Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асылтұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ереже



Дата25.02.2016
өлшемі120.31 Kb.
#21564


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылық министрінің

20____ жылғы «____» _______

№ ______ бұйрығына

қосымша

Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асылтұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ереже



  1. Жалпы ережелер

1. Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбi туралы Осы ереже (бұдан әрi – Ереже), Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдарымен берілген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжаттың тану тәртiбiн анықтайды.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

1) импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісі (бұдан әрі – Үлгі) – экспорттаушы елдердің құзыретті органдарымен қабылданған асыл тұқымдық өнім (материал) туралы жалпы мәліметтердің жиынтығы;

2) импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану – импортталған асыл тұқымды өнім (материалға) берілген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың осы Ережемен бекітілген тәртіпте келісілген Үлгіге сәйкестігін растау рәсімі;

3) импорттаушы – Қазақстан Республикасына асыл тұқымды өнiмдi (материалды) әкелудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

4) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) – Ірі қара малдың тұқымдары бойынша Республикалық палата (бұдан әрі - Палата) құратын алқалы орган, оның құзыретіне импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған балама құжаттардың үлгілерін олардың келісу мәніне қарау кіреді.

3. Шетелден асыл тұқымды өнімді (материалды) алғаш әкелген кезде асыл тұқымды малдың осы түріне және тұқымына Үлгіні келісу рәсімі осы елден алғаш әкелінгенде жүргізіледі.

4. Импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану мынадай сатыларды қамтиды:

1) өтінімдерді қарастыру және асыл тұқымдық куәліктің көшірмелерін (түпнұсқасын) қарастыру және келісілген Үлгімен салыстыру;

2) асыл тұқымдық куәлікті тану туралы шешім қабылдау.

2. Үлгіні келістіру үшін асыл тұқымдық өнiмді (материалды) импорттаушылардың өтінімдерін қарастыру тәртібі
5. Импорттаушы, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) белгіленген орынға әкелінуіне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Палатаға өтініш береді.

Импорттаушы өтiнiшке Үлгіні қоса бередi.

6. Ұсынылған Үлгіде мынадай мәлiметтер көрсетiлуі тиіс:

1) асыл тұқымдық куәлiкті немесе оған балама құжатты берген құзыреттi органның атауы;

2) импортер туралы мәлімет (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

3) малдың туған жылы;

4) малдың лақап аты (бар болса);

5) сәйкестендіру номері (татуировка, сырға, чип, таңба – көрсетілгеннің ішінен біреуі немесе бірнешеуі);

6) малдың тұқымы (құжаттарда мәлімет болған жағдайда);

7) малдың жынысы (малды әкелген жағдайда);

8) асыл тұқымдық кiтап бойынша тiркеу нөмiрi немесе өкiлеттi органның тiркелiмi (олар жүргiзiлген жағдайда);

9) малды генетикалық бағалау нәтижесi (өткізілген жағдайда);

10) шежіресі (экспорттаушы елдердің талаптарына сәйкес беріледі);

11) асыл тұқымдық куәлiкті немесе оған балама құжатты берген күнi (бар болса);

12) малдың түсі және ерекше белгілері (бар болса).

13) экспорттаушы елдерде қабылданған әдіс бойынша бағалау көрсеткішінің бар болуы немесе жануардың немесе экспорттаушы елде қабылданған әдіс бойынша тектерінің біреуінің өнімділігінің абсолюттік көрсеткіші. Мал шаруашылығында жануардың өзінің немесе экспорттаушы елдің құзыретті органымен ғаламтор-қорында жарияланған құжатпен тектерінің біреуінің өнімділігі туралы мәліметті ұсыну рұқсат етіледі. Асыл тұқымдық куәлікке немесе оған балама құжатқа қосымша түрінде, жеткізіп берушімен расталған, фермаішілік есептегі құжат бойынша жануардың тұқымы мен өнімділігі туралы мәліметті ұсынуға болады

7. Өтініш тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Палата Үлгіні Комиссияның қарауына жолдайды.

8. Комиссия, Палатаның және салалық ғылыми ұйымдардың өкілдерінен тұрады, ал төрағасы Палатаның басшысы болып табылады.

9. Палата отырысты өткізуге дейін 5 (бес) жұмыс күн бұрын өкілдері Комиссия құрамына кіретін ұйымдарды олардың Комиссия жұмысына қатысуын қаматамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы үшін жазбаша түрде хабардар етеді.

10. Комиссияның Үлгіні қарастыру мерзімі Палатада тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнді құрайды.

11. Комиссияның шешімі, Комиссия Төрағасымен және оның мүшелерімен қол қойылатын, еркін үлгідегі Акт түрінде қабылданады.

Комиссия мүшелерінің Актпен келіспеген жағдайда, Актқа келіспеу себептері көрсетілген қосымша дайындалып, Комиссияның келіспеген мүшелерінің қолдары қойылады.

12. Өтінілген Үлгіде немесе құзыретті органның ғаламтор-қорында орналастырылған құжаттарда Осы Ереженің 6-тармағындағы мәліметтер көрсетілген жағдайда, Комиссия Үлгіні келісу туралы шешім қабылдайды.

Өтінілген Үлгіде немесе құзыретті органның ғаламтор-қорында орналастырылған құжаттарда осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген мәліметтердің болмауы немесе сәйкес келемеуі, Үлгіні келістіруден бас тарту үшін себеп болып табылады.

13. Импортталған асыл тұқымдық өнiмге (материалға) берілген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың Үлгісі келісілген жағдайда келісілген Үлгі Палатаның сайтында орналастырылады.

14. Палата өтінім берілген Үлгінің келісілгені немесе келісуден бас тартылғаны туралы шешім бар Комиссия ұсынған актіні алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жолдайды.

15. Үлгіні экспорттаушы елдің құзыретті органы өзгерткен жағдайда Үлгі қайта келісуге жатады.

3. Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл

тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi

немесе оған балама құжатты тану тәртiбi
16. Малдарды белгіленген орынға әкелгеннен және карантин аяқталғаннан кейін, импорттаушы әр малдың немесе асыл тұқымды өнімнің (материалдың) партиясының асыл тұқымдық куәліктің көшірмесіне (түпнұсқасына) сәйкестігін растау рәсімін өткізу мақсатында Палатаға:

малдарды көзбен шолып тексеру үшін;

татуировка, таңба, сырғадағы нөмірлерін немесе басқа бірдейлендіру нөмірлерін бірге немесе жекелеп қолда бар шетелдік асыл тұқымдық сертификаттардың түпнұсқаларымен немесе оған балама құжаттармен салыстыру үшін жүгіне алады.

17. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану үшін импорттаушы Палатаға экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану туралы еркін нысандағы өтінішпен жүгінеді.

Өтініште:

жеке тұлғалар үшiн – асыл тұқымды өнiм (материал) әкелудi жоспарлаған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), сондай-ақ тұрғылықты жері;

заңды тұлғалар үшiн – асыл тұқымды өнiм (материал) әкелудi жоспарлаған заңды тұлғаның атауы, мекенжайы және қызмет түрі;

экспорттаушы елдiң атауы, малдың саны, түрi және тұқымы, олардың түрлік және тұқымдық тиесілігін көрсете отырып, ұрықтың немесе эмбриондардың мөлшері көрсетіледі.

Импорттаушы өтінішке экспорттаушы елдің құзыреттi органы берген асыл тұқымдық куәлiктердің немесе оған балама құжаттардың көшірмелерін және мiндеттi қайтарым шартымен оларды салыстыру үшін түпнұсқаларын қоса бередi.

18. Ірі қара мал бойынша малдың өзінің өнімділігі немесе тегінің біреуінің өнімділігі туралы мәліметтерді экспорттаушы елдің құзыретті органының ғаламтор-қорында орналастырылған құжаттардан ұсынуға болады.

19. Буаз малды импорттаған жағдайда экспорттаушы елдің талаптарына сәйкес болашақ тұқымның әкесі туралы мәлімет қосымша ұсынылады (тұқымы, тіркеу нөмірі, екі жақтағы үш ата-тегінің шежіресі, ұрықтану немесе шағылысу кезеңі бойынша мәлімет).

Асыл тұқымдық куәлікке немесе оған балама құжатқа қосымша түрінде жеткізіп берушімен расталған, ішкі фермерлік есептегі құжат бойынша болашақ тұқымның әкесінің шығу тегі мен өнімділігі туралы мәліметті ұсынуға болады.

Таза қанды мiнiс жылқылары үшін иесiнiң өзгергенi туралы мәлiметтерді көрсете отырып, экспорттаушы мемлекеттердiң жокей клубтары берген халықаралық үлгiдегi паспорт – асыл тұқымдық куәлікке балама құжат болып табылады.

20. Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) асыл тұқымды куәлігінің немесе оған балама құжаттының дұрыстығы экспорттаушы елдің құзыретті органымен расталады (басшының қолымен куәландырылып, мөрмен расталады).

21. Палата маманы асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған балама құжаттардың көшірмелерінде немесе түпнұсқаларында көрсетілген барлық мәліметтерді Үлгімен салыстыруды жүргізеді және осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген өтініш түскеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде импорттаушыға осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану туралы қорытынды беріледі.

Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережеге
1-қосымша

Нысан
Кімге___________________________________________________________________________

(Республикалық палата атауы)

кімнен ___________________________________________________________________

(жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН немесе заңды тұлға үшін заңды тұлғаның толық аты, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)


Өтініш

 

Экспорттаушы ел ___________________________ құзыретті органдары импортталған асыл



(экспорттаушы ел атауы)

тұқымды ________________________ өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық

(асыл тұқымды өнімінің (материалдың) түрі)

куәліктің/оған балама құжаттың Үлгісін тануларыңызды сұраймын.


Импорттаушының мекен-жайы: __________________________________________________

телефон ___________________________________


Өзім ұсынып отырған құжаттардың дұрыстығын растаймын.
Мен, _______________________, асыл тұқым куәліктерінің келесі түпнұсқаларындағы деректер ____________________ осы үлгісіне сәйкес болатынын растаймын.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________________________________

Күні ________________ __________________

мөр орны (бар болса) (қолы)

Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережеге
2-қосымша

Асыл тұқым куәлігін немесе оған балама құжатты тану туралы қорытынды





  1. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген танылған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың тізімі






Асыл тұқымды мал туралы жалпы мәлімет

Асыл тұқымды малдың сәйкестендіру нөмірі**

Асыл тұқым куәлігінің немесе сертификаттың тіркеу нөмірі

Малдың асыл тұқымдық құндылығы туралы мәлімет

түрі

жынысы

Тұқымы

Лақап аты және белгілері

Туған күні

Тірі салмағы, кг*

Құлақ сырғасы

электроннды чип

татуировка

таңба




Бағалау бойынша сыныбы

Бағалау көрсеткіші***












































  1. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген танылмаған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың тізімі






Асыл тұқымды мал туралы жалпы мәлімет

Асыл тұқымды малдың сәйкестендіру нөмірі**

Асыл тұқым куәлігінің немесе сертификаттың тіркеу нөмірі

Малдың асыл тұқымдық құндылығы туралы мәлімет

Асыл тұқым куәлігін немесе оған балама құжатты танымаудың себебі

түрі

жынысы

Тұқымы

Лақап аты және белгілері

Туған күні

Тірі салмағы, кг*

Құлақ сырғасы

электроннды чип

татуировка

таңба

Бағалау бойынша сыныбы

Бағалау көрсеткіші***













































*- өнімділік бағыттағы етті ірі қара малдар, қойлар, шошқалар, жылқылар және түйелер үшін

**- тізілгендердің ішінен біреуі немесе бірнешеуі көрсетіледі

***- бағалау көрсеткіші бар болуы туралы белгі қойылады

Асыл тұқым куәлігін немесе оған балама құжатты тану туралы қорытындыны берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________________________________________________________________________

Күні ________________ ____________________



М.О. (қолы)
.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет