Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе



Дата05.07.2016
өлшемі168.69 Kb.
#179318
«Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе

оған барабар құжатты тану»
мемлекеттік қызмет регламенті




  1. Жалпы ережелер


1. Осы «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы
27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – Қазақстан Республикасына асыл тұқымды өнімді (материалды) әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) өтініші бойынша экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану рәсімі.



3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) оның аумақтық инспекцияларының (бұда әрі – Инспекциялар) қатысумен көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет:

1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының және 13-бабы 14) тармақшасының;

2) «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі


№ 18-02/212 бұйрығының;

3) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі..

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты қағаз тасығышта тану (бұдан әрі – асыл тұқымдық куәлікті тану) не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

7. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Кенесары көшесі 36 мекенжайы бойынша, сондай-ақ Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндерінен басқа: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінен, сонымен қатар мекен-жайлары мен байланыс мәліметтері стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Инспекциялардан алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылады.

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден стандарттың 16-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдауды бір маман Инспекция кестесінің негізінде жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әрекеттер (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаты
13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) Инспекция кеңсесінің маманы мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді, одан әрі жауапты орындаушыға бере отырып, Инспекция басшысына қарар шығару үшін береді;

2) Инспекция басшысы хат-хабарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды;

3) Инспекцияның жауапты орындаушысы алынған құжаттарды қарайды, ресімдеу толықтығы мен дұрыстығын тексереді, құжаттарды Комитет сарапшы ғалымдар құрамында құрған комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) келіп түскен материалдарды қарау үшін жолдауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды Комиссияға жолдаған кезде құжаттар Комитеттің мекенжайы бойынша жолданады;



4) Комиссия асыл тұқымдық куәліктерді Қазақстан Республикасында асыл тұқымды өнімге (материалға) белгіленген асыл тұқымдық куәліктерге қойылатын талаптарға олардың сәйкестігі тұрғысынан қарайды және қорытынды (оң немесе теріс) дайындайды, қорытындыны Инспекцияға жолдайды. Деректерді нақтылау, жетіспейтін мәліметтерді ұсыну қажеттілігі немесе асыл тұқымды жануарды ауыстыру қажеттілігі кезінде Комиссия бұл туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет алушыға жолдайды;

5) Инспекция кеңсесінің маманы Комиссияның қорытындысын қабылдайды және тіркейді, Инспекция басшысына танысу және одан әрі Инспекцияның жауапты орындаушысына қарармен беру үшін жолдайды;

6) Инспекцияның жауапты орындаушысы асыл тұқымды өнімнің (материалдың) межелі орнына келуі бойынша:



асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың көшірмелерінде көрсетілген мәліметтерді асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың түпнұсқаларындағы деректермен салыстыруды

жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерін асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың түпнұсқаларында көрсетілген нөмірлермен салыстырып тексеруді жүргізеді;

сондай-ақ хабарлама нысанындағы асыл тұқымдық куәлікті тануды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлдеді жауап дайындайды;

7) Инспекция басшысы хабарлама нысанындағы асыл тұқымдық куәлікті тануға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жауапқа қол қояды;

8) Инспекция кеңсесінің маманы асыл тұқымдық куәлікті тануды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жауапты мемлекеттік қызмет алушыға береді.

14. Тиісті Инспекция кесесінің маманы мемлекеттік қызмет алушыдан құжаттарды қабылдайды, кіріс хат-хабар журналында тіркейді, мемлекеттік қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатты мыналарды көрсете отырып береді:


  1. құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;

  2. сұратылатын мемлекеттік қызмет түрі;

  3. қоса берілген құжаттар саны мен атаулары;

  4. мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;

  5. құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;

  6. мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері.

15. Мемлекеттік қызметтік көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1) Инспекция кеңсесінің маманы;

2) Инспекция басшысы;

3) Инспекцияның жауапты орындаушысы;

4) Комиссия.

16. Әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) кезектілігі мен өзара әрекеттесуінің мәтінді кестелі сипаты әрбір әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.



17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған
асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша


1-кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаты


Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағымы) әрекеті

1

Әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №

1

2

3

4

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Инспекция кеңсесінің маманы

Инспекция басшысы

Инспекцияның жауапты орындаушысы

Комиссия

Инспекция кеңсесінің маманы

Инспекцияның жауапты орындаушысы

Инспекция басшысы

Инспекция кеңсесінің басшысы

3

Әрекет (процесс, процедура, операция) атауы және олардың сипаты

Мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдау және тіркеу.

Хат-хабармен танысу, жауапты орындаушыны айқындау.

Алынған құжаттарды қарайды, ресімдеу толықтығы мен дұрыстығын тексереді, құжаттарды Комиссияға жолдауды қамтамасыз етеді.

Асыл тұқымдық куәліктерді Қазақстан Республикасында асыл тұқымды өнімге (материалға) белгіленген асыл тұқымдық куәліктерге қойылатын талаптарға олардың сәйкестігі тұрғысынан қарайды және қорытынды дайындайды. Деректерді нақтылау, жетіспейтін мәліметтерді ұсыну қажеттілігі немесе асыл тұқымды жануарды ауыстыру қажеттілігі кезінде Комиссия бұл туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет алушыға жолдайды. Қорытынды Инспекцияға, ал ақпарат мемлекеттік қызмет алушыға жолданады.


Комиссияның қорытынды-сын қабылдайды және тіркейді.

Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) межелі орнына келуі бойынша:
1) асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың көшірмелерін-де көрсетілген мәліметтерді асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың түпнұсқалар-ындағы деректермен салыстыруды
2) жануарлар-дың бірдейлендіру нөмірлерін асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың түпнұсқаларында көрсетілген нөмірлермен салыстырып тексеруді жүргізеді;
Хабарлама нысанындағы асыл тұқымдық куәлікті тануды дайындайды.

Хабарлама нысанында-ғы асыл тұқымдық куәлікті тануға қол қою.

Хабарлама нысанындағы асыл тұқымдық куәлікті тануды мемлекеттік қызмет алушыға беру.

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Құжаттарды инспекция басшысына қарар шығару үшін жолдау.

Қарар шығару, құжаттарды жауапты орындаушыға жолдау.

Құжаттарды Комиссияға жолдау.

Қорытынды немесе ақпарат.

Құжаттарды Инспекция басшысына танысу және одан әрі Инспекцияның жауапты орындаушы-сына қарармен беру үшін жолдау.

Хабарлама нысанындағы асыл тұқымдық куәлікті тану.

Хабарлама нысанында-ғы асыл тұқымдық куәлікті тану.

Шығыс хат-хабар журналына белгі қою.

5

Орындалу мерзімдері

30 минуттан артық емес.

3 сағаттан артық емес.

Күнтізбелік 3 күн.

Күнтізбелік 23 күн.

30 минуттан артық емес.

Күнтізбелік 3 күн.

3 сағаттан артық емес.

30 минуттан артық емес.

6

Келесі әрекет нөмірі

2

3

4

5

6

7

8

-


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.


Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағымы)

Инспекция кеңсесінің маманы

Инспекция басшысы

Инспекцияның жауапты орындаушысы

Комиссия

№ 1 әрекет

Мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдау және тіркеу.


(30 минуттан артық емес).

№ 2 әрекет

Хат-хабармен танысу, жауапты орындаушыны айқындау


(3 сағаттан артық емес).

№ 3 әрекет

Алынған құжаттарды қарайды, ресімдеу толықтығы мен дұрыстығын тексереді, құжаттарды Комиссияға жолдауды қамтамасыз етеді.


(Күнтізбелік 3 күн).

№ 4 әрекет

Асыл тұқымдық куәліктерді Қазақстан Республикасында асыл тұқымды өнімге (материалға) белгіленген асыл тұқымдық куәліктерге қойылатын талаптарға олардың сәйкестігі тұрғысынан қарайды және қорытынды дайындайды. Деректерді нақтылау, жетіспейтін мәліметтерді ұсыну қажеттілігі немесе асыл тұқымды жануарды ауыстыру қажеттілігі кезінде Комиссия бұл туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет алушыға жолдайды. Қорытынды Инспекцияға, ал ақпарат мемлекеттік қызмет алушыға жолданады.

(Күнтізбелік 23 күн).

№ 5 әрекет

Комиссияның қорытындысын қабылдайды және тіркейді, Инспекция басшысына танысу және одан әрі Инспекцияның жауапты орындаушысына қарармен беру үшін жолдайды.

(30 минуттан артық емес).


№ 7 әрекет

Хабарлама нысанындағы асыл тұқымдық куәлікті тануға қол қою.

(3 сағаттан артық емес).


№ 6 әрекет

Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) межелі орнына келуі бойынша:

1) асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың көшірмелерінде көрсетілген мәліметтерді асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың түпнұсқаларындағы деректермен салыстыруды

2) жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерін асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың түпнұсқаларында көрсетілген нөмірлермен салыстырып тексеруді жүргізеді.

Хабарлама нысанындағы асыл тұқымдық куәлікті тануды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.



(Күнтізбелік 3 күн).




№ 8 әрекет

Хабарлама нысанындағы асыл тұқымдық куәлікті тануды мемлекеттік қызмет алушыға беру.

(30 минуттан артық емес).













3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама процесс – мемлекеттік қызметтік көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде.


Балама процесс (жұмыс барысы, ағымы) немесе кеңейтулер

Инспекция кеңсесінің маманы

Инспекция басшысы

Инспекцияның жауапты орындаушысы

Комиссия

№ 1 әрекет

Мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдау және тіркеу.


(30 минуттан артық емес).

№ 2 әрекет

Хат-хабармен танысу, жауапты орындаушыны айқындау


(3 сағаттан артық емес).

№ 3 әрекет

Алынған құжаттарды қарайды, ресімдеу толықтығы мен дұрыстығын тексереді, құжаттарды Комиссияға жолдауды қамтамасыз етеді.


(Күнтізбелік 3 күн).

№ 4 әрекет

Асыл тұқымдық куәліктерді Қазақстан Республикасында асыл тұқымды өнімге (материалға) белгіленген асыл тұқымдық куәліктерге қойылатын талаптарға олардың сәйкестігі тұрғысынан қарайды және қорытынды дайындайды. Деректерді нақтылау, жетіспейтін мәліметтерді ұсыну қажеттілігі немесе асыл тұқымды жануарды ауыстыру қажеттілігі кезінде Комиссия бұл туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет алушыға жолдайды. Қорытынды Инспекцияға, ал ақпарат мемлекеттік қызмет алушыға жолданады.

(Күнтізбелік 23 күн).

№ 5 әрекет

Комиссияның қорытындысын қабылдайды және тіркейді,

(30 минуттан артық емес).


№ 7 әрекет

Қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою.

(3 сағаттан артық емес).


№ 6 әрекет

Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) межелі орнына келуі бойынша:

1) асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың көшірмелерінде көрсетілген мәліметтерді асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың түпнұсқаларындағы деректермен салыстыруды

2) жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерін асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың түпнұсқаларында көрсетілген нөмірлермен салыстырып тексеруді жүргізеді.

Хабарлама нысанындағы асыл тұқымдық куәлікті тануды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.



(Күнтізбелік 3 күн).




№ 8 әрекет

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушыға беру.

(30 минуттан артық емес).










Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған


асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша


Әкімшілік әрекеттердің қисынды кезектілігі

арасындағы өзара байланысты көрсететін схема


Инспекция басшысы

№ 2 әрекет

Хат-хабармен танысу, жауапты орындаушыны айқындау.
(1 сағаттан артық емес).

Инспекцияның жауапты орындаушысы

№ 3 әрекет

Алынған құжаттарды қарайды, ресімдеу толықтығы мен дұрыстығын тексереді, құжаттарды Комиссияға жолдауды қамтамасыз етеді.

(Күнтізбелік 3 күн).

Комиссия

№ 4 әрекет



Асыл тұқымдық куәліктерді Қазақстан Республикасында асыл тұқымды өнімге (материалға) белгіленген асыл тұқымдық куәліктерге қойылатын талаптарға олардың сәйкестігі тұрғысынан қарайды және қорытынды дайындайды. Деректерді нақтылау, жетіспейтін мәліметтерді ұсыну қажеттілігі немесе асыл тұқымды жануарды ауыстыру қажеттілігі кезінде Комиссия бұл туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет алушыға жолдайды. Қорытынды Инспекцияға, ал ақпарат мемлекеттік қызмет алушыға жолданады. (Күнтізбелік 23 күн).










Инспекция кеңсесінің маманы

№ 1 әрекет

Құжаттарды қабылдау және тіркеу.

(30 минуттан артық емес).



Инспекция кеңсесінің маманы

№ 5 әрекет

Комиссияның қорытындысын қабылдайды және тіркейді, Инспекция басшысына танысу және одан әрі Инспекцияның жауапты орындаушысына қарармен беру үшін жолдайды.

(30 минуттан артық емес).



Инспекция басшысы

№ 7 әрекет

Хабарлама нысанындағы асыл тұқымдық куәлікті тануға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою. (3 сағаттан артық емес).






Инспекция кеңсесінің

басшысы

№ 8 әрекет

Хабарлама нысанындағы асыл тұқымдық куәлікті тануды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәледі жауапты мемлекеттік қызмет алушыға беру.

(30 минуттан артық емес).






Инспекцияның жауапты орындаушысы

№ 6 әрекет

Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) межелі орнына келуі бойынша:

1) асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың көшірмелерінде көрсетілген мәліметтерді асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың түпнұсқаларындағы деректермен салыстыруды



2) жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерін асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған барабар құжаттардың түпнұсқаларында көрсетілген нөмірлермен салыстырып тексеруді жүргізеді.

Хабарлама нысанындағы асыл тұқымдық куәлікті тануды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды. (Күнтізбелік 3 күн).






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет