Елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы



Дата16.06.2016
өлшемі157.4 Kb.
#138501
Елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 5 маусымдағы N 832 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 4 тамыз, N 257-258 (25655); "Казахстанская правда" от 16.06.2009 г., № 145 (25889); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 30, 262-құжат


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                             К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2009 жылғы 5 маусымдағы
N 832 қаулысымен  
бекiтiлген    

Елдi мекендердi сумен жабдықтау
және су бұру жүйелерiн пайдалану
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 36-бабына сәйкес әзiрлендi және елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн (бұдан әрi - сумен жабдықтау және су бұру жүйесi) пайдалану тәртiбiн анықтайды.


      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) авария - сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi тоқтатуға не көлемiн, ауыз су сапасын айтарлықтай азайтуға және халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға әрi жеке және заңды тұлғалардың мүлкiне зиян келтiруге әкеп соққан сумен жабдықтау және су буру жүйелерiнiң немесе жекелеген құрылыстардың, жабдықтардың, құрылғылардың бұзылуы немесе iстен шығуы;
      2) ауыз су - адамның iшуге, өзге де тұрмыстық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға және тамақ өнiмдерiн өндiруге арналған табиғи су немесе өңделгеннен кейiн сумен жабдықтау жүйелерi арқылы берiлетiн су;
      3) бақылау құдығы - тұтынушының сарқынды суларының сынамасын iрiктеуге және оның көлемiн есепке алуға арналған оның су бұру жүйесiне қосылуы алдындағы тұтынушының су бұру желiсiндегi соңғы құдық
      4) есепке алу аспабы - нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгiлi бiр уақыт аралығы iшiнде физикалық шама бiрлiгiн жаңғыртатын және сақтайтын әрi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммерциялық есепке алу үшiн қолдануға рұқсат  етiлген су көлемiн өлшеуге арналған техникалық құрал;
      5) есепке алу аспаптарын тексеру - есепке алу аспаптарының жай-күйiн тексеру, оның техникалық талаптарға сәйкестiгiн анықтау және растау, көрсеткiштерiн алу, сондай-ақ су өлшеу торабындағы пломбалардың бар-жоғын және тұтастығын анықтау үшiн қызмет көрсетушiнiң өкiлi орындайтын операциялар жиынтығы;
      6) есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру - есепке алу аспаптарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау және растау мақсатында мемлекеттiк метрологиялық қызмет немесе басқа да аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
      7) қосалқы тұтынушы - меншiгiнде немесе өзге де заңды негiзде тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне қосылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерi бар және оның жүйелерiн шарт негiзiнде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      8) қызмет көрсетушi - сумен жабдықтау мен су бұрудың толық технологиялық үдерiсiн жүзеге асыратын және тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызметтер көрсету мақсатында елдi мекеннiң сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн пайдаланатын, сондай-ақ тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң жай-күйiне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын, тұтастай алғанда елдi мекеннiң сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң дамуын реттейтiн және бақылайтын су шаруашылығы ұйымы (сумен жабдықтау және су бұру кәсiпорны)
      9) оқшау тазарту құрылыстары - тұтынушының өзiнiң сарқынды суларын су бұру жүйесiне ағызу алдында оларды тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;
      10) пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы - тараптардың келiсiмiмен белгiленетiн мiндеттер (оларды пайдалану жауапкершiлiгi) белгiсi бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерi элементтерiнiң бөлу сызығы. Мұндай келiсiм болмаған кезде пайдалану жауапкершiлiгiнiң шекарасы теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасы бойынша белгiленедi;
      11) су бұру желiлерi - су бұруға арналған құбыржолдар, коллекторлар, арналар және олардағы құрылыстар жүйесi;
      12) су бұру жүйесiне шығару - ғимараттан немесе құрылыстан су бұру желiсiндегi бiрiншi құдыққа дейiнгi құбыр;
      13) су құбырын енгiзу - қосылу нүктесiндегi тиектi арматурасы бар құдықты қоса алғанда, ғимараттағы бiрiншi ысырмаға дейiнгi сумен жабдықтаудың тарату желiсiндегi құбыр;
      14) су тұтыну нормасы - нақты елдi мекендегi бiр адамның, жеке қосалқы шаруашылық жануарларының тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыруға немесе суармалы ауданның бiр бiрлiгiне арналған судың есептiк мөлшерi;
      15) суды тұтыну (су бұру) лимитi - белгiлi уақыт кезеңiнде тұтынушыға белгiленген су тұтынудың (су бұрудың) ең жоғарғы көлемi;
      16) сумен жабдықтау желiлерi - сумен жабдықтауға арналған құбырлар мен олардағы құрылыстардың жүйесi;
      17) теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасы - меншiктiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару белгiсi бойынша иеленушiлер арасындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң элементтерiн бөлу сызығы;
      18) тұтынушы - меншiгiнде немесе өзге де заңды негiзде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерi бар, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне қосылған және қызмет көрсетушiнiң сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi қызметтерiн шарт негiзiнде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.
      3. Тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызметтер корсету үзiлiссiз жүзеге асырылады. Сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызметтер көрсету режимiн шектеу және реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      4. Ауыз сумен жабдықтау жөнiнде қызметтер көрсету кезiнде халықты қажеттi мөлшерде және кепiлдендiрiлген сапада ауыз сумен қамтамасыз ету басымдылығы белгiленедi.
      5. Тұтынушылардың қызмет көрсетушiнiң техникалық шарттарын бұзу арқылы немесе олар болмаған кезде қосылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн, сондай-ақ осы Ереженiң 9-тармағында белгiленген шартты жасасу мерзiмi аяқталғаннан кейiн тұтынушы заңды тұлғалардың сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi қызметтерге шартсыз пайдаланылатын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалануға беруге жол берiлмейдi.
      6. Тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi көрсетiлген қызметтердiң көлемiн анықтау су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң көлемiн есептеу әдiстемесi бойынша жүзеге асырылады.

2-тарау. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану тәртiбi

§ 1. Сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi қызметтердi көрсету, шектеу және тоқтату тәртiбi

      7. Сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген үлгi шартқа сәйкес жасалған қызмет көрсетушi мен тұтынушы арасында жасалған шарт негiзiнде көрсетiледi.


      8. Тұтынушы жеке тұлғамен жасалған сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған шарт - ол сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне алғаш қосылған сәттен бастап жасалған болып саналады.
      9. Тұтынушы заңды тұлғамен жасалған сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған шарт тұтынушының қызмет көрсетушiнiң техникалық шарттарының талаптарына жауап беретiн сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалануға берген сәттен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде жасалады.
      10. Тұтынушы заңды тұлғамен жасалған сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған шарттың қолданылуы  пайдалануға берiлген сәттен бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерiн нақты пайдаланатын бүкiл мерзiмге таралады.
      11. Қызмет көрсетушiмен сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасу үшiн тұтынушы заңды тұлға:
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдары орындаған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң сыртқы желiлерi мен құрылыстарының орындаушы түсiрiлiмiн;
      тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасын көрсету схемасын;
      қосылатын объектiнi пайдалануға беру туралы мемлекеттiк актiнi;
      қосалқы тұтынушылар мен олардың сумен жабдықтау және су бұру объектiлерi туралы деректердi (олар болған жағдайда);
      қосалқы тұтынушылардың су тұтыну және су бұру көлемдерi туралы мәлiметтердi (олар болған жағдайда);
      су тұтынуды және су бұру көлемдерiн есептеу үшiн негiз болып табылатын деректердi ұсынады.
      Өнiмiнiң құрамына сумен жабдықтау жүйесiнiң суы кiретiн, суды кәсiпорынның технологиялық мұқтаждықтары үшiн пайдаланатын, оқшау тазарту құрылыстары бар кәсiпорындар осы тармақта көрсетiлген талаптармен қатар қызмет көрсетушiге:
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдары орындаған елдi мекеннiң су бұру жүйесiне шығарулары көрсетiлген су бұру желiсiнiң iшкi алаңдық орындаушы түсiрiлiмiн;
      оқшау тазарту құрылыстарының оларды салуды жүзеге асырған ұйым жасаған орындаушы түсiрiлiмiн;
      ластаушы заттардың орташа және жоғарғы көлемi бойынша су бұру жүйесiне шығарулардағы оқшау тазарту құрылыстарынан өткенге дейiнгi және одан кейiнгi сарқынды сулардағы зиянды заттардың жол берiлетiн шоғырлануының жобалық шамасын;
      пайдаланатын судың және ағызатын сарқынды судың қажеттi мөлшерi мен сапасы негiзделген түсiндiрме жазбаны ұсынады.
      12. Тұтынушы заңды тұлғаның сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасуға өтiнiмiн алған кезде, сондай-ақ, тұтынушы объектiлерi туралы деректердiң өзгерiстерi туралы жазбаша хабарлаған кезде қызмет көрсетушi бес жұмыс күнi iшiнде тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне тексеру жүргiзедi.
      13. Объект жаңа иеге көшкен кезде тұтынушы сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi қызметтердi көрсетуге арналған шарт жасасу үшiн меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеген сәттен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде қызмет көрсетушiге жүгiнедi.
      14. Тұтынушы заңды тұлғамен шарт жасасқан кезде қызмет көрсетушi оған мынадай қосымшаларды толтырады:
      екi жақ та қол қоятын қызмет көрсетушi мен тұтынушының пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы актiсiн;
      тұтынушының объектiлерiн тексеру деректерi негiзiнде жасалған су тұтыну көлемiнiң есебiн;
      су бұру жүйелерiне ағызуға жол берiлетiн су бұру көлемiнiң есебiн;
      Қазақстан Республикасының экологиялық және су   заңнамасының талаптарына сәйкес есептелген тұтынушының су бұру жүйесiне ағызуға жататын сарқынды сулардың сапалық құрамын.
      15. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде мыналарға:
      сумен жабдықтау және су бұру желiлерiнiң және олардың құрылыстардың үстiне әр түрлi материалдар мен заттарды қоюға, қоқыс жинауға;
      сумен жабдықтау және су бұру желiлерiнiң және олардағы құрылыстардың үстiне тұрақты немесе уақытша құрылыстар тұрғызуға;
      қызмет көрсетушiмен келiспей сумен жабдықтау және су бұру желiлерiнде жұмыс iстеуге;
      су төгiле тұрақты ағуы үшiн iшкi су құбырының жүйесiндегi шүмектi ашуға;
      тiке ағатын схема бойынша жабдықты суыту үшiн ауыз суды пайдалануға;
      су тарту құдықтарының жанында үй жануарларын суғаруға, кiр жууға, автомашина мен тұрмыстық заттарды жууға, оларға құбырларды және шлангiлердi қосуға, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына қайшы келетiн басқа да iс-қимылдарды жүргiзуге;
      су тарту бағандарына және өрт сөндiру гидранттарына уақытша су құбыры желiлерiн қосуға;
      су бұру желiлерiне қар және мұз қиыршықтарын тастауға жол берiлмейдi.
      16. Сумен жабдықтаудың уақытша желiлерiн 1 жылға дейiнгi мерзiмге пайдалануға жол берiледi.
      17. Ауыз суды жасыл желектердi суаруға, аумақтарға, жолдарға, тротуарлар мен өтпе жолдарға себуге, көшелердi және алаңдарды жууға пайдалану кезiнде арнайы су пайдалануға рұқсатқа сәйкес суару уақытын, тұтынушы орнататын арнайы суару құрылғыларын қосу немесе су алу пункттерiнiң орнын қызмет көрсетушi белгiлейдi.
      Бұл ретте суару үшiн су жеткiзетiн желiлер сумен жабдықтау желiлерiне қосылатын жерде есепке алу аспаптарымен және жабу вентилiмен жарақтандырылады.
      18. Жаңадан салынған сумен жабдықтау жүйелерiн, сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүргiзiлген сумен жабдықтау жүйелерiн шаю және дезинфекциялау жүргiзiлгеннен кейiн пайдалануға жол берiледi.
      19. Су бұру жүйесiне ағызылатын сарқынды сулар елдi мекеннiң тазарту қондырғыларында тазартылуға жатады және тазарту қондырғыларының персоналы үшiн қауiп тудырмауы тиiс.
      20. Өндiрiстiк сарқынды суларды ағызатын тұтынушылардың тұрғын үйлерге (тұрғын ғимараттарға) жапсарлас салынған үй-жайлары су бұру жүйесiне дербес шығарумен жабдықталады.
      21. Жаңадан салынған сумен жабдықтау және су бұру желiлерiн елдi мекеннiң сумен жабдықтау және су бұру желiлерiне қосу жөнiндегi жұмыстарды және оларды пайдалануға берудi қызмет көрсетушi орындайды немесе оның техникалық қадағалауымен орындалады.
      22. Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн қайта құру қызмет көрсетушiнiң келiсiмi болған жағдайда жүргiзiледi. Қызмет көрсетушi он жұмыс күнi iшiнде пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы актiсiне, тұтынушының су тұтыну және су бұру көлемiнiң есебiне тиiстi өзгерiстер енгiзедi.
      23. Есепке алу аспаптарына дейiн қосылған өртке қарсы гидранттар мен крандарды, сондай-ақ тұтынушының су өлшеуiш торабында айналма сызық болған жағдайда ондағы тиектi арматураны қызмет көрсетушiнiң өкiлi жабық күйiнде пломбалайды.
      24. Өрт сөндiру жағдайларынан басқа, қызмет көрсетушiмен келiспей айналма сызықтың тиектi арматурасынан, өрт гидранттары мен крандарынан пломбаны алуға жол берiлмейдi.
      25. Қызмет көрсетушi тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне жоспарлы тексерулер және одан ағатын суларға талдаулар жүргiзедi.
      26. Тұтынушы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн тексеруге, есепке алу аспаптарын және айналмалы желi пломбаларын тексеруге, бақылау құдықтарынан сынама алу үшiн, сондай-ақ тұтынушының аумағы арқылы өтетiн сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн тексеруге және пайдалану жұмыстарын жүргiзуге қызмет көрсетушiнiң өкiлдерiнiң кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
      27. Қызмет көрсетушiнiң өкiлi тексеру уақытында жасалған әрекеттер мен тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану тәртiбiн бұзудың анықталған фактiлерi туралы екi жақ қол қоятын тиiстi актi жасайды.
      Тұтынушы немесе оның өкiлi қол қоюдан бас тартқан жағдайда, актiге қызмет көрсетушiнiң өкiлi және су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы өңiрлiк органның өкiлi (қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдардың және мемлекеттiк  санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау   органының өкiлдерi - олар болған жағдайда) қол қояды.
      Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн тексерудi, су сынамаларын алуды жүргiзу және оның құзыретiне кiретiн өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруы үшiн қызмет көрсетушiнiң өкiлдерiн жiбермеуi туралы актiлерге тұтынушы (оның өкiлi) қол қоюдан бас тартқан кезде қызмет көрсетушiнiң өкiлi қол қояды.
      28. Тұтынушы пайдаланып жүрген сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiндегi пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы шегiнде ауыз судың, қоршаған ортаның ластануына, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiндегi жұмыстың бұзылуына және халықтың денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн барлық бүлiнулер немесе ақаулар туралы қызмет көрсетушiге тез арада хабарлайды.
      29. Қызмет көрсетушi бiр тәулiк iшiнде ауыз сумен жабдықтау су көзiндегi су сапасының нашарлау жағдайлары, сумен жабдықтау және су бұру желiлерiндегi авариялар туралы су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы өңiрлiк органдарды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарды , мемлекеттiк өртке қарсы қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын хабардар етедi.
      30. Қызмет көрсетушi мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына сумен жабдықтау желiсi учаскелерiндегi авариялық немесе жоспарлы сөндiрулерден туындаған су арынының болмауынан немесе жеткiлiксiз болуынан өрт сөндiру гидранттарын пайдаланудың мүмкiн еместiгi туралы хабарлайды.
      31. Қызмет көрсетушi тұтынушыға кемiнде үш күнтiзбелiк күн iшiнде хабарлай отырып, сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызметтер көрсетудi мынадай жағдайларда:
      1) қызмет көрсетушiнiң тұтынушы қосылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне жоспарлы алдын ала жөндеу, қызмет көрсету, сумен жабдықтау желiлерiн зарарсыздандыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзгенде, сондай-ақ жаңа сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн қосу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзгенде;
      2) тұтынушы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi қызметтерге арналған шарт бойынша толық көлемде ақы төлемегенде;
      3) тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң техникалық жай-күйi қанағаттанарлықсыз болғанда және қызмет көрсетушiнiң анықталған ақауларды және бұзушылықтарды жою жөнiндегi жазбаша талаптарын орындамағанда iшiнара немесе толық тоқтатады.
      Осы тармақта көзделген негiздер бойынша сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызметтер көрсетудi iшiнара немесе толық тоқтату басқа тұтынушыларға қызметтер көрсету сапасына әсер етпеуi тиiс.
      Осы тармақта көзделген негiздер бойынша сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызметтер көрсету қайта жаңғырту (көлемдердi қалпына келтiру) қызметтердi iшiнара немесе толық тоқтатуға әкеп соққан бұзушылықтарды немесе жұмыстарды жойғаннан кейiн жүргiзiледi.
      32. Қызмет көрсетушi бiр тәулiк iшiнде сыртқы немесе iшкi өртке қарсы су құбырының желiсi бар объектiлерге сумен жабдықтау жөнiнде қызметтер көрсетудi тоқтату жағдайлары туралы мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын хабардар етедi.
      33. Қызмет көрсетушi тұтынушының келiсiмiнсiз және оған ескертусiз, бiрақ оны дереу хабарландыру арқылы мынадай жағдайларда сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызметтер көрсетудi iшiнара немесе толық тоқтатады:
      1) сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн энергиямен жабдықтау авариялық тоқтатылғанда;
      2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiндегi аварияда.
      Осы тармақта көзделген негiздер бойынша сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызметтер көрсетудi толығымен тоқтату кезiнде қызмет көрсетушi тұрақты режимде сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде қызмет көрсетудi қайта қалпына келтiру сәтiне дейiн олардың коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшiн халықты уақытша сумен жабдықтауды ұйымдастыру (су әкелу) жөнiнде шаралар қабылдайды.
      34. Тұтынушының қызметiн тоқтату, оның құқықтық мәртебесiнiң өзгеруi немесе объектiнi сатуы туралы тұтынушы қызмет көрсетушiге кемiнде жетi күнтiзбелiк күн бұрын хабарлайды және сумен жабдықтау және су бұру жөнiнде көрсеткен қызметтерi үшiн толық есептеседi.

§ 2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiндегi пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасын анықтау тәртiбi

      35. Қызмет көрсетушi мен тұтынушы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне қызмет көрсетедi және әрқайсысы өз пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы шегiнде олардың қалыпты техникалық жағдайын қамтамасыз етедi.


      36. Пайдалану жауапкершiлiгi:
      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн тиiстi техникалық жағдайда ұстап тұруды қамтамасыз етудi;
      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң тұтастығын қамтамасыз етудi;
      жыл бойы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнде жоспарлы-ескерту жұмыстарын жүргiзудi;
      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн қысқы маусымға дайындау жөнiндегi iс-шараларды;
      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнде жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргiзудi;
      аварияларды жою және судың жайылып кетуiн жоюды;
      су бұру жүйелерiне ағызатын сарқынды сулардың сапасын бақылауды;
      аварияларды, техникалық шығындарды және суды ұтымсыз пайдалануды төмендету жөнiндегi iс-шараларды;
      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнде жүргiзiлген жұмыстардан кейiнгi бұзылған тұрмысқа жайлылықты қалпына келтiрудi қамтиды.
      37. Тұтынушы пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы шегiнде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң, өртке қарсы жүйелердiң, жабдықтардың, арматураның және су өлшеу тораптарының қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етедi және мынадай жұмыстарды:
      судың анық және жасырын жайылуын жоюды;
      құбырлар мен жабдықтардың авариялық учаскелерiн жөндеудi немесе ауыстыруды;
      жазғы кезеңде орнатылған барлық уақытша сумен жабдықтау желiлерiн ағытып тастауды;
      есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн кедергiсiз алу мүмкiндiгiн қамтамасыз ете отырып, су өлшеу торабын қатып қалудан қорғауды;
      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерi орналасқан үй-жайлардың жеткiлiктi жылумен оқшаулануын қамтамасыз етудi;
      шатыр асты үй-жайларда төселген сукернеуiш бактарды және құбырларды жылытуды;
      қосарланған қақпақтардың орнатылуын қамтамасыз етудi немесе су өлшеуiш камералар мен өртке қарсы гидранттары бар құдықтардағы қақпақтарды жылытуды;
      ғимараттардың iшкi сумен жабдықтау және су бұру желiлерiнде құбырлардың жапсарларының герметикалығын тексерудi, олардың босаңдығын жоюды, тексерулер мен тазартуларды жабуды, үй-жайлардың және қоршаған ауаның керi температуралы учаскелерiнде пайдаланылатын құбырларды жылытуды жүзеге асырады.
      38. Қызмет көрсетушi мен жеке меншiк тұрғын үйдiң иесi немесе заңды тұлға болып табылатын тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру желiлерi арасындағы теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасы болып елдi мекеннiң сумен жабдықтау және су бұру жүйесiне қосылған жердегi құбырға ұштасу болып табылады.
      39. Мыналар:
      сумен жабдықтау бойынша - ғимаратқа су құбырын енгiзудегi бiрiншi ысырманың бөлушi фланецi;
      су бұру бойынша - елдi мекеннiң су бұру желiлерiне қосылатын жердегi құдық кондоминиум объектiлерiнде пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы болып табылады.
      40. Мыналар:
      сумен жабдықтау бойынша - тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) сыртқы қабырғасы;
      су бұру бойынша - елдi мекеннiң су бұру желiсiне құдықпен түйiсу орнына шығаруы кондоминиум объектiлерiнде теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасы болып табылады.
      41. Кондоминиумға қатысушылардың жалпы үлестiк меншiгi болып табылатын үйге ортақ желiлердi тиiстi техникалық жағдайда ұстауды және қауiпсiздiгi мен сақталуын қамтамасыз етудi кондоминиумның басқару органы, кондоминиум тiркелмеген жағдайда жалпы үлестiк меншiк иелерi жүзеге асырады.
      42. Сумен жабдықтау және су бұру желiлерiне, құрылыстарға, жеке және үйге ортақ есепке алу аспаптарына қызмет көрсетуге арналған шарттарды тұтынушылар немесе кондоминиумның басқару органдары қызмет көрсетушiмен немесе қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға тиiстi лицензиялары бар басқа да тұлғалармен жасасады.
      43. Кондоминиумның басқару органы (жалпы үлестiк меншiк иелерi) қызмет көрсетушi пайдаланатын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң бiр бөлiгiне қызмет көрсету үшiн қызмет көрсетушiнiң қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.

§ 3. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде суды есепке алуды ұйымдастыру тәртiбi

      44. Есепке алу аспаптарын бастапқы орнатуды қызмет көрсетушi немесе қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар басқа ұйым тұтынушымен жасалған жеке шарт негiзiнде жүзеге асырады.


      45. Тұрғын үйлерге (тұрғын ғимараттарға) жапсарлас салынған үй-жайлар теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасында есепке алу аспаптарымен жабдықталады.
      46. Есепке алу аспаптары орнатылатын үй-жайларда 5 о С-тан төмен емес температурамен ұстап тұрады, жарықтандыру және материалдық құндылықтар сақталатын жерлерден оқшаулау көзделедi.
      47. Есепке алу аспабын орнатуға сумен жабдықтау желiлерiнiң су өлшеуiш торабына дейiн шайғаннан кейiн жол берiледi.
      Есепке алу аспабын орнату кезiнде әзiрлеушi зауыттың есепке алу аспабының үлгiсi мен дәлдiк сыныбына байланысты техникалық талаптары сақталады.
      Қызмет көрсетушi есепке алу аспаптары орнатылуының техникалық талаптарға сәйкестiгiн тексередi.
      48. Тұтынушыға орнатылуға тиiс есепке алу аспабының шартты өтуiнiң диаметрi есептеу арқылы анықталады және қызмет көрсетушiмен келiсiледi.
      49. Тұтастығы бұзылған, бастапқы тексеру туралы бедерi жоқ есепке алу аспаптарын, сондай-ақ тексеру мерзiмi өткен есепке алу аспаптарын орнатуға және пайдалануға жол берiлмейдi.
      50. Коммерциялық есепке алу үшiн пайдаланылатын есепке алу аспабын қызмет көрсетушiнiң өкiлi пломбалайды.
      51. Тұтынушы есепке алу аспаптарының жұмысындағы барлық ақаулар мен бұзылулар туралы, сондай-ақ олардың пломбаларының жұлынуы немесе тұтастығының бұзылуы туралы қызмет көрсетушiге тез арада хабарлайды.
      52. Есепке алу аспабы қатардан шыққан жағдайда, тұтынушы жөнделген есепке алу аспабын орнатуды қамтамасыз етедi.
      53. Мерзiмдi салыстырып тексерудi мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң салыстырып тексерушiлерi жүргiзедi.
      54. Есепке алу аспабының салыстырып тексеруаралық интервалын техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      55. Есепке алу аспабы:
      салыстырып тексеруаралық интервалын түзету қажет болған;
      есепке алу аспабының қолдануға жарамдылығын растау қажет болған;
      салыстырып тексеру таңбасының, өзi жабысатын лейблдiң, пластикалық пломбаның бедерi зақымданған және есепке алу аспаптарының бастапқы немесе мерзiмдi салыстырып тексеруден, оның iшiнде олардың сақталуы кезiнде өткенiн растайтын құжат жоғалған;
      есепке алу аспабын немесе есепке алу аспаптары бар бұйымдарды консервациялауға қойылатын талаптарға байланысты есепке алу аспаптарына мерзiмдi салыстырып тексеру жүргiзiлмеген болса, сақтаудан кейiнгi есепке алу аспаптарын қолданысқа енгiзген;
      есепке алу аспаптарын, сондай-ақ есепке алу аспаптары жиынтығымен қолданылатын бұйымдарды қайта консервациялаған;
      есепке алу аспаптарын салыстырып тексеруаралық интервалының жартысы өткеннен кейiн ұзақ сақтауға берген;
      есепке алу аспаптарын салыстырып тексеруаралық интервал жартылай аяқталған соң әзiрлеушi сатпаған есепке алу аспабын тұтынушыға жiберген жағдайларда кезектен тыс салыстырып тексерiлуi тиiс.
      56. Қызмет көрсетушi үш айда кемiнде бiр рет тұтынушылардың есепке алу аспаптары көрсеткiштерiнiң дұрыс алынғандығын бақылайды.
      57. Есепке алу аспаптарын тексеру кезiнде қызмет көрсетушiнiң өкiлi олардың көрсеткiштерiн алады, қызмет көрсетушi пломбалаған су өлшеуiш торабының айналма сызығында және басқа құрылғыларда орнатылған есепке алу аспабында және ысырмадағы пломбалардың бар-жоғын және тұтастығын тексередi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет