МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
Оқуға түсу емтихандарының бағдарламасы «Шығыс тілі», «Оқитын ел тарихы» пәндері бойынша магистрды дайындаудағы негізгі білім беру бағдарламасының минимум мазмұнын есепке ала отырып жасалған.
«Шығыстану» мамандығы бойынша докторантураға түсу емтиханының мақсаты магистратурада оқу барысында жинақтаған білім қорын анықтау болып табылады. Сондай-ақ докторантураға түсуге талапкердің PhD білім беру бағдарламасын оқу барысында қалыптасатын арнайы біліктілікті табысты меңгеруге қажетті жалпы біліктілігінің сай екенін бағалау болып табылады.
Емтихан міндеттері мынада:
ақпаратты синтездей алу және нақтылауға, танып таңдауға, іздеуге деген болашақ докторанттардың қабілеті мен дайындығын бағалау;
оқуға түсушілердің магистрлік білім беру бағдарламасындағы оқу пәнін ұғынғанын бағалау;
оқуға түсушінің қазіргі ақпараттық қорларды оқу барысында қолдана алу дайындығын бағалау;
PhD білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушінің оқуға деген ынта-жігерін, талабын анықтау.
Бұл үшін оқуға түсушілер өздерінің шығыс тілінің негізгі курс теориясына қатысты білімдерін, әр түрлі тақырып бойынша ауызша және жазбаша қатынас деңгейіндегі тілді практикалық тұрғыда қолдану машықтарын көрсетулері керек. Оқитын ел тарихының даму заңдылықтарын; оқитын елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын; Шығыс елдері қоғамдарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси салалардағы біршама өзгерістермен сипатталатын дамуына жаһандану үдерісінің тигізген ықпалын; Шығыс елдерінің дүниежүзілік шаруашылық-саяси жүйесіне интеграциялану кезеңіндегі бұл елдердің тарихындағы іргелі мәселелері жайында білулері қажет.
Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы шығыс тілін меңгерудің классикалық схемасы есепке алына отырып жасалған: біртұтастық пен сабақтастық, бөлімдердің өзара қарым-қатынасы, дара құбылыстарын және ерекшеліктерін жүйелеу. Бағдарлама оқуға түсушінің оқитын шығыс тілімен байланысты елге ерекше көңіл бөле отырып, шығыс қоғамдары мен мемлекеттерінің ерекшеліктері бойынша, діни даму, халықтың саяси санасы, саяси институттар, саяси партиялар, сыртқы саясат, экономика, мәдениет т.с. бағыттары бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында құрастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |