Экономиканы мемлекеттік реттеудің мəні, қажеттілігі жəне факторлары Мемлекет дегеніміз


Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері



бет2/2
Дата30.09.2022
өлшемі22.86 Kb.
#461701
түріНұсқаулар
1   2
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:

  1. Нарықтық реттеуші тетіктерді жəне жүйелерді құру арқылы экономиканың ашық жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Сонымен бірге, экономиканың шаруашылық өміріндегі субъектілерге мемлекеттің рөлін азайту, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру əдістерін кеңейту, шетел елдің инвестицияларын тарту, валюталық банктердің тетіктерін тұрақтандыру;

  2. Түрлі меншіктік жəне шаруашылық формаларын көбейту арқылы, яғни экономикадағы жеке меншік секторының қызмет етуіне жағдай жасау арқылы нарықтық бəсекелестікті арттыру үшін кəсіпкерлікті, шағын жəне орта бизнесті дамыту негізінде көп деңгейлі экономика негіздерін қалыптастыру;

  3. Халықаралық стандарттарға сəйкес екі деңгейлі банк жүйесін дамыту жəне қалыптастыру негізінде нарықтық экономика институттары мен инфрақұрылымдарын құру;

  4. Елдің нарықтық шаруашылығын жəне мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктерін, сонымен қатар индикативті жоспарлау, болжамдау, бюджеттік бағдарламалар, елдің əлеуметтік-экономикалық даму бағдарлама- ларының жүйесін жасау;

  5. Экономиканың жəне оның салаларының, экономикалық тұрақтылық пен бəсеке қабілеттілігін қолдау;

  6. Көлеңкелі экономиканың аясын тарылту, өркениетті нарықтық ортаны қалыптастыру, табиғи монополиялардың қызметін бақылау жəне осылардың негізінде соңғы тұтынушының мүддесін қорғау, сонымен қоса өндірістік жəне коммерциялық қызметтің дамуына жағдай жасайды;

  7. Отандық тауар өндірушілерін қолдау, жұмыс орындарын сақтау жəне кеңейту,өндірістік жəне экспорттық құрылымдардағы шикізаттық бағдарлануды азайту.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің нақты бағыттары, əдістері, масштабы, қандай да бір елдегі нақты бағыттар ағымындағы, уақыт аралығындағы экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерінің сипаты мен күрделілігіне байланысты анықталады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі – экономикалық дамудың деңгейі, өндіріс пен капиталды шоғырландыру деңгейіне байланысты анықталады. Экономикалық, əлеуметтік, экологиялық мəселелерінің күрделігі мемлекеттік органдар тарапынан нақты іс-əрекеттерді жүзеге асыруын талап етеді. Осыған орай, экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті себептеріне мыналар жатады:
Экономиканың нақты аумақтық кеңістігін анықтап алмай, оның дамуын бақылау мүмкін емес. Кəсіпкердің үй шаруашылығының немесе кез келген экономикалық қарым-қатынастарға қатысушы субъектілердің мүдделері соңғы тұтыну арқылы жүзеге асырылады. Ал ол белгілі бір территориялық ұйымға немесе əлеуметтік ортаға енгізілуі қажет. Яғни, шаруашылық қызмет ететін аумақтық кеңістікті анықтаушы жəне оның тұтынушылығын қамтамасыз ететін – мемлекет. Сонымен бірге, қазіргі уақытта аумақтық кеңістік халықаралық байланыстарды, экономикалық қарым-қатынасты жүзеге асыруына шаруашылық қызметті əлемдік нарықта қорғауына мүмкіндік туғызады;
Халықтың мүдделерін қорғау, елдің даму мақсаттарын анықтайды, тұрақты ұдайы өндіріс пен экономикалық ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттің жалпы ұлттық мақсаттары мен мүдделерін қалыптастыру кезінде қоғамның құндылықтық бағдарлары, оның əлеуметтік-рухани қорлары, тарихи-индивидуалдық, коллективтік параметрлері ескерілуі қажет. Бизнес қаншалықты кең дамығанымен осы мүдделерді, мақсаттарды ескеру қажет. Сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік мүдделерінің, қоғамның рухани құндылықтарының ескерілуі тиіс;
Елдегі экономикалық мүдделердің тепе-теңдігін сақтау жəне қолдау, мемлекеттен ойланып таразыланған даму бағыттарын анықтауды жəне саясат жүргізуді талап етеді;
Өндірістік күштердің дамуы, ұдайы өндіріс фазаларының аралығында туындайтын диспропорцияларды түзетудің алдын алуды жəне тиімді қызмет етуді қамтамасыз ету керек;
Жалпы дүниежүзілік даму үрдістері, елде коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытудың жəне қолдаудың қажеттілігін туындатады. Өйткені, бұл елдің нарықтық экономикалық өзара əрекеттіктерді, сонымен қоса басқа ел нарықтарының келісімдік іс-əрекеттер жүргізуге мүмкіндік туғызады.
Əрине, ұсынылған факторлардың топтамасы шартты болып табылады: мысалы, жұмыспен қамту мəселесін шешу қайта өндіру үдерісінің оңтайлы қамтамасыз етілуіне əкелсе, макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдау əлеуметтік шиеленістің қысқаруына əкеледі. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеу ұдайы өндіріс үдерісінің құрама бөлігі болып табылады. Оның нақты бағыттары, түрлері, ауқымдары нақты кезеңдегі белгілі бір елдің экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерінің сипаты мен өткірлігіне байланысты анықталады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі экономикалық дамуының, өндіріс пен капитал шоғырлануының белгілі деңгейге жетуімен қатар пайда болады. Бұл мүмкіндікті шындыққа айналдыратын қажеттілік экономиканы мемлекеттік реттеу шеше алатын мəселелердің өсуімен анықталады. Экономикалық, əлеуметтік, экологиялық, əлемдік шаруашылық мəселелердің өткірлігі мемлекет тарапынан болатын нақты шараларды талап етеді.
Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі үш түрі ажыратылады: 1. Экономиканы реттеудегі толық мемлекеттік монополизм. Бұл КСРО мен басқа да кеңестік мемлекеттерге тəн. Бүгінгі таңда кейбір мемлекеттерде де сақталған, мысалы Солтүстік Кореяда. 2. Нарықтық жəне мемлекеттік реттеудің əралуан нұсқалары. Мұндай нұсқалар «швед», «жапон», «қытай» үлгілерінде, сонымен қатар, германдық əлеуметтік бағыттағы нарықтық экономика үлгісінде жүзеге асырылған. 3. Ақырғы либерализм, жеке кəсіпкерліктің ерікті түрде дамуын ғана тиімділік деп санайды. Мемлекеттік реттеудің бұл түрі ең алдымен АҚШ-қа тəн.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің осы секілді түрлерінің қалыпта-суынан бұрын, алдымен əртүрлі экономикалық идеялар мен ғылыми теориялар пайда болады жəне дамыды. Ұлттық экономиканың дамуындағы мемлекет рөлі туралы түсінік пен көзқарастар жүйесі əрқашанда экономикалық теориядағы негізгі орындардың бел ортасында болды.
Экономика ғылымы пайда болғаннан бастап ғалымдар экономиканы мемлекеттік реттеу қызметтерінің экономикадағы рөліне байланысты түрлі мəселелермен айналысты. Əртүрлі экономистердің əртүрлі уақытта жəне əртүрлі елдерде дайындаған теориялары, ұлттық экономика тəжірибесінде қолданылып отырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет