік семинарының отырысында жаңартылып, бекітіледі. Ол ҚР жүзеге асыратын экономикалық саясат өзектілігін ескеретін мемлекеттік басқару теориясының барлық негізгі мәселелерін қамтиды (Қосымша 1).

Курстық жұмыстың тақырыбын студент өзі таңдайды.

Курстық жұмыс тақырыбын таңдау барысында студент төменгі критерияларға сүйенуі керек:

Біріншіден, тақырыптың өзектілігі. Тақырыбы өзекті болып табылатын курстық жұмысты орындау;

Екіншіден, таңдалған тақырыптың түрлі қайнар көздерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының қайнар көздерінде сипатталу толықтығы;

Үшіншіден, өзінің зерттеу шекараларын нақты анықтау;

Төртіншіден, ізбасарлық. Мысалы, курстық жұмыс материалдары дипломдық жұмысты жазу барысында жақсы теориялық негіз болып табылады;

Бесіншіден, мәселенің өңделу дәрежесі.

Курстық жұмыс тақырыбын бекіту үшін студент кафедрада өтініш жазады, онда таңдалған тақырыптың нөмірі мен атауы көрсетіледі (Қосымша 2).

Бір топтың екі немесе бірнеше студенттеріне бір тақырыптағы курстық жұмысты орындауына рұқсат етілмейді.
2. Ақпарат көздерін іріктеу және талдау

Курстық жұмыстың сәтті жазылуына зерттелетін тақырыпқа қатысты ақпарат көздерін шығармашылық тұрғыдан зерттеп қарастыру ықпал етеді.

Ақпарат көздерін талқылауға студент курстық жұмыс тақырыбын таңдап, бекіткеннен кейін бірден кіріседі. Осы жұмыс барысында ол курстық жұмыс үшін таңдалған сәйкес зерттеу заттарының қазіргі таңдағы жағдайын талдауы тиіс.

Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбына сәйкес студентке, ең алдымен, кафедрамен ұсынылған негізгі әдебиетті талдау қажет, ал содан кейін қосымша әдебиетті студен дербес түрде іріктеп қарастырады.

Мәселелердің тереңнен талқылануы үшін қосымша отандық және шетелдік қайнар көздерді, сондай-ақ нұсқамалар сияқты ведостволық нормативтік құжаттарды пайдалануы қажет. Периодикалық бөлімдегі аталмыш мәселе бойынша жарияланған мақалалар және материалдармен танысу қажет.

Қайнар көздерге сілтеме жасау барысында оларды шынайы қолдану қажет, оларды талдап, нормативтік құжаттардың ережелері және авторлардың пікірлерімен негізді түрде келісіп немесе келіспеу қажет.

Қайнар көздерді мақсатты түрде іріктеу (таңдау) үшін оқытушыдан кеңес алып, содан кейін ғана әдебиеттің ізденісін бастау керек.

Кітапханалық каталогтармен да танысу керек: алфавиттік, жүйелік, пәндік, сондай-ақ түрлі библиографиялық анықтама басылымдары. Сонымен қатар, журналдар мен газеттердегі мақалаларды да қарастырған жөн.

Жалпы ережелер мен талаптарды ескере отырып, әдебиеттің библиографиялық сипаттамасын бірден дұрыс құру да маңызды. Тақырып бойынша таңдалған әдебиетті алфавит әріптері бойынша бөліктерге бөле отырып, осы үшін арнайы басталған дәптерге жазған жөн. Монография, журналды және газеттік мақалалар бойынша библиографияны құруды ағымдық жылы басып шығарылған еңбектерден бастап, біртіндеп ғана алдыңғы жылдары шығарылған әдебиеттерге көшу керек. Осындай тәртіп (7 қосымшада библиографиялық сипаттама мысалдары келтіріледі).
3. Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар

Курстық жұмысты жазар алдында студент тиісті:



  1. Таңдалған тақырыппен танысып, оның қандай болатынын ойша елестетіп көру.

  2. Әдебиетті, периодикалық басылымдарды толық талқылау.

  1. Баяндалатын материалды нақты және логикалық сипаттау.

  2. Курстық жұмыс тақырыбы кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан құралатын жұмыс жоспарына сәйкес ашылуы тиіс.

  3. Жұмысты қазіргі таңдағы материалдарды, кестелер, сызбалар, графиктерді қолданумен жазу.

  4. Орфографиялық және статистикалық қателіктер жібермеу.

  5. Сандық материалды кестелер түрінде рәсімдеу ұсынылады.

  1. Курстық жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған мерзімдерде орындалуы тиіс.

  2. Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда ескертулерді ескере отырып, жұмысты толықтыру қажет.


Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:

- бет парағы (мұқаба) (Қосымша 3);

- жұмыс жоспары (Қосымша 4):

- кіріспе;

- негізгі бөлім (1-3 бөлімдер);

- қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер тізімі.
Бет парағы (мұқаба)

Бет парақ жұмыстың алғашқы парағы болып табылады және құжатты өңдеу мен іздеу үшін қажетті ақпарат көзі қызметін атқарады.

Бет парақта келесі мәліметтер келтіріледі:


  • ЖОО, факультет, кафедраның атауы;

  • Курстық жұмыс тақырыбы;

  • Студенттің аты-жөні, тегі, тобының нөмірі;

  • Ғылыми жетекшінің тегі мен инициалдары.

Бет парақты курстық жұмыс парақтарының жалпы нөмірленуіне енгізеді. Бет парақта парақ нөмірі қойылмайды.

Жоспар

Жоспар – студенттің ұсынылған әдебиетті қаншалықты талдап, бастыларын таңдағанының маңызды көрсеткіші. Жақсы ойластырылып, құрылған жоспардан көбінесе жұмыстың құрылымы, мазмұны, бөлімдерінің логикалық байланысы тәуелді болады. Жоспар сапасы жұмыс мазмұны мен оның бағалануына айтарлықтай ықпал етеді.

Студент жұмыс жоспарын ғылыми жетекшімен алдын ала келісу қажет.

Курстық жұмыстың жоспары Кіріспені, барлық тараулардың, параграфтардың реттік нөмірлері мен атауларын, Қорытындыны, Қолданылған әдебиеттер тізімін және қосымшалар (егер болса) тізімін қамтиды.



Кіріспе

Кіріспеде автор төмендегі пункттерді міндетті ашуы тиіс:



  1. Таңдалған тақырыптың өзектілігі;

  2. Экономикалық ғылымдағы оның өңделу дәрежесі (авторлар мен олардың басты еңбектері келтіріледі);

  3. Жұмысты жазу барысында шешілетін мақсаттар мен мәселелер;

  4. Курстық жұмыстың пәні мен объектісі;

  5. Оны құру логикасы (бөлімдері (параграфтар) бойынша курстық жұмыстың құрылымы).

Жұмыста мәселеден туындайтын зерттеу мақсаттары мен міндеттері нақты анықталуы тиіс. Зерттеу мақсаты қандай да бір мәселені шешуден тұрады. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін нақты мәселелер қойылады.

Тәртіп бойынша, объект – бұл белгілі экономикалық және басқару категориясы немесе жұмыста зерттелетін мәселе. Зерттеу пәні – бұл объектінің белгілі аспектілерінің неғұрлым нақты сипаттамасы. Зерттеу пәні объектке қарағанда неғұрлым тар түсінік болып табылады. Пән объектінің бөлігі, элементі болып табылады.

Кіріспе көлемі 1,5-2 парақты құрайды.
Негізгі бөлім

Негізгі бөлімде тақырыптың мазмұны қамтылады. Аталмыш бөлім мәселенің теориялық негіздері сипатталып, нақты материал жалпыланып, талданып, статистикалық материалдар мен графикалық мәліметтер келтірілетін курстық жұмыс тақырыбын сипаттайтын 3-4 сұраққа бөлінуі (параграфтар) тиіс. Курстық жұмысты жазу барысында аталмыш мәселе бойынша әрекет етуші көзқарастарды баяндап қана қоймай, сондай-ақ өзінің көзқарасын да баяндауға тырысу қажет. Курстық жұмыста бекітілген жоспарға сәйкес қарастырылатын мәселелердің байланысы мен логикасы орын алуы тиіс.

Негізгі бөлім материалын баяндау логикасы мынадай боуы мүмкін:

Бірінші бөлімде зерттелетін мәселенің теориялық негіздері қарастырылады, анықтамалар келтіріліп, негізгі түсініктерге талдау жасалады, зерттелетін құбылысты дамытудың негізгі қарқындары қарастырылады. Қолданылатын әдебиет көздері мен келтірілетін авторлар көзқарастарына сілтеме жасау керек. Студент мәселені бағалау мен оның мүмкін болатын шешімдерінде өзінің бағдарын көрсетуі керек.

Екінші бөлімде ҚР мемлекеттік басқару жағдайы ашылып, олардың сипаттамасы келтіріліп, статистикалық мәліметтерге талдау жасалуы тиіс.

Үшінші бөлімде қарастырылып отырған құбылысқа ықпал ететін факторларға талдау жасалып, қарастырылып отырған мәселені шешу, жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімі бірлік интервалды компьютерлік версияда 25-30 парақты немесе қолмен жазылса 40-45 парақты құрайды.

Қорытынды

Қорытындыда зерттеу барысында жасалып, енгізілген теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жалпыланады. Олар өңдеулер мазмұны, маңыздылығы, негізгілігі мен тиімділігі туралы толық көрініс беретіндей нақты да қысқа болуы тиіс.

Қорытынды көлемі 2-3 парақты құрайды.

Қолданылған әдибеттер тізімі

Аталмыш тізім курстық жұмыстың соңында «Қорытынды» тарауынан кейін келтіріледі (Қосымша 8).

Аталмыш тізімге курстық жұмысты жазу барысында студентпен шын мәнісінде қолданылған қайнар көздер енгізілуі керек.

Ақпарат көздері тізімде курстық жұмысты жазу барысындағы ілеспелілікпен келтірілуі тиіс.

Қолданылған әдебиеттер тізімі библиографиялық талаптарға сәйкес рәсімделеді (Қосымша 7).

Қосымшалар

Қосымшаларда негізгі бөлімде көрініс таппаған, курстық жұмысты орындаумен байланысты материалдар, қосымша материалдар, көлемді кестелер, суреттер мен графиктер қамтылады. Әр қосымша жаңа парақтан басталып, реті бойынша нөмірленеді.

Курстық жұмыста қабылданған шешімдер, барлық мәліметтердің нақтылығы мен объективтілігі үшін курстық жұмыстың авторы, яғни студент жауапты.
4. Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері
Жалпы талаптар

Курстық жұмыс мәтінінің парақтары мен жұмыстағы суреттер мен кестелер А4 форматына сәйкес келуі тиіс.

Курстық жұмыс, бір интервал арқылы А4 форматындағы ақ қағаз парағының бір бетіне компьютерді және принтерді пайдалана отырып, баспа тәсілімен орындалуы тиіс. Шрифт – кәдімгі, кегль 14, Times New Roman. Әртүрлі гарнитуралардағы шрифтерді қолдана отырып, белгілі бір талаптарға, формулаларға назар аудару үшін компьютер мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.

Курстық жұмыстың мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып, басу керек: оң жағы – 10мм, жоғары жағы 20мм, сол жағы – 30мм және төменгі жағы – 20мм.

Әрбір тарауды жаңа беттен бастау көзделеді. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін жеткілікті орын болған жағдайда аяқталмаған беттің бос бетіне басуға болады.

Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы арақашықтық бір интервал құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы арақашықтық екі интервал құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы арақашықтық екі интервал құрауы қажет (Қосымша 5).

Басылған мәтіннің және ПЭВМ-мен басып шығарылған беттің, иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу (безендірілу) сапасы оларды шығарудың анықтық талаптарына жауап беруі тиіс.

Курстық жұмысты орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық пен бейнелердің анық көрінуі сақталуы қажет. Курстық жұмыста сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер бұлыңғыр болмай, анық болуы қажет.

Парақтардағы мәтіндердің бүлінуіне, түзетулер жасап шимайлауға және толық жойылмаған бұрынғы мәтін (график) іздеріне жол берілмейді. Курстық жұмыстың мәтінінде сканирленген графиктерді, сызбаларды, кестелерді және т.б. пайдалануға рұқсат етілмейді.

Курстық жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атауы «Мазмұны», «Кіріспе», тараулардың атауы, «Қорытынды», «Қолданылған әдебиеттер тізімі» курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған курстық жұмысының мәтінінде бас әріптермен жазылады.

Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға және тармақтарға бөлу көзделеді.

Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс. Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және қысқа көрсетуі тиіс.

Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте қоюсыз, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.

Егер атауы екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.



Курстық жұмыстың парақтарын нөмерлеу

Курстық жұмыстың парақтарын, курстық жұмысының бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Беттің нөмірі төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.

Бірінші (титулдық) бет, мазмұны, бірінші (титулдық) беттегі Кіріспе беттер жалпы нөмерлеуге кіреді. Бірінші (титулдық) беттегі, Мазмұндағы беттердің нөмері қойылмайды. «3» цифры Кіріспенің екінші бетіне қойылады.

Жекелеген парақтарда орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер курстық жұмыс беттерінің жалпы нөмерлеуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарады).



Тарауларды, параграфтарды және тармақтарды нөмірлеу

Курстық жұмыстың тараулары, шегініс жасап абзацпен жазылған және нүктесіз араб цифрларымен белгіленген, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет. Параграф нөмері, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.

Параграфтардың немесе тармақтардың ішінде санау келтірілуі мүмкін.

Әрбір санаудың алдынан дефис қою немесе құжат мәтінінде сілтеме жасау қажет болған кезде санаулардың біріне кіші әріптер (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ қоспағанда) жазылып, соңынан жақша қойылады.

Санауды одан әрі нақтылау үшін, соңынан жақша қойылатын араб цифрларын пайдалану қажет, ал жазу абзацтан шегініс жасау арқылы жасалады.

Иллюстрациялар

Иллюстрацияларды (сызбаларды, графиктерді, компьютерлік басып шығаралыған беттерді, диаграммаларды) курстық жұмыста, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру көзделеді.

Иллюстрациялар компьютермен орындалған болуы және түрлі түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасалмауы мүмкін.

Компьютерлік басуды пайдалану арқылы графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды орындауға рұқсат етіледі.

А4 форматынан кіші мөлшердегі фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына жапсырылуы тиіс.

Қосымшалардағы иллюстрацияларды қоспағандағы иллюстрацияларды, жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1» болып белгіленеді. «Сурет» сөзі мен оның атауы жолдың ортасында орналасады және нүктемен бөлінеді. Иллюстрациялардың, қажет болған жағдайда, атауы және түсініктеме деректері (суреттердің астында мәтіндері) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның атауы түсініктеме деректерден кейін орналастырылады.

Әрбір қосымшаның иллюстрациясы латын алфавитінің үлкен әріптерімен жеке нөмерлермен белгіленеді.

Иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде «... 2-суретке сәйкес...» деп жазу көзделеді.

Кестелер

Кестелер жақсы көрнекілік пен көрсеткіштерді салыстыруға ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі, дәл және қысқа болуы тиіс. Кесте атауын, кестенің үстінен, кесте сөзінен кейін келесі жолға шегініс жасап абзацтан орналастыру керек (Қосымша 6).

Курстық жұмыста кестені, ол туралы бірінші айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру керек.

Барлық кестелерге жұмыста сілтеме болуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде, оның нөмерін көрсете отырып, «Кесте» сөзін жазу керек. Қосымшалардағы кестелерді қоспағандағы кестелер жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай араб цифрларымен нөмірленеді.

Көп жолдарды алатын кестені екінші параққа ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін екінші параққа көшіру кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірі кестенің бірінші бөлігінің астынан шегініс жасап абзацтан, сол жақта бір рет көрсетеді, өзге бөліктерінің астынан «Жалғасы» деген сөз жазады және кестенің нөмерін көрсетеді, мысалы: 1-кестенің жалғасы. Кестенің бір бөлігін төменгі горизонталь сызыққа ауыстыру кезінде, шектеуші кестені жүргізбейді.

Бағаналары көп кестені қосымшаға шығарған дұрыс.

Бағаналарының саны көп кестені бөліктерге бөлуге және бір бөлігін өзге бөліктің астына бір беттің шегінде орналастыруға рұқсат етіледі. Егер кестенің жолдары мен бағаналары беттің форматынан шығып кететін болса, онда бірінші жағдайда кестенің әрбір бөлігінде кестенің басы, ал екінші жағдайда – кестенің екі жағы қайталанады. Көлемі үлкен кестені А3 форматы парағында орналастыруға рұқсат етіледі.

Кесте бағанасының әрбір жолында қайталанатын мәтін бір сөзден тұратын болса, онда оны бірінші жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға рұқсат етіледі; егер екі және одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталану кезінде оны «ол да» сөзімен алмастырады, ал одан әрі қарай – тырнақшалармен алмастырылады. Тырнақшаларды, қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық белгілердің орнына қоюға жол берілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында цифр немесе өзге де деректер келтірілмесе, онда оған сызық қойылады.

Кестенің бағаналары мен жолдарының тақырыптарын бір санмен бас әріптермен жазу, бағаналардың тақырыпшаларын – кіші әріптермен жазу керек, егер олар тақырыппен бір сөйлемді құраса, немесе, егер олар дербес мағынаға ие болса, үлкен әріптермен жазылады. Кестенің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңынан нүкте қойылмайды.

Кестелер сол жағынан, оң жағынан және төменгі жағынан, негізінен, сызықтармен шектеледі. Кестеде, мәтіндегіден кіші шрифт мөлшерін қолдануға рұқсат етіледі. Бағаналардың тақырыптарын, негізінен, кесте жолдарымен параллель жазады. Қажет болған жағдайда бағаналар тақырыптарының перпендикуляр орналастырылуына рұқсат етіледі. Кестенің басы, кестенің қалған бөлігінен сызықтармен бөлініп тұруы тиіс. Кестені ресімдеу мысалы Қосымша 6-да келтірілген.

Ескерту

«Ескерту» сөзін астын сызбай абзацтан үлкен әріптермен басу керек.

Егер, мәтіннің, кестелердің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктеме немесе анықтамалық деректер қажет болса, жұмыста ескерту келтіріледі.

Ескерту, мәтіндік, графикалық материалдан немесе кестеден кейін (осы ескерту соған жататын) орналастырылады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін тире қойылады және ескерту үлкен әріптермен басылады. Бір ескерту нөмерленбейді. Бірнеше ескертулер, нүкте қоюсыз қатарынан араб цифрларымен нөмерленеді. Кестеге ескерту кестенің соңында, кестенің аяқталуын білдіретін сызықтың үстінде орналастырылады.



Формулалар мен теңдеулер

Формулалар мен теңдеуді мәтіннен бөлек жолмен бөліп көрсету керек. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдік (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (–), көбейту (×), бөлу (:) немесе өзге математикалық белгілерден кейін келесі жолға көшірілуі тиіс, әрі белгі келесі жолдың басында қайталанады. Көбейту операциясы белгісіндегі формуланы тасымалдау кезінде, «х» қолданылады.

Символдар мен сандық коэффициенттер мәндерінің түсініктемесін, олардың формулада берілген жалғастығымен, тікелей формуланың астынан келтіру керек.

Курстық жұмысындағы формулаларды бүкіл курстық жұмысы шегінде реттік нөмерлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңгелек жақшаларда араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Мысалы:


А=а:б, (1)
Мәтіндегі формулалардың реттік нөмерлеріне сілтемелер жақшаларда беріледі. Мысалы – ... формулада (1).

Қосымшаларда орналасқан формулалар әрбір қосымша шегінде әрбір цифр алдынан қосымшаның белгісін қосу арқылы араб цифрларының бөлек нөмерлерімен нөмерленуі тиіс, мысалы формула (А.1).

Курстық жұмыста математикалық теңдеулерді баяндау тәртібі, формулалардағы сияқты болады.

Пайдаланылған және сілтеме жасалған әдебиеттер тізімі

Дерек көздері туралы мәліметті курстық жұмысының (жобасының) мәтініндегі дерек көзедеріне сілтемелер жасаудың пайда болу тәртібімен орналастыру, нүкте қоюсыз араб цифрларымен нөмерлеу және шегініс жасап абзацтан басу керек (Қосымша 8).

Тұтас құжатқа немесе оның бөлімдеріне және қосымшаға сүйену көзделеді.

Стандарттарға және техникалық шарттарға сүйену кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.

Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер жасау квадрат жақшаларда келтіріледі. Мысалы, [2,б.17].

Газеттерден ақпараттарды пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмірін ғана көрсетуге болады, мысалы, [7].



Қосымша

Қосымша аталған курстық жұмыстың жалғасы ретінде одан кейінгі оның парақтарында рәсімделеді.

Жұмыс мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымша курстық жұмыс мәтінінде оларға берілген сілтемелер тәртібінде орналастырылады.

Әрбір қосымшаны жоғарыда, беттің ортасынан «Қосымша» сөзін көрсете отырып жаңа жолдан бастау көзделеді және ол курстық жұмысы жазылған тілге сәйкес белгіленеді, мысалы, (А-Қосымша).

Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс, ол бас әріптермен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде (ортасынан) жазылады.

Қосымшаның, курстық жұмыстың қалған бөлігімен ортақ, беттерінің жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай белгіленген нөмерлері болуы тиіс.


5. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу

Курстық жұмыс түпкілікті нұсқасында компьютерде немесе жазу машинасында басылған болуы тиіс.

Иллюстрацияларымен курстық жұмыстың көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 35-40-бетін құрауы тиіс.

Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы азат жолдан шегініс 1см құрауы тиіс.

Студент курстық жұмыстың бірінші (титулдық) бетін келтірілген үлгі бойынша рәсімдейді (Қосымша 3).

Курстық жұмыс соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі.

Тексерілген жұмыс қорғауға жіберіледі.
6. Курстық жұмысты рецензиялау

Студентпен орындалған курстық жұмыс рецензиялау үшін кафедраға тапсырылады. Курстық жұмыстың рецензиясы - бұл бақылау формасы мен орындалған жұмыстың бағасы ғана болып табылмайды, сонымен қатар бұл мемлекеттік басқару теориясы курсын тереңнен меңгеруде студентке көмек көрсету формасы.

Онда зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, курстық жүмыс тақырыбының маманды даярлау бейініне, қорытындылар мен ұсыныстардың бар болуы, мәселені шешу және зерттеудің аяқталу дәрежесі көрсетілуі тиіс.

Егер курстық жұмыстың жетекшісі жұмысқа қатысты қандай да бір ескертулер білдірсе, студент қорғауға шықпас бұрын кемшіліктер мен ескертулерді жоюы тиіс.


7. Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.

Курстық жұмыс талаптарға сәйкес келген жағдайда ғаан қорғауға жіберіледі. Курстық жұмысты қорғау кафедраның 2-3 оқытушысынан құрылған комиссия алдында өтеді. Қорғауға топ студенттері қатыса алады.

Курстық жұмысты қорғауға студент мұқият дайындалуы тиіс: баяндама тезистерін дайындау, көрнекі материалдарды дайындау (кестелер, сызбалар, диаграммалар және т.б.); жеке парақта курстық жұмыста баяндалған және белгілі теориялық, тәжірибелік маңыздылыққа ие жекелеген ережелерді сипаттап, рецензиямен танысып, рецензиядағы кемшіліктерге жауаптар дайындау.

Оқытушылар алдында курстық жұмысты қорғау студенттің курстық жұмыстың мақсаты мен мәселелерін қысқаша және нақты сипаттап, оның маңызды ережелерін баяндап, өзінің қорытындылары мен ұсыныстарын аргументтеуден тұрады. Баяндау үшін студентке 5-7 минут уақыт ұсынылады.

Қойылған сұрақтарға студент қысқа да нұсқа жауаптар қайтаруы тиіс.

Курстық жұмысты ғылыми жетекші мен кафедра комиссиясы балды-рейтингтік әріптіс жүйе бойынша бағалайды.

Курстық жұмысты бағалау критериялары болып табылады:

1. Таңдалған тақырып бойынша орындалған жұмыстың сәйкестігі;

2. Келтірілген зерттеу мақсаттары мен мәселелерінің ерекшелігі;

3. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану;

4. Жүргізілген эксперимент көлемі мен өңдеудің статистикалық әдістерін таңдаудың негізділігі;

5. Жұмыс нәтижелерін ілеспелі, сауатты және нақты баяндау ептілігі;

6. Қолданылған ғылыми әдебиеттің жаңа болуы;

7. Алынған нәтижелер мен қорытындылардың шынайылығы;

8. Ғылыми тәжірибелік маңыздылық;

9. Рәсімделу сапасы;

10. Курстық жұмысты қорғау (нақтылық, қысқалылық, логикалылық, кәсіби сөз сөйлеу мәнері, көрнекі материал);

11. Қорғау барысындағы қойылған сұрақтарға берілетін жауаптардың толықтығы.



Қорғалғаннан кейін курстық жұмыс кафедрада сақталады.
Қосымша 1
«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ»

пәні бойынша курстық жұмыстар тақырыптары


  1. Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектісі

  2. Мемлекеттің пайда болуы және оны ұйымдастыру қажеттілігі

  3. Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы

  4. Ел экономикасы мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде

  5. Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс процесі және мемлекеттік басқарудың конституциялық негіздері

  6. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде

  7. Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде

  8. Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің қағидалары

  9. Мемлекеттік орган мемлекеттік механизмнің негізгі элементі ретінде

  10. Мемлекеттік басқарудың аппараттық жүйесі және оны жетілдіру қажеттілігі

  11. Мемлекеттік басқарудағы өзін-өзі басқарушылық өзгерістердің тенденциясы

  12. Қазіргі жағдайдағы мемлекеттік басқару стилін дамыту мәселелері

  13. Мемлекеттік басқару субъектісін тиімді ұйымдастыру мен қызмет етуінің мәселелері

  14. Басқару қызметінің өнімділігін арттыру мәселелері

  15. Мемлекеттік басқару мен басқарушылық шешімдерде заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіптің ролі

  16. Қоғамдық пікір мемлекеттік басқаруды бағалау құралы ретінде

  17. Мемлекеттік орган мемлекеттік басқару субъектісі ретінде

  18. Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу құрылымы және оны жетілдіру бағыттары

  19. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мәселелері

  20. Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күресу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері

  21. Мемлекеттік басқару жүйесінде ақпараттар ағынын ұйымдастыру және олардың шандыққа жанасуы

  22. Мемлекеттің әртүрлі жүйелері мен нысандарының сипаттамасы

  23. Басқару қызметінің стилін жетілдіру және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік

  24. Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде

  25. Экономика дамуындағы мемлекет ролі және оның негізгі қызметтері

  26. Азаматтық қоғамдағы мемлекеттік саясат

  27. Мемлекеттегі президенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері (белгілі елдер үлгісінде)

  28. Мемлекеттегі парламенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері (белгілі елдер үлгісінде)

  29. Мемлекеттегі унитарлық құрылым нысанындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері

  30. Мемлекеттегі федеративтік құрылым нысанындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері

  31. Мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығы мен серпінділігі

  32. Мемлекеттік басқару мақсаттарын құқықтық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету мәселелері

  33. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың функционалдық міндеттері

  34. Қазақстандағы басқарушылық қызметтің құрылымы

  35. Елдің мемлекеттік құрылым мен ұлттық процестердің өзара байланыстылығы

  36. Мемлекеттік басқару әдістері мен қағидаларының ерекшеліктері

  37. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі нысандары

  38. Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің құрылымы және оны жетілдіру бағыттары

  39. Мемлекеттік басқарудың мәнісі мен объективті-субъективті негіздері

  40. Қазақстан Республикасындағы мелекеттік қызметтің құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі

  41. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі (белгілі елдер үлгісінде)

  42. Экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының үлгілері

  43. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттегі мемлекеттік биліктің төртінші тармағы ретінде

  44. Мемлекеттік басқарудағы ақпарттық жүйе түсінігі мен оның техникалық базасын дамыту қажеттілігі

  45. Мемлекеттік басқару ісінің функционалдық аспектісі

  46. Бағалау мемлекеттік басқаруды жетілдіру көздері және тану нәтижелері

  47. Ел азаматтарының жүгінуі мемлекеттік басқаруды бағалау нысандары ретінде

  48. Мемлекеттік басқару жүйесі және негізгі элементтері

  49. Мемлекеттік басқарудың әдістемелік негіздері

  50. Мемлекеттік басқару ісінде саяси режим түсінігі және оның түрлері

  51. Мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі, мүмкіндігі, шегі

  52. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігі

  53. Мемлекеттік басқару және басқару қызметі шешімдерінің әлеуметтік тиімділігі

  54. Мемлекеттік басқарудың әртүрлі жүйелерінің сипаттамасы

  55. Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс процесі және мемлекеттік басқарудың конституциялық негіздері

  56. Басқару ісінің стилін жетілдіру және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік

  57. Мемлекеттік басқарудың негізгі әдістері және олардың басыңқылығы

  58. Қазіргі жағдайда мемлекеттік басқару қағидаларын қолдану мәселелері

  59. Әлеуметтік-экономикалық ағындарды басқаруда мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың ара-қатынасы

  60. Мемлекеттік басқару қоғамдық даму институты ретінде және оның ерекшеліктері

  61. Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері

  62. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық негіздері

  63. Мемлекеттік басқару нәтжелерін кешенді бағалау және басқару тиімділігінің түрлері

  64. Қазақстандағы мемлекеттік құрылыстың, мемлекеттіліктің тарихи аспектісі

  65. Мемлекеттік басқару қағидаларын негіздеу, олардың нысандары және қолдану тиімділігі

  66. Қазақстан Республикасы мен жақын және алыс шетел мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының жүйесін салыстыру

  67. Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамның дамуына ықпалы

  68. Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі

  69. Басқару деңгейлері бойынша мемлекеттің экономикалық функцияларының бөлінуі

  70. Мемлекеттік басқарудың объективтік қажеттілігі

  71. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды анықтайтын факторлар

  72. Қазақстан Республикасы билік органдарының ұйымдастырушылық құрылымы

  73. Басқарудың қоғамдағы ролі


Қосымша 2

Экономикалық теория және ХЭ кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., профессор М.Қ.Жетпісбаеваға

....топ студентінен
_________________

Аты-жөні, тегі



Өтініш
Сізден «Мемлекеттік басқару теориясы» пәні бойынша (тақырып нөмірі) «тақырып атауы» тақырыбын таңдауыма рұқсат етуіңізді сұраймын

Күні____________

Қолы ________
Қосымша 3
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ХЭ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы «Қазіргі жағдайда мемлекеттік басқару қағидаларын қолдану мәселелері»

Орындады: ГМУ-31қ.

тобының студенті

_________________

Аты-жөні, тегі

Ғылыми жетекші:

______________

Лауазымы, тегі,

инициалдары

ҚАРАҒАНДЫ 2009



Қосымша 4
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ...............................................................................................


4

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................

6


1.1 Басқару жүйесінің теориялық негіздемесі.................................

6

1.2 Мемлекеттік басқару жүйесін функционалды-құрылымдық талдау мен қалыптастыру әдістемесі.................................................

10

2 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МЕН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ......................................................................................


15

2.1 Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуы....................................................................................................

15


2.2 Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің қазіргі таңдағы кезеңі ........................................................................

22

3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ............................................................................................


30

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................

35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................

37



Қосымша 5
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Басқару жүйесінің теориялық негіздемесі

Өзінің мағынасы бойынша «мемлекеттік басқару» өмірлік іс-әрекетті қамтамасыз ететін мемлекеттегі көп жоспарлы негізгі қатынастарды сипаттайтын күрделі де көп қырлы категория болып табылады. Бұл кез-келген білім саласы мазмұнының талдау объектісімен анықталатынын білдіреді. Мемлекеттік басқару объектісі болып мемлекеттің, оның ішінде оның құрамына енетін әкімшілік-территориалды құрылымдардың, түрлі ауқымдағы және түрлі меншік формасындағы өндірістік-шаруашылық ұйымдардың, қаржылық институттар мен қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеті табылады. [1,б.7-9].

1.2 Мемлекеттік басқару жүйесін функционалды-құрылымдық талдау мен қалыптастыру әдістемесі

Мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулер қазіргі таңдағы даму кезеңінде үш негізгі бағыттар бойынша жүргізілуде.

Аталмыш бағыттардың бірінші түрінің зерттеу заты - заң шығарушы және атқарушы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында қызметтерді тиімді бөлу, сонымен қатар шешім қабылдау барысындағы олардың келісілген әрекеттері.
Қосымша 6

Кесте 1


Мемлекеттік басқару органдарының тізімі






































Негіздеме: ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері


Қосымша 7


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНІҢ РӘСІМДЕЛУІ

Кітаптар үшін:

  1. Волгин Н.А., Марголин А.М., Половинкин П.Д. Экономические функции института государственной службы и механизм их реализации в рыночных условиях. — М.: РАГС, 1997, 469б.


Журналды мақала үшін:

  1. Құлжанова Е.Н. ҚР мемлекеттік басқаруының қазіргі жағдайы, қарқыны мен перспективалары. //Экономист, 2008, № 5, б.9-11


Газеталық мақала үшін:

3. Шарипбаев К.К. ҚР жергілікті басқарудың өзекті мәселелері // Егемен Қазақстан, 5 маусым 2008, №10, б. 13-17



Библигрофиялық қайнар көздерді жазу барысында авторлардың тегін жұмыста қолдану ілеспелілігі бойынша орналастыру қажет. .


Қосымша 8
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, Юрист, 2003

  2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңы (23 қаңтар 2003 ж. №148-ІІ) – Алматы, 2001.

  3. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекции. М., 1997

  4. Богачек И.А. Философия управления. Очерки профессионального управленца. СПб., 1999

  5. Дауранов И.Н. Организация государственного управления: Монография, Алматы: Издательство НВШГУ, 1997.

  6. Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. М., 2001.

  7. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. – Алматы: Экономика, 1999.

  8. Пикулькин А.В. Основы государственного управления. М.:Юнити, 2001

  9. Чиркин В.Е. Государствоведение. М.:1999

  10. Чиркин В.Е. Государственное управление. – М.:Юристъ, 2003


МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША ҰСЫНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ


    1. Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? // Российские вести. 1992 г. 11 ноября

  1. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией // Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993г.

  2. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993 г.

  3. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, с. 114-121

  4. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, с. 27-30

  5. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, с. 117-124

  6. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, с. 46-49

  7. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, с. 49-58




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет