Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр Бұқарбай Естекбайұлының туғанына – 200 жыл



жүктеу 31.62 Kb.
Дата14.06.2016
өлшемі31.62 Kb.
Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр

Бұқарбай Естекбайұлының туғанына – 200 жыл
Бұқарбайдың сыйлығы

(Батыр туралы баллада)
Сан ғасырдың қазаққа тапшы болған жайлысы,

Шаш-етектен шығындап, қалыңдаған қайғысы.

Малын баққан момынның етегіне жабысып,

Жағасына жармасқан жаудың батыл, байғұсы.


Орысы мен қалмағы, өзбегі мен қалпағы,

Аяздайын қарыды алып біткен арқаны.

Етігімен қан кешкен, дүниеден баз кешкен,

Ұйықтатпаған ұлдарын ұрпақ пенен жар қамы.


Етегіне жас толып, еңірегенде жиі елім,

Бота боздап, қаңғырды құлындары биенің.

Бұлты қалың аспанда үш арыстан еріткен,

Алдаспандай жарқ етті Кенесары киелім!


Бас батырым Наурызбай – тығыны жоқ тынысым,

Дұшпанды жайпап-жайратты, дауылпаз-дүлей ұрысың.

Баһадүрлер қазақта саусақпенен санарлық,

Мың ақынның – үнісің, мың батырдың – құнысың.


Ақжолтайым Ағыбай – алашымның айбыны,

Сары садақ дарытып, сейілткен мұң мен қайғыны.

Қылышын қанға суарып, қынабы кеуіп үлгермей,

Түсіне кіріп дұшпанның зар жылатқан жәй күні.


Адуын арын Бұқарбай – нөсер жауын төгілген,

Қарсы келген жауының қабырғасы сөгілген.

Тұйғын құстай толғанып, Хан Кенеге жалғанып,

Бауыздаған бурадай хас дұшпанын елірген.


Қол бастаған сардарым, елі сенген көсемім,

Қайтарымын мың еттің, жатқа кеткен есенің.

Байқадам бидің ожданы, Әлімнің мың жылқысы,

Ерлігіңнің сарқыты – ұмытпайды еш елің.


Шынжырбалақ, шұбартөс, алымы асқақ арындым,

Ақмола, Созақ, Сауранды шаңдатып, қорғап, сағындың...

Құдайсүгір, Естекбай кіндігіңді кескенмен,

Төрт тіректі, тәкәппар мақтанышысың Табынның!


Қабағыңнан үріккен Нияздай ұлық жаманы,

Дуалы ауызың, өткір сөз – тығырыққа қамады.

Қытыққа тиіп, киліккен қауқарына қарамай,

Тулақ еттің найзаңмен Бесбай-сынды қараны.


Күш-қуатың еселеп, билігіңді жүргіздің.

Ажыратпас наданға қадіріңді білгіздің.

Шүйліккен саңлақ сұңқардай, босағасын қандатып,

Тізеге басып бақырттың манаптарын қырғыздың.


Тау тұлғалы Бұқарым қасық қанындай қорғаған,

Төрт құбыласы түп-түгел, маңғазданды кең далам.

Қар көбесін сөгілтіп, Нұраның түгін тартқанда,

Баланың қарнын тойдырып, жұртының көшін жалғаған.


Шынайы мұқит –шалқар су, тартылмаған сағасы,

Тәңірім тауып теліген тектілердің бағасын.

Қалаулысы халқының, елеулісі елінің,

Мәдібайдың ат мінген Қожахметтей баласы.


Бұқарбайдан тараған тектілердің әулеті,

Хақ Тағалам тасытқан абыройы мен дәулетін.

Алты алашқа асырып Бұқарбай батыр бабасын,

Атақ-даңқын көтерді Қожахмет әулетіп...


Қазағың жайлы сөзіңнің түбі – терең, түбі – тың,

Бұқарбайым ниетің – ыстық жалын, жылы тым.

Басқалардан бөлекше болмысың мен бітімің,

Ортаймаған – сенімім, азаймаған – үмітім!


Жарқырап шығар күнімсің, бас иетін пірімсің,

Ерлігіңмен – ірісің, рухыңмен – тірісің!

Қолтығыңа ел сиып, басыңа бақыт орнаған,

Құзындағы қазақтың – қырандарының бірісің!


Естісін ұлтым үнімді – соққан дауыл дүбірлі,

Атыңа қанып, батырым, жан-жүрегім жылынды...

Тілерсектен қан кешіп, Бұқарбай батыр сыйлаған,

Баянды болсын қазағым, еркіндігің бүгінгі!!!



Құлтас ДОСТАН


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет