Элективті пәндер каталогы



бет1/13
Дата03.07.2016
өлшемі490.5 Kb.
#173960
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті



3 –деңгейлі СМЖ құжаты

Баспа № 1 ______ 2012 ж.



Ф 042-05.1.10.03-2011-01


Элективті пәндер каталогы








«БЕКІТЕМІН»

Оқу ісі жөніндегі

проректор _________ Б. Рскелдиев

«____» ___________ 2012 ж.




ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ



Мамандығы 5В050900 – «Қаржы»


№ р/с

Пән

коды


Цикл және пәндер атауы

Пәннің қысқаша мазмұны



1

2

3


Базалық пәндер – 44 кредит


1

ЕММ 0201

Экономикалық математикалық модельдеу

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Экономикалық есептердегі математикалық модель ұғымымен, олардың құрылуы және алынған нәтижесінің талдауымен, модельдеу принциптері мен экономикалық есептерді шешудің математикалық әдістерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Модельдерді құру. Сызықты программалау есептері. Сызықты программалау есептерін шешу әдістері - графикалық, симплекстік, М-әдіс (жасанды базис әдісі). Сызықты программалаудың қосалқы есебі. Қосалқы бағалардың оңтайлы жоспарының экономикалық қасиеттері. Транспорт есебі. Тірек жоспарын анықтау әдістері: солтүстік-батыс бұрышы әдісі, ең кіші элементтер әдісі, Фогельдің аппроксимациясы әдісі. Транспорт есебі. Табылған тірек жоспарын оңтайлылыққа тексеру. Потенциалдар әдісі. Ойындар әдісі. Экономикалық есептерді динамикалық программалау әдістерімен шешу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Экономикада қолданылатын экономикалық-математикалық әдістер мен модельдерді білу.

Икемділік: экономикалық математикалық модельдерді құру мен талдаудың қазіргі әдістерін экономикалық процестердің ерекшеліктерін есепке ала отырып қолданы білу.

Дағды: Экономикалық есептерді шешуде математикалық әдістерді қолдана білу дағдысының болуы.
Құзіреттілігі: Экономикалық жүйелерді математикалық модельдеудің әдістерін білудегі білімін экономикалық жүйелердің дамуы мен басқаруын болжауда, алған білімдерін тәжірибеде қолдана алуына негіз ретінде көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Е. Сергиенко

2

EAZhT 0202

ЭАЖ-дағы жаңа технологиялар

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит – 65 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Экономикалық ақпараттық жүйелердің құрылымын және олардың экономикалық салаларда қолдануын зерттеу; ақпараттық технологияларды құруының теориялық негіздерін меңгеру; берілген пәндәк саласының есептерін шығарудың практикалық дағдыларын үйрету

Қысқаша мазмұны: Ақпараттық жүйелерге кіріспе. Ақпараттық ортадағы басқару құрылымының ролі. Ақпараттық жүйелер құрылымы және классификациясы. Ақпараттық жүйелер классификациясы. Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер. Экономикалық ақпараттық жүйелердің жаңа технологияларына кіріспе. Ақпараттық технологиялар дамуының тенденциясы. Ақпараттық жүйелер жобалау әдістемесі. Қаржы-экономикалық ақпараттық жүйелер. Банктік ақпараттық жүйелер. Қор нарығының автоматтандырылған жүйелері. Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Экономикалық ақпараттық жүйелердің құру негізін, функционалдау, жобалау және қолдану, ақпараттық технологияларды құрудың теориялық негіздерін, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды және оларды кәсіпорынды басқаруда тиімді қолдану әдістерін білу.

Икемділік: Экономикалық есептерді шешуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдана білу.

Дағды: Берілген пәндік сала есептерін жаңа ақпараттық технологияларды қолдану көмегімен шешу дағдаларын қалыптастыру.

Құзіреттілігі: Ақпараттық технологиялар құрудың теориялық негіздерін білу және оларды кәсіпорын басқаруында тиімді қолдану ептілігін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Оразаева А.Р.



3

KMN 0203

Компьютерлік модельдеу негіздері

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит – 65 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Модельдеу теориясының негізін оқу, әртүрлі классты математикалық модельдерді құру дағдыларын, модельдермен компьютерде эксперимент жасау, берілген пәндік сала есептерін шешудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Компьютерлік модельдедің негізгі принциптері. Модельдер классификациясы, модельдер құру технологиясы. Кездейсоқ заңдылықтарды имитациялау әдістері. Мәліметтерді интепретациялау. Модельдеудің нәтижелерін талдау және өңдеу. Массалық қызмет көрсету жүйелерін модельдеу. Петри жүйелерін модельдеу. Үздіксіз жүйелер модельдеу әдістері. Әлеуметті-экономикалық жүйелерді модельдеу. Өндірістік процестерді модельдеу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Компьютерлік модельдеу элементтерін, мақсатын, модельдеудің құрылымын және модельдермен амалдарды білу.

Икемділік: Модельдер құра білу, компьютерлік модельдеу элемент-терімен жқмыс жасау.

Дағды: Модельдеуді практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттілігі: Компьютерлік модельдеудің теориялық негіздерін білу, білімдерді практикада қолдану мүмкіндіктерін, модельдеудің программалық құралдарын тиімді қолдану дағдыларын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Карымсакова И.Б.

4

EEMMP 0204

ЭЕМ есептеулеріндегі математикалық программалау

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Экономикалық мәселелерді зерттеу мен шешудің қазіргі әдістерін қолданбалы программалар пакетін мен ЭЕМ-ді қолдана отырып оқу.

Қысқаша мазмұны: Экономикадағы сызықты модельдер және оны шешу әдістері. Симплекс әдісі және оның түрлердірулері. ҚПП қолдану және ЭЕМ. Экономикадағы транспорт модельдері. Көпкезеңді транспорт модельдері. Тағайындау есебі. Экономикалық есептердің сызықты емес модельдері мен оны шешу әдістері. Графтардағы оңтайландыру (оптимизация) есептері. Экономикадағы динамикалық модельдер. Экономикадағы бұқаралық қызмет көрсету жүйелері. Желілік жоспарлау және басқару. Ойындар теориясы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Экономикалық есептерді шешудің математикалық әдістерін, экономикалық математикалық есептерді шешудің қолданбалы программалар пакетін білу.

Икемділік: Экстремальды есептердің математикалық модельдерін құра білу, шешудің белгілі әдістерін қолдану.

Дағды: Экономиканың белгілі бір есептеріне қолдана отырып, экстремальды есептерді шешу алгоритмін іске асыру дағдысының болуы.

Құзіреттілігі: Экономикалық есептерді шешудің математикалық әдістерін білуі мен алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу дағдысын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Е. Сергиенко

5

OAOZ 0205

Оптимизациялау әдістері және операцияны зерттеу

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Оптимизацияның математикалық теориясы аспектілері мен нақты әдістерде оны іске асыруды оқыту. классикалық вариациялық есептеулер әдістері мен оптимизацияның қазіргі әдістерін, автоматты басқарудың сызықты және сызықты емес зерттеулер әдістерін, басқару теориясы элементтері мен оптималды басқаруды оқыту.

Қысқаша мазмұны: Оптимизация әдістері. Сызықты программалау есептерінің мазмұнды қойылымы мысалы. Сызықты программалау есептерінің әр түрлі формалары. Сызықты программалау есептерін шешудің әдістері. Сызықты программалаудың қосжақты есептері. Сызықты емес программалау есептері. Дөңес программалау. Шартсыз оптимизациялау әдістері. Динамикалық программалау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Оптималды басқару есептерінің қойылымын, оптималдылық шарты мен максимум принципін, математикалық программалаудың жалпы шартын қалыптастыруды білу.

Икемділік: Оптимизациялық есептерді шешу жоспарын құруды, экстремальді есептердің математикалық моделін құруды, шешудің белгілі әдістерін пайдалануды білу.

Дағды: Экономиканың нақты есептеріне қолданылатын экстремальді есептерді шешу алгоритмін жүзеге асыру дағдысының болуы.

Құзіреттілігі: Оптимизацияның математикалық теория әдістерін білуі мен алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу дағдысын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А. Оразаева

6

MKZh 0206

Мәліметтер қор жүйелері

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит – 65 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Мәліметтер қорын құрудың теорилық негіздерін оқыту, мәліметтермен негізгі операциялармен, мәліметтерді іздеу және өңдеуді ұйымдастыру әдістерін, мәліметтерді сипаттау және басқарудың тілдік құралдары, мәліметтердің негізгі модельдерін құру және оларды мәліметтер қорларын басқарудың қазіргі жүйелерінде қолдануды оқу.

Қысқаша мазмұны: Мәліметтер қоры және МҚБЖ. Мәліметтер модельдері. Релляциялық алгебра. Мәліметтер қорын жобалудың негізгі этаптары. Инфологиялық модельдеу. Даталогиялық жобалау. Қатынастарды нормалау. Мәлеметтер қорын физикалық жобалау. CASE – технологиялар. Үлестірілген мәліметтер қоры. Жобалаудың арнайы мәселелері. Объектті-бағыттылған мәліметтер қоры. Нақты МҚБЖ бар ортада жұмыс.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Мәліметтер қорлары жүйелерін құру принциптерін, мәліметтермен негізгі операциялар, мәліметтер қорын жобалу негіздерін білу.

Икемділік: Уметь проектировать информационную модель конкретной предметной области, использовать современные СУБД для обработки баз данных, представлять данные с помощью различных моделей.

Дағды: МҚ актикалық жобалау және қазіргі заманғы МҚБЖ қолданып әртүрлі аппараттық платформаларда, әртүрлі пәндік салаларда ақпараттық қосымшаларды жобалау.

Құзіреттілігі: Мәліметтер қорын жобалаудың теориялық негіздерін білу, білімдерді практикада қолдана білу, қазіргі заманғы МҚБЖ тиімді қолдану дағдыларын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Оразаева А.Р.

7

ShMK 0207


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет