Экономиканы мемлекеттік реттеудің жолдары



Дата12.07.2016
өлшемі93.52 Kb.
#195652
Экономиканы мемлекеттік реттеудің жолдары

Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық сипаттағы шаралар жүйесі.  
Мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты мақсатықоғамды, яғни әлеуметтікэкономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепетеңдікті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарында құрылымды нығайту.

Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) нарықтық экономика жағдайында — бұл бұрынғы әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгеру жағдайына бейімделу және тұрақтандыру мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы белгілі шаралар.

Экономиканы реттеудің мемлекеттік саясаты кез келген үкімет үшін, нарықтың немесе әміршіл – бөлу экономикасы екендігіне қарамастан объективті қажеттілік болып табылады.

Бөлу экономикасында мемлекет тауар мен қызметтің өндіру және бөлудің барлық құқығы мен міндеттерін өзіне алады. Бұл жерде, дегенмен, реттейтін еш нәрсе жоқ, мұндай жүйе өзінің тиімсіздігін және дәрменсіздігін көрсетті.

Нарықтық шаруашылықта үкімет алдында тауарларды өндіруді ұйымдастыру және ресурстарды бөлу міндеттері тұрмайды. Мемлекеттің мұндай жүйеде ресурстарға, капитал және өндірілген тауарларға билік ету құқы болмайды.

Нарықтық жүйе — бұл ең алдымен өндірушілер мен тұтынушылардың шешім қабылдаудағы айрықша құзыреті болып табылады. Сонда да мемлекеттің реттеушілік функциясының маңызы ерекше болып қала береді. Epкін бәсеке кезінде нарықтық тетік экономикалық өсудің барлық мәселелерін шешуге дәрменсіздік танытып өндіргіш күштердің басым бөлігі жеке меншікке көшеді, мемлекет экономиканың үлкен құрылымын өзі ұстауға мәжбүр болады: темір жолдар, пошталар, телеграф т.с.с. Еңбек бөлінісі негізінде мемлекет аралық интеграцияның күшеюі, жалпы экономикалық процестердің ұлттық шекарадан шығуына, қорғаныс, ғылым, ғарыш, сондай-ақ жұмыс күшін ұдайы өндіру, экологиямен байланысты және т.с.с жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеледі. Экономикалық және саяси шешімдерді реттеу тетігіне араласу қажеттілігі пайда болады.

Қaзipгi жағдайдағы ЭМР ұдайы өңдірістің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол экономикалық өсу, жұмыспен қамтуды реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ығысулар, экспортты қолдауды ынталандыру міндеттерін шешеді.

Қазір ЭМР тетіктері дүние жүзінің дамыған елдерінде: Францияда, Германияда, Испанияда, Австрияда, Нидерландия, Скандинавия елдерінде қолданылды. Англия, АҚШ, Канада, Австрия т.б. елдерде ЭМР әлсіздеу дамыған.

ЭМР әсіресе дамушы елдер мен бұрынғы социалистік мемлекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін маңызды болып саналады, бұл елдерде ЭМР-дің жаңа түрлерінің әлі өзіндік тәжірибесі жоқ. Сондықтан кемшіліктерді қайталамас үшін, экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеу және ic-тәжірибеде пайдалану тиімді.

Мемлекеттік экономикалық саясаттан басты (стратегиялық) және нақты (тактикалық) мақсаттарды бөлуге болады. Басты мақсаттар- басым түрдегі экономикалық және әлеуметтік теңгермешілікке жету, ұлттық бәсеке артықшылығын, экономикалық қауіпсіздікті, нарық тетігінің әртүрлі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады.

Нақты мақсаттар мемлекеттік реттеу объектілерімен бөлінеді, бірақ әрдайым   экономиканың   меншікті секторына сүйене отырып, қоғамдық және жеке мүдделер қажеттілігінен туындайды.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілері және субъектілері .Мемлекеттік реттеудің субъектілеріне мемлекеттік биліктің заң шығарушы, орындаушы және сот органдары жатады. Қазақстан Республикасында бұл:

- ҚР Президенті;

- Республикалық жиналыс: Парламент, Сенат, Мәжіліс;

- ҚР Үкіметі;

- Республикалық сот.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтайтын және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда таныстыратын мемлекет басшысы әрі оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады. Елдің Президенті конституциялық заңға сәйкес, ҚР жасы толған азаматтары жалпы тең және тікелей сайлау құқығымен 7 жыл мерзімге сайланады.

Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғары өкілетті орган - сенат пен мәжілістен тұратын парламен болып табылады.

Үкімен республикада атқарушы биілікті жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады, оның қызметіне жетекшілік етеді. Өзінің барлық қызметімен Президент алдында жауапты, сондай-ақ Парламент алдында жауап береді.

Сот билігі биліктің заң органдарымен қабылданған заңдардың қатаң сақталуын қадағалайды.

Бүгінгі таңда, алдыңғы қатарлы елдердің ақпараттық жүйеге көшуімен ұлттық мемлекеттерден тәуелсіз және дербес трансұлттық капитал бөлініп шығуда. Ол мемлекеттік реттеуде мемлекеттің өзімен қатар маңызды рөл атқарады. Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісінің тең жартысына дейін, сыртқы сауданың 63 %, жаңа техникаға, технология мен ноу-хауға патенттің 4/5 бөлігін бақылайды.

Сонымен қатар реттеу субъектілеріне халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты саяси және халықаралық ұйымдар да жатады.

Бұл ұйымдар несиелер мен қарыздар бере отырып, белгілі бір шарттар қояды және мемлекеттерге экономикалық сферада да, саяси сферада да мемлекеттің маңызды субъектілеріне ұлттық экономиканы реттеуде бір мақсатты реттеудің ортақ механизмін ұстанады. Мысалы, Евро Одақ (ЕО) сияқты қуатты интеграциялық жүйе шеңберінде бірнеше мемлекеттер ортақ валютаға көшті. Қазақстанда нарықтық қайта құрудың бастапқы кезінен мемле- кеттік реттеудің ұлттық және аймақтық субъектілеріне көптеген жағдайларда несиелерді алу мен пайдаланудың шарттарын белгі- леген халықаралық ұйымдар қосылады. Ең алдымен халықаралық валюта қоры (ХВҚ), қайта құру мен дамудың Европалық банкі (ҚДЕБ) және т.б.



Қазақстан жағдайында ЭМР-дің шетелдік тәжірбиелерін пайдаланудың мүмкіндіктері мен проблемалары. Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономи- калық тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалық- ты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе деген сұрақ бүгінгі экономиканың негізгі талаптарының бірі болуда. Қазіргі уақытта біздің елімізде экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтау, шаруашылықты басқарудың әкімшілік және нарықтық механизімін қолдану, өтпелі кезеңнің экономи- касын жасау мәселелері маңызды болуда. Осы мәселелердің ішінен келесілерін бөліп көрсетуге болады:

- меншік түріне қарамастан мемлекеттік меншікті жекешелендіру және шаруашылық әрекетіне жағдай жасау;

- мемлекеттік кәсіпорындарды уақтау, тауар өндірушілерді демонополизацияландыру және монополияға қарсы күрестің қызметін күшейту;

- нарық механизмінің ерекшеліктеріне байланысты экономиканы басқару құрылымын жетілдіру;

- қаржы-банк жүйелерін реформалау және бюджеттік инвестицияны қысқарту;

- елдің экспорттық әлеуетін арттыруда бәсекелестік қабілеті бар өнеркәсіпті мемлекет тарапынан қолдау;

- шетел инвестицияларын енгізуде және біріккен өндіріс қызметін қолдауда саяси, құқықтық және шаруашылық жағдай жасау;

- ұлттық валютаның айналымда болуын қолдау және қамтамасыз ету.

Осы мәселелерді қарастыра отырып шетелдік эконмиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесін Қазақстан жағдайына пайдаланатын болса, онда келесі негізгі заңдылықтарды көрсетуге болады:

1. Экономикалық саясатты ғылыми негіздеу, стратегияны анықтау, шаруашылықтың даму тактикасын, мақсатын және басымдығын айқындау инвестицияллық-құрылымдылық, ғылыми-техникалық, құқықтық сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланылау.

2. Кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнес субъектілерінің нарықтық инфрақұрылымдар қызметтерінің мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындарының тиімді бағытта дамуын ынталандыру мақсатында ұсынушы-реттеушілік жоспарлауды жүзеге асыру.

3. Әкімшілік, заң шығару, қаржы-несие, салық және баға белгілеу механизімдерін кеңінен қолдана отырып, қоғамдық тауарлар, заңды және жеке тұлғалар табыстарының, трансакциялық шығын- дар «қозғалысын» тікелей мемлекеттік реттеу.

4. Сыртқы экономикалық саясатты жүргізуде мемлекеттің экспорттық потенциялын жоғарылатудың басымдылығын мойындау және оның әлемдік шаруашылықтың интеграциялық үрдісіне «оңай» кіруін іске асыруды қамтамасыз ету.

Басқа елдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесін оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны біздің әлеуметтік- экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшіріп алуға болмайды. Себебі ол, белгілі бір объективті сипаттағы себептерге байланысты мүмкін емес:

1) Қазақстан Республикасы басқа елдердегі саяси, табиғи- экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, этно-мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленеді;

2) қазіргі Қазақстан жағдайында біз ұлттық экономиканы құру процесіндеміз және әлемдік экономика тарихында әкімшілік-жос- парлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бізге ұқсас ешбір ел жоқ;

3) басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі өзгерістер белгі- лі бір себептерге байланысты тиісті негіздеусіз жүргізіледі және «революциялық» көрініс табады, ал нарықтық экономиканы мемле- кеттік реттеу шаралары олардың эволюциялық даму «нәтижесі» болып табылады.

Эконмикалық болжаудың мәні, мағынасы және ғылыми- методологиялық негізі. Экономиканы болжау мен жоспарлау экономиканы мемле- кеттік реттеудің негізгі механизмі және олардың экономиканы басқаруда алатын орны зор.

Мемлекет тиімді реттеуді атқаруы үшін жоғары деңгейде сапалы болжау жасауы қажет. Экономикалық болжаудың мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді, толық жұмыспен қамтыуды қамта- масыз ету, инфляцияна бәсеңдету және т.б. болып табылады.

Болжауды жасауда екі әдіс қолданылады. Біріншісі микро- экономикалық – бұл талдауға және жеке жоспарлар мен фирманың болжауына негізделетін әдіс. Бұл әдіс бойынша, жиналған мәліметтер қорытындыланады және мемлекеттік сектор бойынша есептеулермен бірге экономика дамуының басты бағдарламаларын жасауға негіз бола алады. Сонымен қатар мемлекеттік және жеке инвестициялық бағдарламалар да жасалады. Екіншісі макроэкономикалық талдауға негізделген және жалпы мақсаттарды айқындауға бағытталып, оған жету міндеттілігіне негізделген әдіс.

Кез-келген қоғам, өзінің болашақтағы даму перспективасын анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалық болжамдар - қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін – ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспарлаудың тиімді жоспары мен бағыттарын анықтау үшін қажет. Қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса, экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.



Болжам дегеніміз – белгілі бір объектінің болашақтағы жай- күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп, дайындау процесі болжау деп аталады. Болжау – қоғам өмірінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын маңызды түйін болып табылады.

Қоғам дамуын болжаудың негізгі бағыттарының бірі – экономикалық болжау болып табылады. Экономикалық болжау - бұл экономикалық болжамның барлық әдіс-тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау үрдісі.



Экономикалық болжау объектісі – қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісі, ал зерттеу субъектісіне - экономикалық объектлердің даму заңдылықтары, болашақ жай-күйі және экономикалық болжам жасау әдістері жатады.

Сонымен, мемлекет ұлттық, экономиканың тиімді қызмет атқаруына құқықтық негіз бен әлеуметтік ортаны анықтайды. Ол үшін табыс және ресурстар бөлінеді, жұмыспен қамту мен инфляция деңгейі бақыланады. ЭМР экономикалық жүйені тұрақтандыру, оны өзгермелі жағдайға бейімдеу мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет