Елбесік. – 2011. №5 – Б. 20-21; Шуақ. – 2011. №3 – Б. 24-25 Мықтыбай Н



Дата17.07.2016
өлшемі242 Kb.
#206289
Ел. – 2011. - № 29. – 12 шілде; Елбесік. – 2011. - №5-6. – Б. 4-5

Елбесік. – 2011. - № 5-6. – Б.20-21; Шуақ. – 2011. - № 3-4. – Б. 24-25
Мықтыбай Н.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенті өнер өрені БАҚ назарында (Дәстүр Асылхан хақында)

Дәстүр Асылхан: Өнерді шын сүйген адам мұратына жетеді
Қазақ эстрадасына, қазақ өнеріне келіп қосылған жылғаның, нақтырақ айтсақ өнерлі жастың келгеніне де көп уақыт бола қойған жоқ. Жарқ етіп киелі өнер сахнасына шыққанына аз уақыт болса да, өнер әлеміне ерекше леп әкелген тарбағатайлық жас өнерсүйер қауымға өзін мойындатып та үлгерді. Оның есімі де – ерекше. Дәстүр. “Егер Алла маған екінші рет өмір сыйласа, мен бәрібір ойланбастан өнер жолын таңдар едім” деп сыр бөліскен өнерлі жігіттің өзіндік айтары да жоқ емес. Жақында осы “сегіз қырлы, бір сырлы” Дәстүрмен сұхбаттасудың сәті түсіп, аз-кем сыр бөліскен едік.

- Дәстүр, өнерге келу жолыңа қарап отырсақ, сені өнер жолына кездейсоқ келді деп айта алмайды екенбіз. Өнер сенің бойыңа әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен дарыпты…

- Қазақта “Біреу әкеден оза шабады, біреу тоза шабады” деген нақыл сөз бар. Иә, дұрыс айтасыз, өнер менің бойыма әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен дарыған қасиет. Менің бабаларым да өнер адамдары болған. Әкем Асылхан Нау-рызханұлы – он үш жасында “бала күйші” атанған, қазіргі таңда танымал әнші-термеші, күйші. Анам Пәкизат Құсанқызы да – өнерден құр алақан емес, жиын-той, отырыстарда ән салатын өнері бар. Мен де өзге балалар секілді асық ойнап, доп теуіп, қалды үйдегі әкеміздің қара домбырасын ермек қылып өстік. “Ермек қылып” өстік дейтінім – ол кезде ән, домбыраның қадірін білмейтін бала кезіміз болатын. Алыссақ – домбырамен алыстық, сындырсақ – домбыраны сындырдық. Кейін, өсе келе осы “ойыншық” ретінде қараған домбырадан керемет қоңыр үн шығатынын ұғып, осы қос ішектен тұратын аспапты меңгеруге тырыстық. Әкеміз бізді жанына жинап алып, мың құбылта мақамға салып батырлар жырын, қисса-дастандарды күнде жырлап отыратын. Міне, күнде құлағымызға “құйылып” отырған күмбірлеген күй мен мақамсаз – бізді өнер жолына алып келді. Қазіргі таңда менің киелі сахнада ән айтып, күй шертіп, жыр-терме жырлап жүруім – әкем мен анамның тәлім-тәрбиесі, қалды басыма қонған бақ деп білемін.



- Жаңа бір сөзіңде “Әкеміз бен анамыздың жолын қуып біз де өнер жолына келдік” деп жатырсың. Біздің білуімізше, сенің ағаларың да өнер адамдары ғой?!

- Біз үйде – үш ағайындымыз, яғни, үш ұлмыз. Ең үлкен ағам Дархан – домбыра шертіп, ән айтады. Бірақ, өнер жолын қуған жоқ. Себебі, үйдің үлкені болғаннан кейін үйге қарайласуы, ата-анамызға көмектесуі керек қой. Сол себепті ол өнер жолына түбегейлі бет бұрған жоқ. Ортаншы ағам Дарын – Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясында күйшілік дәстүр және опера өнері бойынша тәмамдап шықты. Қазіргі таңда Алматы қаласында жұмыс істеп жатыр. Бұл ағам да түбегейлі өнер жолында емес. Отбасылы болғандықтан ба, осы өнер жолына түбегейлі бет бұруға мүмкіндігі болмады. Өнер деген – қосымша алып жүре салатын еріккеннің ермегі емес. Оған кәдімгідей уақыт бөлу керек. Мен үйдің кенжесі болғандықтан ба, әлде ерке өскендіктен бе, өнер жолына түбегейлі бет бұруыма уақытым да, жағдайым да мол болды.



- Өнер жолындағы ең алғашқы ұстазың – әкең деп айтуымызға толық негіз бар. Басқа ұстаздарың туралы да айта отырсақ…

- Әрине, әкем – менің өнер жолына жетелеген жолбасшым. Әкемнен бөлек мен тәлім алған Шоқан Уәлиханов атындағы гимназияда Арзыгүл атты ұстазым болды. Арзыгүл апай мені мектептерде, ауылда өткен түрлі іс-шараларға, концерттерге қатыстырып жүрді. Менің өнер жолындағы көзімнің ашылғаны, осы жол-ға түбегейлі бет бұруыма себеп болған жағдай – Астана қаласымен тығыз байланысты. Осы бас шаһарымызға келіп, бірегей оқу ордаларының бірі С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кәсіби қоғамдық факультетінің шәкірті атануым – өнер жолына қалаған нығыз баспалдағым десем де болады. Бұл факультетте негізінен өнер, ән-күй мамандықтары оқытылады. Осы факультеттің деканы Мейіржан Әлиакпаров ағамыз мені осы оқуға түскен кезімнен-ақ бойымдағы дарынымды байқап, талантымды одан әрі ұштай түсті. Мейіржан ағамыз университеттің талант-ты ұл-қыздарының басын қосып “Фараб” эстрадалық ән-би театрын құрған болатын. Осы топтың құрамында солист әнші болып өнер көрсетіп келемін. Қазіргі таңда, Мейіржан ағамызды менің өнер жолындағы ұстазым деп толықтай айта аламын.



- Өзің секілді құрдастарың өнер жолындағы ең алғашқы байқауларын “Айгөлек”, “Айналайын”, “Әнші болғым келеді” секілді балаларға арналған байқаулардан бастаса, ал сенің ең алғашқы қатысқан байқауың – республикалық “Жас Қанаттан” бастау алыпты. Осындай биік дәрежедегі байқауға қалай қол жеткізіп жүрсің?!

- Оныңыз рас. Менің өнер жолына қадам басқандағы ең алғашқы байқа-уым – осы “Жас Қанаттан” бастау алды. Бұл байқау алғаш қатысқан байқауым болса да – менің өнер жолындағы ең үлкен жетістігім деп білемін. Бұл байқау-дың маған үйреткен тәлімі, берері өте көп болды. Өзіміз секілді өнер жолында жүрген, жер-жерден келген қатарлас жас өнер өкілдерімен танысуға, араласуға мүмкіндік берді. Қалай қол жеткіздің дегенде, байқауға өтініш білдірген 300-ге жуық талапкердің арасынан іріктеу турларынан сүрінбей өтіп, конкурсқа жолдама алған 15 қатысушының арасынан көріндім. Байқаудың аты айтып тұрғандай “Жас қанат” менің өнер жолындағы қанатымды қатайта түсті.



- «Жас қанаттан” басқа қандай байқауларда топ жардың?!

- Осы бас қаламызда 2009 жылы өткен “Жігіт сұлтаны” байқауына қатысып, осы байқауда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып “Бас жүлдесін”, яғни Гран-приді иелендім. Осы байқау маған өзімді жан-жақты қырымнан танытуға мүмкіндік берді.



- Қандай шет елдің сахналарында өнер көрсеттің?!

- 2010 жылдың тамыз айында жоғарыда атап өткен “Фараб” эстрадалық ән-би театрының құрамында Болгария мемлекетінің астанасы София қаласында халықаралық фестивальде өнер көрсетіп, елге өте жақсы нәтижемен оралдық. Бұдан басқа, Қытай Халық республикасына дәстүрлі өнерімізді, өзіміздің табиғатымызға тән ән-күй, биімізді дәріптеу үшін өнер көрсетіп қайттық.



- Қоржыныңда қандай жыр-термелер бар?! Кімнің шығармаларын орындап келесің?!

- Әншілік дәстүрдің өзі Арқа, Батыс, Сыр, Шығыс, Жетісу әншілік дәстүрлі мектептері болып бөлінетінінен хабардар шығарсыз. Әрине, балалық шағым Жетісу өңірінде өткендіктен, қазіргі таңда Жетісу әншілік дәстүрлі мектебінің халық әндерін, осы мектептің даңқы мәшһүр өкілдерінің жыр-термелерін орындап келемін. Нағыз осы жолға түсіп, жыршы-термеші болмасам да, өнерге деген махаббаттың арқасында бұл жолды да жаныма серік етіп келе жатырмын.



- Сен ән де айтасың, жыр-терме де жырлайсың, күй де тартып, би де билейсің. Ақындық талантың тағы бар. Осыған қарап сені “Сегіз қырлы, бір сырлы” өнер иесі деуге болады. Біз білмейтін басқа қандай қырларың бар?!

- Бұдан басқа актерлік қабілетім бар. Театр сахнасында да үш-төрт рет өнер көрсеттім. Соның жарқын бір мысалы ретінде жоғарыда атап өткен “Фараб” тобында жүріп “Біз – біргеміз” атты мюзикл жанрында қойылған қойылымда бірнеше басты рөлдерді сомдағанымды мақтанышпен айта аламын. Өнерден басқа ес білгелі жаныма спортты серік етіп келемін. Қолым босағанда достарыммен бірге доп теуіп, теннис ойнаймын. Біраз жылдар бойы алысқа жүгіру (жеңіл атлетика) спорт түрімен айналыстым.



- Шоу-бизнесте қалуға мүдделісің бе?! Шоу-бизнесті қалай түсінесің?! Шоу-бизнес – сен үшін өнер жолы ма, әлде қаржы табу көзі ме?!

- Шоу-бизнестің өзі эстрададан тұрады. Сондықтан, менің түсінігімдегі эстрада – нағыз өнер жолы. Қаржы табу көзіне келетін болсақ, кез келген өнер жолына келген жас өнерпаз өзінің өнерін одан әрі жалғастыру үшін оған қомақты қаржы керек. Ерсі болса да айтайын, “Аш есек аңырамайды” деп жатады ғой. Көптеген жас әншілердің “спонсорлары” бар. Қазір қазақта не көп, әнші көп. Екінің бірі – әнші. Ал, бәріне бірдей көмек көрсететін “спонсор-продюсерлердің” саны өте аз. Қазір ауыл-ауылдарда танылмай жүрген өнерпаз жастарымыз өте көп. Бірақ, оған ешкім кінәлі емес. Олардың аяқтарынан шалып жатқан ешкім жоқ. Бәрі – адамның өзіне байланысты. Неге десеңіз, қазіргі таңда қазақ эстрадасына келіп қосылып жатқан әншілердің 80%-ы өз күшімен, еңбегімен танылып жатқан әншілер. Қазіргі таңда елімізде шоу-бизнестен гөрі “той-бизнес” алдыңғы қатарға шығып кетті. Қазіргі әншілердің табатын табысының басым бөлігі, тіпті бәрі дерлік тойдан түсетін қаржы. Оның жартысынан көбі тұрмыстық жағдайына кетеді, қалған бөлігі ән жаздыру, бейнебаян, әнді әрлеу секілді жұмыстарға жұмсалады. Сондықтан, қазіргі таңдағы әншілеріміз бір ән жаздырса да, ең бірінші кезекте тойға арнап жаздырады. Себебі, ол ән тойда өтімді болады, билеуге де ыңғайлы. Оларды өнерінің әрі қарай жалғасуы қызықтырмайды, тек әні тойға өтімді ме, жоқ па – сонысы алаңдатады. Сол себепті, қазіргі таңда өнерпазды бағалау үшін оның күйтабағына қарап баға беру керек деп ойлаймын. Әншінің деңгейін сол сатылған күйтабақтардың санымен-ақ өлшеуге болады. Не десек те, әншіге бағаны халық береді.




Елбесік. – 2011. - №5-6. – Б. 4-5

Мықтыбай Н.


Дәстүр Асылхан: Жанды дауыста ән айтудан қорыққан емеспін
Қазақ эстрадасына, қазақ өнеріне келіп қосылған жылғаның, нақтырақ айтсақ өнерлі жастың келгеніне де көп уақыт бола қойған жоқ. Жарқ етіп киелі өнер сахнасына шыққанына аз уақыт болса да, өнер әлеміне ерекше леп әкелген тарбағатайлық жас өнер сүйер қауымға өзін мойындатып үлгерді. Оның есімі де - ерекше. Дәстүр. "Егер Алла маған екінші рет өмір сыйласа, мен бәрібір ойланбастан өнер жолын таңдар едім" деп сыр бөліскен өнерлі жігіттің өзіндік айтары да жок, емес. Жақында осы «сегіз қырлы, бір сырлы» Дәстүрмен сұхбаттасудың сәті түсіп, аз-кем сыр бөліскен едік.

- Дәстүр, өнерге келу жолыңа қарап отырсақ, сені


өнер жолына кездейсоқ келді деп айта алмайды
екенбіз. Өнер сенің бойыңа әкенің қанымен, ананың аксүтімен дарыпты...

- Қазақта «Біреу әкеден оза шабыды деген нақыл сөз бар. Иә, дұрыс айтасыз, өнер менің бойыма әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен дарыған қасиет. Менің бабаларым да өнер адамдары болған. Әкем Асылхан Наурызханұлы - он үш жасында «бала күйші» атанған, қазіргі таңда танымал әнші-термеші, күйші. Анам Пәкизат Құсанқызы да - өнерден құр алақан емес, жиын-той, отырыстарда ән салатын өнері бар. Мен де өзге балалар секілді асық ойнап, доп теуіп, қалды үйдегі әкеміздің қара домбырасын ермек қылып өстік. «Ермек қылып» өстік дейтінім -ол кезде ән, домбыраның қадірін білмейтін бала кезіміз болатын. Алыссақ - домбырамен алыстық, сындырсақ - домбыраны сындырдық. Кейін, өсе келе осы «ойыншық» ретінде қараған домбырадан керемет қоңыр үн шығатынңн ұғып, осы қос ішектен тұратын аспапты меңгеруге тырыстық.



- Жаңа бір сөзіңде «Әкеміз бен анамыздың жолын қуып біз де өнер жолына келдік» деп жатырсың. Біздің білуімізше, сенің ағаларың да өнер адамдары ғой?!

- Біз үйде - үш ағайындымыз, яғни, үш ұлмыз. Ең үлкен ағам Дархан - домбыра шертіп, ән айтады. Бірақ, өнер жолын қуған жоқ. Себебі, үйдің үлкені болғаннан кейін үйге қарайласуы, анамызға көмектесуі керек Сол себепті ол өнер жолына түбегейлі бет бұрған жоқ. Орта ағам Дарын - Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясында күйшілік дәстүр және опера бойынша тәмамдап шықты. Қазіргі таңда Алматы қаласында жұмыс істеп жатыр. Бұл ағам да түбегейлі өнер жолында емес. Отбасылы болғандықтан ба, осы өнер жолына түбегейлі бет бұруға мүмкіндігі болмады.



- Өнер жолындағы ең алғашқы ұстазың - әкең деп айтуымызға толық негіз бар, Басқа ұстаздарың да туралы айта отырсаң...

- Әрине, әкем - менің өнер жо­лына жетелеген жолбасшым. Әкемнен бөлек мен тәлім алған Шоқан Уәлиханов атындағы гимназияда Арзыгүл атты ұстазым болды. Содан кейін бас шаһарымызға келіп, бірегей оқу ордаларының бірі С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни-верситетінің кәсіби қоғамдық факультетінің шәкірті атануым -өнер жолына қалаған нығыз баспалдағым десем де болады. Бұл факультетте негізінен өнер, ән-күй мамандықтары оқытылады. Осы факультеттің деканы Мейіржан Әлиакпаров ағамыз мені осы оқуға түскен кезімнен-ақ бойымдағы дарынымды байқап, талантымды одан әрі ұштай түсті.



- Өзің секілді құрдастарың өнер жолындағы ең алғашқы байқауларын «Айгөлек», «Айналайын», «Әнші болғым келеді» секілді балаларға арналған байқаулардан бастаса, ал сенің ең алғашқы қатысңан байқауың - республикалық «Жас Қанаттан» бастау алыпты. Осындаи биік дәрежедегі байқауға қалай қол жеткізіп жүрсің?!

- Оныңыз рас. Менің өнер жолына қадам басқандағы ең ал-


ғашқы байқауым - осы «Жас Қанаттан» бастау алды. Бұл
байқау алғаш қатысқан байқауым болса да - менің өнер жолындағы ең үлкен жетістігім деп білемін. Бұл байқаудың маған үйреткен тәлімі, берері өте көп болды. Өзіміз секілді өнер жолын­ да жүрген, жер-жерден келген қатарлас жас өнер өкілдерімен танысуға, араласуға мұмкіндік
берді. Қалай қол жеткіздің дегенде, байқауға етініш білдірген 300-
ге жуық талапкердің арасынан іріктеу турларынан сүрінбей өтіп, конкурсқа жолдама алған 15- қатысушының арасынан көріндім.

- «Жас қанаттан» басқа қандай байқауларда топ жардың?!

- Осы бас қаламызда 2009 жылы өткен «Жігіт султаны» байқауында қатысып, осы байқауда жүзден - жүйрік, мыңнан тұлпар атанып «Бас жүлдесін», яғни Гран-приді иелендім.



- Қандай шет елдің сахналарында өнер көрсеттің?!

- 2010 жылдың тамыз айында Мейіржан ағамыз құрған "Фараб" эстрадалық ән-би театрының құрамында Болгария мемлекетінің астанасы София қаласында халықаралық фестивальде өнер көрсетіп, елге өте жақсы нәтижемен оралдық. Бұдан бас­ка, Қытай Халық республикасына дәстүрлі өнерлерімізді, өзіміздің табиғатымызға тән ән-күй, биімізді дәріптеу үшін өнер көрсетіп қайттық.

- Қоржыныңда қандай жыр-термелер бар?! Кімнің
шығармаларын орындап келесің?!

- Әншілік дәстүрдің өзі Арқа, Батыс, Сыр, Шығыс, Жетісу


әншілік дәстұрлі мектептері болып бөлінетінінен хабардар шығарсыз.Әрине, балалық шағым Жетісу өңірінде еткендіктен, қазіргі таңда Жетісу әншілік дәстүрлі мектебінің халық әндерін, осы мектептің даңқы мәшһүр өкілдерінің жыр-термелерін орындап келемін. Нағыз осы жолға түсіп, жыршы-термеші болмасам да, өнерге деген махаббаттың арқасында бұл жолдыда жаныма серік етіп келе жатырмын.

- Сен ән де айтасың, жыр-терме де жырлайсың, күй де тартып, би де билейсің. Ақындық талантың тағы бар. Осыған қарап сені «Сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі» деуге болады. Біз білмейтін басқа қандай қырларың бар?!

- Бұдан басқа актерлік қабілетім бар. Театр сахнасында да үш-төрт рет өнер көрсеттім. Соның жарқын бір мысалы ретінде жоғарыда атап өткен «Фараб» тобында жүріп «Біз - біргеміз» атты мюзикл жанрында қойылған қойылымда бірнеше басты рөлдерді сомдағанымды мақтанышпен айта аламын. Сонымен бәрі жанды дауыста ән айтуға құлықсыз. Ал, сен жан­ды дауыста ән айтуға қалай қарайсың?!

- Шоу-бизнесте қалуға мүдделісің бе? Шоу – бизнесті қалай түсінесің? Шоу-бизнес – сен үшін өнер жолы ма, әлде қаржы табу көзі ме?!



- Шоу-бизнестің өзі эстрададан тұрады, Сондықтан, менің түсінігімдегі эстрада – нағыз өнер жолы. Қаржы табу көзіңе келетін болсақ. Кез-келген өнер жолына келген жас өнерпаз өзінің өнерін одан әрі жалғастыру үшін оған қомақты қаржы керек. Ерсі болса да айтайын, «Аш есек ақырмайды» деп жатады ғой . Көптеген жас әншілердің « спонсорлары» бар. Ал, бәріне бірдей көмек көрсететін «спонсор-продюссерлердің» саны өте аз. Бәрі – адамның өізіне байланысты. Неге десеңіз, қазіргі таңда қазақ эстрадасына келіп қосылып жатқан әншілердің 80 % -ы өз күшімен, еңбегімен таңылып жатқан әншілер. Қазіргі таңда елімізде шоу-бизнестен гөрі «той-бизнес» алдыңғы қатарға шығып кетті. Қазіргі әншілердің табатын табысының басым бөлігі, тіпті бәрі дерлік тойдан түсетін қаржы. Оның жартысынан астамы тұрмыстық жағдайына кетеді, Қалған бөлігі ән жаздыру, бейне баян, әнді әрлеу секілді жұмыстарға жұмсалады. Сондықтан да, қазіргі таңдағы әншілеріміз бір ән жаздырса да, ең бірінші кезекте тойға арнап жаздырады. Себебі, ол ән тойда өтімді болады, билеуге де ыңғайлы. Оларды өнерінің әрі қалай жалғасуы қызықтырмайды, тек әні тойға өтімді ме, жоқ па – соңысы алаңдатады. Сол себепті, қазіргі таңда өнерпазды бағалау үшін оның күй табағына қарап баға беру керек теп ойлаймын. Әншінің денгейін сол сатылған күй табақтардың саны мен ақ өлшеуге болады. Не десек те, әншіге бағаны халық береді.

- Қазіргі жастарымыздың бәрі жанды дауыста ән айтуға құлықсыз. Ал, сен жанды дауыста ән айтуға қарайсын?!

- Сіз сенсеңіз, мен жанды да­уыста ән айтудан ешқашан қашқан да, қорыққан да емеспін!

Сухбатыңа көп рахмет! Саған шығармашылық толағай табыстар тілейміз! Арман-мақсатыңа жет!

Елбесік. – 2011. - № 5-6. – Б.20-21

Мықтыбай Н.



Өнер құдіреті
Күйші

Не бәрі жиырма екі жас... Әрбір тартқан күйімен бірге сай-сүйегім күл болып үгітіліп бара жатқандай. Мен еріксіз өнерпаздың өнеріне басымды иіп, қошеметімді білдіргім келіп қозғала беріп едім, бейне күй сиқырымен бойымды туралатып тастағандай. Алға ұмтыла бастап едім, екі иығымнан таудай зіл қара таспен басып тұрғандай қозғалтпайды. Әрі-бері қозғалуға шамам болмаған соң, алғысымды білдіргім келіп: «Өнеріңе мойынсұндым, аға!» дегім келіп еді, тістерім бір-біріне біте қабысып кеткендей, аузым ашылмайды... Күй жалғасқан сайын көңілімді басқан ақ мамық қарды күн болып еріткендей, жанарымның алды ыстық жасқа толып барады. Күйшінің пернені басқан саусақтары көз ілестірмей шапқан жорғадай қозғалады. Күй біресе көкке құс болып самғайды, тұлпар болып қуйындата шабады, біресе таудан аққан бұлақтай сарқырайды, біресе садақтың адырнасын керіп тұрып атқан жебедей зулайды.

Өнерпазбен бірнеше жылдан бері таныс болсам да, тіпті кез дескен саиын талаи рет өнеріне, шабытты шағына куә болсам да мынадай кемерінен асып төгілген сәтін көргенім - тұңғыш рет. Мен күйшінің жанарынан көзімді ала алар емеспін. Күйші домбыраға жан бітіре ойнағанымен қоймай, екі ішекпен бірге күңіреніп отырғандай әсерде. Күйге жан-тәніммен еріксіз берілгендігім сонша, буындарым байланып қалғандай. Күйшінің жүрегі мен менің жүрегім егіз секілді: оның жанын ап-айқын ұғынып отыр­мын. Жаратушы бір жүректі екіге бөліп екеумізге бере салғандай. Міне, екі жарты бір бүтін болып қосылғанда, екі адамның мұңы мен қуанышы аға мен інінің махаббаты, өнерпаз бен тыңдаушының сезімдері бір пернеде тоғысқандай. Өнерпаздың шалқыған талмас шабыты мен жүрек түбінде қонақтаған сезімі бірге келіп тұңғиықтан жанартау суындай қайнап шығып, домбыраның қос ішегі мен пернесіне қорға-сындай құйылған сәтте ешбір шойын бөгей алмас құдіретке, жүректен жаңа туған сәбидей төгілген өнердің қасиеттісіне айналады. Тыңдарманның жүрегіне жол тауып жататындығы да сондықтан. Осы жағынан келгенде қарсы алдымда отырған өнерпаздың жанын айқын түсініп отырмын. Тыңдарманды тілге келтірмей жан-тәнін баурап алып, жүрегіне жол таба білу... Сірә, өнерпаз бақыты осы шығар?!

Кербез, толқи тартылған күйменен бірге менің ойым сан-саққа бөлінді. «Жанымда жүрген адамның тағы мен білмейтін қандай қырлары бар?!» деген ой санамнан кетер емес. Япыр-ай! Шыныменен қызғанып отырмын ба?! Өзіме-өзім сене алар емеспін... Менің пасық ойымды, қызғанышымды құптамағандай үй ішіне сәуле шашып тұрған жарық сөніп қалды. Жарықтың сөнгенін де елемеген күйші домбырадан саусақтарын ажыратқан жоқ. Күй әлі жалғасуда: иығымдағы зіл қара тастар да қозғалтар емес, күймен байланған буындарым да тарқатылар емес.

Ортаға тұтатылып, балауыз қойылды. Жоғарыға қарай шарпи жанған балауыз үйді ымырттандырып жіберді. Қабырғаға өзімізден екі еселеніп түскен көлеңкеміз бен балауыздың тұрған жері ғана анық көрінеді. Балауыз өзінің бөлмені түгел жарықтандыруға шамасы жетпегенін түсінгендей, күй ырғағымен үндесіп баяу жанады. Тек бір-біріміздің жанарымыз ғана шала жанған шоқтай жылтылдайды. Көзімді балауыздан тайдырып, өнерпаздың жанарына салдым. Қараңғы түнде от болып жанып тұрған сілеусіннің көздеріндей жанып тур. Жаны тартып отырған күймен бірге екенін аңғардым. Күй онан сайын мені бау­рап барады. Өнерпаздың жан-дүниесі бес саусақтай жанарында жазулы тұр. Күйдің құдіреттілігі сонша жанарыма үйірілген жасты бұдан әрі ұстап тұра алатын емеспін. Күйдің құдіретін түсінгендей, әлдебір тылсым сырына қаныққандаи жанарымнан бір тамшы жас еріксіз ыршып түсті. Артынша дастарханға тамған балауыз тамшысымен бірге жарысып ыстық жастар тамып жатты. Мен өз-өзімді түсінбей әлекпін. Бір ғана ұққаным: мені толқытып та, еріксіз жанарымнан жас ағызып отырған да осы өнер құдіреті! Өнерпаз маған қарап тосын сый көргендей таңғалды, домбырасы-ның үні бәсеңдеп кетті. Сірә, өзінің қара шанақ домбыраға тіл бітірген саусақтары мен жүрегінен ағытылып шыққан күйдің, жалпы бойындағы өнерінің құдіреті жан баласына осылай әсер етеді деп ойламағаны-ау! Жанарымнан бұлақтай саулап, бетімді жуған жаспен бірге күй де үзілді. Үні ажалдың тырнағында жатып, өмірді қимай, тірі қалуға қарманған жанша баяу барып өшті. Домбыраның даусы тынып, үй ішін қайтадан үнсіздік басты. Өзіме қарсы қадалып отырған жанарға не деп жауап берерімді білмей далмын. Басқа тақырыпта әңгіме қозғайын деп едім, қарысып қалған жағым аштырмайды. Бір аңғарғаным, менің өнерпаздың тартқан күйіне елтіп, жанарымнан аққан жасқа серік болғысы келгендей терезені тамшы ұрғаны. Иә, дәл өзі: көк аспанның да көзінен жас ағуда...

Күйдің үзіліп қалғанына бес – алты минөт өтпестен өшіп қалған жарық жақсылықтың жаршысындай қайтадан жанып, үй ішіне сәуле төге қалды...


Әнші

Үй ішіне нұрын төге жанған жарықпен бірге жаңа ән мен жыр да келді. Көңіліңді керней шалқыған ән әуені домбырамен үндесіп, кеудеңе қуаныш отын жаққандай. Әсем сазды әуендер жүрегіңді тербейді. Бірнеше әндер шарықтап шырқалғаннан кейін бағанағы мұңды күй мен төгілген жастың езі түгіл, іздерін де қалдырмай сұлу тіркесті әндер шайып кеткендей. Бір сәт әнші даусы көкке қалықтап шығып, жүрек түбінде жатқан сезімін ақтарып салды. Не деген ғажап?! Ғашық жүрек... Ғашық өлең... Ғашық әуен... Осының бәрі домбыра күмбірімен өз үйлесімін тауып, әншінің сұлу көмейінен құйылған шақта, кім-кімді де бейжай қалдырмасы анық. Махаббат - от боп, көңілді - дерт боп күйдіріп, жүректен төгіледі. Әрине, әнші қиялындағы арман-аруға деген сағыныш та жоқ емес. Ғашық жүректі еріксіз қиналдыратын да, жүректен әсем әуен төгілдіретін де, махаббаттың азабын тарттыратын да, жүрегіңді тілімдеп қанжылататын да - осы сағыныш. Сондай-ақ жан жүректі қинаған махаббаттың азабы да бар. Сағынысып көрінген ғашығымен қимай қоштасқан жігіттің жандүниесін бір сәт кең тынысты әнші ақтарып салды. Жиырма екі жасар таланттын жүрегін бұлқындырып, жа­рып шыққан махаббат әуендері көк аспандағы қара бұлтты ысырып тастап, әлемге жаңа дем бергендей шарықтап жатты.


Жыршы

Енді жыршы кең тынысқа салып, жыр көмбесін ағытып жіберді. Өзге аймақтан ерекшеленіп тұратын Жетісудің саз-мақамы тез арада бәрімізді ұйытып әкетті. Бірінен соң бірі, кезек-кезегімен, ақайдар толқындай лек-легімен інжу-маржан жырлар төгілді. Көктен қасиетті жырдың дорбасының аузы ашылып, тыңдарман жүрегіне құйылып жатқандай. Сол жырды тыңдарманның жұрегіне құйып та, жыр дорбасының сиқырлы аузын ашып отырған да – осы жыршы жігіт. Көкірегіңді саф алтындай нұрландырған Жетісу өңірінің жыр дүлдүлдерінің термелері, нақыл-өсиеттері жеті түннің ішінде дүниені дүр сілкіндіргендей әсерге бөледі. Шарықтап шыққан адам айтқысыз жыршы даусы көкте қалықтаған қыран секілді. Жыршы бар дүниені ұмытқан. Жастығының қуаты ма, әлде құрыштай кемеріне жетіп шыңдалғаны ма, әйтеуір жыршы даусы жанымды елжіретіп барады. Құлагердей көсіле шапқан қайратты дауысқа шыдамай жебе сөккен сауыт-жұртқа танымал өнер иесі болуды армандайтын. Бұл күні бұл арманы орындалды да.

Жыршының әкесі де жас кезінен қалың ауылға танымал болған өнер иесі. Бір қызығы, екі-үш жасар кезінен әкесінің қара домбырасына құмар болған жігіт әкесі қолына домбырасын алса болды, жанынан табыла кететін. Әкесінің жолын қуып, дүйім жұртқа танымал өнер иесі болуды армандайтын. Бұл күні бұл арманы орындалды да. Әкеден баланың бойына өнер киесі қонды. Өзі елді тәнті ете жүріп, қашан көрсең де қолынан әкесінің қара домбырасын тастамайтын. Осы қылығы үшін мектептегі ұстаздары мен құрбы-құрдастары оны «Бала жыршы» деп атайтын. Сол «Бала жыршының» бұл күндері елі қастер тұтар азаматқа, есімі елге жайылған арқалы жыршыға, өнердің өшпес туын байрақ етіп, көмекейден шыққан әсем даусы жез қоңырау-сыңғырлаған үніндеи жыр төгетін шабытына шаң жұқпас өнерпазға айналғанын қайтерсіз?!

Менің ойымды жыршының көмекейін жарып шыққан, құдіретті үнінен төгілген дастан бөліп жіберді. Мені бірден баурап әкетті. Тапжылмай тыңдаудамын. Дастанның қуанышы мен мұңын, кейіпкерлердің қайғысы мен батырлығын қас-қабағынан ұғынып отырмын. Жыршы жырлап отыр-ған дастан - «Қозы Көрпеш-Баян сұлу». Мені біресе толқытып, біресе жылатып, біресе қос ғашық жандар - Қозы мен Баян­ның, ерліктеріне таңқалдырып жүрегіме жеткізе жырлады. Жыр­шы ұзақ әрі әсем қайырып барып тоқтады. Тыныстап, демін алған соң, сол баяғы салмақты, жайдары мінезімен әңгіме тиегін ағытты. Дастан аяқталысымен менің өзегімді ащы өкініш тырнап өтті. Ол өкініш - жыршының асыл арнасынан шөлімді басып, қанып сусындаған сәттің көрген түстей өте шыққаны. Бірақ тағы да осындай сәттің туатынына үмітімді үзбедім. Әйтсе де, бір нәрсеге өкінбедім, ол - әрі дос, әрі ағамның жаңа бір қырына қаныққаным, шабытынан бойыма нәр алғаным. Қасиетті өнеріңе, талантыңның құдіретіне бас идім, асыл аға!


P.S: Өнер құдіреті... Өнер мен өмір тоғысқан ғұмыр... Не бәрі жиырма екі жас... Ой елегінен өткізіп қараған адамға жай айтыла салған сөздер. Ал, өнер құдіретін түсініп, өнеріне куә болған адамға, керісінше, қасиетті де қүдіретті сөздер. Біз жоғарыда әңгімеге арқау еткен өн бойына күйшілік, әншілік, жыршылық, ақындық өнерлерді тоғыстыра білген жас талант иесі Дәстүр Асылханның шабытты сәттері - әлі талай жыр-дастанға, әңгімеге арқау болары хақ. Қасиетті жыр мен күйдің нәрінен қанып ішкен, өнерін өмірім деп түсінетін жігіттің ертеңгі күні арқалы Әсетке, көрерменнің сусынын қандыра жырлаған Манарбекке, бүгінгі күннің Бекболаты мен жыр дүлдүлі Алмасқа, қазақ өнерінің шамшырағына айналары - ақиқат. Тек Алла тіл көзден сақтасын.

Шуақ. – 2011. - № 3-4. – Б. 24-25

Мықтыбай Н.


Өнер құдіреті

... Күйші тастан құйған мүсіндей тапжылмастан отырып ұзақ толғады. Бейне тарамысты саусақтарымен әр пернені басқан сайын ішінде шерменде болып қатып жатқан мұңы мен қуанышы, өкініші мен өмір жолындағы іздері телегей теңіз болып ағытылып жатқандай көрінді маған... Біз үнсізбіз. Тек қана күйшінің көңіл көкжиегінде қалықтаған сырлы да сазды күйлері өн бойыңды еркінен айырып билегендей әсер қалдырады. Міне, өн бойыңды қасиетті қара домбыра күмбірімен жаулаған жиырма екі жасар дарынның өнеріне бір жағынан таңғала отырып, құдіретіне басынды иесің. Талантының алдында еріксіз барлық ынта-жігеріңмен мойынсұнасың. Өнердің пәсін білетін көзі қарақты жан осындай жас таланттың өнері жолында өзін құрбан қылудан тайынбайтыны күдік туғызбайтын нәрсе...

... Не бәрі жиырма екі жас... Әрбір тартқан күйімен бірге сай-сүйегім күл болып үгітіліп бара жатқандай. Мен де еріксіз өнерпаздың өнеріне басымды иіп, қошеметімді білдіргім келіп, қозғала беріп едім, бейне күй сиқырымен бойымды тұралатып тастағандай. Алға ұмтыла бастап едім, екі иығымнан таудай зіл қара таспен басып тұрғандай қозғалтпайды. Әрі-бері қозғалуға шамам болмаған соң, алғысымды білдіргім келіп: «Өңеріне мойынсұндым, аға!» дегім келіп еді, тістерім бір-біріне бітеқабысып кеткендей, аузым ашылмайды...

Өнерпазбен бірнеше жылдан бері таныс болсам да, тіпті кез дескен саиын талаи рет өнеріне, шабытты шағына куә болсам да мынадай кемерінен асып төгілген сәтін көргенім - тұңғыш рет. Мен күйшінің жанарынан көзімді ала алар емеспін. Күйші домбыраға жан бітіре ойнағанымен қоймай, екі ішекпен бірге күңіреніп отыр-ғандай әсерде. Күйге жан-тәніммен еріксіз берілгендігім сонша, буындарым байланып қалғандай. Күйшінің жүрегі мен менің жүрегім егіз секілді: оның жанын ап-айқын ұғынып отыр­мын. Жаратушы бір жүректі екіге бөліп екеумізге бере салғандай. Міне, екі жарты бір бүтін болып қосылғанда, екі адамның мұңы мен қуанышы аға мен інінің махаббаты, өнерпаз бен тыңдаушының сезімдері бір пернеде тоғысқандай. Өнерпаздың шалқыған талмас шабыты мен жүрек түбінде қонақтаған сезімі бірге келіп тұңғиықтан жанартау суындай қайнап шығып, домбыраның қос ішегі мен пернесіне қорғасындай құйылған сәтте ешбір шойын бөгей алмас құдіретке, жүректен жаңа туған сәбидей төгілген өнердің қасиеттісіне айналады. Тыңдарманның жүрегіне жол тауып жататындығы да сондықтан. Осы жағынан келгенде қарсы алдымда отырған өнерпаздың жанын айқын түсініп отырмын. Тыңдарманды тілге келтірмей жан-тәнін баурап алып, жүрегіне жол таба білу... Сірә, өнерпаз бақыты осы шығар?!

Кербез, толқи тартылған күйменен бірге менің ойым сан-саққа бөлінді. «Жанымда жүрген адамның тағы мен білмейтін қандай қырлары бар ?!» деген ой са-намнан кетер емес. Япыр-ай! Шыныменен қызғанып отырмын ба?! Өзіме-өзім сене алар емеспін... Менің пасық ойымды, қызғанышымды құптамағандай үй ішіне сәуле шашып тұрған жарық сөніп қалды. Жарықтың сөнгенін де елемеген күйші домбырадан саусақтарын ажыратқан жоқ. Күй әлі жалғасуда: иығымдағы зіл қара тастар да қозғалтар емес, күймен байланған буындарым да тарқатылар емес.

Ортаға тұтатылып, балауыз қойылды. Жоғарыға қарай шарпи жанған балауыз үйді ымырттандырып жіберді. Қабырғаға өзімізден екі еселеніп түскен көлеңкеміз бен балауыздың тұрған жері ғана анық көрінеді. Балауыз өзінің бөлмені түгел жарықтандыруға шамасы жетпегенін түсінгендей, күй ырғағымен үндесіп баяу жанады. Тек бір-біріміздің жанарымыз ғана шала жанған шоқтай жылтылдайды. Көзімді балауыздан тайдырып, өнерпаздың жанарына салдым. Қараңғы түнде от болып жанып тұрған сілеусіннің көздеріндей жанып тур. Жаны тартып отырған күймен бірге екенін аңғардым. Күй онан сайын мені бау­рап барады. Өнерпаздың жан-дүниесі бес саусақтай жанарын-да жазулы тұр. Күйдің құдіреттілігі сонша жанарыма үйірілген жасты бұдан әрі ұстап тұра алатын емеспін. Күйдің құдіретін түсінгендей, әлдебір тылсым сырына қаныққандаи жанарымнан бір тамшы жас еріксіз ыршып түсті. Артынша дастарханға тамған балауыз тамшысымен бірге жарысып ыстық жастар тамып жатты. Мен өз-өзімді түсінбей әлекпін. Бір ғана ұққаным: мені толқытып та, еріксіз жанарымнан жас ағызып отырған да осы өнер құдіреті! Өнерпаз маған қарап тосын сый көргендей таңғалды, домбырасының үні бәсеңдеп кетті. Сірә, өзінің қара шанақ домбыраға тіл бітірген саусақтары мен жүрегінен ағытылып шыққан күйдің, жалпы бойындағы өнерінің құдіреті жан баласына осылай әсер етеді деп ойламағаны-ау! Жанарымнан бұлақтай саулап, бетімді жуған жаспен бірге күй де үзілді. Үні ажалдың тырнағында жатып, өмірді қимай, тірі қалуға қарманған жанша баяу барып өшті. Домбыраның даусы тынып, үй ішін қайтадан үнсіздік басты. Өзіме қарсы қадалып отырған жанарға не деп жауап берерімді білмей далмын. Басқа тақырыпта әңгіме қозғайын деп едім, қарысып қалған жағым аштырмайды. Бір аңғарғаным, менің өнерпаздың тартқан күйіне елтіп, жанарымнан аққан жасқа серік болғысы келгендей терезені тамшы ұрғаны. Иә, дәл өзі: көк аспанның да көзінен жас ағуда...

Күйдің үзіліп қалғанына бес – алты минөт өтпестен өшіп қалған жарық жақсылықтың жаршысындай қайтадан жанып, үй ішіне сәуле төге қалды...
Әнші

Үй ішіне нұрын төге жанған жарықпен бірге жаңа ән мен жыр да келді. Көңіліңді керней шалқыған ән әуені домбырамен үндесіп, кеудеңе қуаныш отын жаққандай. Әсем сазды әуендер жүрегіңді тербейді. Бірнеше әндер шарықтап шырқалғаннан кейін бағанағы мұңды күй мен төгілген жастың езі түгіл, іздерін де қалдырмай сұлу тіркесті әндер шайып кеткендей. Бір сәт әнші даусы көкке қалықтап шығып, жүрек түбінде жатқан сезімін ақтарып салды. Не деген ғажап?! Ғашық жүрек... Ғашық өлең... Ғашық әуен... Осының бәрі домбыра күмбірімен өз үйлесімін тауып, әншінің сұлу көмейінен құйылған шақта, кім-кімді де бейжай қалдырмасы анық. Махаббат - от боп, көңілді - дерт боп күйдіріп, жүректен төгіледі. Әрине, әнші қиялындағы арман-аруға деген сағыныш та жоқ емес. Ғашық жүректі еріксіз қиналдыратын да, жүректен әсем әуен төгілдіретін де, махаббаттың азабын тарттыратын да, жүрегіңці тілімдеп қанжылататын да - осы сағыныш. Сондай-ақ жан жүректі қинаған махаббаттың азабы да бар. Сағынысып көрінген ғашығымен қимай коштасқан жігіттің жан-дүниесін бір сәт кең тынысты әнші ақтарып салды. Жиырма екі жасар таланттын жүрегін бұлқындырып, жа­рып шыққан махаббат әуендері көк аспандағы қара бұлтты ысырып тастап, әлемге жаңа дем бергендей шарықтап жатты.


Жыршы

Енді жыршы кең тынысқа салып, жыр көмбесін ағытып жіберді. Өзге аймақтан ерекшеленіп тұратын Жетісудің саз-мақамы тез арада бәрімізді ұйытып әкетті. Бірінен соң бірі, кезек-кезегімен, ақайдар толқындай лек-легімен інжу-маржан жырлар төгілді. Көктен қасиетті жырдың дорбасының аузы ашы-лып, тыңдарман жүрегіне құйылып жатқандай. Сол жырды тыңдарманның жұрегіне құйып та, жыр дорбасының сиқырлы аузын ашып отырған да – осы жыршы жігіт. Көкірегіңді саф алтындай нұрландырған Жетісу өңірінің жыр дүлдүлдерінің термелері, нақыл-өсиеттері жеті түннің ішінде дүниені дүр сілкіндіргендей әсерге бөледі. Шарықтап шыққан адам айтқысыз жыршы даусы көкте қалықтаған қыран секілді. Жыршы бар дүниені ұмытқан. Жастығының қуаты ма, әлде құрыштай кемеріне жетіп шыңдалғаны ма, әйтеуір жыршы даусы жанымды елжіретіп барады. Құлагердей көсіле шапқан қайратты дауысқа шыдамай жебе сөккен сауыт-жұртқа танымал өнер иесі болуды армандайтын. Бұл күні бұл арманы орындалды да.

Жыршының әкесі де жас кезінен қалың ауылға танымал болған өнер иесі. Бір қызығы, екі-үш жасар кезінен әкесінің қара домбырасына құмар болған жігіт әкесі қолына домбырасын алса болды, жанынан табыла кететін. Әкесінің жолын қуып, дүйім жұртқа танымал өнер иесі болуды армандайтын. Бұл күні бұл арманы орындалды да. Әкеден баланың бойына өнер киесі қонды. Өзі елді тәнті ете жүріп, қашан көрсең де қолынан әкесінің қара домбырасын тастамайтын. Осы қылығы үшін мектептегі ұстаздары мен құрбы-құрдастары оны «Бала жыршы» деп атайтын. Сол «Бала жыршының» бұл күндері елі қастер тұтар азаматқа, есімі елге жайылған арқалы жыршыға, өнердің өшпес туын байрақ етіп, көмекейден шыққан әсем даусы жез қоңырау-сыңғырлаған үніндеи жыр төгетін шабытына шаң жұқпас өнерпазға айналғанын қайтерсіз?!

Менің ойымды жыршының көмекейін жарып шыққан, құдіретті үнінен төгілген дастан бөліп жіберді. Мені бірден баурап әкетті. Тапжылмай тыңдаудамын. Дастанның қуанышы мен мұңын, кейіпкерлердің қайғысы мен батырлығын қас-қабағынан ұғынып отырмын. Жыршы жырлап отырған дастан - «Қозы Көрпеш-Баян сұлу». Мені біресе толқытып, біресе жылатып, біресе қос ғашық жандар - Қозы мен Баян­ның, ерліктеріне таңқалдырып жүрегіме жеткізе жырлады. Жыр­шы ұзақ әрі әсем қайырып барып тоқтады. Тыныстап, демін алған соң, сол баяғы салмақты, жайдары мінезімен әңгіме тиегін ағытты. Дастан аяқталысымен менің өзегімді ащы өкініш тырнап өтті. Ол өкініш - жыршының асыл арнасынан шөлімді басып, қанып сусындаған сәттің көрген түстей өте шыққаны. Бірақ тағы да осындай сәттің туатынына үмітімді үзбедім. Әйтсе де, бір нәрсеге өкінбедім, ол - әрі дос, әрі ағамның жаңа бір қырына қаныққаным, шабытынан бойыма нәр алғаным. Қасиетті өнеріңе, талантыңның құдіретіне бас идім, асыл аға!


P.S: Өнер құдіреті... Өнер мен өмір тоғысқан ғұмыр... Не бәрі жиырма екі жас... Ой елегінен өткізіп қараған адамға жай айтыла салған сөздер. Ал, өнер құдіретін түсініп, өнеріне куә болған адамға, керісінше, қасиетті де қүдіретті сөздер. Біз жоғарыда әңгімеге арқау еткен өн бойына күйшілік, әншілік, жыршылық, ақындық өнерлерді тоғыстыра білген жас талант иесі Дәстүр Асылханның шабытты сәттері - әлі талай жыр-дастанға, әңгімеге арқау болары хақ. Қасиетті жыр мен күйдің нәрінен қанып ішкен, өнерін өмірім деп түсінетін жігіттің ертеңгі күні арқалы Әсетке, көрерменнің сусынын қандыра жырлаған Манарбекке, бүгінгі күннің Бекболаты мен жыр дүлдүлі Алмасқа, қазақ өнерінің шамшырағына айналары - ақиқат. Тек Алла тіл көзден сақтасын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет