Елбасының Жолдауда айтқан әрбір сөзі тереңінен ойластырылып, экономикалық тұрғыдан таразыланғаны байқалды С. Сейфуллин атындағы Қазату профессоры



жүктеу 12.37 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі12.37 Kb.
http://www.inform.kz/ShowArticle?id=2436705

2012-01-27 20:40:00.0


Елбасының Жолдауда айтқан әрбір сөзі тереңінен ойластырылып, экономикалық тұрғыдан таразыланғаны байқалды - С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ профессоры

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасының Жолдауда айтқан әрбір сөзі тереңінен ойластырылып, экономикалық тұрғыдан таразыланғаны байқалды.

Мемлекеттік құрылымдар мен жергілікті әкімдіктер үшін аталған тапсырмаларды тек орындау ғана қалып отыр. Бұл пікірін Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Маркетинг және сервис» кафедрасының меңгерушісі, профессор Базархан Рүстембаев білдірді.

«Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын зор тебіреніспен тыңдадым. Жолдау өзінің нақтылығымен көңілден шықты, әрбір жобаға іске асырудың нақты сомасы белгіленген. Әрбір айтылған сөз терең ойластырылып, экономикалық тұрғыдан таразыланғаны байқалды. Мемлекеттік құрылымдар мен жергілікті әкімдіктер үшін осы тапсырманы тек орындау ғана қалып отыр. Әсіресе, білім беру саласындағы үлкен жоспарлар, оны әлемдік стандарттарға ауыстыру ұсынысы қуантты. Бұл жерде әрбір педагогтың, әрбір ғалымның, әрбір жетекшінің, министрліктер мен мекемелердің ауқымды жұмыс атқаруына үлкен мүмкіндіктер бар. Көрегенді  саясаткер ретінде Президенттің мемлекеттік тіл және жалпыға бірдей - орыс тілі туралы тыңғылықты қорытындылары да ұнады. Бұл мәселе бойынша жүргізіліп жатқан саясат еш асығыссыз, терең ойластырылған болуы қажет», - деді ол.



Б.Рүстембаев атап өткендей, Жолдауда аграрлық секторға ерекше орын берілгендігі, бұл салаға инновациялар кеңінен ендіріле бастайтындығы аса қуантарлық. «Салаға көңіл бөлу осы қарқынмен жалғасса, алдағы уақытта бұл сектордағы жақсы өзгерістердің ауылы алыс емес. Жолдауда елді дамытудың барлық жақтары қарастырылған, бұл бүгінгі күні өте маңызды», - деп түйіндеді ол.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет