Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің № хаттамасымен бекітілген «6М051100 маркетинг»



Дата27.06.2016
өлшемі194.09 Kb.
#161132
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен



бекітілген



«6М051100 - МАРКЕТИНГ»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012
Бағдарлама «6М051100 - Маркетинг» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар PhD, доцент Абен А.С., э.ғ.к., доцент Бейжанова А.Т.

Бағдарлама кафедра мәжілісінде қарастырылған ________________

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Кафедра меңгерушісі__________________ Қ.С. Мухтарова

Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Әдістемелік бюро төрағасы __________________ Абен А.С.

Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Жоғары мектеп деканы __________________ Ермекбаева Б.Ж.

Ғалым хатшы __________________ Смагулова Г.С.



МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
Түсу емтиханының мақсаты – магистратураға қабылданатын талапкердің теориялық және практикалық дайындығын, сонымен қатар дайындау бағыты бойынша магистратура біліміне қойылатын талаптардың дағдылары мен білімдерінің сәйкестік деңгейін анықтау.

Түсу емтиханының негізгі міндеттері:

  • «маркетинг» дайындау бағыты бойынша талапкерді оқу пәнінің теориялық негіздеріне сәйкес білім деңгейін тексеру;

  • ғылыми-зерттеу қызметке дағдысын және қабілетін анықтау;

  • оқу және ғылыми әдебиеттерге сәйкес ережелер сілетемелерімен жұмыс істеу қабілетін тексеру;

  • мәдени ойлау қабілетін, оның нәтижелерін дұрыс көрсете білу қабілетін анықтау;

  • кәсіби функцияларды жүзеге асырумен байланысты мақсатты қою және міндеттерін қоя білуін бағалау;

  • арнайы кәсіби терминология және лексиканы игеру деңгейін тексеру.

Түсу емтиханының формасы – жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушы емтихан билетінің сұрақтарына жазған өз жауаптарын жауап парағына жазады. Оны емтихан комиссиясы тексереді.

Аппеляцияға берген жағдайда жауап парағында жазылған жазбаша жұмыс негіз болып табылады.


2. Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар
6М051100 – Маркетинг мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын игеруді қалайтын тұлғалардың алдындағы білім беру деңгейі жоғары базалық білім беру (бакалавриат) немесе бір жоғары базалық білім беру (мамандықтар) бағыттары бойынша жоғары арнайы білім беру игеруі қажет.

Азаматтарды магистратураға қабылдау тәртібі жоғары білімнен кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымының қабылдаудың Типтік бағдарламасымен бекітіледі.



Талапкер міндеті:

- кең ауқымды және мәдени ойлау жоғары қалыптасқан тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін нақты ғылымдар (әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық) пәндер бойынша базалық білімін игеруі;

- маркетинг саласында тәжірибелік міндеттерді шешу және оны құру қабілетінің болуы;

- кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдана білуі;

- зерттеу қызметінің дағдыларын игеруі;

- кәсіби қызмет және магистратурадағы білім алуды жалғастыру үшін қажетті жаңа білімдерді игеру дағдыларын игеру.


3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері



  1. Маркетингтік зерттеу

  2. Логистика

  3. Маркетингтік коммуникация

  4. маркетингтік басқару

  5. Халықаралық маркетинг



4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Маркетингтік зерттеу» пәні

  1. Маркетингтік зерттеудің мәні, мазмұны және ұйымдастыру

Маркетингтік зерттеулердің мәні және маңызы. Маркетингтік зерттеулердің мақсаты, міндеттері объектілері және пәні. Маркетингтік зертеулерді жүргізу қажеттіліктері. Маркетингтік зертеудегі тұтынушылар құрылымы.

  1. Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттары

Маркетингтік зерттеулердің бағыттары және жалпы сипаттамасы. Маркетингтік зерттеулердің ішкі және сыртқы бағыттары. Бағыттарына сәйкес маркетингтік зерттеулердің негізгі түрлері: нарықты, тұтынушыларды, бәсекелестерді, нарықтың фирмалық құрылымын, тауарларды, бағаны, тауар қозғалысын және сатуды, жылжыту жүйесін, кәсіпорынның ішкі ортасын зерттеу.

  1. Маркетингтік зерттеулердегі ақпарат

Маркетингтік ақпараттың мәні және құрамдастары. Маркетингтік ақпараттың қалыптасу мақсаттары. Маркетингтік ақпараттың жіктелуі. Ақпараттың түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы. Маркетингтік ақпараттың көздері. Екінші және бірінші ретті ақпарат: анықтамасы, артықшылықтары мен кемшіліктері. Екінші ретті ақпараттың жіктелуі. Маркетингтік ақпараттық жүйе.

  1. Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және этика

Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің ұйымдық нысандары. Маркетингтік зерттеулерді өзіндік маркетинг бөлімімен жүргізудің нысандары. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу қызметтерін ұсынатын тәуелсіз зерттеу фирмалары мен компанияларын жұмылдыру. Маркетингтік зерттеулердің этикалық кодекстері. Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің ұйымдық нысандарының құн, зерттеулерді жүргізу тәжірибесі, объектінің ерекшеліктерін білу, нәтижелердің объективтілігі, техникамен жабдықталуы және ақпатарттардың құпиялылығы критерийлері бойынша артықшылықтары мен кемшіліктері.

  1. Бақылау жүргізу әдісі

Бақылау ұғымы және оны қолданудың жағдайлық сипаттамалары. Бақылаудың негізгі түрлерінің жіктелуі. Бақылау әдістерінің жіктелуі. Бақылау әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Бақылау әдістерін салыстырмалы бағалау.

  1. Эксперимент жүргізуді ұйымдастыру

Маркетингтегі себеп-салдарлық тұжырымдама. Эксперимент түсінігі және сипаттамасы. Экспериментті жобалау. Эксперименттті жүргізудің жіктелуі және олардың нысандары. Зертханалық және далалық эксперименттер. Сынама нарық және сатулар (нарықты тестілеу) түсінігі. Нарықты тестілеу түрлері. Сынама маркетингті жүргізуден кейінгі қолданылатын стратегиялар. Сынама маркетингті жүргізудің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  1. Пікір сұрау жүргізу

Пікір сұрау жүргізу түсінігі. Респонденттерден пікір сұрау жүргізу кезіндегі ақпараттарды жинау тәсілдері. Пікір сұрау жүргізудің артықшылықтары мен кемшіліктері. Пікір сұрау жүргізу нысандарының жіктелуі. Пікір сұрау жүргізу әдістерінің жіктелуі. Сауалнаманы әзірлеу үрдісі. Сауалнама және оның құрылымы.

  1. Маркетингтегі сандық және сапалық зерттеулердің жіктелуі

Сандық және сапалық зерттеулер: анықтамасы және салыстырмалы сипаттамалары. С андық /сапалық маркетингтік зерттеулерді таңдаудың тартымды жағдайлары. Контент-талдауды жүргізу алгоритмі. Бірінші ретті ақпаратты сапалық зерттеулер негізінде жинау әдістері. Сапалық зерттеулердің әдістері. Сапалық зерттеулер әдістерінің жіктелуі.

  1. Маркетингтегі фокус-топ әдісі

Фокус-топ түсінігінің басты анықтамалары. Фокус-топ анықтамаларына әр түрлі көзқарастар. Фокус-топтарды өткізу әдістемелері. Фокус-топтарды өткізу кезеңдері. Фокус-топтық зерттеулердегі негізгі бағыттар. Фокус-топтардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

  1. Зерттеудің панелдік әдісі

Зерттеудің панелдік әдісі ұғымының басты түсініктерін анықтау: панель, панель қатысушысы, панель сипаттамасы, панелдік зерттеулер. Панель түрлері, зерттеулер объектілері, мақсаттары және нәтижелері: тұтынушылық, сауда, өндірістік сипаттағы тауарлар нарығының кәсіпорындары, арнайы нысан панелдері (мамандар/эксперттер топары, қызмет көрсету кәсіпорындары). Синдикативтік қызметтердің жіктелуі. Аудиториямен байланысы бойынша панелдің артықшылықтары мен кемшіліктері.
«Логистика» пәні

  1. Логистика түсінігінің мәні, оның концепциясы мен принциптері

Логистиканың қалыптасу және даму тарихы. Логистиканың интегралдық концепциясы. логистиканың эволюциясы. логистиканың даму себептері. Логистика түсінігінің анықтамасы. Логистика жүйедегі материалдық және ақпараттық ағымдарды басқару процесі ретінде. Логистиканы пайдаланудың экономикалық әсері. логистика мен маркетингтің өзара байланысы.

  1. Материалдық ағымдар, логистикалық операциялар және жүйелері

Материалдық ағым түснігі. Материалдық ағым өлшемі. Материалдық ағым түрлері. Логистикалық операциялар. Логистикалық операциялардың түсінігі. Логистикалық операциялардың түрлері: сыртқы, ішкі.Логистикалық жүйелер түсінігі. Логистикалық жүйелердің түрлері: микрологистикалық және макрологистикалық жүйелер.

  1. Сатып алу логистикасы

Сатып алу логистикасының мәні. Сатып алу логистикасының міндеті. Жабдықтау қызметі - макрологистикалық жүйенің элементі ретінде. Жабдықтау қызметінің функциялары. Жабдықтаушыларды таңдау есебі. Әлуетті жабдықтаушыларды іздеу. Әлуетті жабдықтаушыларды талдау. Өніммен оңтайлы жабдықтаушыларды таңдау. Жабдықтаушылармен жұмыс нәтижесін бағалау. Жабдықтаушылардың рейтингісін құраушылар. «Дәл мерзімде» логистикалық концепциясы.

  1. Өндірістік логистика

Өндірістік логистика түсінігі. Өндірістік логистика концепциясы. Ішкіөндірістік логистикалық жүйелер. Өндірісті ұйымдастырудағы логистикалық жүйенің негізгі ережелері. Өндірістік логистикадағы материалдық ағымдарды басқарудың тартушы және итеруші жүйелері. "Канбан" микрологистикалық концепциясы: түсінігі және міндеті. Өндірістегі материалдық ағымдарды басқаруда логистикалық әдісті қолдану тиімділігі.

  1. Тарату логистикасы

Тарату логистикасы түсінігі. Тарату логистикасының міндеті. Тарату логистикасының зерттеу пәні. Тарату логистикасының зерттеу объектісі. Макро және микро деңгейде тарату логистикасының міндеті. Тарату арналары мен торлары. Тарату арналары мен логистикалық торлар түсінігі. Тарату жүйесіндегі қоймалардың оңтайлы санын анықтау.

  1. Тасымалдау логистикасы

Тасымалдау логистикасының мәні мен міндеті. Тасымалдау материалдық өндіріс саласы ретінде. Тасымалдау логистикасының міндеті. Тасымалдау коридор түсінігі, тасымалдау коридорының міндеті. Тасымалдау торының түсінігі және қолданылуы. Транспорт түрін таңдауға әсер ететін факторлар. Қолмен есептеу кезіндегі тиімді маршруттар құру әдістемесі. Қозғалыс маршруттарының түрлері: маятникті, шеңберлі, аралас. Көлік тарифтері және оларды қолдану ережелері. Тарифтердің негізгі түрлері: жалпы, ерекше, жеңілдік, жергілікті. Тасымалдау құнына әсер ететін факторлар.

  1. Ақпараттық логистика

Логистикадағы ақпараттық ағымдар. Ақпараттық ағымдар түсінігі. Логистикалық ақпарат. Ақпараттық қамсыздандыру. Ақпараттық ағымдардың жіктелуі. Ақпараттық ағымдардың түрлері. Ақпараттық ағымдарды сипаттайтын көрсеткіштер. Логистикадағы ақпараттық жүйелер. Логистикадағы ақпараттық жүйелердің түрлері. Микро және макродеңгейдегі ақпараттық жүйелердің түрлері. Логистикадағы ақпараттық-компьютерлік технологиялар. Логистикадағы штрих кодтарды сканерлеуді қолдану.

  1. Логистикадағы қорлар

Материалдық қор түсінігі. Материалдық қорларды құру себептері. қорларды құрумен байланысты шығындардың негізгі түрі және олардың мазмұны. Материалдық қорлардың түрлері. Қорлады жіктеудің белгілері. Қорлар жағдайын бақылау жүйесінің жалпы сипаты. Қорлар жағдайын бақылау жүйесінің қызмет ету механизмі. Қорларды толтыру үшін тапсырылған партияның оңтайлы мөлшерін анықтау. Қор көлемін анықтау. Қорлады нормалау.

  1. Қоймалау, жүк өңдеу және орау

Логистикадағы қоймалау. Қоймалар, олардың анықтамасы және түрлері. Қоймалардың жіктелу белгілері. Қоймалардың артықшылықтары. Логистикадағы қоймалаудың орны. Жүк өңдеу. Жүк бірлігінің сипаттамасы. Қойма санының шығындарға тәуелділігі. Тара мен ораудың ролі.

  1. логистикалық сервис

Логистикалық сервис түсінігі және жүйесі. Логистикалық сервис объектісі. Логистикалық қызмет көрсету деңгейі. Логистикалық қызмет көрсету сасапысының критерийлері. Жабдықтау сенімділігі: осы критерийлерге әсер ететін факторлар, мәні. Жабдықтау икемділігі. Сервис сапасын өлшеудің негізгі компоненттері: сенімділік, жауапкершілік, қауіпсіздік, сыпайылық. Логистикалық сервис деңгейінің оңтайлы көлемін анықтау.
«Маркетингтік коммуникация» пәні

  1. Маркетингтік коммуникацияның теориялық негіздері және қазіргі кездегі тұжырымдамалары

Коммуникациялар рыноктік қатынастарының құралдары ретінде. Коммуникация түрлері: қоғамдық, саяси, корпоративтік, жаппай, әлеуметтік және басқалары. Стратегиялық құрал ретіндегі коммуникациялар. Коммуникация тауарларды жылжытудың барлық кезеңдеріндегі басқару жүйесі ретінде. Маркетингтік коммуникациялардың негізгі элементтері.

  1. Маркетингтік коммуникациялардың мақсатты аудиториясы

Мақсатты аудитория және хабар нысандарының көптүрлілігі. Мақсатты байланыс аудиториясын анықтау. Өнімді рынокта жылжыту бағдарламасын әзірлеу үшін мақсатты аудиторияны таңдау. Коммуникациялық мақсаттарды анықтау. Коммуникациялық мақсаттарды анықтау. Жылжыту шараларына тұтынушылардың жауапты әсерінің моделі. Жауапты әсердің танымдық, мінез-құлықтық және эмоциялық сияқты биерархиялық үлгілері.

  1. Маркетингтік коммуникация арналары

Өнімді рынокта жылжыту бағдарламасын жасауда бәсекелестік жағдайдың әсер етуі. Коммуникация (байланыс) арналарының типі. Коммуникацияның жеке арналарының тиімділік факторы. Коммуникацияның жеке емес арналары. Жылжыту шараларын өткізудегі жалпы бюджетті әзірлеу және оның құрамдас бөліктері.

  1. Жарнама: мәні және түрлері

Жарнама түсінігі. Жарнаманың маркетингтік коммуникацияның басқа нысандарымен байланысы. Жарнамалық науқанының міндеттері мен мақсаттары. Жарнаманың түрлері. Жарнама тарату құралдары. Аудиторияның қамту ауқымының дәрежесі туралы қайта көрсетудің жиілігі және жарнаманың әсер ету деңгейі туралы шешім қабылдау. Ақпарат құралдарының түрлері. Ақпараттың айнымалы құралдары: мақсатты аудиторияның талғамы, бұйым, хабар, құн. Жарнама құралдарының ерекшеліктері: көлем, құн, ерекшелік, кемшілік.

  1. Жарнамалық қызметті ұйымдастыру.

Жарнама хабарын әзірлеу. Жарнама ойын таңдау. Ойдың пайда болуы. Жарнама хабарларының түрлері. Жарнама хабарын бағалау мен таңдау. Жарнама хабарын жасау. Жарнама хабарының форматы, стилі, сөзі, үндеуі. Жарнаманың әлеуметтік жауапкершілігі. Сату көлемін жоғарылатуды қамтитын копирайтингтік технологиялар. Тікелей пошталық жарнаманың тиімді әдістерін құру. Жарнама агенттіктері және олардың түрлері. Кәсіпорындардағы жарнама бөлімшелері. Олардың ұйымдастырылу әдістері.

  1. Өткізуді ынталандыру

Өткізуді ынталандырудың құралдары: тұтынушыларды марапаттау, бөлшек саудагерлерді марапаттау. Іскерлік серіктестерді және сауда агенттерін марапаттау. Өткізуді бағалық және бағалық емес ынталандыру. Өткізуді ынталандырудың мақсаттары. Өткізуді ынталандыру сферасындағы негізгі шешімдер. Сауданы ынталандыру құралдары: бағадан жеңілдік беру, компенсациялар, фирмадан сыйлық беру. Өткізуді ынталандыру бағдарламасын жасау. Өткізуді ынталандыру бағдарламасын алдын-ала тексеру. Өткізуді ынталандыру бағдарламасын жүзеге асыру. Өткізуді ынталандыру бағдарламасының нәтижесін бағалау.

  1. Қоғаммен байланыс

Қоғаммен байланыстың (РR) міндеттері және мақсаттары. РR бөлімінің функциялары: баспасөзбен байланыс, тауар жарнамасы, корпоративтік байланыстар, мүддесін қорғау, ұсыныстар. Бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) қарым-қатынасты ұйымдастыру. Қақтығыстарды басқару. Қоғаммен байланыстың маркетингтік қызметі (ҚБМ). ҚБМ-ң функциялары. Қоғаммен байланыстың коммерциялық аясындағы негізгі шешімдері. ҚБМ-ның негізгі құралдары. PR-ң құралдары және хабарларын таңдау. ҚБМ-ң жоспарын жүзеге асыру. ҚБМ-ң нәтижелерін бағалау.

  1. Жеке сатулар

Жеке сатудың үш аспектісі: сауда біліктілігі, келіссөздерді жүргізу, қарым-қатынастар маркетингі.

Сауда біліктілігі. Сауда персоналын оқыту қадамдары: саудаға бейімделу, тұтынушыға бейімделу. Сату үрдісіндегі негізгі тиімді деңгейлер. Келіссөздерді жүргізу. Келіссөздердің анықтамасы.



  1. Жаңа коммуникациялық технологиялар

Ақпараттық қызметтер. Кәсіпорынның коммуникациялық саясатындағы ақпараттық қызметтердің орны, ролі мен өзіндік ерекшеліктері. Бірінші қажеттіліктегі тауар ретіндегі ақпарат. Коммуникация маркетингі көзқарасы тұрғысынан ақпаратпен қамтамасыз етудің анықтамасы. Ақпаратпен қамтамасыз етудің қызметтері. Маркетингтік ақпарат түрлері

Коммуникациялық үрдістерді тәжірибелік жоспарлау технологиялары. Креативті жоспарлау технологиялары. Креатив-бриф. Брендинг және тауарды жайғастыру.



  1. Брендинг

Маркетингтік коммуникацияның ерекше нысаны ретінде брендингті құру. Брендтердің таралу дәрежесі және болашағы. Тауар белгісі тұтынушылардың назарын аудару құралы ретінде. Маркалық белгілеудің үш әдісі. Брендтерді әзірлеу қағидалары және оларды басқару. Маркалы тауарларды зерттеу мәселелері.
«маркетингтік басқару» пәні

  1. Фирманы стратегиялық басқарудың құрылымы мен мазмұны

Бәсекелі ортада талпыну шарттары. Фирманың бәсекелік позициясы. Ұзақ кезеңдегі фирманың жағдайы. Қалаулы жағдайға жету. Жедел және стратегиялық басқарудың ерекше белгілері. Стратегиялық бизнес бірлігі (ССБ), оның мәні. Сегменттеу критерилері. Стратегиялық шешім деңгейі және стратегия типтері. Стратегиялық бағытты анықтау және оған әсер етуші факторлар. Корпоративтік стратегиялық мақсат. Мақсат типтері. “Мақсат ағашы”. Мақсатты анықтаушы сипаттамалар. Мақсатқа қойылатын талаптар. Фирма әрекетін жоспарлау және оның кезеңдері.

  1. Фирманың ішкі мүмкіндіктерін бағалау мен талдау.

Фирма миссиясын ағымдық нақтылау. Үш деңгейдің біліктілігі мен икемі және оны бағалау. Ұйымдастыру мәдениеті және оның мазмұны. Ұйымдастыру мәдениетінің белгілері және оның деңгейі. Басқару үрдісін ұйымдастыру. Қызметкерлер әрекетін бақылау. Басқару тәсілі. Ынталандыру жүйесі. Еңбекті ынталандыру. Өндіріс үрдісін ұйымдастыру. Шығын тиімділігі және оған әсер етуші факторлар. Бәсекелестік артықшылықты құрудың негізгі төрт бағыттары. СББ маркетингтік әрекетін бағалау көрсеткіштері, талғамсыздық нүктесі және оны анықтау формуласы.

  1. Фирманың сыртқы ортасын талдау

Фирманың сыртқы ортасын талдаудың стратегиялық шешімдер баламаларын және фирманың стратегия портфелін құруындағы мәні, мақсаты және алғышарты. Сыртқы ортаны маркетингтік талдаудың деңгейлері. Мезоортаны талдау, оның мазмұны. Мегаортаны талдау, оның мазмұны. Бәсекелестердің күшті және осал жақтарын бағалау. Бәсекелес фирмалардың стратегиялық топтарының белгілері. Фирманың бәсекелестік артықшылығына жету және оның негізгі стратегиялары. Фирманы дамытудың баламалы стратегияларын таңдау үшін СВОТ – талдау әдісін қолдану. Фирманың ішкі және сыртқы орталарының жағдайын бағалау параметрлері. СВОТ-талдау әдісінің мәні және талдау процедурасы.

  1. Маркетинг фирманы басқарудың интегралдаушы функциясы ретінде

Фирманы басқару жүйесінің түсінігі. Оны дамыту сатылары. Жаппай өндіріс. Жаппай өткізу. Постиндустриалды мерзім. Іскерлікті дамытудың қазіргі уақыты. Сыртқы ортаның сипаты. Басқару философиясы. Стратегиялық маркетинг. Макси-маркетинг.

  1. Маркетингті басқару мазмұны және технологиясы

Маркетингті басқару мәні. Маркетингті басқару субъектісі мен объектісі. Маркетингті басқару технологиясы, мақсаты және әдістері. Маркетингті басқару үрдісінің технологиясы және басқару үрдісі. Маркетингті басқарудың стратегиясы, тактикасы және функциялары. Маркетингті басқару принциптері. Маркетинг қызметінің ұйымдық құрылымдары. Кәсіпорындағы маркетингтің функционалдық байланыстары.

  1. маркетингтің стратегиялық және жедел жоспарлануы

Маркетингтік жоспарлау – жалпы корпоративтік жоспарлаудың құрамдас бөлігі. Маркетинг жоспарлауының мәні және маңызы. Маркетинг жоспарының топтастырылуы. Маркетинг жоспарының құрылымы. Маркетинг жоспарын жасау негіздері. Стратегиялық және жедел маркетингтік жоспарлаудың ерекшеліктері. Жоспарларды жасау реті. Жоспарлау әдістері. Стратегиялық жоспарлау мәні мен маңызы. Маркетингтің стратегиялық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістері. Маркетингті жедел жоспарлаудың міндеттері.

  1. маркетингті басқарудағы стратегиялық талдау әдістері

Маркетингтік зерттеулер, оларды жүргізу әдістері. Бақылау. Сауалнама жүргізу. Сұрау. Экспертті-аналитикалық әдістер. Математикалық әдістер. Экономикалық көрсеткіштерді болжамдау әдістері. Өткен уақыттағы мәліметтер динамикасының негізіндегі болжамдары. Казуалды болжам. Сапалық болжам (“ми шабуылы” әдісі, “Дельфи” типіндегі әдістер, “мақсат ағашы”, жағдайлық талдау). Маркетинг басқарудағы шешім қабылдау. Маркетингтік шешімдерді қабылдаудың үздіксіздігі. Тиімді бәсекелестік теориясы.

  1. маркетингті корпоративті деңгейде басқару

Фирманың нарықтық қызметіндегі стратегияны талдаудағы қалыптасқан көзқарастар. Ірі, орта және шағын фирмаларды дамыту стратегияларын таңдау ерекшеліктері. Базистік (эталонды) стратегиялар және фирманы өсіру мен дамытуға төрт көзқарас. Фирманың бәсекелестік стратегиялары. Аралас стратегиялар. Диверсификация стратегиясы. Бизнестің жайғастыру стратегиялары. Фирманың корпоративті стратегияларын таңдау. СВОТ-талдау әдісінің маңызы.



  1. маркетингті функционалды деңгейде басқару ерекшеліктері

Мақсатты рынокты таңдау және позициялау тратегияларын басқару. Рынокты және сатып алу уәжін сегменттеу. Сатып алу уәжіне тәуелді факторлар. Рынокты сегменттеу принциптерінің рыноктық қызмет түріне тәуелділігі. Стратегиялық әдістің үш нұсқасы негізінде мақсатты рынокты таңдау. Дифференциалданбаған маркетинг стратегиясы. Шоғырланған маркетинг стратегиясы. Дифференциалданған маркетинг стратегиясы. Мақсатты рынокты портфельді талдау әдісі арқылы талдау. Д. Абельдің үш мөлшерлі матрицасы. Фирма үшін рынок тартымдылығын анықтау критерилері. Позициалау стратегиялары. Позициялау картасы және бәсекелестік ортадағы дифференциациялау әдістері. Позициялау мақсаты және оған жетудің шарттары. Тауардың өмір сүру стратегиясын пайдаланудың мәні мен мақсаттары.

10. Маркетингті бақылау, бағалау және аудит

Маркетингті басқарудағы бақылау мәні және маңызы. Бақылау түрлері. Маркетингтік іс-әрекетті бақылау және түзеу. Маркетинг жоспарының жүзеге асырылуын бақылау. Маркетингтің мақсатты көрсеткіштер жүйесі. Жедел бақылау. Фирманың қаржы нәтижелерін бақылау. Пайдалылықты бақылау. Маркетингтік шығындарды бақылау әдісі. Тауардың тікелей пайдалылығын бақылау әдісі. Коммуникативті тиімділікті бақылау. Маркетинг аудиті.



«Халықаралық маркетинг» пәні

  1. Халықаралық маркетингтің мәні

Халықаралық маркетинг түсінігі, мәні. Халықаралық маркетинг және халықаралық бизнестің өзара байланысы. Халықаралық маркетингтің спецификасы. Халықаралық маркетингтің даму кезеңдері. Халықаралық маркетингті жүзеге асыру түрлері; «каскадтық» интернационлизация, ғаламдық маркетинг.

  1. Халықаралық маркетингтің субъектілері

Халықаралық маркетинг қатысушылары. Халықаралық фирмалар, олардың сипаттамалық белгілері және қызмет ету ерекшеліктері. Халықаралық фирманың ұйымдық құрылымы; макропирамидалды құрылым, қолшатырлық құрылым, интергломерат. Трансұлттық корпорациялар.

  1. Халықаралық маркетингтік орта

Халықаралық маркетингтегі экономикалық орта. Экономикалық ортаны сипаттайтын көрсеткіштер. Халықаралық маркетингтегі саяси-құқықтық орта. Саяси-құқықтық ортаның ескеретін факторлары. Халықаралық маркетингтегі мәдени орта. Халықаралық маркетингтегі ақпараттық-технологиялық орта. Маркетингтік ортадағы технологиялық факторлардың жағдайы және дамуы.

  1. Халықаралық маркетингтегі зерттеу

Шетел нарығына шығудағы маркетингтік зерттеулерді жүргізудің ерекшеліктері. Халықаралық маркетингтік зерттеулердің бағыттары. Жалпы және алдын ала зерттеулер. Шетел нарығының қызмет етууінің ерекшелігін анықтауға мүмкіндік беретін зерттеулер. Халықаралық маркетингтік зерттеулерді ақпаратпен қамтамасыз ету. Зерттеулерді жүргізу және қаржыландыру. Шетел нарығын маркетингтік зерттеу үрдісі.
  1. Халықаралық маркетингтегі сегменттеу

Әлемдік масштабта нарықты сегменттеу ерекшелігі. Нарықты сегменттеудің негізгі белгілері; әлеуметтік-экономикалық, мәдени, географиялық, мінез-құлықтық. Ұтымды сегменттеудің шарттары: қолжетімділік, пайдалылық және т.б. Нарықтың мақсатты сегментін таңдау. Дифференциалданған, дифференциалданбаған және шоғырланған маркетинг стратегиялары.

  1. Халықаралық тауарлық саясат

Тауар саясатын құру: фирманың мақсаты, нарық және оның талаптары, фирма ресурстары, тауар сипаты. Халықаралық маркетингтегі тауардың өмірлік циклі. Халықаралық маркетингтегі ТӨЦ-нің негізгі кезеңдері, олардың сипаттамасы және ерекшеліктері. Тауарды жайғастыру. Стандарттау және бейімделу саясаты. Қажетті және мәжбүрлі бейімделу. Халықаралық нарықтар үшін тауарлық стратегиялар.

  1. Фирманың бәсекеге қабілеттілігі және оның шетел нарығындағы өнімі

Фирманың бәсекеге қабілеттілігі және оның шетел нарығындағы өнімдері. Бәсекеге қабілеттілік критерийлері: құрылымдық және функционалды. Сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, оның алатын орны және мәні. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау. Шетел нарығындағы фирманың бәсекеге қабілеттілігі. Халықаралық маркетингтегі бәсекелік күрес стратегиялары: патенттік, коммутанттық, эксплеренттік, виоленттік. Бәсекелік күрес стратегияларының типтері бойынша фирмалардың жіктелуі.

  1. Халықаралық маркетингтегі тауар қозғалысы

өткізу саясатының мәні, мақсаттары. Халықаралық тауарлар және қызметтер нарығындағы өткізуді ынталандыру. Халықаралық тарату жүйесінің құрылымы. Негізгі делдалдардың түрлері және сипаттамасы. Делдалдар арқылы тауарларды өткізу. Өткізу нарығындағы делдалдардың жұмыс істеу шарттары: делдалдарды марапаттаудың тәсілдері.

  1. Фирманың халықаралық жылжыту саясаты

Фирманың халықаралық жылжыту саясатын жүзеге асыру мазмұны және ерекшелігі. Халықаралық жарнама. Халықаралық маркетингтегі жарнамалық саясатқа әсер ететін факторлар. Халықаралық жылжыту саясатындағы паблик рилейшнз: ерекшелігі, әдістері. Жеке сату. Жеке сатудың түрлері. Халықаралық маркетингтегі өткізуді ынталандыру әдістері. Халықаралық көрме, жәрмеңке және салондарды ұйымдастыру.

  1. Сыртқы нарыққа шығу стратегиялары

Кәсіпорынның сыртқы нарыққа шығу стратегиялары: экспорттық, бірлескен кәсіакерлік, тікелей инвестиция. Экспорттың мәні және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері. Тікелей инвестициялар. Шетел нарығына шығудың тәсілдерін таңдауда әсер ететін факторлар.


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет:

  1. Малхотра, Нэреш К. Маркетинговые исследования. Практическое руководство, 3-е изд./ Пер. с англ. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2003. – 960 с.: ил. – Парал. тит. англ.

  2. Беляевский И.К. Маркетинговые исследования: информация, анализ, прогноз: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 2001. – 320 с.

  3. Гаджинский А. М. Практикум по логистике. - М.: ИКЦ "Маркетинг". - 2001.

  4. Гаджинский А.М. Логистика. Учебник. – М.:ИКЦ Маркетинг. - 2001.

  5. Голубкова Е.Маркетинговые коммуникации – М., Финпресс, 2000

  6. Котлер Ф., Армстронг Г. и др. Основы маркетинга: Пер. с англ. – 2-е европ. изд. – М.: Издательский дом "Вильямс", 2000.

  7. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент - СПб.: Питер Кол, 1998.

  8. Буров А.С. Международный маркетинг. – М., 2004.

  9. Камшибаев Р.А., Баймагамбетова Л.К. Международный маркетинг. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2002.


Қосымша әдебиет:

  1. Маркетинговые исследования / Божук С.Г., Ковалик Л.Н. – СПб.: Питер, 2003. – 304 с.: ил. (Серия «Маркетинг для профессионалов»).

  2. Черчилль Г.А. Маркетинговые исследования. – СПб.: Питер, 2003. – 752 с.: ил. (Серия «Маркетинг для профессионалов»).

  3. Голубков Е.П. Маркетинговые исследования: теория, методология и практика. – М.: Издательство «Финпресс», 1998. – 416 с.

  4. Галицкий Е.Б. Методы маркетинговых исследований. – М.: Институт Фонда «Общественное мнение», 2004. – 398 с.

  5. Бауэрсокс Дональд Дж., Клосс Дейвид Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок /Пер. с англ. - М.: ЗАО "Олимп—Бизнес". – 2001.

  6. Голиков Е. А. Маркетинг и логистика. - М.: ИД "Дашков и К°". - 1999.

  7. Костоглодов Д. Д., Саввиди И. И., Стаханов В. Н. Мар­кетинг и логистика фирмы. - М.: ПРИОР, 2000.

  8. Леншин И. А., Юрченко А. В. Практикум по логистике. - М.: Машиностроение, 1999.

  9. Логистика: Учебник / Под ред. Б. А. Аникина. 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Инфра - М, 2000.

  10. Федько Н.И., Федько В.П. Маркетинговые коммуникации – Ростов-на-Дону, 2004

  11. Почепцов Г.Г. Теория и практика коммуникаций. М., 1998

  12. Данько Т.П. Управление маркетингом. – М.: Инфра-М, 2001

  13. Дойль П. Маркетинг-менеджмент и стратегии – М.: Питер, 2002

  14. Завгородняя А.А., Ямпольская Я.О. Маркетинговое планирование. – СПб.: Питер, 2002.

  15. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент - СПб.: Питер, 1998

  16. Федосеев В.Н. Управление маркетингом. – М.: МарТ, 2006.

  17. Эванс Дж., Берман Б. Маркетинг. – М.: Сирин, 2002

  18. Алексунин В.А. Международный маркетинг. - М., 2001.

  19. Сейфуллаева М. Международный маркетинг. – М.: Юнити-Дана, 2004.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет