Елецкий селолық округі әкімі С. О. Қасеновтің селолық округ тұрғындары алдында есеп беру Құрметті жерлестер!



Дата16.06.2016
өлшемі51.82 Kb.
#139731
Елецкий селолық округі әкімі С.О. Қасеновтің селолық округ тұрғындары алдында есеп беру
Құрметті жерлестер!
Қазақстан Республикасы Елбасының жарлығына сәйкес әкімдердің халық алдында кездесулері өтуде.

Олар бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеру кезінде өтіп жатыр.

2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә Назарбаев: «...Дағдарыстар қайталанатын болады, ал біздің мақсат – оны басқаруды үйрену....

Барша қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әлауқатының жақсаруы біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды үштұғырлы міндет болып қала береді... Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін біздің халқымыздың топтасқандығы қажет...» - деді. Елбасының қойған мәселелерін қалай жүзеге асып жатқанын аудан газеттерінде басылған аудан әкімі Е Т Айнабековтың халық алдындағы сөз сөйлеуінен көруге болады.

Қойылған мәселелерді шешуде біздің селолық округтің тұрғындары өз үлестерін қосуда:

Округтің аумағы 42612 га

2010 жылдың 1 қаңтарына дейінгі есеппен алғанда тұрып жатқан халық саны-726адам.

Округте халық орналасқан 5 елді мекен бар: ( Елецкое, Колесниковка, Междуозерное, Айыртауское, Кругловка.)

Егін шаруашылығымен айналысу келесі шарушылықтар қолында: Елецкое селолық округінде «Агрофирма «Жер-Ана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Елецкое» шаруашылығы 1 фермерлік шаруашылық және 1 шаруашылық қожалығы.

Округте егін отырғызу аумағы 6953га, мал жайылатын жер аумағы-7580га, шөп шабуға және басқа шаруашылықтарға арналған жер аумағы-2799га.

Барлығы -17332га. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары – бидай және арпа өсірумен айналысады.

Ауыл шарушылық кәсіпорындарында 10232 га егін шарушылығында, соның ішінде егістік жерлері -6922га, мал жайылатын жер көлемі-3310га.

2009 жылы егін шығымдылығы әр гектардан 16,1 центнер құрады. «Елецкое» шаруашылығы көлемі 3 га алқапта картоп отырғызды, шығымдылығы гектарынан 95,3 центнер құрады.

Тұрғын халықтың малын сабанмен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендердің жанындағы егістік жерлерде дәнді егін алқаптары сабан жинағыштары бар комбаиндармен орылды.

Округ аумағының 26216 га бөлігін «Көкшетау» МҰТП мемлекеттік мекемесінің Айыртау филиалының орман бөлігі алады. «Көкшетау» МҰТП ММ Айыртау филиалы ұжымы орман қорғауымен, орман мәдениеттік жұмыстарымен айналысады.

2010 жылдың 1 қаңтарына дейін алған есеп бойынша округте мал есебі: ірі басты малдар-732 бас, соның ішінде 357-сиыр, 109-жылқы, 660-қой және ешкі, 195-шошқа, 3412- құс құрайды.

Халықты шөп, жеммен қамтамасыз ету: «Агрофирма «Жер-Ана» ЖШС «Елецкое» шаруашылығы және «Көкшетау» МҰТП мемлекеттік мекемесінің Айыртау филиалының қолдарында.

2009 жылы ауыл шарушылығын дамытуға көмек көрсететін қаржылық қор біздің селолық округке мал алу үшін 440 мың теңгн сомасында несие бөлді.

Елецкое селолық округінде малды қолдан тұқымдау пункті бар және барлық қажетті құралдармен жабдықталған.

Округте 4 дүкен және 4 үй ішінде сататындар бар.

Елецкое селосында 106 балла оқитын мектеп жұмыс істейді. Елецкое орта мектебінің мұғалімдері және оқушылары мәдениет және спорттық өмірге үлес қосуда. Елецкое орта мектебі ішінде интернат орналасқан. Мемлекет тарапынан білім беру саласына, жас буынның тәрбиесіне баса назар аударылып, көп көңіл бөлініп отырғанына биылғы жылы орта мектеп жанында шағын орталық ашылғаны, мектеп жанындағы интернатқа «Газель» автокөлігі берілгені куәлік етеді. Балаларды мектепке әкелуді «Көкшетау» МҰТП ММ Айыртау филиалы тегін жүзеге асырады.

Ауданның бюджеттік қаражатына 2009 жылы Елецкое орта мектебінің шатырына күрделі жөндеу жүргізілді.

2009 жылы «Агрофирма «Жер-Ана» ЖШС басшылығымен бұрынғы асхана ғимаратының қайта құру жұмыстары жасалды..

Селолық округте 3 медициналық қызметкер жұмыс істейді. «Агрофирма «Жер-Ана» ЖШС «Елецкое» шаруашылығының кеңсесінде полициялық пункт орналасқан және 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді.

Селолық округте 12 адам санағында 2 оралман отбасы тұрады. Соның ішінде 5 адам жұмысқа жарамды және 2 жұмысқа орналастырылған.

Жыл басынан санағанда 5 адам қоғамдық жұмысқа тартылған, 2 әлеуметтік орын құрылды.

2009 жылы аудандық бюджеттік қаражатына Петропавл қаласында екі адам аспазшылық курсын оқып шықты.

2009 жылдың 1 қаңтарына дейінгі есеп бойынша селолық округте 4 аз қамтылған отбасы тұрады.

2009 жылы атаулы әлеуметтік көмек үшін 2 отбасы жүгінді. 44900 мың теңге төленді. Азық-түлік бағасы қымбаттауына байланысты аз қамтылған 1 отбасына 14,0 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

Округ бойынша 366,9 мың теңге сомасында 14 жанұяға мемлекеттік жәрдемақы төленді.

Округте ардагерлерге, зейнеткерлерге және мүгедектерге көп көңіл бөлінеді. Мысалға «Алтын Алқа» иелері - көп бала аналары Бекентаева Ажар Мұқамедиқызы және Зволь Надежда Ильинична Астана авиатурына қатысты.

Округте ҰОС үш ардагері тұрады: Ивановский Николай Андреевич, Греков Александр Федрович және Терновой Иван Михайлович. Олар барлық қоғамдық іс-шараларға қатысады, жастармен өз өмірлік тәжірибесімен бөліседі. Селолық округ ұжымдары мен кәсіпорындарында Қарттар күні еңбек ардагерлерін құметтеу жақсы дәстүрге айналды. Барлығы 2009 жылы зейнеткерлер мен мүгедектерге 359684 теңге сомасында түрлі көмек көрсетілді.

Селолық округте елді мекендерді көріктендіру жөнінде айқындалған жұмыстар өткізілуде. Ұдайы селолық жиындарда басқа мәселелер мен қатар аулаларда тазарту жұмыстарын жүргізу мәселесі талқыланады.

2009 жылы «Агрофирма «Жер-Ана» ЖШС көмегімен көріктендіру және санитарлық тазарту жұмыстарына аудан бюджетінен бөлінген сомасы 240 мың тенге қаражат игерілді. Көріктендіру жұмыстарына Елецкий орта мектебі, «Агрофирма «Жер-Ана», «Көкшетау» МҰТП ММ Айыртау филиалы ұжымдары, селолар тұрғындары көп үлестерін қосады.

Қоғамдық жұмысшылары, селолық округ әкімі аппаратының қызметкерлері, «Елецкое» шаруашылығының күштерімен 3 аялдаманың, Кругловка селосы жанындағы бұлақ маңының көріктендіру жұмыстары, авариялық жағдайдағы ғимараттар бұзу жұмыстары жүргізілді. Елецкое-Колесниковка жолының тегістеу жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша өткізілген көріктендіру жөніндегі үшайлықтың нәтижесі бойынша біздің округ 3-ші орынға ие болып аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2009 жылы «Жол картасы» бойынша Саумалкөл-Светлый жолында ағымды жөндеу жұмыстары жасалды.

Халықты сумен жабдықтау 12 ұңғыма және 7 құдық арқылы жүзеге асады және алынатын су барлық стандарттарға сәйкес. Көктемде медициналық қызметкерлердің қарауымен су құбырларын дезинфекциялау, бөлмелерді ақтау, қажетті жерлерді тазалау жұмыстары жүргізіледі.

2009 жыл ішінде жергілікті бюджетке салық жинау 100% Салық түсуінің мониторингі жүргізіліп отырады.

Есеп беру мерзімі ішінде селолық округ әкім аппаратына жеке тұлғалардан анықтама және ақпарат алу үшін 475 сұрау салу және өтініш түскен. Барлығына жауап заңмен берілген мерзімде қайтарылды.

Өткен жылы аудан әкімінің есеп беру кезінде округ елді мекендерінде телефон жүесінің сапасын жоғарлату туралы сауал қойылған. Қазіргі кезде округте екі АТС бар, 150 нөмірді қамтиды. 2009 жылы Колесниковка, Междуозерное, Кругловка селоларында абонент желісі радиожетімділік арқасында кеңейтілді. Қазіргі кезде «КаР-Тел» ЖШС Сырымбет селосының маңындағы жанартауында орналасқан «Билайн» ұялы байланыс антеннасын іске қосты, ол барлық селолық округті тұрақты мобилді байланыспен қамтамасыз етеді.



2010 жылы шаруашылық субъектілердің басшылықтарымен бірлесіп бізідің округтің селоларын көріктендіру және жарықтандыру жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз.

Сонымен; алдымыздағы 2010 жылы округ халқы тұрмысының сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу үшін біздің алдымызда әлі көп жұмыстар бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет