«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


Елдің экономикалық өсуінің  негізгі  көрсеткіштері



бет14/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Елдің экономикалық өсуінің  негізгі  көрсеткіштері.

   Елдің экономикалық өсуін сипаттайтын  негізгі көрсеткіштерді қарастырамыз. Бұрын атап өткендей, ондай көрсеткіштер – ЖІӨ, ЖҰӨ, ҰТ, сондай-ақ осы көрсеткштер  елдің тұрғындарының санына да қатысты  болып табылады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір кезең уақытында оның экономикалық аумағында елдің экономикалық резидентімен шығарылған, соңғы тауарлар мен қызметтердің сомалық рыноктық құны.

      Экономикалық  ғылымда «экономикалық резидент»  түсінігінің ерекше мәні бар. Экономикалық резидент, сол елдің экономикасына жыл бойына немесе одан көбірек мерзімде өзінің экономикалық мүддесіне байланысты, оның ұлты мен азаматтығына тәуелсіз, экономикалық бірлік (кәсіпорын немесе үй шаруашылығы) болып табылады.

      Сөйтіп, ЖІӨ ні есептегенде, материалдық өндіріс пен қызмет көрсету аясындағы кәсіпорындардың өнімдерінің жиынтық кұны есептеледі (олардың ұлттық ерекшелігінен тәуелсіз), сондай-ақ сол елдің экономикалық аумағында орналасқан, үй щаруашылығының табыстары, сонымен бірге олардың мүддесі, оны қабылдаған елдің экономикасымен ұзак кезең уакыты ішінде байланысты болуы тиісті (жылдан кем емес).

      Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) - өзінің қызметін жүзеге асыратын, аумақта тәуелділіктен тыс, ұлттық экономикалық бірлікпен шығарылған, барлық соңғы тауар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.

      ЖҰӨ мөлшерлеу үшін ЖІӨ көрсеткіштері  бір жағынан, сол елдің шетелден кәсіпорынмен және жеке тұлғамен алынған  пайдалары мен табыстары арасындағы айырмашылықты, екінші жағынан, сол  елде шетел кәсіпорнымен және шетел  жеке тұлғасымен алынған пайдалар мен табысты қосады.

      ЖІӨ және ЖҰӨ-нің көрсеткіштері жалпы  көрсеткіштер болып табылатындықтан негізгі капиталдық (өтелем) тұтынуынан шегерусіз есептеледі.

      Өтелім,, яғни негізгі капиталды тұтыну, оның физикалық және моральдық тозуы нәтижесінде, есептік кезең ішінде негізгі капиталдың құнының азаюын керсетеді.

      Ішкі  және ұлттық өнім теория жүзінде таза негізде, яғни негізгі капиталды  тұтынуды шегерумен анықталады. Мұндай жағдайда, елдің, экономикалық дамуын сипаттайтын тағы да екі макроэкономикалық көрсеткіш - таза ішкі өнім (ТІӨ) және таза ұлттық өнім (ТҰӨ) пайда болады.

      Ұлттық  шоттар жүйесіне (ҰШЖ) сәйкес, ЖІӨ көрсеткіштерін пайдалану ұсынылатын елдердің экономикалық дамуын бағалау үшін БҰҰ мүшелері елдерінің статистикалық органы жұмыс істеуі тиіс.

      Жалпы ішкі өнім үш негізгі әдіспен есептелуі  мүмкін:

1. Өндірістік  әдіспен - елде шығарылған, жалпы  қосымша кұн сомасы ретінде.

2.  Соңғы  пайдалану әдісімен.

3. Бөлінген  әдіспен - қоғамдағы бастапқы  табыстар сомасы ретінде.

      Жалпы ішкі өнім есеп айырысуы кезінде өндірістік әдіспен салалар немесе секторлар бойынша топтастырылған, барлық өндірістік –резиденттердің  жалпы қосымша қуны жиынтықталады.

      Шығындар  бойынша ЖЮ-нщ есеп айырысуы кезшде (соңғы пайдалану эдшмен) ЖЮ-ш пайдаланатын елдщ барлық экономикалық ағен - үй шаруашылығының, фирманың, мемлекеттщ, сондай-ақ сол елден тауарлар мен қызметтерді экспорттайтын, шетел экономикалық ағенттершщ шығындары жиынтыңталады.

      Сөйтіп, біз төмендегідей формуланы аламыз:

                  ЖІӨ = С+G + I + NХ,                                

мұнда С - тауар мен қызметтерді сатып  алуға үй шаруашылығының шығындарын қосатын (тұрғын үй сатып алу шығынынан  басқа) жеке тұтыну шығыны;

      G - аппаратты, әскерді, қоғамдық  жұмыстарды қаржыландырудың мемлекеттік  шығындары;

      I – ғимараттың құрылысын, құрылыска,  жабдықтарды сатып алуға, тауарлық-материалдық  қорларды жасауға шығындарды, тұрғын  үй сатып алуға үй шаруашылығының  шығындарын қосатын жалпы жеке  инвестициялар;

      NХ  - елден тауарлар мен қызметтер  экспортының түрлілігін анықтайтын және елге әкелінетін импортты анықтайтын, шетелдегі тауар мен қызметтің таза экспорты.

      Табыстар  бойынша ЖІӨ -нің есеп айырысуы кезінде елдегі факторлық табыстардың барлық түрлері, сондай-ақ бизнеске жанама салық және өтелім аударымы жиынтықталады. 

      ЖІӨ құрамына қосылатындар:

      -   жалданған жұмысшылардың  еңбекақысы;

      - салық төлемін, жұмысшыларға және кредит берушілерге төленгеннен кейін, кәсіпорында қалатын таза пайда;

      - жеке немесе отбасы меншігінің  иелігінде қалатын,  кәсіпорынның, табыстары және жалға жұмыс істемейтін, өз бетімен жұмыс істейтін, аралас табыстар;

      -  ренталық табыс;                                                               

      несиелік капиталға пайыз;                                                 

      - өтелім аударымы;

       - бизнеске жанама салық (қосымша  құнға салық, сатуға салық,  монополиялық қызметке салық,  экспорттық-импорттық баж салығы).

      Ұлттық табыс (ҰТ) сол елдің экономикалық резидентінің жиынтықты табысын көрсетеді. ЖІӨ мен өтелім айырмашылығының арасындағы айырмашылық ретінде есеп айырысады.

      Келесі  экономикалық өсудің бағалық маңызды көрсеткіші атаулық және нақты ЖІӨ болып табылады.

      Атаулы  ЖІӨ іс жүзіндегі бағада (ағымдағы жылда) есеп айырысады.

      Нақты ЖІӨ - бұл бағаның өзгерісті есебіндегі көлемі, яғни салыстырмалы бағадағы (базистік) ЖІӨ.

      Инфляцияның жоғары қарқыны жағдайындағы базистік кезең дегі баға өткен кезендегі баға болып табылады:

      Нақты ЖІӨ = Атаулы ЖІӨ / тұтыну бағасының  индексі

      Немесе 

         Нақты ЖІӨ = Атаулы ЖІӨ / ЖІӨ дефляторы

      Тұтыну  бағасының индексі шығарылатын  ЖІӨ-нің құрылымын сақтау кезіндегі, белгілі бір уакыт кезеңіндегі, жеке тұтынушымен сатып алынатын өнімге бағаның өзгерістерін көрсетеді.

      ЖІӨ -нің дефляторы — үй шаруашылығы  өнімдеріне ғана емес, мемлекеттік кәсшорындардың өнімдеріне бағаны қосатын, бағаның екінші индексі 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Дәріс 6. Экономиканы мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау, бағдарламалау және болжамдау 

  6.1. Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемллекеттік реттеудің әдістері мен нысаны

  6.2. Болжамдау және  индикативтік жоспарлау.

  6.3. Мемлекеттік реттеудің  теориясы мен тәжірибесі  және шет елдердегі  индикативтік жоспарлау 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет