Екінші бөлім ізгілікті дінде рухани жандар мен періштелер деп білуге ләзім болған болмыстардың қандай болмыстар екендігі, олардың жауһарлары не, ол болмыстардың әрқайсысының екіншісінен не нәрсемен мәртебелі болатындығы, әрбірінің Бірінші Болмыстан иеленген мәртебесі не екендігі және ол болмыстардың бір-бірлерінен мәртебелері не екендігі, олардың әрқайсысының кемелділігі немен өлшенетіндігі еске алынады. Және олардың әрқайсысының иелігіне билік етуге не берілетіндігі, әрқайсысының басшылығы не болатындығы жөнінде.
Содан кейін аспан денелерінің жауһарлары жөнінде және Бірінші Болмыс пен періштелер оларға қалай иелік ететіндігі, қайсы аспан денесінің әмірі қандай періштеге жүретіндігі және қандай періште қай аспан денесін басқаратындығы, әрбір аспан денесінен қанша нәрсеге билік ететіндігі туралы олар (болмыстар) үшін суреттелуі тиіс нәрсе беріледі.
Содан кейін аспан денелері қамтитын табиғи денелердің яғни материалды денелердің жауһарлары жөнінде олар үшін суреттелуі тиіс нәрсе туралы.
Үшінші бөлім аспан денелері мен олардың билігіндегі аспан асты яғни материалдық денелердегі басшылық жөнінде, олардың (аспан денелері) қай жағынан олардың (материалдық денелер) бар болуының себебі екені, Алла тағала табиғи денелердегі нәрселерді аспан денелері арқылы қалай басқаратындығы, әрбір аспан мен әрбір ғаламшарды басқарған не нәрсе екендігі жөнінде олар үшін суреттелуі тиіс нәрсе, сондай-ақ, мәшһүр ғаламшарларды суреттеуде олар үшін суреттелуі тиіс не нәрсе екендігі еске алынады. Алла тағала бір өзі материалдық денелерді жеке-жеке ғаламшар арқылы қалай басқаратындығы және Оның билігі материалдық денелердің барлығына бірге немесе кейбіреуіне қалай жүретіндігі, материалдық денелердің аспан денелерімен қалай ретке келтірілетіндігі, оларда әділеттілік қалай болады және болып жатқан нәрсенің бәрі әділетсіздік араласпайтын әділ әрі кемшіліктен ада кемел екені, Алла тағала уә Жәлләның иелігі (билігі) мен рақымы ең биік аспан денелерінен жер кіндігіне және оның айналасындағы нәрселерге дейін қалай өтетіндігі, материалдық денелердің мәртебелері не екендігі және олардың қалай байланысатындығы, басқаруда қалай қадым болатындығы, бір-біріне қалай иелік ететіндігі әрі барлығы қалай ретке келтірілетіндігі еске алынады. Олардың (материалдық денелер) қайсысы дәл қазір өзінде бар және одан өзге ештеңе болуы мүмкін емес табиғи қасиет (жаратылыс) болуы қажетті әрі ләзім екендігі және дәл қазір ол иеленіп отырған нәрсеге ие болмаса ол кемел бола алмайтындығы және ол үшін одан өзге ешқандай болмыстың болуы мүлдем мүмкін еместігі, адам дәл қазір өзіндегі кемшілігі бар, адасқан, бейболмысынан өзге және Алла тағаланың әрекеті болуы мүмкін емес әрі Оған лайық болу мүмкіншілігі жоқ нәрсе болатын қандай болмысты олар үшін елестететіндігі еске алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |