Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің



бет1/3
Дата14.06.2016
өлшемі288 Kb.
#135382
  1   2   3
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен



бекітілген




«6M021000 – Шетел филологиясы: шығыс тілдері»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама «6M021000 – Шетел филологиясы» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар - қытайтану кафедрасының оқытушысы, Ph.D. докторанты Сериккалиева А.


Бағдарлама кафедра мәжілісінде қарастырылған ________________

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Кафедра меңгерушісі__________________ (Батпенова З.С.))

Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Әдістемелік бюро төрағасы __________________ (Атабай Б.А.)

Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ (Жұбатова Б.Н.)

Ғалым хатшы __________________ (Алжанбаева У.Т.)



МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Алдарыңыздағы бағдарлама магистратураға түсем деуші абитуриенттердің негізгі курстағы білімдерін сараптаумен қатар, олардың ары қарай тілді терең және жоғарғы деңгейде оқытуды көздеген.

Магистратураға қабылдау емтихан формасы – жазбаша-ауызша аралас. Емтихан тапсырушы емтихан билеті сұрақтарына жауаптарын жауап парағына жазады және емтихан комиссиясы алдында ауызша жауап береді. Аппелияцияға берген жағдайда жауап парағындағы жазбаша жауап қайта қарастыруға негіз болып табылады.
2. Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

Абитуриент шығыс тілдің теориялық негізгін ғана емес, оны ауызекі сөйлеудегі практикасында берілген түрлі тақырыпта қолдана білуі тиіс. Шығыс тілдің графикасы, орфографиясы мен фонетикасынан басқа, абитуриент шығыс тілі грамматикасын, соның ішінде синтаксис, лексикология мен шығыс тіліндегі сөз жасамды жақсы білуі тиіс. Абитуриент оқитын елдің тілдік жағдайы мен саясатын, тілінің әдебиетің, даму тарихын білуге тиіс; аудармашылық және референттік қызмет атқаруға, тілі жат жерде кәсіптік қызмет атқаруға құзыретті болу керек; педагогикалық қызметтің негіздерін меңгерген болу керек.



3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
Базалық шет (шығыс) тілі, Оқитын елдің әдебиеті, Мәдениетаралық коммуникация практикумы.
4. Қытай тілі мамндығы бойынша емтихан тақырыптарының тізімі
4.1. «Базалық шет (шығыс) тілі» пәні


  1. Нәтижелі етістік дегеніміз екі бөліктен тұрады:Етістік (іс-қимылды білдіреді)+нәтиже (сол іс-әрекет немесе нәтижені білдіретін шылау). Нәтижелі етістік ретінде бірбуынды етістік немесе сын есім (бірбуынды/екібуынды) болады. Сөйлем мынандай тәртіппен жасалады: Бастауыш + баяндауыш + жәй толықтауыш.

  2. Модальді етістік іс-әрекетті орындаудағы мүмкіндікті, қалауды білдіреді. Модальді етістікті сөйлемге баяндауыш қызметін атқаратын бір етістік қосылады. Болымсыз түрі 不 үстеуімен жасалады. Сұраулы формасы 吗 көмекші сөзі арқылы немесе альтернативті сұрақпен жасалады. Альтернитивті сұрақ модальді етістіктің болымды-болымсыз түрде қайталануымен жасалады (是不是).

  3. Мөлшер сөз. Қытай тілінде зат есім мен сан есімнің арасында келетін «мөлшер сөз» қолданылады, ол сан есіммен байланысты болады.

  4. Жалғаулық (шылау). Қытай тілінде де жалғаулықтар қолданылады. Олар сабақтастырушы жалғаулықтар және салалас мәнді жалғаулықтар болып бөлінеді. Жалғаулықтардың қолданылу түрлерінде өз ерекшелігі бар.

  5. Қытай тіліндегі толықтауыш сөйлемде етістіктен кейін келеді, басқа қолданылу түрлері де болады. Толықтауыш әдетте зат есім мен есімдік қызметін атқарады.

  6. Етістікті – объектілі құрылым ереже бойынша етістік болып табылады, сонымен қатар екі негізден тұрады: етістікті және атаулы. Етістікті түрі іс-қимылды білдіреді, ал атаулы – осы істің объектісін білдіреді.

  7. Қытай тілінде мезгілді білдіретін пысықтауыш мынандай жолдармен жасалады: күн мен апта күндері, сағат, минут, секунд, сөзбен уақытты білдіретін шақ.

  8. Қытай тіліндегі мекен пысықтауыш істің мекенін, орнын білідреді және «қайда?», «қай жерде?» деген сұраққа жауап береді, «қай жерде?» деген сұраққа жауап беретін пысықтауыш статистикалық пысықтауыш болса, «қайда?» деген сұраққа жауап беретін пысықтауыш динамикалық деп аталады.

  9. Қытай тіліндегі бағыт-бағдарды білдіретін етістікті екі топқа бөлуге болады: жәй және күрделі бағыт-бағдарлы етістік.

  10. Қытай тіліндегі іс-қимылдың жалғасуын білдіретін жалғаулық 着 жалғауы арқылы жасалып, нақ осы шақта болып жатқанын білдіреді. Кейде іс-әрекеттің аяқталмағандығын呢 жалғауы арқылы білдіреді.

  11. Өткен шақ қытай тілінде іс-әрекеттің әлдеқашан орындалғанын білдіреді. 了 жалғауы етістікке жалғанып, іс-әрекеттің өткенін, аяқталғанын білдіреді.

  12. Қытай тілінде салыстыру деңгейі жолмен жасалады: 比 bǐ көмекші сөзі арқылы, толықтауыш арқылы, жалпы сипаттамасы бойынша, нақты сипаттама бойынша.

  13. Қытай тіліндегі анықтауыш заттың сапасын, түр-түсін анықтайды, әртүрлі сөз таптары қызметін атқарады, сөз тіркесі болып та келеді.

  14. Қытай тілінде нәтижелік толықтырғыш іс-қимылдың «қалай, қайтіп» аяқталғанын білдіреді. Баяндауыш пен толықтауыш арасына得 көмекші сөзі арқылы жасалады. Болымсыз түрі толықтауыш алдына 不 сөзін қою арқылы жасалады.егер баяндауытан кейін тура толықтауыш келсе, баяндауыш қайталанады, бірінші баяндауыштан кейін тура толықтауыш келеді, екінші баяндауыштан кейін – 得 сөзі қойылып нәтижелі толықтауыш келеді.

  15. Қытай тіліндегі把 (bǎ) сөз алды қосымшасының қолданылуы把 (bǎ) предлогы етістікті баяндауыш сөйлемде қолданылады. 把 (bǎ) предлогын қолдану кезінде сөйлемдегі іс субъектіден объектіге айналады. Толықтауыш өзгеріске ұшырайды. 把 (bǎ) предлогынсыз жай сөйлемде барлық көңіл істің субъектісіне ауады.

  16. Қытай тіліндегі есімдіктердің айырмашылығы олар септелмейді. Есімдік сөйлемде кейде зат есім қызметін атқарады.

  17. Қытай тіліндегі сан есімнің бірінші ерекшелігі – олар септелмейді, жіктелмейді. Басқа тілдердегі секілді сан есімдер мөлшерлік және реттік сан есім болып бөлінеді.

  18. Екібуынды және үшбуынды сөздердегі тонның өзгеруі. Бейтарап тон. Қытай тілінде екібуынды және үшбуынды сөздерде үшінші тон бірдей қолданылса, бірінші буынның тоны автоматты түрде екінші тонға ауысады.

  19. Сөйлемдер. Қытай тіліндегі сөйлемнің түрлері. Қытай тіліндегі сөйлем жай және күрделі сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлем бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Күрделі сөйлем сабақтас - салалас, құрмалас сөйлемдер болып бөлінеді.

  20. Мекенді білдіретін зат есім – олар орынды білдіретін сөздер мен сөйлемдер болып табылады. Олар: 1.Мекенді білдіретін зат есім. 2. Мекенді білдіретін атаулы зат есім:(бұл сөздер географиялық атаулардан басталады.
    3.зат есімдер мен есімдік.
    4. Мекенді білдіретін сөз тіркесі (көбінесе "зат есім + мекен б. зат есім ").

4.2. «Оқитын елдің әдебиеті» пәні


  1. «Қытай әдебиеті» туралы жалпы түсінік және оның әлемдік орны. Оның кезеңдері. Хронологиялық шеңбері.

(Бұнда қытай әдебиетінң таихы, басталуы, даму кезеңдері, оның әлемдік орны. Хронологиялық шеңбері).

  1. Цин дәуіріне дейінгі әдебиет, ежелгі фольклорлық әдебиеті: өлең-жырлар мен мифтер. ( Алғашқы Шя патышалығынан басталатын Цин дәуіріне дейінгі 2000 жылдық әдебиет меңзеледі. Әдебиетттің бастау көзі саналатын өлең жырлар мен мифтер).

  2. «Шы Цзин». (Қытай әдебиетіндегі ең алғашқы жыр жинағы)

  3. Конфуций және “Лунь Юй”. (Қытайдың әйгілі ойшылы Конфуци және оның шәкірттері ортасындағы пікірлер мен әңгімелер жинағы)

  4. Мың Цзы және оның «Мын Цзы» еңбегі. (Жауласқан бектіктер дәуіріндегі философиялық әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі Мың Цзы және оның еңбегі)

  5. Цуй Юан және «Чу» өлеңдері.(Цин дәуіріне дейінгі әдебиеттің ішіндегі ең шоқтығы биік, отаншыл ақын Цуй Юан және «Чу» өлеңдері)

  6. Хань дәуіріндегі әдебиет. Сыма Цянь және “Тарихнама” еңбегі. (Батыс Хан дәуіріндегі орда қызметкері СымаТәнің баласы Сыма Цянь оның кесек туындысы Тарихнама)

  7. Солтүстік және Оңтүстік династия кезенңіндегі Юэфу халық өлеңдері“Мулан” жыры. (72 жырдан туратын Солтүстік және Оңтүстік династия кезенңіндегі Юэфу халық өлеңдері туралы, оның ең негізгісі Мулан жыры жайлы)

  8. Вэй, Цзинь, оңтүстік-солтүстік патшалықтар кезіндегі әдебиет.( Көрсетілген кезеңдегі атақты ақындар Сау Сау, Сау Жы, Уаң Цән, Тау Юан миң, Лу жи қатарлы ақындар шығармашылығы жайлы сөз)

  9. Цао цао мен Тао Юань Мин поэзиясы (Вэй, Цзинь, патшалықтар кезіндегі атақты екі ақының поэзиясының ерекшеліктері туралы сөз)

  10. Суй, Таң және Бес патшалықтар дәуірінің поэзиясына жалпы шолу. (Суй, Таң және Бес патшалықтар дәуірінің поэзиясына жалпы сараптама жүргізіп шолу жасау).

  11. Ли Бай, Ду Фу, Ван Вэй, Хан Юй, Бо Цзюй-и, Лу Цзюн-юан қатарлы ақындардың поэзиялырының ерекшеліктері. (Аталған ақындар Таң дәуіріндегі атақты ақындар , осылардың поэзиялырының ерекшеліктері)

  12. Сұң дәуірінің әдебиеті. ( Сұң дәуіріндегі атақты қаламгерлер Фан жоң Ян, Ан Шу, Оу Яң шу, Уаң Ән шы, Су Шы қатарлылар жайында сөз).

  13. Юань дәуіріндегі драма. (Драма тургияның алтын ғасыры саналатын кезең Юаньда аралас драма дамыған онда атақты Гуань Хань Цин, Ван Шифу жарыққа шықты)

  14. Көрнекті драматург Гуань Хань Цин, Ван Шифу.( аталған драматургтердің еңбектері жайлы сөз)

  15. Мин және Циң дәуірінің әдебиеті. Роман жанрының гүлденіп, дамуы. Қытай классикалық романдары. Ло Гуань Чжун “Үш патшалық қиссасы”, және Фең Мың лұңның «Үш сөз» кітабі.( Аталған кезеңде роман жасампаздығы мықты дамыды, көп тараулы романдар көптеп жарық көрді)

  16. Ши Най ань “Су бойында”. У Чэн энь “Батысқа саяхат”. Цао Сюе Цинь “Қызыл сарай түсі”. (Мин және Циң дәуірінің әдебиеті. Роман жанрының гүлденіп, дамуы. Қытай классикалық романдары).

  17. Қазіргі заман Қытай әдебиеті.(1917жылдан басталатын жаңа заман қытай әдебиеті жайында сөз)

  18. “4 мамыр қозғалысы” және “4 мамыр әдебиет қозғалысы”. Лу Синь мен Го Мо жо шығармашылығы. (1919 жылдың 4 мамырында зиялы жастар мен қаламгерлер Тиян-Әнмін алаңында ереуілге шыққты, осы кездің әдебиеті)

  19. Мао Дунь және оның “Таң алдында” романы. (Қазіргі заман қытай әдебиетіндегі атақты жазушы Мао Дунь және оның “Таң алдында” романы)

(上、下册).—北京:人民出版社,2002年.

4. 方迎九.中国文学名著快读. —成都:四川文艺出版社,2004.

5. 孙静、周先慎.简明中国文学史.—北京:北京大学出版社,2001.

6. 李佐丰.古文精选.—北京:金

4.3. «Мәдениетаралық коммуникация практикумы» пәні

41. Мәдениетаралық коммуникацияның қалыптасуы, дамуы.МК қалыптасуының тарихи факторлары мен жағдайлары. Еуропада, АҚШта МКның даму кезеңдері.


42. Мәдениет және әлемнің мәдени алуантүрлігі

Мәдениет ұғымы және оған анықтама берудің методологиялық жолдары.

Әлеуметтену (социализация), инкультурация түрлері мен формалары.Этноцетризм, мәдени релятивизм. Эмпатия. Мәдениет және тіл. Мәдениет және құндылықтар. Сепфир Уорф гипотезасы.

43. Мәдени сәйкестік.

Мәдени сәйкестік дегеніміз не. Мәдениеттер алуантүрлілігінің объективті негіздемесі. «Бөгде» мәдениет проблемасы. Мәдениеатаралық өзгешеліктер психологиясы.

44. Мәдениет және коммуникация

«Араласу» және «коммуникация» . Коммуникативті акт және оның құрылымы.Э.Холл, Г.Хофштеде,Э.Хирш теориялары.

Мәдениетаралық коммуникацияның детерминаттары.

45. Мәдениетті игеру.

Аккультурация, түрлері және нәтижесі.Мәдени шок: себебі, факторлары.Мәдени шоктың белгілері және

оны еңсеру мәселесі

«Бөгде мәдениетті» игеру механизмі .

46. Мәдениаралық коммуникацияның түрлері.

Вербалды, вербалды емес, паравербалды коммуникация түрлері. Вербалды коммуникацияның стильдері мен негізгі бірліктері. «вербалды емес коммуникация» деген түсініктің мәні.

Паравербалды коммуникация ұғымының мәні мен тәсілдері.

47. Мәдениаралық коммуникациядағы түсіністік проблемасы.

Қабылдау процессі және негізгі детерминаттары. Мәдениет және қабылдау. МК-дағы қабылдау стереотиптері. МК-дағы тұлғаралық аттракция, оның негізгі элементтері.Атрибуция және оның МКдағы ролі. Мәдениаралық қақтығыстардың табиғаты, себебтері және оларды болдырмау тәсілдері.

48. МК нәтежелері. Эффективтік коммуникация және оның элементтері.

49. МК детерминанттары. Микромәдениет, макромәдениет.

50. Шығыс қоғамы және оның ерекшеліктері. Шығыс қоғамының бизнес этикеті.




5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
5.1.Негізгі әдебиет
1. 于非. 中国古代文学教程(上、下册).—北 京:高等教育出版社,2001.

2. 鲁洪生、赵敏俐.中国古代文学名篇导读(上、下册).—北京:中华书局,2003.

3. 杨义、邓绍基. 古今文学名篇盾出版社,1998.

7. 钟槿.古汉语趣读.—北京:新世界出版社,1987.

8. 贾玉芳、刘永山.古文初渡.—北京:北京语言学院出版社,1995.

9. 丁文楼、车如舜、孙建军.古代汉语.—北京:中央民族大学出版社,1996.

10. Д.Мәсімхан. Қытай филологиясына кіріспе. –Алматы: Қазақ университеті, 2002ж.

11. Литература и культура Китая. -М., 1972г.

12. Ш.Машатай. Әдебиет. 3-бөлім. –Үрімші: Шынжаң оқу-ағарту баспасы, 1999ж.

13.ЧынЖуо. Практический китайский язык (1, 2 часть).- Пекин, 2000

14. Дай Гуйфу, ЛиюЛишин, Ли Хайян. Китайский разговорный язык ( 1, 2 часть).- Пекин, 1998

15. Бай Чончян, Жу Жянжон. Газетный язык (1, 2 часть).- Пекин, 1999




5.2. Қосымша әдебиет
1. 罗贯中.三国演义.—长春:吉林文史出版社,2000年.

2. 吴承恩.西游记(上、下册).—北京:金盾出版社,2000.

3. Һ那依满.汉哈简明辞典.—乌鲁木齐:新疆人民出版社,2000.

4. 施耐庵、罗贯中.水浒传.—中国海南出版社,1999.

5. 曹雪芹、高鹗.红楼梦.—北京:金盾出版社,2000.

6. 现代汉语词典.中国社会科学院语言研究所词典编辑室.—北京:商务印书馆,2003.

7. Ля Шяучи, ФанЖи, ЛюРуйнян. Краткие сведения о государстве Китай .- Пекин, 1999

8. Ли Юйжин. Сборник упражнений для среднего и продвинутого уровней, изучающих китайский язык– Пекин, 1996

9. Тіл-әдебиет негіздері. –Үрімші: Шынжаң оқу-ағарту баспасы, 1986ж.
4. Жапон тілі мамндығы бойынша емтихан тақырыптарының тізімі
4.1. «Базалық шет (шығыс) тілі» пәні


1. Жапон тіліндегі есептік жұрнақтар.

Өлшем бірліктері (уақыт, температура) болып табылатын жұрнақтық құрылымдар, есептік емес зат есімдермен бірге қолданылатын жұрнақтық құрылымдар, есептік зат есімдермен бірге қолданылатын жұрнақтық құрылымдар.



2. Жапон тілінің ерекшеліктері

Жапон тілінің лексикалық құрамы. 3 жазба түрі. Жапон тілінің сыпайылық санаттары. Жапон буын әліппесі - хирагана және катакана.



3. Жапон жазбасы.

Жапон тілінің жазу жүйесінің шығу тарихы, тарихи дамуы. Жапон тілінің қазіргі жазба жүйесі.



4. Жапон тілінің фонетикасы

Жапон тілінің фонетикалық құрылымы. [а], [и], [у], [э], [о] дауысты дыбыстары. Созылыңқы дауыстылар. Дифтонгтер. Тонизация.



5. Жапон тілінің диалекттері

Тохоку диалекті. Тохоку-бэннің географиялық нышандағы түрлері. Хоккайдо диалекттері. Канто диалекттері.



6. Жапон тіліндегі сан есімдер

Бүтін сандар. Бөлшек сандар. Ондық үтірлі сандар. «Ресми» кандзи. Рэндаку.



7. Жапон тілінің сөйлеу стильдері.

Бейтарап-сыпайы сөйлеу стилі. Әдепті-сыпайы сөйлеу стилі. Қарапайым сөйлеу стилі. Ақпараттық стиль. Әдеби-шығармашылық стиль.



8. Жапон тіліндегі сабақты және салт етістіктер.

Жапон тіліндегі сабақты және салт етістіктердің сыныптамасы мен ерекшеліктері.



9. Жапон тіліндегі сөйлесудің гендерлік айырмашылықтары.

Жапон тіліндегі әйелдердің сөйлесу типінің ерлердің сөйлесу типінен негізгі айырмашылығы.



10. Жапон тіліндегі сәлемдесу әдебі.

Жапондықтардың сөйлеу тәртібінің ұлттық ерекшеліктері. Кешірім сұраудың түрлері мен деңгейлері.



11. Жапон қоғамындағы «учи» және «сото».

Жапон қоғамындағы «учи» және «сото» түсінігі. Жапон қоғамындағы «учи» және «сото» түсініктерінің мағынасы.



12. Жапон тіліндегі сілтеу есімдігі.

Жапон тіліндегі сілтеу есімдіктерінің 4 санаты(こそあど). Жапон тіліндегі заттық-сілтеу есімдіктерін қолдану спецификасы.



13. Жапон тіліндегі жазбаша және ауызша сөз.

Жазбаша жапон тілінің ауызша жапон тіліне қатысты ерекшелігі. Жапон тілінің жазбаша және ауызша сөзіндегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық айырмашылықтары. Айдзучи – жапон диалогының ерекшелігі.



14. Әдеби жапон тілі.

Хёдзюнго деп аталатын әдеби жапон тілінің лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері. Хёдзюнгоның тарихи қалыптасу кезеңдері.

15. Жапондық сөйлеу әдебі.

Жапондықтардың сөйлеу тәртібінің ұлттық ерекшеліктері. Жапондық сөйлеу әдебінің тілдік ерекшеліктері. Жапон қоғамының әлеуметтік қарым-қатынастары мен сөйлеу әдебі.



16. Жапон тіліндегі ықтимал етіс.

Жапон тіліндегі мүмкіндікке қатысты сөз тіркестер. Жапон тіліндегі ықтимал етісті құру.



17. Жапон тіліндегі сыпайы сөйлесу жүйесі.

Жапон тіліндегі сыпайы сөйлесудің негізгі санаттары. Сыпайы сөз. Ізетті сөз, Ибалы сөз. Жапон мәдениетіндегі сыпайылық тұрғысы.

18. Жапон тіліндегі дыбыстарды артикуляциялаудың түрлері мен тәсілдері.

19. Әйелдердің қолданылатын грамматикалық демеулік шылаулары. Ерлердің қолданылатын грамматикалық демеулік шылаулары.

20. Алғыс айтудың түрлері мен деңгейлері. Келісім білдіру. «Автоматты» сыпайылық.

4.2. «Оқитын елдің әдебиеті» пәні
21. Дәстүрлі ағым өкілдері.

Юрико Миямото шығармашылығы. «Тоса-никки»-жапон тіліндегі алғашқы көркем шығарма.

22. ХХғ. 20-жылдардағы «Ақ қайын» әдеби үйірмесі.

Фумико Хаяши және оның «Кейінгі хризантемалар» шығармасы.

Сэй-сёнагон және дзуйхицу жанрындағы «Макура-но соси» шығармасы.

Такэо Арисима шығармашылығы.

23. Дадзай Осаму және «Вийон әйелі» шығармасы.

Жапон классикалық әдебиетінің туындысы-«Гэндзи моногатари».

24. Жапон әдебиетіндегі неореализм ағымы.

«Сингэсакуха» тобының өкілдері.

25. Камакура кезіндегі жапон әдебиеті және жаңа әдеби жанрлар.

Акутагава Рюноскэ және оның шығармашылығы.

26. Кэндзабуро Оэ және оның «Малды асырау» шығармасы.

«Хэйкэ моногатари» (Тайра үйі туралы повесь») шығармасының негізгі

идеясы.

27. ХХғғ. Прозасындағы декадентистік және модернистік үрдістер.



Тэцуо Миура және оның «Шыдамдылық өзені» шығармасы.

28. «Ходзёки (Келья жазбалары)-әдеби-философиялық шығарма.

Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жапон әдебиетіндегі поэзия мен

драматургия.

29. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы жапон әдебиеті.

Кадзуо Ойкава және оның «Мерекелік қуыршақтар» шығармасы. Муромати кезеңіндегі жапон әдебиеті және оның жанрлары.

30.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жапон әдебиеті.

Ситиро Фукадзава және оның «Нараяма тауы туралы» шығармасы.

31. Мэйдзи дәуіріндегі жапон әдебиеті. Ағартушылық әдебиет.

Такэси Кайко және оның «Жалаңаш король» шығармасы.

32. Дзэами Мотокё және оның «Киёцунэ» пьесасы.

33. ХІХғ. 80-90жж. Жапон журналистикасы.

Харуо Умэдзаки және оның «Көзілдірік туралы» шығармасы.

34 «Кёгэн» фарстар және ёкёку пьесалары.

«Кэнъюся» жалған классикалық ағымы. Савако Ариеси және оның «Су және асыл тастар» шығармасы.

35. Эдо кезеңіндегі әдебиет және оның даму ерекшеліктері.

Китамура Тококу және «Бунгакукай» әдеби тобы. Аяко Соно және оның «Теңіздің ар жағынан келген қонақтар» шығармасы.

36. Ихара Сайкаку және оның өмірі, шығармашылығы.

Прозадағы реалитстік ағымның пайда болуы және осы ағымның өкілдері.

Тацуо Нагаи және оның «Ақ шпиц» шығармасы.

37. Реализмнің кейінгі дамуы.

Есинори Яги және оның «Жел мерекесі» шығармасы.

Қала әдебиетіндегі «төменгі тап» өкілдерінің шығармашылығы.

(Ёса Бусон, Кобаяси Исса).

38. Хидэтака Тэдзука және оның «Жапыраққа толы бақ» шығармасы. «Синкокинсю» шығармасындағы эстетикалық принциптер.

39. «Цурэдзурэгуса» шығармасының жанрлық ерекшеліктері және оның

композициясы.

40.Қазіргі жапон әдебиеті. Әдебиет дамуы.


4.3. «Мәдениетаралық коммуникация практикумы» пәні

41. Мәдениетаралық коммуникацияның қалыптасуы, дамуы.МК қалыптасуының тарихи факторлары мен жағдайлары. Еуропада, АҚШта МКның даму кезеңдері.


42. Мәдениет және әлемнің мәдени алуантүрлігі

Мәдениет ұғымы және оған анықтама берудің методологиялық жолдары.

Әлеуметтену (социализация), инкультурация түрлері мен формалары.Этноцетризм, мәдени релятивизм. Эмпатия. Мәдениет және тіл. Мәдениет және құндылықтар. Сепфир Уорф гипотезасы.

43. Мәдени сәйкестік.

Мәдени сәйкестік дегеніміз не. Мәдениеттер алуантүрлілігінің объективті негіздемесі. «Бөгде» мәдениет проблемасы. Мәдениеатаралық өзгешеліктер психологиясы.

44. Мәдениет және коммуникация

«Араласу» және «коммуникация» . Коммуникативті акт және оның құрылымы.Э.Холл, Г.Хофштеде,Э.Хирш теориялары.

Мәдениетаралық коммуникацияның детерминаттары.

45. Мәдениетті игеру.

Аккультурация, түрлері және нәтижесі.Мәдени шок: себебі, факторлары.Мәдени шоктың белгілері және

оны еңсеру мәселесі

«Бөгде мәдениетті» игеру механизмі .

46. Мәдениаралық коммуникацияның түрлері.

Вербалды, вербалды емес, паравербалды коммуникация түрлері. Вербалды коммуникацияның стильдері мен негізгі бірліктері. «вербалды емес коммуникация» деген түсініктің мәні.

Паравербалды коммуникация ұғымының мәні мен тәсілдері.

47. Мәдениаралық коммуникациядағы түсіністік проблемасы.

Қабылдау процессі және негізгі детерминаттары. Мәдениет және қабылдау. МК-дағы қабылдау стереотиптері. МК-дағы тұлғаралық аттракция, оның негізгі элементтері.Атрибуция және оның МКдағы ролі. Мәдениаралық қақтығыстардың табиғаты, себебтері және оларды болдырмау тәсілдері.

48. МК нәтежелері. Эффективтік коммуникация және оның элементтері.

49. МК детерминанттары. Микромәдениет, макромәдениет.

50. Шығыс қоғамы және оның ерекшеліктері. Шығыс қоғамының бизнес этикеті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет