Елді мекендердің су тұтынуды және су бұруды пайдалану нормаларлын (хспн) анықтау әдістемесі



бет1/17
Дата09.06.2016
өлшемі3.2 Mb.
#125469
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17





























ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ СУ ТҰТЫНУДЫ ЖӘНЕ СУ БҰРУДЫ ПАЙДАЛАНУ НОРМАЛАРЛЫН (ХСПН) АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ









МЕТОДИКА ОПРЕДЕЛЕНИЯ ЭКСПЛУАТАЦИОННЫХ НОРМ ВОДОПОТРЕБЛЕНИЯ И ВОДООТВЕДЕНИЯ (ЭНВН) НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТОВ
































Ресми басылым

Издание официальное











Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттiгi








Агентство Республики Казахстан по делам строительства

и жилищно-коммунального хозяйства








Астана 2011





Алғысөз

1. ӘЗІРЛЕГЕН: «Қазақ Суарнажоба» АҚ, «Қазақстан Су Арнасы» Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, «БЕО – Астана» ЖШС
2. ҰСЫНҒАН: Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттiгiнің Ғылыми-техникалық саясат департаменті
3. ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН МЕРЗІМІ: Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттiгi Төрағасының 29.12.2011 ж. № 539 бұйрығымен, 01.05.2012 ж.
4. ОРНЫНА:

Осы нормативтік құжатты колдану мерзімі оны мемлекеттік тілде қайта басылғанға дейін белгіленеді.

Предисловие

1.  ПОДГОТОВЛЕН: АО «Казахский Водоканалпроект», Ассоциацией предприятий по водоснабжению и водоотведению Республики Казахстан «Казахстан Су Арнасы», ТОО «ЕРЦ – Астана»

2. ПРЕДСТАВЛЕН: Департаментом научно-технической политики Агентства РК по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства

3. ПРИНЯТ И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ: Приказом Председателя Агентства РК по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 29 декабря 2011г. № 539, с 01 мая 2012 года

4. ВЗАМЕН:
Срок действия данного нормативного документа устанавливается до переиздания его на государственном языке.

Осы мемелекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс шстерш жәнендегі Уәкілетті мемлекеттік органың рұқсатыныз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, кебейтуге және таратуға болмайды

Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведён, тиражирован и распространён в качестве официального издания без разрешения Уполномоченного органа по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттiгi

Агентство Республики Казахстан по делам строительства

и жилищно-коммунального хозяйства

Мазмұны


1. Қолданылу саласы 4

2. Нормативтік сілтемелер 5

3. Терминдер және анықтамалар 5

4. Жалпы ережелер 5

5. Халықтың мұқтажына су тұтынуды пайдалану нормаларының (ХСПН) 6

негіздемесіжәне принциптері 6

6. ХСПН есептеу материалдары мен әдістемелік негіздерін әзірлеу 10

7. ХСПН белгілеу тәртібі және сақталуын бақылау 15

8. Әдістемені практикалық іске асыру 16

8.1. №1 мысал (Екібастұз қаласы) 16

8.2. №2 мысал (Алматы қаласы) 25

8.3. №3 мысал (Астана қаласы) 35

9. Қосымшалар 45

1-қосымша. 45

2-қосымша 48

3-қосымша 50

4-қосымша 51

5-қосымша 52



1. Қолданылу саласы


Қазіргі уақытта халық су үшін төлеуге негіз болатын, су тұтынуды пайдалану нормаларын белгілеудің заңдастырылған тәртібі жоқ. Бекітілетін нормалар, қағида бойынша, нақты меншікті су тұтынуды және оның қысқару мүмкіндігі есепке алынбай белгіленеді. ХСПН тұрғын үй қорында ғимараттың қабаттылығы мен пәтердегі тұрғындар санының коэффициенті бойынша сараланбайды, алайда, су тұтыну шамасы елеулі дәрежеде осы факторларға байланысты болады. ХСПН сумен жабдықтаудың ішкі жүйелерін техникалық пайдалану сапасын бағалау үшін қолданылмайды. Тіпті тұрғын үйлердің кірмелерінде суды есепке алу аспаптары болған жағдайда, суды артық шығындаған объектілерді әрдайым анықтау мүмкін болмайды, себебі артық шығынданған судың ауқымды бөлігі кондоминиум объектілерінің мұқтаждылығына жатады.

Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттiгiнің деректері бойынша су құбырлары желілерінің көпшілігі қанағаттанарлықсыз жағдайда, сенімді пайдаланудың 25 жылдық нормативті мерзімін ескере отырып, жұмыс жағдайында сумен жабдықтаудың 36 % желісі бар, шамамен 64 % желіге күрделі жөндеу немесе оларды толығымен алмастыру қажет болып отыр, су құбыры желілерінің орташа тозуы 60-70% құрайды.

Халықтың нақты су тұтынуы бойынша жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, көптеген елді мекендерде тұрғын үй ғимараттарында су ысырабынқысқартуды үшін елеулі резервтер бар. Оларды қысқарту маңызды мемлекеттік міндет болып табылады, өйткені, бұл ретте, коммуналдық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға ақша қаражатын жұмсау қажеттілігі азаяды, су ресурстары үнемделеді, ауыз су мен сарқынды суларды өңдеуге және тасымалдауға арналған пайдалану шығындары кемиді, сумен жабдықтау сенімділігі артады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес оның негізгі мақсаты тұтынушыларға коммуналдыққызмет көрсетудің тиісті сапасын қамтамасыз ету, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң сенімділігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.

Осы Елді мекендердің су тұтынуды және су бұруды пайдалану нормаларын (ХСПН) анықтау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) көрсетілген Бағдарламаның институционалдық негізін жетілдіру туралы міндетін іске асыру шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы құқықтық реттеу негіздері мен қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген.

Әдістеме халықтың мұқтажына су тұтынуды пайдалану нормаларын (ХСПН) белгілеу мен қолдану тәртібін анықтайды. Оған сәйкес тұрғын үйде ХСПН нақты су тұтыну шамасын және сумен жабдықтаудың ішкі жүйелерін пайдалануды жетілдіру есебінен оны қысқарту мүмкіндігін есепке ала отырып белгіленеді.

ХСПН негізгі міндеті – тұрғын үй ғимараттарында судың ысырап болуы мен орынсыз шығындарын төмендетуді қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық іс-шаралар жүргізуге мүмкіндік туғызу. Бір мезгілде ХСПН су сатуды жоспарлау кезінде қолдануға, ал ХСПН белгілеу бойынша материалдар халықтың төлеуіне жататын су тұтыну шамасын белгілеу үшін және тұрғын үй қорында қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту мен жетілдіру үшін арналған.

Әдістемеде халықтың мұқтажына су тұтынуды пайдалану нормаларын әзірлеудің негіздемесі, принциптері, үлгілері, оларды белгілеу халықтың мұқтажына су тұтынуды пайдалану нормаларын мен қолданылуын бақылау тәртібі келтірілген.



Әдістеме халыққа су жеткізуді жүзеге асыратын, қалалар мен елді мекендердің тұрғын үй қорын сумен жабдықтау мен су бұрудың ішкі жүйелерін пайдаланатын кәсіпорындарға (ұйымдарға) арналған және суық пен ыстық суды есепке алу аспаптары жоқ тұрғын үй ғимаратында тұратын халықтың су тұтыну нормаларын негіздеу кезінде міндетті сипатта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет