Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа деген әр жолдауында, әр ұлағатты сөзінде, әр кездесулерінде «еліміздің болашағы білімді жастар қолында» дегенін аузынан тастамайды



жүктеу 16.64 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі16.64 Kb.
Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің

баспасөз-орталығы

8 (7172) 70-95-00 (31-326)
Еуразия ұлттық университетінің 1 курс «Алтын белгі» иегерлерінің, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздарының университет ректоры Е.Б. Сыдықовпен кездесуі

Өзектілігі:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа деген әр жолдауында, әр ұлағатты сөзінде, әр кездесулерінде «еліміздің болашағы – білімді жастар қолында» дегенін аузынан тастамайды. «Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады», «көп білгеннің – аспайтын асуы, алмайтын қамалы жоқ» деген ата-бабаларымыз. Білімді жастар – елінің нағыз патриоты, жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол білімді жастардың көп бөлігі – айдың жарығымен, күннің шырағымен білім қуған «Алтын белгі» құрметті атағының иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары. «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары – үміт артқан жастарымыздың элитасы. Қазіргі жастарымыз – білім алудан, оқу оқудан жалықпайды. Жарқын жастарға жақсы жағдай жасау – сіз бен біздің парызымыз. Сондай оңтайлы жағдайлардың бірі – білімді жастарымызды ынталандыру. Сол мақсатпен, бүгін «Алтын белгі» атағына ие, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары - 1 курс студенттерінің университет ректоры Е.Б. Сыдықов мырзамен кездесу өткізілуде.



Өткізілу мақсаты:

  • «Алтын белгі», халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары құрметті атағына ие жастарды елбасымыздың қолдауымен ашылған еліміздің ең үздік ЖОО-ның бірі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен таныстыру;

  • Оқуға деген ынталарын және шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

  • «Алтын белгі» қауымдастығымен таныстыра отырып, 1 курс студенттерін қауымдастық құрамына шақыру.


Өткізу күні: 2012 жыл 26 қараша.сағ:16.00

208 аудитория

Өткізу орны: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Ұйымдастырушылар:Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Байланыс үшін: Баспасөз-орталығының жетекшісі

Еркежан Садвакасова, +7-701-366-35-99

журналист-координатор Әсел Сарсенбинова,

+7-701-742-88-24

e-mail: presscenter@enu.kz


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет