Дәріс 12. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері
1. Мемлекеттің ақша кредит саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері, негіздері
2. Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі
3. Баға белгілеуді реттеудің мемлекеттік әдістері
Мемлекеттің ақша кредит саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері, негіздері
Ақша – несие саясаты –инфляцияға қарсы күреске, ұлттық валюта бағамын қолдауға және нарықтың қалыпты жағдайда қызмет етуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі. Ақша – несие саясаты бұл экономикалық жағдаятты «нәзік қалыпқа түсіретін» құрал. Ақша – несие саясатының негізгі қарастыратын міндеттері, толық жұмыспен қамтамасыз етілуді және инфляцияның болмауымен сипатталатын өндірістің жоғары деңгейіне жетудің экономикалық жүйесіне көмектесу болып табылады.
Ақша –несие саясатының мақсаттары:
қаржылық рыноктағы теңдестікті қолдау, айналымдағы ақша
жиынтығын реттеу мен бақылау;
экономикадағы инфляциялық көріністермен күрес, ұлттық валютаның бағамын реттеу;
Экономикалық кезеңді реттеу және жағдаятты теңдестіру;
Экономиканың нақты секторын арзан кредит ресурстарымен қамтамасыз ету.
Ақша –несие саясаты ақша айналымын реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерін белгілеу, валюталық дәлізді белгілеу және т.б арқылы жүргізіледі. Барлық көрсетілген құралдар экономикаға жанама және және жалпы ықпал көрсетеді, сондықтан бұл құралдарды қолданудың сандық нәтижесі алдын ала баға беруді төтенше қиындатады.
Макроэкономикалық дамуда ақша рөлі мәселесі үш макроэкономикалық көзқарасқа бөлінеді.
Неоклассикалық мектеп өзін -өзі реттейтін және өзін -өзі дамытатын рыноктық экономика туралы көзқараспен байланысты экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін теріске шығарды, ал ақшаны ЖІӨ, табыстар, инвестициялар, бағалар және т.б. тәрізді көрсеткіштердің тек аталуы көрінісіне қажет сыртқы қабығы ретінде қабылдады. Неоклассикалық мектеп өкілдерінің пікірі бойынша, ұлттық өндірістің көлемі экономикада бар өндірістік ресурстарға тәуелді болғандықтан, олардың серпіні мен ақшаның нақты деңгейіне ықпал жасауы мүмкін емес.
Мұндай ұстаным, ақшаның атаулы санының үйлесімді өзгерістері тек бағаның абсолюттік деңгейінің үйлесімді өзгерістерін келтіретінін дәлелдеген И. Фишердің теориясында барынша айқын көрінді.
«И. Фишердің айырбас теңдеуі» деп аталған теңдеуде байланыс айқын көрінеді:
MV = P *Q,
мұнда М – айналымдағы ақша көлемі;
V – бір ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;
P – тауарлар мен қызметтің орташа бағасы
Q – жыл ішінде ұлттық экономика шеңберінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің саны немесе жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемі
Кейнсиандық көзқарас. Көрнекті экономист Дж. М. Кейнстің «Жұмыспен қамтамасыз етудің, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) кітабының шығуымен, жалпы макроэкономикалық саясатқа және оның ішінде ақша саясатына көзқараста түбегейлі революция болды.
Кейнсиандық базалық негізделетін негізгі теориялық теңдеу:
Y = C + Q +I + XN
мұнда Y – ЖҰӨ – нің атаулы көлемі;
С – тұтыну шығындары;
Q – тауарлар мен қызметке мемлекеттік шығындар;
I – жеке инвестициялар;
XN – таза экспорт
Неоклассиктер ақша саясатының тиімсіздігі туралы және барлығынан бұрын, балансталған мемлекеттік бюджет пен балансталған төлем балансы жөнінде пайым жасады.
1929 – 1933 жж. ұлы тоқырау бұл мектептің көп ережелеріне, оның ішінде, әсіресе нарық экономикасындағы мәжбүрлі жұмыссыздық пен мүмкін дағдарыстарды іс жүзінде шығарып тастаған ережесіне күдік тудырды. Бұл дағдарыстарды тудырған ақшаның сандық теориясының қабілетсіздігін білдірді. Экономиканы реттейтін, бірнеше мемлекеттік шараларды, оның ішінде қаржы реттеуішін қолданатын шараларды пайдалану қажет болды.
Достарыңызбен бөлісу: |