Елді мекендердің су тұтынуды және су бұруды пайдалану нормаларлын (хспн) анықтау әдістемесі



бет3/17
Дата17.07.2016
өлшемі3.47 Mb.
#206316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

4. Жалпы ережелер


4.1. ХСПН халыққа үзіліссіз су берген кезде (оның ішінде ыстық су, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болғанда) ішкі сумен жабдықтау жүйесін тиісті техникалық пайдалану есебінен судың ысырап болуы мен ұтымсыз шығындарын қысқартқан жағдайда белгілі дәрежеде абаттандырылған нақты тұрғын үй ғимараттарында жыл ішінде су тұтынудың нормативтік меншікті орташа тәулік шамасын (л/туәлік∙адам) белгілейді.

4.2. ХСПН су ысырабы бар (істен шыққан су бөлу жабдығы арқылы тікелей ысырап болуы, ыстық сумен жабдықтау жүйесінен жеткілікті жылытылмаған судың ағуы түрінде және т.б.) тұрғын үй ғимараттарынанықтайды.

ХСПН анықтау жөніндегі материалдар:


  • тұрғын үй қорында су сатудың жыл сайынғы жоспарларын жасаған кезде;

  • есепке алу аспаптарымен жабдықталмаған пәтерлер (үй-жайлар) Тұтынушыларының төлеміне жататын су тұтыну шамасын анықтау кезінде;

  • ішкі сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта жаңарту жобаларын әзірлеу кезінде қолдануға жатады.

4.3. ХСПН тұрғын үй ғимараттарының абаттандыру дәрежелері бойынша, сондай-ақ пәтердегі тұрғындар санының коэффициентіне, ғимараттың қабаттылығы мен кірмеде су қысымына байланысты сараланады.

4.4. ХСПН жеке елді мекен үшін тұрғын үй ғимаратын іріктеу бойынша су шығындары мен қысымының табиғи өлшемі негізінде белгіленеді.

4.5. Осы Әдістемеде көзделген жұмыстарды жүргізу қорытындысында:

1) судың нақты шығыны (ысырап болу) шамасы анықталады;

2) судың шығынын (ысырап болуын) іс жүзінде толық жоюға бағытталған ХСПН белгіленеді (шекті ХСПН);

3) судың шығынын 2 жыл ішінде нақты қол жетімді деңгейге дейін төмендетуге бағытталған ХСПН белгіленеді.

4.6. Әр тұрғын үй ғимараты (немесе бір кірмемен бірлескен ғимараттар тобы) үшін су тұтынудың жоспарлы көлемі қолданыстағы ХСПН мен бір мезгілде кондоминиум объектілерінің мұқтажына су тұтынудың белгіленген пайдалану нормативтері негізінде анықталады.

4.7. Тұрғын үй ғимараттарында су тұтынудың нақты көлемі бақылау стационарлық немесе бақылау бақылау есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде белгіленуі тиіс.

4.8. Тұрғын үй қорында су сатудың жыл сайынғы жоспарларын жасаған кезде әр дәрежеде абаттандырылған тұрғын үй ғимараттарында нақты меншікті су тұтыну шамасын ХСПН мәніне дейін баяулап төмендету көзделуі тиіс. Жоспарланған меншікті су тұтынуды төмендету қарқыны ішкі суық және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін техникалық пайдалануды жақсартудың нақты мүмкіндіктеріне; жоспарланған ұйымдық-техникалық іс-шараларды іске асыруға, оның ішінде су тұтынуды бақылауды жетілдіруге (кірмелерде суды есепке алу аспаптарын қолдану және нақты шығындарды ХСПН негізінде белгіленген жоспарлы шығындармен салыстыру); құбырларда және су бөлу жабдығында, оның ішінде тұрғын үй ғимараттарының кірмелерінде қысым реттеуіштер орнату арқылы артық қысымды төмендетуге байланысты.

4.9. Көп пәтерлі ғимараттардың тұрғындары үшін ХСПН әр дәрежеде абаттандырылған тұрғын үй ғимараттары үшін (ғимараттың қабаттылығына, пәтердегі тұрғындар санының коэффициентіне және басқаға тәуелді емес) бірыңғай белгіленеді. Меншікті орташа су тұтыну көрсеткіші, оның негізінде бір тұрғынның төлеміне жататын ай сайынғы су шығыны анықталады, әр дәрежеде абаттандырылған тұрғын үй ғимараттары үшін шекті ХСПН орташа шамасы ретінде белгіленеді.

Бұл жағдайда жалпы тұрғын үй қоры бойынша шекті ХСПН сақталған кезде халық төлеген судың жалпы көлемі үйге ортақ судыесепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша кондоминиум объектілері мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің мұқтажына арналған су шығындарын есепке алмай) анықталған суды сату көлеміне тең болады.

4.10. Коммуналдық сумен жабдықтау жүйелерін жобалау кезінде әр дәрежеде абаттандырылған тұрғын үй ғимараттарында есептік меншікті орташа тәулік су тұтыну шамасы осы қалада ХСПН белгілеу бойынша материалдарды ескере отырып қабылдануы тиіс. Жүйені жобалаудың есептік мерзіміне қарай есептік меншікті орташа тәулік су тұтыну шамасының өзгеруін болжамдаған кезде су ысырабының болжамды төмендеуін ескеру керек.


5. Халықтың мұқтажына су тұтынуды пайдалану нормаларының

негіздемесіжәне принциптері


5.1. Осы Әдістеме бойынша ХСПН әзірлеу тәртібін 1-суретте берілген блок-схема түсіндіреді.

Тұтынушылардың тізбесін жасау



1-сурет. ХСПН әзірлеудің блок-схемасы


Әр кірмеге арналған есепке алу карточкасын жасау





Тұрғын үй алаңын 1 және 2 дәрежеде абаттандыру бойынша табиғи зерттеу үшін объекті таңдау


Халықтың нақты су тұтыну көлемі

(өткен жыл)



Табиғизерттеулер жүргізу







Тұрғын үй алаңын абаттандыру дәрежелері бойынша ХСПН әзірлеу, л/тәулік∙адам

Әр абонент бойынша нақты су тұтыну

Жоғары тұрған ұйымның бекітуі









Елді мекен бойынша1 тұрғынға шаққанда орташа өлшенген нормативтік су беру есебі



Бір тұрғынға шаққанда орташа нақты су беру





Бір тұрғынға шаққанда су беру бойынша жоспарлы тапсырма



Факт пенХСПН

талдау және салыстыру











Қызмет көрсетуші үшін 1 тұрғынға шаққанда су беруге арналған жоспарлы тапсырманы әзірлеу

Жоғары тұрған ұйымның бекітуі



_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _




Жалпы елді мекенде әр Тұтынушы бойынша су ысырабын бағалау






Әр Тұтынушы бойынша су ысырабын төмендету жөнінде іс-шаралар әзірлеу және жинақ жоспар жасау

Жоғары тұрған ұйымның бекітуі








Қызмет көрсетушінің су үнемдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауын бақылау

Тұтынушының су үнемдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауын бақылау


5.2. Өзге бірдей жағдайларда, әр тұрғын үй ғимаратында нақты меншікті орташа тәулік су тұтыну шамасына qнақты әсер ететін факторлар мынадай екі санатқа бөлінеді:

- салыстырмалы тұрақты, бірақ бір немесе бірнеше елді мекендерде есепке алуға жатпайды (климат жағдайы, халықтың су пайдалану дәстүрі, тұрғындардың демографиялық және әлеуметтік құрамы, ішкі сумен жабдықтау жүйелерін техникалық пайдалану деңгейі және басқа);

- ауыспалы факторлар, олар әр ғимарат үшін жеткілікті дәлдігімен белгіленуі мүмкін (тұрғын үй қорын абаттандыру дәрежесі, тұрғын үй ғимаратының пәтерлеріндегі тұрғындардың сан коэффициенті, құбырлар мен жабдықта орташа су қысымы).

5.3. qнақты шамасына су бөлу жабдығы арқылы тікелей ысыраптар үлкен әсерін тигізеді, олардың шамасы түпнұсқа су тұтыну минимум болатын түнгі кезеңдегі су шығындарымен сипатталауы мүмкін.

5.4 Жоғарыда баяндалғаны ескеріп, халық үшін ХСПН белгілеудің негізгі принциптері анықталады:

а) объективтілік – ХСПН ұқсас су тұтыну жағдайлары бар бір елді мекен немесе бірнеше елді мекендер үшін нақты су тұтынуды зерттеу негізінде әзірленуі тиіс;

б) сараланғыштық – ХСПН тұрғын үйдің абаттандыру дәрежесі, ғимаратта пәтерлердегі тұрғындардың сан коэффициенті, құбырлар мен жабдықта орташа су қысымыбойынша сараланып белгіленуі тиіс;

в) екі кезеңділік – ХСПН белгілеу кезінде алдымен су ысырабын нақты қол жетміді деңгейге дейін қысқартуға, кейін ішкі сумен жабдықтау жүйелерін техникалық пайдалануды жетілдіру есебінен, алайда тұрғындардың барлық суға мұқтажын ұтымды қанағаттандыра отырып, ғимаратта қандай да болмасын шектеусіз, су ысырабын іс жүзінде толық жоюға бағдарлануы керек.

5.5. ХСПН анықтау кезеңдері:

1) біркелкі аббаттандыру дәрежесіндегі ғимараттарды кездейсоқ таңдауды қалыптастыру;

2) су шығынын, оның ішінде түнгі кезеңде өлшеу және нақты су тұтыну шамасына – qтиім әсер ететін факторларды тіркеу;

3) ХСПН есептік жолмен белгілеу.

5.6. ХСПН белгілеу кезінде техникалық пайдалануды жетілдіру есебінен су ысырабын қысқартудың әртүрлі деңгейіне бағдарлануға болады. Су ысырабын іс жүзінде толық және барлық жерде қысқа мерзім ішінде жоюға қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан бастапқыда таңдалған ғимараттың 15-35%-ында орын алған шынында қол жетімді деңгейге дейін су ысырабын қысқартуды көздейтін, уақытша ХСПН белгілеу ұсынылады. Мұндай жағдайда ХСПН сақтау үшін жалпы тұрғын үй қоры бойынша 65-85% ғимаратта ішкі сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану деңгейін жақсарту, ал қалғандарда оны қол жеткізілген деңгейде қолдау қажет. Бір мезгілде су ысырабын іс жүзінде толық жоюға бағдарланған шекті ХСПН белгіленуі тиіс. Шекті ХСПН уақытша нормаларды кезекті қайта қарау кезінде (нақты су шығынын өлшеу бойынша жұмыстары жүргізілмейтін кезде) және меншікті су тұтыну көрсеткіштерін белгілеу кезінде қолданылады, олардың негізінде көп пәтерлі тұрғын ғимаратындағы тұрғындардың төлеміне жататын су көлемі анықталады.

5.7. Бір климаттық аймақта орналасқан және аббаттындыру дәрежесі бірдей тұрғын үй ғимараттарының топтары бойынша табиғи өлшемдерді регрессиялық талдау деректері негізгі әсер ететін факторлардың ішінен нақты объектіде (тұрғын үй ғимараттарының тобы - таңдау) меншікті орташа тәулік су тұтынудың qнақты(л/тәулік∙адам) жалпыланған тәуелділігін белгілеуге мүмкіндік берді. Бұл тәуелділік мынадай теңдеумен сипатталады:
qнақты = b0 + b1qтүн + b2Hтиім+ b3П , (1)
мұнда: qтүн – түнгі кезеңде меншікті су тұтыну (л/сағ∙адам), ол объектіде су ысырабының шамасын, яғни ішкі сумен жабдықтау жүйелеріне пайдалану деңгейін сипаттайды;

Нтиім– су бөлу жабдығында орташа қысым (м. су. ст.), оны белгілегенде кірмелердегі су қысымы мен ғимараттардың қабаттылығы бір мезгілде есепке алынады;

П- пәтерлердегі тұрғындардың сан коэффициентінің орташа шамасы (адам/пәтер);

b0, b1, b2, b3 – регрессия коэффициенттері.

b1, b2, b3 коэффициенттер шамасы нақты меншікті су тұтыну qтиім мәнін таңдау бойынша орташасына байланысты және мынадай түрде анықталады:

b1 = 20,5 – 0,007 qнақты ;

b2 = 0,0065 qнақты ;

b3 = − (5 + 0,02 qнақты).

Сонымен, qнақты өзгерген кезде коэффициенттер мынадай мәндерді қабылдайды:

qнақты = 150 л/(тәулік∙адам) болғанда: b1 = 19,4 , b2 = 0,98 , b3 = −8;

qнақты = 250 л/( тәулік∙адам) болғанда: b1 = 18,8 , b2 = 1,62 , b3 = −10;

qнақты = 400 л/( тәулік∙адам) болғанда: b1 = 17,7 , b2 = 2,6 , b3 = − 13.

b0 шамасы таңдап алынған ғимаратта су тұтыну сипаттамасы болып табылады, оның сандық мәні әр таңдама үшін мынадай теңдеу бойынша белгіленуі мүмкін:

b0 = qнақты – (b1qтүн + b2Hтиім + b3П) , (2)

мұнда qнақты , qтүн , Hтиім, П –таңдама бойынша тиісті шамалардың орташа мәндері.

Формула (2) факторлар өзгерісінің мынадай диапазоны үшін алынған:

qн – 0 - 12 л/сағ∙адам.; Нэф − 10 - 60 м.; П − 2 - 5 адам/пәтер.

5.8. ХСПН белгілеу бойынша есептеулер екі кезеңде жүргізіледі:

1) базалық ғимарат үшін ХСПН есептеу;

2) базалық мәндерден Нтиім және П ерекшеленетін нақты тұрғын үй ғимараттар үшін ХСПН есептеу.

Базалық ғимараттың ХСПН есептеу негізгі факторлардың qтүн, Нтиім және П әсерін ескермей, әртүрлі ғимараттарда меншікті орташа тәулік су тұтыну шамаларын салыстыруға мүмкіндік береді. Тұрғын үй қорының әртүрлі аббаттандыру дәрежелері мен әртүрлі елді мекендер үшін ХСПН объективті салыстырма жүргізу үшін базалық ғимараттың параметрлерін Нтиімδ және Пδ. бірыңғай деп қабылдау орынды. qнδ, шамасына қатысты, ол таңдама бойынша әр жағдайда qтүн нақты шамасын негізге алына отырып белгіленуі (нормалануы) тиіс.

5.9. Әр объекті үшін «базалық» ғимараттағы су тұтыну шартында есептелген меншікті су шығынын білдіретін шама. Қайта есептеу (1) теңдеуді қайта құру арқылы мынадай формула бойынша жүргізіледі:

qδi = qi - b1 (qтүн i – qтүн δ) – b2 (Hтиім i– Hтиім δ) – b3 i - Пδ) , (3)

Таңдама бойынша qδi мәндердің шашылуы qнақты i мәндерінің шашылуына қарағанда елеулі аз болады. qδ орташа арифметикалық мәні базалық ғимараттың ХСПН үшін қабылданады.

5.10. Есептеудің екінші кезеңінде нақты тұрғын үй ғимараттарының ХСПН қамтитын, Hтиім jжәне Пj базалық мәндерден ерекше qтүн j шамалары белгіленеді. Есептеулер мынадай формула бойынша жүргізіледі:

qтүнj = qδ + b2 (Hтиім j – Hтиім δ) + b3j – Пδ) , (4)

Бұл ретте, барлық ғимараттарда qтүн i = qтүн δ шамасы алынады.

Осы есептеулерді жүргізу орнына (4) формулаға сәйкес әртүрлі мәндер үшін құрылған номограммалар немесекестелер қолданылуы мүмкін.

5.11. Номограмма бойынша пайдалану нормасы тиімді тегеуріннің мәндері мен пәтерде тұрғындар саны коэффициентіне байланысты қолданылуы мүмкін. (4) формула бойынша номограмма құру үшін qп.н.екі мәні есептеледі: бірінші Нтиім = 0, П = 1 болғанда, екінші Нтиім еркін таңдау мәні (мысалы, 50 м) және П сол сияқты мәні кезінде. Алынған нүктелер арқылы тік сызық жүргізіледі, оның негізінде кез келген тегеурін мәні мен пәтерде тұрғындар саны коэффициенті болғанда ХСПН анықтау мүмкін. Көрсеткіштердің басқа мәндеріне тиісті сызықтар номограммасын алу үшін Нтиім = 0 және П әртүрлі бүтін мәндері кезінде жаңа мәндерді есептейді. Алынған qп.н. мәндер арқылы П = 1 мәні кезінде qп.н. анықтау үшін параллельді салынған сызықтар жүргізіледі (2-сурет 3-қосымша).

5.12. Нақты су тұтыну өлшемдерінің негізінде ХСПН белгілеу осы елді мекенде тұрғын үй қорының кеңінен тараған абаттандыру дәрежесі үшін жүргізуге болады. Қалған абаттандыру дәрежелері үшін түзету коэффициенттерді қолданып, qδ қайта есептеу жолымен ХСПН белгіленуі мүмкін (6.1.-т. қара).

5.13. Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің су тұтыну өлшемі ХСПН-ға қосылмайды және кондоминиум объектісі мен тұрғын емес үй-жайлардың сумен жабдықтау жүйелері арасында пайдалану жауапкершілік шегінде орнатылған есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша тұрғын үй қорының су тұтыну жалпы балансында ескеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет