Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр


Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі жолдары



бет5/5
Дата13.06.2016
өлшемі6.83 Mb.
#132862
1   2   3   4   5

3.2. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі жолдары

мен бағыттары.

Ауыл шаруашылығын инвестициялаудың экономикалық механизмі инвестициялық кешеннің өндіріс құрылымы мен оның жаңа принциптерге негізделген жұмыс істеу механизмін құруды талап етеді.

Көп жыл бойы Қазақстан экономикасының аграрлық секторы бұрынғы одақтық шикізаттың қосалқысы ретінде дамыды. Енді осы секторды жаңа жағдайда шетелдің инвестицияларының дамытуда атқаратын ролі жоғары болып отыр. Осыған байланысты аграрлық секторды инвестициялық кеңістікті қалыптастыру және кеңейту үшін республикалық бағдарламаны дайындап, оны іскс асыру белгілі бір практикалық мәнге ие болады.

Аграрлық өндірісте капитал салуға ең қолайлы сала астық өндіру комплексі. Инвесторлар ауыл шаруашылығының бұл саласына оның табыстылығы үшін ғана емес, халық шаруашылығының өзге тиімді салаларын шетелдік инвесторлардың алып қоюына байланысты келуде.

Еліміздің аграрлық саласындағы инвестициялық саясат кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Бұл мемлекетіміздің отандық және шетелдік инвесторға қолайлы жағдай жасау саясатын ұстап отырғанын көрсетеді. Ол үшін баламалы рыноктың институттар жүйесін құру қажет дегеніміз-шаруашылық қызыметіне қосымша реттеушілік енгізу немесе мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, әкімшілік тарапынан қойылатып кедергілерді жою, тіркеу жүйелерін және де ауыл шаруашылығындағы жеке кәсіпкердің қызыметтерін бақылауды ықшамдау, тауар өндірушілер үшін қолайлы экономикалық жағдайлар туғызу. Салынған қаржыдан дұрыс нәтиже шығаруды алдын ала болжай білу инвестициялық жобаны дұрыс бағытқа салуға мүмкіндік береді.

Еліміздің ауыл шаруашылығының қазіргі кездегі жағдайы инвесторлар үшін мына факторларға байланысты тиімсіз, қауіпті сала болып отыр.

- аграрлық өндірістің табиғи факторларға тәуелділігіне байланысты дұрыс өнім алып, салынған қаржыны қайтаруға толық сенім жоқ;

шығаруды алдын ала болжай білу инвестициялық жобаны дұрыс бағытқа салуға мүмкіндік береді.

Еліміздің ауыл шаруашылығының қазіргі кездегі жағдайы инвесторлар үшін мына факторларға байланысты тиімсіз, қауіпті сала болып отыр.

- аграрлық өндірістің табиғи факторларға тәуелділігіне байланысты дұрыс өнім алып, салынған қаржыны қайтаруға толық сенім жоқ;

- ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдылығы жұмыс күшін, материалдық-техникалық және басқа қорларды толық пайдалануға мүмкіндік бермейді, яғни табыс бірқалыпты түспейді.

Осы факторларға байланысты аграрлық өнімді өндіруге капитал айналымы жәй және түсетін пайда өте төмен болғандықтан инвесторлар бұл салаға аса қызықпайды.

Әлемдегі аграрлық экономиканы дамыған елдер тәжіребиесіне қарасақ, олар табиғи факторларға байланысты алдын ала шаралар қолданып, ауыл шаруашылығының өнімін өндірушілерге әртүрлі қолдау көрсетіп жағдай туғызып отырады.

Қазіргі кезде қаржы ресурсы кез-келген кәсіпорындар үшін бірінші кезектегі маңызды құралдар болып табылады. Олар өндірісті ұлғайтуға (қызмет көрсету), өндірісте қажетті шикізатты сатып алуға және өз қарамағандағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын қанағаттандыруға жұмсайды.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының меншікті инвестициялық мүмкіндігі шектеулі. Меншікті салымдар үлесінің азаюына көптеген жағдайлар әсер етеді, солардың ішінде ағымдық тұтынуға пайданы бөлу, амортизациялвіқ аударылымдардың төмендеуі, қажетті ақша айналымдарының жоқтығы, мемлекеттік қолдаудың тез арада төмендеуі, салықтың өсуі, инфляциялық процестер және т.б.

АӨК-е шет елдік инвесторлардві тарту өңдеуші салалардағы негізгі құралдар үшін маңызды болып табылады. Өйткені негізгі құралдарды жаңартуға, реконструкциялауға мүмкіндік беріп, өндіріске жаңа отандық

технолгияларды енгізуге жағдай жасайды. Алайда ел экономикасына шет елдік инвестицияны тартудың жақсы жақтарымен қатар, кері жақтары да қалыптасады, яғни экономикалық байланыстылықтағы өсуі шет елдік капиталмен сипатталады. октік экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру мен дамыту мәселесі үшін біріншіден, баға теңсіздігін (диспаритет) жою, екіншіден, кәсіпорындар үшін несиені кеңейту және оны беру механизмдерін жеңілдету, үшіншіден, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында маркетингтік кызметті жандандыру және рынок конъюнктурасын үнемі бақылау, төртіншіден, ауыл алдыңғы қатарлы тәжірибелі шаруашылық-лидерді бұқаралық ақпарат құралдарында кең түрде баяндау.

Жыл сайын республикада және жекелеген аймақ, облыстарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтеді. Мұнда тауар өндірушілер өздерін, өндірілген өнімдерінің ассортименті мен көрсетілетін қызмет түрлері жайында ақпараттар бере алады. Сондай-ақ, өндірген өнімдерін сатуды ынталандыруда насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Мұнда өнім және алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің жетістігі жөнінде ақпараттар түседі.

Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің үшінші бағыты маркетингтік жоспарлау және бақылау жүйесін ұйымдастыру мен маркетингтік басқару болып табылады. Соңғы жылдары кәсіпорындарда маркетингтік бөлімнің ашылуы кадрлық өзгерістер мен мамандардың нақты атқаратын функцияларын айқындады. Кәсіпорын мамандарының негізгі функцияларына тоқталамыз.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мамандардың маркетингтік функциясы.




Жаңа рынокке шығу мүмкіншіліктерін зерттеу



Жоспарлау- экономикалық бөлімінің мамандары

Ішкі шаруашылықтық жоспарлау, тауар саясатын жоспарлау

Есепті, бақылауды ұйымдастыру мен шығынды талдау

Баға қою

Кәсіпорынның мүмкін рыногін талдау

Өткізу каналдарын іздестіру

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының маркетингтік қызметінің негізгі бағыттары өндірілген өнімдерді бөлу, оның тұтынушыға жеткізілуі және маркетингтік басқару болып табылады. Қазіргі жағдайда өнімді өткізу әрбір кәсіпорын үшін өзекті, әрі кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Барлық өнім өндіретін кәсіпорындар мақсатты рынокта өзінің өткізу аймағын ұлғайту үшін мүмкіншіліктерді іздестіреді. Ол үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

- өнімді өткізудің тиімді каналдарын іздеу;

- меншікті сауданы ұйымдастыру;

- өз өнімдерімен әртүрлі ймақтарға бару және оны жан-жақты

жарнамалау;



  • тікелей маркетингтің басқа да тәсілдерін іздестіру (затқа

айырбастау,өзара есеп айырысу және т.б.);

  • тәуелсіз көтерме (агент, аукцион, көтерме рынок) және бөлшек

делдалдар арқылы сату.



  • тікелей маркетингтің басқа да тәсілдерін іздестіру (затқа

айырбастау, өзара есеп айырысу және т.б.);

  • тәуелсіз көтерме (агент, аукцион, көтерме рынок) және бөлшек

делдалдар арқылы сату.

Маркетингтік жұмыстың екінші маңызды бағыттарының бірі өндірілген өнімнің тұтынушыға жарнама, көрмеге қою және кезеңдік басылымдар арқылы жеткізілуі. Осының ішінде кең тарағаны алдыңғы қатарлы тәжірибелі шаруашылық-лидерді бұқаралық ақпарат құралдарында кең түрде баяндау.

Жыл сайын республикада және жекелеген аймақ, облыстарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтеді. Мұнда тауар өндірушілер өздерін, өндірілген өнімдерінің ассортименті мен көрсетілетін қызмет түрлері жайында ақпараттар бере алады. Сондай-ақ, өндірген өнімдерін сатуды ынталандыруда насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Мұнда өнім және алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің жетістігі жөнінде ақпараттар түседі.

Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің үшінші бағыты маркетингтік жоспарлау және бақылау жүйесін ұйымдастыру мен маркетинггік басқару болып табылады. Соңғы жылдары кәсіпорындарда маркетинітік бөлімнің ашылуы кадрлық өзгерістер мен мамандардың нақты атқаратын функцияларын айқындады.

Кейінгі жылдары диверсификация (әртараптандыру) деген термин жиі айтылып жүр. Алайда бұл сөз көпшілікке онша түсінікті емес, жұмбақтау болып көрінеді. Негізінде бұл сөздің аудармасы әртүрлілік немесе әрсаланы дамыту, ал өндірістің дамуы шығарылатын өнімнің түрін көбейту деген мағынаны білдіреді.

Өзін-өзі астық және басқа да азық-түлікпен қамтамасыз ету кез-келген мемлекет тәуелсіздігінің маңызды белгілерінің бірі. Ал іс жүзінде ешбір мемлекет, тіптен өте бай АҚШ, Жапония, Франция сияқты мемлекеттерде


өзін-өзі азык-түліктің тек өздерінде шығатын өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмайды.

Биыл үш жылдық аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру аяқталды. Біз еліміздегі аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін қалыптастырдық. Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінеді.

Ауыл шаруашылығының экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі-ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өнеркәсіптердің дамуы болып табылады.

Облысымызда ауыл шаруышылығы өнімдерін өндірудің көлемі жылдан жылға артуда.

Бүгінгі таңға облыс аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен 70-тен аса ірі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және 908 кішігірім цехтар мен кәсіпорындар айналысуда. Олар 15 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында облыс бойынша 9,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,7 млрд. теңгеге артты.

Қазіргі уақытта өңдеу саласында мақта өңдейтін, көкөніс пен жеміс-жидек және жүн мен тері өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар мен цехтар ашу, сонымен қатар жұмыс істеп тұрғандарын дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Сайрам ауданымен көршілес жатқан Түлкібас, Төлеби аудандарында көкөніс, жеміс-жидек өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығы толық пайдаланылмауда, Мақтарал, Қазығұрт пен Түркістанда бірде-бір өңдеу цехтары ашылмаған.

Жоғарыда айтылғандай, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын 900-ден аса кішігірім цехтардың бүгінгі таңға 143-і тоқтап тұр. Оның 85 үн диірмендері, 43 өсім, май сығу цехтары (мезгілмен) және наубайханалар тоқтап тұр.

Мақтаарал, Отырар, Сарыағаш аудандарында соңғы жылда жаңадан бірде-бір өңдеу кәсіпорындары ашылған жоқ.

Облыстағы ең ірі Мақтарал ауданында 12 мақта өңдеу зауыттарын есептемегенде, небәрі 26 кішігірім өңдеу цехтары бар оның 9-ы мезгілмен жұмыс істейтіндіктен тоқтап тұр.

Ал жалпы алғанда биылғы жылдың алты айында аталған цехтарда 920,6 млн.теңгенің өнімі өңделіп, өткен жыл көрсеткіштен 138 пайызға артты.

Мал өнімдерін қайта өндеуде ең басты проблемалардың бірі тері мен жүн өнімдерін қайта өңдеу болып отыр. Өзімг өндірілген тері мен жүн өнімдері шет елдерге арзан бағада әкетілуде.

Шымкент қаласындағы "Шымкент былғары аяқ-киім зауыты", Арыс қаласындағы "Сейхун" (жүн өңдеу), Түркіістандағы "Фарраб КО ЛТД" (тері өңдеу) серіктестіктері мен бұлардан басқа тағы 10-нан астам кіші цехтар осы салаларда жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін орта кәсіпорыңдар мен кішігірім цехтар туралы мәлімет (01.06.2004 жыл)




Аудан, қала аттары

Кішігірім цехтар саны

О.і тоқтап тұрғаны

Өңделген тауар құны (млн.теңге)



Жұмыс істейтін адамдар саны

01.06

2003 ж


01.06.

2004 ж


Пайызы

1

Арыс

19

3

31,6

34,7

109,8

184

2

Бәйдібек

60

8

5,1

5,6

109,8

224

3

Қазығұрт

225

41

41,3

43,9

106,3

344

4

Мақтаарал

26

9

2,0

4,9

2,4 есе

127

5

Ордабасы

49

-

11,1

41,4

3,7 есе

120

6

Отырар

21

4

1,6

4,4

2,7 есе

25

7

Сайрам

123

15

307,0

480,7

1,5 есе

576

8

Сарыағаш

49

19

52,8

52,1

98,7

175

9

Созақ

15

-

8,8

20,8

2,3 есе

22

10

Түркістан қ

83

3

3,9

12,1

3,1 есе

122

11

Төлеби

61

16

29,8

30,1

101,0

137

12

Түлкібас

49

4

65,0

67,0

103,0

179

13

Шардара

9

2

12,3

12,4

101,5

21

14

Кентау

23

4

2,1

15,3

7,2 есе

70

15

Шымкент

96

15

111,1

113,3

102,0

319




Облыс бойынша

908

143

685,5

946,8

138,1

2645

Ауыл шаруашылығы 2003 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, ағымдағы бағада 83.1 млрд. Теңгені құрады, бұл 2002 жылғы деңгейден 3.5-ға артық, оның ішінде мал шаруашылығының өнімі-24.4 млрд.теңге немесе-5.1 -ға, егін шаруашылығының өнімі 58.6 млрд.теңге немесе-2.8 ға.

Одан әрі, ауыл шаруашылығының дамуын таңдаулы тұқым шаруашылығы, жерді агрохимиялық зерттеу, ауылшаруашылық техникаларын лизинг арқылы алып жаңарту, машина - технологиялық стансалар құру, тыңайтқыш және жанар-жағар материалдарын алуды субсидиялау.

Облыста асыл тұқымды мал шаруашылығы мен ветеринарлық қызметті қолдану бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заң қабылдау қажет.

Алдағы уақытта Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз үшін отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қоятын болады.




ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда ауылшаруашылығын дамыту бірінші кезектегі мемлекеттік басымдық дәрежесіне ресми көтеріліп отыр.

Аграрлық саясаттағы дағдырыс кезеңдері және циклдық өндіріске біртіндеп тартылу аяқталды. Облыстың аграрлық азық-түлік секторында еліміздегі сияқты, тереңдете жүргізілген экономикалық реформаның нәтижесінде нақты және тиімді меншік иелері қалыптасты, ауыл шаруашылығы дамуының басымдықтары анықталды, ауылда несие серіктестігі және екінші деңгейдегі банктер арқылы жаңа қаржы-несие жүйелер істей бастады, мемлекеттік қолдау тетіктерінің және ауыл шаруашылығы өндірісін ынталандыру механизмдері жетілдірілді.

1998 жылдан бастап ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісінің көлемі орташа есеппен 17 пайызға ұлғайды. Облыста жалпы өнімнің көлемінен ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі 12 пайыз деңгейіне жетті. Тұтас алғанда облыстың ауыл шаруашылығында негізінен өсімдік өсіру саласы есебінен 2002 жылы 80 млн. теңге пайда алынды.

Ел басшысы өзінің Қазақстан халқына үндеуінде осы үш жылды ауылды жаңарту жылы деп жариялағыны өздеріңізге белгілі және еліміздің орындаушы органдарының алдына нақты тапсырмалар қойылды.

Еліміз Президентімен "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы" бекітілді.

Ендігі экономикалық қайта құрулар агробизнес ұтымды құрылымын қалыптастыру мен агротехнологиялардың деңгейін көтеру, ауыл шаруашылығы өндірісінің маркетингтік стратегиясына көшу, ішкі республикалық тауар өнімдірін ұтымды алмасудың дамуы, ішкі рыногтағы импорт алмастыру, жақын және алыс шет елдерге экспортты жандандырумен байланысты ауыл шаруашылығы дамуының негізгі бағыттарын анықтауда дифференциалды әдістемені талап етті.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту нарыққа бағдарланған экономиканың заңдылықтарына сәйкес жүргізілетін болады, онда өндіріс тиімділігі, отандық тамақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттігі, олардың сапасының халықаралық талаптарға сәйкестігі басымдықтары болып табылады.

Осыған байланысты біздің де облыста "Оңтүстік Қазақстан облысы 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық аграрлық азық-түлік бағдарламасы" жасалып, облыс мәслихатының шешімімен және облыс әкімінің қаулысымен бекітілді. Сәйкесінше осындай бағдарламалар аудандар мен қалаларда да жасалып ауыл шаруашылық департаментіне тапсырылған. Негізгі бағдарламаны түзуші болып, ауыл шаруашылық департаменті табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік бағдарламасының негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешенінің тиімді жүйесін қалыптастыру және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады.

Облыс тұрғындарын тамақ өніміне деген қажеттігін жақсарту мақсатында төмендегі міндеттерді шешу қажет: мәселелерді шешу қажет:

- ауыл шаруашылық өнімі өндірісін арттыруға жағдай жасау;

- ауыл шаруашылық өндірісін тиімділігі мен отандық тамақ өнімдерін бәсекеге қабілеттігін арттыру негізінде азық-түлік ресурстарын қалыптастыру.

Дегенмен агроөнеркәсіп кешенінде жағдайлар әлі де болса қиын.

Техника жабдықтарының төмендігінен агротехника дұрыс деңгейде пайдалана алмайды.

Аграрлық сектордың тұрақтылығы азық-түлік қауыпсіздігімен анықталады.

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі тек экономикалық шеңбермен ғана шектеліп қоймай - мемлекеттің жалпы стратегиялық мүддесіне кіреді. Қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ету әрбір мемлекеттің объективті бағыты болып табылады. Кең көлемде алғанда қауіпсіздік түсінігі тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ішкі және сыртқы қауіптерден өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғауымен анықталады.

Азық-түлік қауіпсіздігі дегенде экономиканың соның ішінде оның агроөнеркәсіп кешенінің тамақтанудың физиологиялық нормасына сәйкес халықтың тамақ өнімдеріне қажеттілігі қамтамасыз етілетін сыртқы және ішкі жағдайларға тәуелсіз қажетті ресурстармен, әдетпен және кепілдікпен қамтамасыз ету жағдайы түсініледі.

Бұл жағдайдың деңгейі мен дәрежесі экономикалық дамудың тұрақтылығына едәуір немесе аз мөлшерде әсер ететін көптеген факторлармен анықталады. Бұл факторларға - ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі, аграрлық саладағы өмір деңгейі мен еңбек ақы деңгейі, ауыл шаруашылық өнімінің импорт пен экспорт көлемі жатады.

Диплом жұмысын жазу барысында төмендегідей қорытынды жасауға болады:

1. Аграрлық өнеркәсіп өндірісінің қазіргі және болашақтағы дамуы тек ауылшаруашылығының тікелей даму деңгейіие ғана емес, сонымен бірге оған қызмет көрсететін ауылшаруашылығының даму дәрежесімен де айқындалады, яғни ауылшаруашылығының инфрақұрылымына байланысты.

2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер ауылшаруашылығын мемлекеттік реттеудің теориялық және практикалық мәселелерін алға қойып отыр. Қазақстандағы аграрлық секторды мемлекеттік реттеу бағалық, қаржылық, несиелік және салықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық әдіспен шешіледі.

3. Ауылшаруашылық өндірісін басқаруда ұйымдастыру механизмін жетілдіру, ауылшаруашылығының өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі, ішкі және сыртқы факторлар ауылшаруашылығындағы өндірістік басқару қызметіне тікелей әсер етеді, сондықтан да бұл факторларды ауылшаруашылық өндірісін басқару жүйесін қалыптастырғанда үнемі ескеру қажет.

4. ҚР-да агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын, оның ішінде ауылшаруашылығын әлеуметтік-экономикалық дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкімдікті регион жағдайында әрбір жекелеген аймақтардың табиғи — экономикалық өзгешеліктерін ескере отырып ауылшаруашылығының әлеуметтік салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан да бнік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасар едік.

5. Әрбір мемлектеттің экономикалық дамуында аймақтағы ауыл шаруашылық әлеуметтік-экономикалық дамуы басты мәселе болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның оңтүстігіндегі суармарлы және дамыған мал шаруашылығымен айналысатын ірі өңір болып табылады. Облыстағы ауыл шаруашылығын қайта түлету шаралары Президент нұсқауларымен Үкімет шешімдеріне сәйкес жүргізілуде. Аграрлық бизнестің алғашқы қауымдары жасалуда. 2004 жылы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі ағымдағы бағамен 15565,1 млн теңге болуы немесе 2003 жылмен салыстырғанда 105,6 пайызға артты. Қызметін одан әрі кеңейте түсуі тиіс. Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың аясын кеңейтудің негізгі шаралары мемлекеттік агроазық - түлік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылатын шаралар болады. Агроөнеркәсіеп секторының дамуы мен ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталғап шараларды жүзеге асырудың жалпы көлемі жергілікті бюджеттен 2004-2006 жылдары 136,3 млн теңгені құрайды.

6. Қазіргі кезде теориялық тұрғыдан қарағанда шағын және орта бизнесті, соның ішінде агробизнесті дамыту қажеттілігі дұрыс екендігіне көз жеткізе отырып, нақты бағытта жұмыстар жүргізілуде.

7. Астық өндіру және оны тиімді бағамен сату проблемаларын шешудің бірден-бір дұрыс жолы, ол - Қазақстаи қалай болғанда да, АҚШ, Канада, Франция сияқты әлемдік рынокта астық шығаруын ірі мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, сыртқы және ішкі рынокты астық сатудың және сатып алудың орталықтандырылған рыногын мемлекеттік тұрғыдан реттеу қызметін одан әрі кеңейте түсу керек.

8. Ауылшаруашылығын инвестициялаудың экономикалық механизмі инвестициялық кешеннің өндіріс құрылымы мен оның жаңа принциптерге негізделген жұмыс істеу механизмін құруды талап етеді.

9. Ауылшаруашылығы өнімдерін сату мен өткізуде маркетингтік қызметтің негізгі бағыттарын жетілдіру қажет.

10. Ауылшаруашылық өндірісінің қарқынды дамуы үшін, сондай-ақ агроөнеркәсіп өндірісін техникалық жағынан жаңарту, отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсету, ауылшаруашылығы саласындағы кадр дайындау мен мамандардың біліктілігін арттыруға көңіл бөлу және агроөнеркәсіптік интеграцияны дамыту қажет.



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Н. Назарбаевтың жолдауы. // Заң газеті 23 ақпан 2005ж.2 б.

2. Белгібаев.Қ. Ауыл шаруашылық экономикасы. А,215-220 б.

3. Мырзакелді К. Нарыққа өту кезіндегі Қазақстан ауыл шаруашылық

кәсіпорындарының қалыптасуы мен дамуы. А1998ж. 92-92 б.

4. Оспанов. М.Т және т.б. Агробизнес теориясы мен тәжірибесі.А. Білім

1997ж. 72-91 б.

5. Нұрғалиев. Қ.Р. Қазақстан экономикасы. А 1999ж. 71-776.

6. Анвар Дебердеев. Жеке қосалқы шаруашылық және оларды шешу

жолдары.// Ақиқат N 2 , 2004ж, 30-356.

7. Назарбаев. Н. Жер тағдыры-ел тағдыры.//Ақиқат №1 2003ж, 15 б.

8. Райханүлы. Н. АПК: кризис отрасли и проблемы выхода из него.

//МысльМ6-1997г, стр55

9. Захаров. Ю. Проблемы развития АПК//Экономист-1999г , N1 стр.

10. Жұмашева. С.Т. Агроөнеркәсіп кешеніндегі маркетингтік

зерттеулердің қажеттілігі. //Жаршы N9,2000, 6-106.

11. Мусенбаев. Т.М. Ауыл шаруашылық кәсіпкерлікті қолдау-нарық

экономикасының төл талабы. // Жаршы N9 2002ж,6-10б.

12. Еспергенов. Ж.К. Агробизнес - ауыл экономикасының негізі //Жаршы

N10 2001 ж, 49-516.

13. Музарабұлы.Н. Біртұлғаландыру - ауыл шаруашылығын дамыту

жолы.//Жаршы N8 2000ж, 3-86.

14. Қазамбаева А.М. Агроөнеркәсіптік кешенді басқару мәселесі және оны

шешу жолдары. //Жаршы N1, 2001, 5-10 6.

15. Спанов. М. Қазақстан өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ете алама?

//Саясат июнь 2001ж.

16. Амангелді Ермегиев. Отан партиясы ұсынады.// Егемен Қазақстан

28 наурыз 2003ж, 2-3 бет

17. Уатхан Мизамбек. Нарық жағдайында шағын агробизнесті

дамытудың тиімділігі. Алматы 2002ж (автореферат) 18-20 бет

18. Сыдықбаева Г.Ү. Аймақтағы ауыл шаруашылғының әлеуметтік-

экономикалық даму негіздері. А.2001 ж. (автореферат)

19. Қаптаева С.Ә. Нарыққа өткелі кезеңдегі аграрлық қатынастар

мәселелері. Алматы.2001ж. (автореферат) 11-13 бет

20. Тұрғанбаев М.Ә. Нарықтық қатынастырға өту жағдайында өндірісін

ұйымдастыру. Алматы 1994ж. (автореферат) 12-13 бет

21. Бимендиева Л.А. Аграрлық сектордағы мемлекеттік реттеудің

теориялық мәселелері. Алматы 2000ж. (автореферат)

22. Мусаева Г.Қ. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу жүйесінің нарықтық

инфрақұрылымын дамыту. Алматы 2003ж, 8-13 бет

23. Қазамбаева А.М. Ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруды

ұйымдастыру механизмі. Алматы 2003ж. (автореферат) 10-11 бет

24. Ахметова. К. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік

географиясы. А.2001ж,154-166 б.

25. Дузельбаева Г.Б., Оспанова Г.А. Агробизнес Қызылорда 2003ж

Электрондық оқу құралы

26. Көшербаева Е., «Ауылдың бай болғаны- мемлекеттің бай болғаны» //

Оңтүстік Қазақстан. - 2005 09 сәуір.

27. Ертазин К.А. Становление и развитпя агробизнеса в Казахстане-Алматы:

Білім, 1999ж.

28. М.А.Мансурова. Развитие агробизиеса в регионе: состояпие и

перспективы.// Вестник №4,2002г. С 5-12

29. 2003 - 2005 жыл - ауыл жылдары. Ауыл жылына арналған газет

//Оңтүстік Қазақстан. - 2004 жыл - 29 мамыр. 1 - 11 бет


  1. Ақсақалұлы Ж. Облыс ауыл шаруашылығын дамытудың басым

бағыттары: Ауыл жылдарының екінші кезеңі // Оңтүстік Қазақстан –

2004 жыл - 1 мамыр - 2 бет

31. Амалбек Б. Ауылды ауыл шаруашылығы арқылы көтеру экономиканың

тың тынысын ашады // Егемен Қазақсган -2003 жыл - 6 қыркүйек –

1 -3 бет

32. Ауыл шаруашылық дамуының жаңа кезеңі: 31 каңтар күні Астанадағы

Агроөнеркәсіп кешені қшзметтерінің реепубликалық кеңесі болып өтті//

Оңтүстік Қазақстан-2005ж 2 ақпан

33 Әліппай С. Ауыл жылындағы алғашқы асу: Ауыл шаруашылығы //

Егемен Қазақстан 2004 жыл - ақпан - Збет

34. Ахметжан Есимов: Ауыл бойын тіктеп келеді. Ауыл шаруашылығы

министрі А. Есжановпен сұхбат // Егемен Қазақстан -2003 жыл - 23

желтоқсан - 2 бет

35. Бабаев С, Құлтаев А. Астық рыногы // Егемен Қазақстан - 2003 жыл –

25 ақпан - 3 бет

36. Бисенов Қ. Шаруашылыққа ғылым негіздерін енгізу қажет // Оңтүстік

Қазақстан -2004 жыл - 9 қазан - 4 бет

37. Досыбаев Н. Шаруа қожалықтарымыз шарықтамақ....



// Шымкент келбеті. - 2005 жыл 8 сәуір

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет