Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды


«Халықаралық экономика» курсы бойынша СӨЖО жүргізу формалары



бет2/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#174388
1   2   3   4

«Халықаралық экономика» курсы бойынша СӨЖО жүргізу формалары.




Тақырыптар атауы
СӨЖО жүргізу формалары

Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы.

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, глосарий құрып, презентациялар өткізу.

Халықаралық сауданың классикалық теориялары.

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, глосарий құрып, презентациялар және дөңгелек үстел өткізу.

Өндіріс факторлары арақатынасы теориясы.

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, глосарий құрып, презентациялар және дөңгелек үстел өткізу.

Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік.

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, глосарий құрып, презентациялар және дөңгелек үстел өткізу.

Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуі

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, глосарий құрып, дебатқа дайындалу.

Халықаралық сауданың баламалы (альтернативті) теориялары

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, глосарий құрып, презентациялар және дөңгелек үстел өткізу.

Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, презентациялар өткізу.

Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептер шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, рефераттар жазу, топтық жобаларды өңдеу, презентациялар өткізіп, қосымша глоссарий құру.

Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, дискуссияға дайындалу.

Технологиялардың халықаралық айырбасы

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, презентациялар өткізу.

Халықаралық экономикалық интеграция

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, реферат жазу, топтық жоба өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау.

Халықаралық валюталық-қаржылық жүйе

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептер шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, рефераттар жазу, топтық жобаларды өңдеу, презентациялар өткізіп, қосымша глоссарий құру.

Валюталық бағам және оны реттеу

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, реферат жазу, топтық жоба өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау.

Халықаралық қаржылық нарықтар

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептер шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, рефераттар жазу, топтық жобаларды өңдеу, презентациялар өткізіп, қосымша глоссарий құру.

Төлем балансы

Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, реферат жазу, топтық жоба өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау.


1 ТАҚЫРЫП. Халықаралық экономиканың құрылуы және құрылымы.

СӨЖ тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау.

  4. Тест сұрақтарына жауап беру.

  5. Төмендегі тақырыптарға қысқаша эссе дайындау: «Халықаралық еңбек бөлінісіне ҚР қатысуы».

  6. «Үлкен жетілік» елдері бойынша презентация дайындау.

  7. Дөңгелек үстел: «Халықаралық саудадағы ҚР бәсекелік артықшылықтары».

  8. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау:

«Халықаралық экономикалық операциялар және оның түрлері»

«Әлемдік сауданың дамудың қазіргі проблемалары және қарқыны»

«(Кез келген елдің) Халықаралық саудадағы орны мен ролі»
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Халықаралық экономика экономикалық теорияның бір бөлігі болып табылатының дәлелдеңдер.

  2. Халықаралық экономика пәнінің анықтандар.

  3. «Ішкі» экономиканың және «сыртқы» экономиканың арасындағы негізгі айырмашылықтар.

  4. Халықаралық экономиканың әдістемесі қандай?

  5. Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз не?

  6. Әлемдік нарық ненің негізінде пайда болады? Оның негізгі белгілері?

  7. Халықаралық экономика дегеніміз не?

  8. Экономикалық қызметтің негізгі секторларын және оның өзара байланыстарын атаңдар.

Тапсырма

1. Статистикалық жинақтан соңғы үш жылдағы Қазақстанның сыртқы сауданың дамуын сипаттайтын мәліметтерді келесі кестеге толтырыңдар:







Алыс шетел елдері

ТМД елдері

Барлығы

Экспорт










Импорт









Елдерді әрбір топ бойынша анықтаңдар:

а) сауда балансы;

б) сауда айналымы;

в) Қазақстан экспорты мен импортындағы ТМД елдерінің салыстырмалы үлесі;

г) қорытынды жасаңдар.

2. Сыртқы экономикалық байланыс мен сыртқы экономикалық қызмет, халықаралық экономика мен халықаралық экономикалық қатынастар түсініктерінің айырмашылығы неде? Сызба көмегімен көрсетіңдер.

3. Қазақстан біріккен неміс қазақстандық кәсіпорынмен өндірілген нан өнімдерін пісіру үшін Германиядан құрал жабдық сатып алды, осы мәмлеге ХЭҚ-тың қандай формалары қатыстырылған?

4. Қазақстанда капитал, еңбек және жер сияқты өндіріс факторлар қайсысын шығынды деп есептеуге болады? Осыған байланысты Қазақстан қандай тауарларды өндіру қажет – еңбекті көп қажет ететін, капиталды көп қажет ететін немесе жермен жақсы қамтамасыз етушілікті талап ететін?
Тест сұрақтары


  1. Әлемдік нарықта өндіріс факторларымен тауарларға жиынтық сұраныс пен ұсыныстың құрылу заңдылықтары ненің зерттеу объектісі болып табылады?

а) экономикалық теорияның

b) микроэкономиканың

c) макроэкономиканың

d) экономикалық географияның

e) халықаралық экономиканың
2. Халықаралық микроэкономика – ненің бөлігі?

а) экономикалық теорияның

b) халықаралық экономиканың

c) мезоэкономиканың

d) мегаэкономиканың

e) нарықтық экономиканың


3. Халықаралық макроэкономикаға не жатпайды?

а) ашық экономика модельдері

b) фискалды саясат

c) несие-ақша саясаты

d) тауарлар мен өндіріс факторларының нарықтық мінездемесі

e) халықаралық төлем және валюталық жүйелердің тиімділігі


4. Өзара мобилді факторлармен байланысқан ұлттық экономикаларының жиынтығы

а) халықаралық еңбек бөлінісі

b) әлемдік шаруашылық

c) халықаралық еңбек кооперациясы

d) халықаралық экономикалық қатынастар

e) әлем саудасы


5. Халықаралық экономика саласында экономикалық операциялар кімдер арасында жасалынады?

а) резиденттер арасында

b) резиденттер емес арасында

c) резиденттер мен ірі корпорациялар арасында

d) резиденттер және резиденттер емес арасында

e) президенттер арасында



Әдістемелік нұсқама. Берілген әдебиеттер көмегімен сабаққа дайындалу керек. Дайындық кезінде халықаралық экономиканың мәніне, субъектісіне және объектісіне көңіл бөліңдер. «Ішкі экономика» және «сыртқы экономика» түсініктеріне көңіл бөліңдер. Халықаралық экономиканың құрылымына сипаттама беріңдер. Халықаралық сауданың құрылымын, көлемін және даму қарқының талдаңдар.

2,3 тақырып. Халықаралық сауда теориялары

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Халықаралық сауда теориясы бойынша презентация дайындау.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

Талқылауға арналған сұрақтар


  1. Қазақстандық экономиканың қандай нақты тауарларының келесі категорияларға жатқызылатынын ойланыңдар:

    1. Экспорттық тауар

    2. Саудаға түспейтін тауар (Қазақстанда өндіріліп, тұтынылатын, бірақ экспортталмайтын)

    3. Импорттық тауар.

  2. Қазіргі таңда саудаға түспейтін тауарға бір мысал келтіріңдер. Оның импортталатын немесе экспортталатын тауарға айналуы үшін не өзгеруі керек?

  3. Қазақстанның оның сауда әріптестеріне қатысты факторлармен салыстырмалы қамтамасыз етілуін Сіздер қалай сипаттар едіңіз?

  4. Соңғы сұраққа Сіздің жауабыңызға сәйкес сауда ағындарының қандай түрлерін баяндап отырсыз? Олар шынымен сәйкес келе ме?

  5. Сауданың рикардолық моделі мен Хекшер-Олиннің моделі арасындағы басты айырмашылық қандай?

  6. Хекшер-Олин моделінің төрт теоремасының қорытындыларын өз сөздеріңізбен түсіндіріңіз.

  7. АҚШ Демократиялық партиясынан Президентке үміткер Барак Обама 2008 жылдың қаңтар айындағы Конрестегі пікір-таластар кезінде былай деген болатын: «Барлығымыз демократтар ретінде алға жылжып, өзіміздің сауда мәмілелеріміздің корпоративті пайдаға емес, жұмыскерлерге жұмыс істейтініне көз жеткізуіміз керек». Хекшер-Олин моделіне қатысты осы жағдай бойынша Сіз не ойлайсыз?

  8. Леонтьев парадоксын қалай түсіндіре аласыз?


Тест
1. Адам Смиттің теориясына сәйкес елдердің бір бірімен саудаласуы қандай себеппен байланысты?

а) елдер абсолютті артықшылықтарға ие

b) елдер салыстырмалы артықшылықтарға ие

c) елдер арасында ешқандай айырмашылық жоқ

d) елдер арасында технологиялық айырмашылық бар

e) Смит теориясы бұл сұраққа жауап бермейді


2. Давид Рикардо Адам Смиттің ойларын толықтырып сауда теориясына қандай категория еңгізді?

а) абсолютті артықшылық

b) сыртқы сауда

c) сауда балансы

d) салыстырмалы баға

e) технология


3. Қазіргі әлемдік экономикадағы төлем балансына сипаттама берген мектеп:

а) классикалық мектеп

b) меркантилистер мектебі

c) неоклассикалық мектеп

d) кейнсиандық мектеп

e) физиократтар мектебі


4. Халықаралық сауданың классикалық теориясы әйгілі экономистерімен ұсынылған. Олар:

а) А.Смит пен Д.Рикардомен

b) Хекшер және Олинмен

c) Столпер және Самуэльсонмен

d) Самуэльсон және Джонспен

e) Маркс және Энгельспен


5. Егерде басқа елге қарағанда бір тауарды белгілі бір шығын бірлігінде көп өндіре алатын болса, онда ол ел:

а) артықшылыққа ие

b) абсолютті артықшылыққа ие

d) салыстырмалы артықшылыққа ие

c) артықшылыққа ие емес

e) шығынға ұшырайды


Әдістемелік нұсқама. Семинар сабақа дайындалу үшін берілген әдебиеттерді оқу керек. «Экономикалық теория» курсындағы экономикалық теорияның негізгі мектептерін тағы да қайталаңыздар. Халықаралық саудадағы неоклассикалық және классикалық теорияларына көңіл бөліңіздер. Халықаралық саудадағы теорияларды салыстырыңдар.

4 тақырып. Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік

СӨЖ тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Берілген тапсырмаларды орындау

  4. «Экономикалық өсімнің халықаралық саудаға ықпалы» атты тақырыпқа эссе жазу.

  5. Тест сұрақтарына жауап беру.

  6. Келесі тақырыпқа реферат жазу: «ҚР импорталмастырушы саясаты»


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.Халықаралық сауда теориясындағы сұраныс пен ұсынысты талдаудың маңызы неде?

2. Ф. Эджуорт, Г. Хэберлер, Дж. Мид теорияларының негізгі белгілерін атаңдар.

3. Халықаралық сауданың стандартты моделдің негізгі белгілерін атаңдар.

4. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс шеңберіндегі халықаралық сауданың параметрлерін сипаттаңдар.

5. Жалпы тепе-теңдік моделін сипаттаңдар.

6. Халықаралық сауданың талдау құралдарын атаңдар.

Тест


  1. Тарихи тұрғыда халықаралық сауда теориясын өңдеу барысында экономикалық ой келесілерді зерттеуге шоғырландырылған:

а) тауарлар мен өндіріс факторларының ұсыныстары

b) тауарлар сұранысы

c) өндіріс факторларының сұранысы

d) өндіріс факторларының ұсынысы

e) тепе-тең баға


  1. Халықаралық сауданың қазіргі таңдағы теориясы классикалық теориялардан келесілермен айрықшаланған:

а) ол сұранысқа лайықты назар аудармады

b) тауарлардың сұранысы мен ұсынысына бірдей назар аударады

c) әрекет етуші теорияларды толықтырды

d) ештеңемен айрықшаланбады

e) әрекет етуші тұжырымдамаларды жоққа шығарды
3. Халықаралық сауданың стандартты моделі келесілерге негізделді

а) сұраныс пен ұсыныс балансының неоклассикалық постулаттарына

b) халықаралық сауданы талдаудың теориялық құралдарына

c) халықаралық сауданың классикалық тұжырымдамаларына

d) батыс ғалым-экономистерінің теорияларына

e) математикалық модельдерге


4. Өзге елдермен саудаға түсуі нәтижесінде бір елдің алатын артықшылықтары қалай аталады

а) айырбастан түсетін ұтыс

b) маманданудан түсетін ұтыс

c) тепе-теңдік ұтысы

d) ашықтықтан түсетін ұтыс

e) трансформациядан түстетін ұтыс


Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына дайындалу барысында берілген әдебиеттерді оқу керек. «Макроэкономика» курсынан жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс және нарықтағы жалпы тепе-теңдік категорияларын қайталаңыздар. Халықарлық сауданың стандартты моделдің негізгі құрауыштарын: алмастыру шығындарын, трансформацияның шекті деңгейін және алмастырудың шекті деңгейін оқыңдар.
5 тақырып. Халықаралық сауданың табыстарды бөлудегі ықпалы

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4. «Халықаралық сауданың табыстады бөліге ықпалы» атты тақырыпқа эссе жазу.

5. Тест сұрақтарына жауап беру.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Халықаралық сауданың табыстардың бөлінуіне ықпал етуін талдаудың мәні неден тұрады?

2. Елдердің ішкі бағалары мен әлемдік бағалардың айырмашылығын көрсетіңдер.

3. Халықаралық саудадан табыстар қалайша құрылады?

4. Саудамен айналысатын елдердегі тұтынушылардың ұтысы мен ұтылысына талдау жасаңдар.

5. Халықаралық саудадан таза пайда қалай қалыптасады?

6. Өндіріс факторлар ара қатынасы теориясындағы табыстарды қалай бөледі?

7. Хекшер-Олин-Са­муэль­сон теоремасын, Столпер-Самуэльсон теоремысы мен Рыбчиндік теоремысының негізгі белгілерін сипаттаңдар.

8. Тауарлар бағасының өзгерісі өндіріс факторларына қалай әсер етеді?
Тест
1. Ішкі және халықаралық саудада тауарға деген сұраныс пен ұсынысты бір уақытта теңестіру (ішкі және әлемдік нарықта):

а) жалпы тепе-теңдік

b) халықаралық тепе-теңдік

c) жалпы немесе халықаралық тепе-теңдік

d) бүкіләлемдік тепе-теңдік

e) сыртқы тепе-теңдік


2. Столпер – Самуэльсон теоремасына сәйкес:

а) салыстырмалы артық өндіріс факторларының иелері ұтысқа ие болып, салыстырмалы жеткіліксіз өндіріс факторларының иелері ұтылады.

b) табыстарды бөлу мәселесі қарастырылмады

c) экспортты салалар үшін тән болып табылатын факторлар иелерінің табыстары ұлғаяды, ал импортпен бәсекелесуші салалар үшін тән болып табылатын факторлар иелерінің табыстары азаяды

d) бір фактордың ұсынысының артуы өндірістің пайыздық артуы мен интенсивті қолданылатын саладағы табыстардың артуына әкеледі

e) халықаралық сауда бағасы өсетін тауар өндірісі үшін интенсивті қолданылатын фактор иесінің табысының өсуіне әкеліп, бағасы төмендейтін тауар өндірісі үшін қолданылатын фактор бағасының төмендеуіне әкеледі.


3. «Голландтық ауру» атты экономикалық жағдайды қандай теоремамен сипаттайға болады?

а) Столпер-Самуэльсон теоремасымен

b) Рыбчинский теоремасымен

c) Хекшер-Олин теоремасымен

d) Самуэльсон-Джонс теоремасымен

e) Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасымен


4. Бір өндіріс факторының ұлғаймалы ұсынысы аталмыш фактор салыстырмалы неғұрлым жоғары интенсивтілікпен пайдаланылатын саладағы табыс пен өндірістің пропорционалды емес пайыздық ұлғаюына, және аталмыш фактор салыстырмалы неғұрлым төмен интенсивтілікпен пайдаланылатын саладағы табыс пен өндірістің қысқаруына әкеледі. Бұл қандай теорема?

а) Столпер-Самуэльсон теоремасы

b) Рыбчинский теоремасы

c) Хекшер-Олин теоремасы

d) Самуэльсон-Джонс теоремасы

e) Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы


Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына дайындалу барысында берілген әдебиеттерді оқу керек. Халықаралық сауданың талдау құралдарын оқыңдар.

6 тақырып. Халықаралық сауданың баламалы (альтернативті) теориялары

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Глосарий құрыңдар.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Альтернативті теориялар қандай сұрақтарға жауап береді?

2. Елдер арасындағы технологиялық ара-қашықтықты жоюға болады ма? Қалай?

3. Сыртқы және ішкі ҰМҚ тұжырымдамасын өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер!

4. Өздеріңіздердің тұтыну тауарларына деген шығындарыңызды қарастырып, сіздердің қалауларыңызды алуан түрлілікке деген сүйіспеншілік ретінде сипаттауға бола ма әлде жоқ па екенін байқап қараңыз!

5. «Жаһандану бүкіл әлемді өз өнімімен қамтамасыз ететін және сол арқылы нарықтық биліктің артуына ықпал ететін үлкен компаниялардың пайда болуына әкеледі». Түсіндіріңіз!

6. «Жаһандану қандай да бір аймақ немесе мәдениет үшін ерекше болып табылатын дәстүрлі тауарлардың қысқаруына әкеледі. Сәйкесінше, ол осы планетадағы мәдени түрліліктің басты қаупі болып табылады». Түсіндіріңіз!


Тест
1. Егер қарастырылып отырған елдердегі тұтынушылардың қалаулары айтарлықтай айрықшаланбайтын болса, онда еркін сауда жағдайында ел неғұрлым салыстырмалы қамтамасыз етілген өндіріс факторын интенсивті пайдалану арқылы өндірілетін тауарды экспорттайтын болады. Бұл қандай теорема

а) Хекшер-Олин

b) Рыбчинский

c) Столпер-Самуэльсон

d) Леонтьев

e) Джонс
2. Технологиялық ара-қашықтықты жеңбегенше, елдер арасындағы жаңа технология бойынша

а) сауда-саттық жалғаспайды

b) өндірілетін тауарлар немесе жаңа тауарлар саудасы жалғаса беретін болады

c) қызмет көрсету процесі кеңейеді

d) ақпарат азаяды

e) күрес пайда болады
3. Егер елдер арасында жеңіл өнеркәсіп саласының тауарларымен сауда-саттық болса бұл жағдайды қандай сауданың мысалы ретінде келтіруге болады?

а) халықаралық сауда

b) нақты сауда

c) бүкіләлемдік сауда

d) салааралық сауда

e) ішкісалалық сауда


4. Масштаб эффект теориясын халықаралық саудаға балама ретінде кімдер ұсынды?

а) А.Смит, Ф.Эджуорт

b) П.Кругман, К.Ланкастер

c) Д.Рикардо, Б.Баллас

d) Леонтьев, М.Познер

e) Хекшер-Олин, Д.Рикардо


5.Салаішілік сауда дегеніміз не?

а) елдер арасындағы бір саланың дифференциялық тауарлармен айырбас

b) нақты бір тауарлар шеңберіне қатысты сауда

c) ұлттық және әлемдік нарықтағы қарым-қатынас

d) дамушы елдер арасында кең таралған сауда түрі

e) бәсекелестіктерден қорғау үшін жүргізілетін сауда


Әдістемелік нұсқама. Семинар сабақа дайындалу үшін берілген әдебиеттерді оқу керек. «Экономикалық теория» курсындағы экономикалық теорияның негізгі мектептерін тағы да қайталаңыздар. Халықаралық саудадағы неоклассикалық және классикалық теорияларына көңіл бөліңіздер. Халықаралық саудадағы теорияларды салыстырыңдар.
7 тақырып. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.

4. Есептерді шығару.

5. Тест сұрақтарына жауап беру.

6. Глосарий құрыңдар.

7. Келесі тақырыптарға реферат жазыңдар: «Қазақстанның БСҰ –на кіруі және сыртқы сауда саясаты», «ТМД және ҚР сыртқы сауда саясаты»

8. «Еркін сауда жақтары протекционизмге қарсы» атты тақырыпқа дебатқа дайындалу.

9. Келесі жеке проектінің тақырыптарына дайындалу:

«Қазақстандағы сыртқы саудасын тарифтік емес шектеуін талдау».

«ЕО экспортты субсидиялау».

«Дамушы елдердің сыртқы саудасын тарифтік емес шектеу».
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Сауда саясаты мен сауда режимінің айырмашылығы неде?

  2. Қазақстан үшін қандай сауда режимі қолайлы деп санайсыз? Протекционизм бе немесе еркін сауда режимі ме?

  3. Кедендік тариф пен кеден баждың айырмашылығы неде?

  4. Мөлшерлік шектеулер не үшін қолданылады?

  5. Техникалық тосқауылдарды қолдануға мысал келтіріңіз

  6. Мемлекеттік монополияны қолдануға мысал келтіріңіз

  7. Эмбаргоны қолдануға мысал келтіріңіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет