Елбасы Нўрсўлтан Јбішўлы Назарбаев «Ќазаќстан жолы – 2050: бір маќсат, бір мїдде, бір болашаќ» атты Жолда¬уында Ќазаќ елініѕ жарќын келешегін Мјѕгілік ел идеясынан ґрістете айќындап


Негізгі ұғымдар: Мәңгілік ел, ұлттық идея, мәдениет, қолөнер, ассимиляция, консолидация, интеграция



бет2/3
Дата18.11.2022
өлшемі76 Kb.
#465188
1   2   3
Ысқақ Ә

Негізгі ұғымдар: Мәңгілік ел, ұлттық идея, мәдениет, қолөнер, ассимиляция, консолидация, интеграция.


The basic concepts: the eternal country, the idea of national culture, crafts, assimilation, integration and consolidation.
Қазіргі таңда өнердiң қоғамда алатын орны, қолөнердің дамуы негiзiндегi қазақ халқының сан алуан қолөнер түрлерінің ашып көрсету арқылы өткендегісімен, бүгінгісін байланыстырып, бүгінгі күн талабымен ұштастыру негізгі мәселе болып табылады.
Қазіргі кезде Ќазақстанда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру арқылы мемлекеттік сәйкестілікті сақтауға бағытталған білім берудің өзіндік ұлттық үлгісін жасаудың қажеттілігі туады. Әр халықтың алдыңғы қатарлы салт-санасы, ғылыми көз-қарасы, демократиялық ой-пікірлері, әдет-ғұрпы, мәдени байлықтары дәстүр болып табылады. Халықтың қолөнерінің тәрбиелік әлеуетін іске асыру, студенттерге білім беруді ғылымның қазіргі кезеңдегі деңгейіне сәйкес лайықтау мәселелері ерекше.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолда­уында Қазақ елінің жарқын келешегін Мәңгілік ел идеясынан өрістете айқындап, «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік ел идеясы» деп нақты бағдарлы мақсат жолын алға тартты.


Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген. Сондықтан, ғылыми білім беруде, «мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде ойға ой қосу арқылы өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы мұраттарымызға жетеміз. Мәңгілік елдің материалдық тұғыры өрісті экономикасы болса, рухани тұғыры – өркенді мәдениеті. Сан тарау салалардан түзілетін ұлт мәдениетінің мәйекті арнасы – бағзы-бағзы күндерден бері үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүрлі өнері [1].
Қазіргі өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі. Жастарымыздың ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мұраларды игеріп дүниеге дұрыс көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық.
Осындай ұлттық мәдениеттің өте ертеден келе жатқан аса бір үлкен де маңызды бөлігі халықтың қолөнер шығармалары. Қолөнер қазақ халқының тарихында ертеректен келе жатқаны белгілі. Бірақ бір өкініштісі сол қазақ шеберлерінің көпшілігінің есімдері тарихта қалмағандығы. Халқымыздың сонау мәдени өміріне ой жүгіртіп көрсек, он саусағынан өнер тамған ісмер, зергерлердің, қолөнер шеберлерінің мыс, қола, алтын, күміс сияқты металдардан қорытып әсем бұйымдар мен елін қорғаған батырлар үшін қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман соққаны таңғажайып шежіре болып шертіледі. Олардың көбінің аттары аталмай қалғанымен, қол таңбалары түскен өшпес мәдени мұралары, кейінгі ұрпақтар өміріне өнегелі үлгі, әсемдікке баулитын өнер салтанатына айналуда. Ал, өскелең өмір талабының тұрғысынан қарасақ, ұлттық қолөнер халқымыздың ғасырлар бойы ғасырдан-ғасырға дамып келген ананың нәрестеге, атаның балаға, әженің немереге ең асыл маржан дүниесіндей аманаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет