2. Өтпелі кезеңдегі жалпы экономикалық және макроэкономикалық тенденциялар
IS-LM үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс 1937 жылы ұсынған. А. Хансенің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды. Содан кейін ол Хикс- Хансен үлгісі деп аталып кетті.
IS-LM үлгісі (инвестиция- қор жинағы үнамды өтімділік- ақша)- жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті экономикалық факторы айқындайтын тауар- ақша тепе- теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе- теңдік қалыптасу үшін қажетті табыс көлемі У пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.
Сондықтан да IS-LM үлгісі АD- AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.
Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді.Бұл теңдеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде IS-LM үлгісінің негізгі теңдеулері:
1.Y=C+I+G+Xn негізігі макроэкономикалық тепе- теңдік
2.C=a+b (У-Т)
3. I=e-d *R
4. Xn =g-m*Y-n :R
5.M= k*Y-h*R
P
Үлгінің ішкі айнымалылары:
Y (табыс), С(тұтыну), І (инвестиция), Xn (таза экспорт), R (пайыздық мөлшерлеме)
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G (мемлекеттік шығындар), М (ақша ұсынысы), Т(салық мөлшерлемесі)
Эмпирикалық коэффициенттер:
(a, b,e,d,g,m,n,k,h) мәндер және салыстырмалы
Достарыңызбен бөлісу: |