Элективті пәндердің каталогы 5В030100 «Юриспруденция» мамандығы Қарағанды – 2014-2015жж


Постреквизит: дипломалды және өндірістік практика



бет6/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#131932
1   2   3   4   5   6

Постреквизит: дипломалды және өндірістік практика


Мақсаты: экономика саласындағы қылмыстардың жекелеген түрлерінің проблемалық тұстарымен олардың саралануын зерттеу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономика саласындағы қылмыстардың ұғымы мен түрлері. Кәсіперлік және басқада экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар. Ақша несие саласындағы қылмыстар. Қаржы саласындағы қылмыстар. Сауда және қызмет көрсету саласындағы қылмыстар.Экономикалық қылмыстарды саралау мәселелері.

Салықтық қылмыстарды саралау мәселелері. Баптарды саралау: заңсыз кәсіпкерлік және азаматтардың көрінеу салық төлеуден жалтаруы. заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттармен басқада мүліктерді заңдастыруды саралаудың мәселелері.



Күтілетін нәтижелер: құқықтық нормалар мен теорияларды нақты практикалық ситуацияда қолдану және қажетті құқықтық ақпарат алудың тиімді жолын таба білу; экономикалық қылмыстарды белгілі бір саралау бойынша құқықтық қорытынды беруде деректермен мән жайларды заңдық дұрыс саралау; заңға сәйкес құқықтық шешімдер қабылдап, іс әрекеттер жасау; құқық бұзушылық фактілерін анықтап, ашу. жауапкершілік шараларын анықтау; бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге қажетті шаралар қолдану.

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: оқытушы Тапенова А.О.
Қылмыстық атқару құқығы

Пререквезиттер: Конституциялық құқық, ҚР Қылмыстық құқығы, Қылмыстық іс жүргізу құқығы;

Постреквизиттер: дипломалды және өндірістік практика

Мақсаты: ҚР Қылмыстық атқару құқығының даму тенденциясының негізінде әлеуметтік белгілердің нормативтік мазмұны туралы студенттердің ғылыми білімдерін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қылмыстық – атқару құқығының жалпы түсінігі; Түзеу әрекеттерін қолдану және жаза атқару; Жаза атқарушы тұлғалардың құқықтық жағдайы және сипаттамасы; Жаза атқарушы мекемелер мен органдардың және олардың персоналдарының жүйесі; Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты жаза атқару; Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару; Әртүрлі түрдегі түзеу мекемелерінің жаза қолдану ерекшеліктері; сотталған әскери қызметкерлерге қатысты, тәртіптік әскери бөлімшелерде ұсталған және қамалғандарға әскери қызметті шектеу түрі бойынша жаза қолдану; өмірбойы бас бостандығынан айыруды орындау. өлім жазасы түрінде жаза қолдану; жаза өтеуден босату; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әкімшілік қадағалау. шартты түрде босатылған тұлғаларға бақылау. жәбірленушілерді және сезіктілерді тергеу изоляторында ұстау.

Күтілетін нәтижелер: Жазаны атқару аумағында мемлекеттік саясаттың негіздерін білу, тәжірибелік қызметте өздерінің теориялық білімдерін қолдануды үйрену.

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: оқытушы Тапенова А.О.
«Шарттық құқық», 2 кредит

Пререквизит: «Рим құқығы», «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР азаматтық құқығы»

Постреквизит: дипломалды және өндірістік практика

Мақсаты: Шарттарды ресімдеу дағдысын қалыптастырып дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Шарттың санаты, постсоветтік құқықтағы орны мен маңызы. Шарт санаты мәселесі барлық салалар үшін жалпы түсінік ретінде. Қазіргі заманғы азаматтық-құқықтық шарт. Шарт еркіндігі: шектелу жағдайы. ҚР-сы Азаматтық Кодксіндегі жаңа шарт түрлері: кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты және табиғи монополия субъектілерінің оны қолдануы; рента шарты; рента шартыны үштүрлілігі. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты. Энергиямен қамтамасыз ету жағдайындағы шарттық қатынастар мәселелері: энергиямен қамтамасыз ету ойынша қатынастарының спецификалық ерекшеліктері. Неке шарты. Шарттық қатынастардағы жауапкершілік мәселелері.

Күтілетін нәтижелер: түрлі азаматтық құқықтық шарттар жасау, құқықтық құжаттар ресімдеуде заңдық ұғымдармен категорияларға сүйену және лингвистикалық білімін жетілдіру. Дауларды шешудің және заңдық техниканың балама тәсілдерін қолдану жолдарын іздестіру; заңдарға енгізілген жаңалықтарды біліп, дұрыс қортындылай білу.

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Ахтышхан Е.А.
«Халықаралық сауда құқығы», 3 кредит

Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «Халықаралық жария құқығы», «Халықаралық жеке құқығы», Кеден құқығы

Постреквизиттер: дипломалды және өндірістік практика

Мақсаты: студенттерді Халықаралық сауда құқығының теориялық материалдарын толық меңгеріп, оны практикада қолдана білуге үйрету, халықаралық сауда қатынасы саласындағы құқықтық құжаттарды дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда. Халықаралық сауда құқығының ұғымымен қайнар көздері. Халықаралық сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу. Аймақтық интеграциялық құрылымдардың сауда-экономикалық қатынастарының ерекшеліктері. Халықаралық сауда құқығының Субъектілері мен объектілері. Дүниежүзілік сауда ұйымы. ДСҰ жүйесіндегі халықаралық сауданың құқықтық негіздері. Халықаралық сауда мәмілелерінің жалпы сипаттамасы. Халықаралық сауда делдалдығы. Халықаралық сауда өкілдігі. Халықаралық есеп айырысу. Халықаралық несиелік аударымдар және аккредитив. Инкассо және банктік кепілдіктер. Халықаралық факторинг. Халықаралық қаржылық лизинг. Тауарларды халықаралық тасымалдау. Халықаралық коммерциялық мәмілелер жасасудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері. Халықаралық саудадағы франчайзинг.

Күтілетін нәтижелер: маңызын, халықаралық құқықта басшылыққа алынатын құқықтық ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру керек және конвенциялық құқық нормаларын қолдану тәртібін білуі қажет. Студенттер сауда саттық саласында тәжірибелік дағдыларға ие болып, сауда құжаттарын (халықаралық құқықтық шарттар,талап арызды, шешімді, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра білуі тиіс.

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Ахтышхан Е.А.
«Азаматтық-құқықтық құжаттарды толтыру бойынша практикум», 2 кредит

Пререквизиттер: Конституциялық құқық», «Азаматтық құқық», «Азаматтық іс жүргізу құқығы». Постреквизиттер: дипломалды және өндірістік практика

Мақсаты: Азаматтық-құқықтық құжаттарды толтыру бойынша практикум курсын оқытудың мақсаты болып студенттерге субъективтік құқықтарды нотариат арқылы қорғау нысанын реттейтін құқық нормаларының маңызын, азаматтық, шаруашылық және басқа қатынастарда заңдылықты нығайтудағы нотариаттың ролін, нотариаттық іс-әрекеттері жасау тәртібін, құқық нормалары мен оларды нотариат органдарының тәжірибеде қолдануының арасындағы тығыз байланысты түсіндіру болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық, отбасылық, шаруашылық, еңбек, конституциялық құқықтарын қорғау үшін талап арыздарын құрастыру.онных, Сот отырыстарының хаттамаларын, нақты құқықтық жағдайлар бойынша сот шешімдерін, бірінші инстанция сотының қаулыларын құрастыру. Нақты құқықтық жағдайлар бойынша сот шешімдерін, екінші инстанция сотының қаулыларын, аппеляциялық шағымдары мен наразылықтарын құрастыру. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өндіріс тәртібімен нақты құқықтық жағдайлар бойынша қадағалау шағымдары мен наразылықтарын құрастыру. Нотариат туралы заңнама тарихы. Мемлекеттік нотариаттың жеке нотариалдық конторлардың түсінігі мен міндеттері. Нотариалдық қызмет және оның кепілдіктері. Нотариат органдарының қызметін ұйымдастыру. Нотариустардың құқықтық жағдайлары. Мемлекеттік нотариаттың жеке нотариалдық конторлардың құзыреттері. Нотариальдық палата. Мәмілелерді куәландыру. Мұрагерлікке құқыққа куәлік беру. Қорғаушы нотариалдық әрекеттер. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер: Бұл арнайы курсты меңгеру азаматтық, жан-ұя құқығы, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік құқығы тәрізді пәндермен алынған білімдерге негізделеді, өйткені аталған пәндердің шегінде мемлекеттік органдардың жүйесі, субъективтік құқықтарды қорғау нысандары, сәйкес құқықтық қатынастардың мазмұны мен олардың субъектілері, құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылуы не оларды жарамсыз деп тану негіздемелері туралы мәселелер оқылады. Сотқа қарағанда нотариат азаматтық құқықтардың заңды бекітілуіне және олардың болашақта бұзылу мүмкіндігінің алдын-алуға бағытталған функцияны орындайды, яғни нотариаттың қызметі ескертуші сипатқа ие. Ендеше, нотариаттық қызметтің пәні – азаматтық құқық туралы дау болмайтын істер. Егер нотариаттық іс-әрекет жасау барысында мұндай дау туындаса, онда ол сотта қарастырылуы тиіс.

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: магистр Шошаева Л.С.
«Корпоративтік қатынастарды құжаттамалық қамсыздандыру», 2 кредит

Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «Конституциялық құқығы», «Әкімшілік құқығы», «Азаматтық құқығы», «Азаматтық іс жүргізу құқығы».

Постреквизиттер: дипломалды және өндірістік практика

Мақсаты: Корпоративтік қатынастарды жүзеге асыру барысында құқықтық сипаттағы құжаттарды рәсімдеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Студенттерді тәжірибелік қызметтерге дайындау.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Заңды тұлғаның қызметін негіздейтін құжаттар; Заңды тұлғаның құнды қағаздарын құжаттамалық қамсыздандыру; Заңды тұлғаның есеп айырысу шотын енгізумен байланысты құжаттар, заңды тұлғалардың локальдық актілері; еңбек ұжымының қатынастарын құжаттамалық рәсімдеу; Шаруашылық шарттар; Заңды тұлғаларды құқықтық қызмет көрсету; Заңды тұлғалар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; Сот актілерін қайт ақарау бойынша құжаттар

Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу барысында студент заңды тұлғаларды құру, қызметі мен жауапкершілігін реттейтін заңнаманың ерекшеліктері туралы білімін алу;

  • корпоративтік қатынастар түрлерін анықтаудың дағдыларына және тәжірибелік жағдайларды шешуде дағдыларға үйрену;

  • корпоативтік қызметті жүзеге асыру саласында қажетті ақпаратты талдау және таңдау қабілетін қалыптастыру, корпоративтік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу;

  • ақпараттарды презентацияар, локальды құжаттар түрінде ұсыну;

кәсіби өсуі мен кәсіби білімін үнемі жаңартудың қажеттілігін түсіндіру.

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Шошаева Л.С.
«Азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс әдістері», 2 кредит

Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «Конституциялық құқығы», «Әкімшілік құқығы», «Азаматтық құқығы», «Азаматтық іс жүргізу құқығы».

Постреквизиттер: дипломалды және өндірістік практика

Мақсаты: Бұл оқу курсын оқытудың мақсаты студенттердің құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысандарының институттары туралы білімдерін иелену; - арнайы органдардың – третейлік және төрелік соттарының, нотариаттың қызметін реттеудің қағидаларын зерттеу; - тәжірибемен, осы қызметті реттейтін құжаттар, нормативтік қайнар көздермен танысу; - азаматтық-құқықтық даулар мен оқиғаларды шешу барысында тәжірибеде пайда болатын мәселелерді зерттеу; - азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғаудың даму қарқынын ашу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі мен нысандары. Нотариат юрисдикциялық орган ретінде түсінігі. Нотариатты ұйымдастыру мен басқару. Нотариалдық іс жүргізу. Нотариалдық әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері. Мәмілелерді куәландыру. Қорғаушы нотариалдық әрекеттер. Төрелік процесі мен оның қатысушылары. Третейлік соттар. Арбитраждық және төрелік соттарының қаулыларын орындау. Медиация құқықтық дауларды шешудің балама әдісі ретінде. Медиация рәсімдері. Құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысандарының даму болашағы.

Күтілетін нәтижелер: Курсты оқудың нәтижесінде студент білуге тиіс: - құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысанын реттейтін құқық қайнар көздерін білуге; - даулы құқықтық қатынастың әрбір субъектісінің (третейлік судьяның, төрешінің, нотариустың, медиатордың) құқықтық жағдайы мен ролі туралы нақты көзқарасқа ие болу; қолданыстағы заңнама нормаларын талдау сонымен қатар теориялық білімдер негізінде тәжірибелік міндеттерді шешу;- азаматтық құқықтық дауларды соттан тыс тәртіппен шешу аясында қажетті ақпаратты жинау мен талдау қабілеті; - тұлғалық және кәсіби дамуындағы қажеттілік.

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Төлеубеков А.Т.
«Адвокатура», 2 кредит

Пререквизит: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР конституциялық құқығы, ҚР әкімшілік құқығы, ҚР азаматтық құқығы, ҚР қылмыстық құқығы, ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы

Постреквизит: дипломалды және өндірістік практика

Мақсаты: Курстың бағдарламасы студентерді болашақ кәсіби қызметке бейімдеуге, оларға адвокат, адвокаттар алқасы қызметінің негізгі бағыттары және азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін заң көмегі туралы жалпы түсінік беруге, ҚР-ғы адвокатураның мәні, қызметі мен қалыптасу тәртібі, адвокаттардың құқықтық жағдайы туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері. Адвокатураның пайда болу және даму тарихы.Адвокатураның және адвокаттық қызметтің түсінігі, мәні және мақсаттары. Адвокатура ұйымының және қызметінің қағидалары және нысандары. Қазақстан Республикасында адвокатура қызметінің құқықтық негізі. Адвокаттардың құқықтық жағдайы. Адвокаттық қызметті лицензиялау тәртібі. Адвокаттар алқасының ұйымдастырушылық- құқықтық мәртебесі, оның органдары. Заң консультациясы, адвокаттық контора: адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандары. Заңды және жеке тұлғаларға адвокаттардың құқықтық көмегі. Адвокаттың кәсіби этикасы. Адвокаттың ораторлық өнерінің негіздері. Адвокаттың соттық сөйлеуі. Қылмыстық сот өңдірісіндегі адвокаттың қатысуы. Адвокаттың азаматтық сот өңдірісіне қатысуы. Басқа да юрисдикциялық өңдірістерге адвокаттың қатысуы. Адвокаттық қызметтің психологиясы. Адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілері. Шетелдердегі адвокатура.

Күтілетін нәтижелер: ҚР-ғы адвокаттық қызметті реттейтін қолданыстағы заңнаманы зерттеп, тиісті білім алу; азаматтар мен ұйымдарға әртүрлі заң көмегінің түрлерін көрсететін адвокаттардың тәжірибелік қызметінде теориялық білімді қолдану дағдысын қалыптастыру; адвокатура қызметін реттейтін заңнаманы талдау арқылы, өзін өзі жетілдіруге бағыттылған ұмтылыс қабілеттерін қалыптастыру, студентердің санасында қатаң түрде заңдарды сақтау, ҚР-ның алдында, қоғам мен азаматтардың алдында тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында жауапкершілік сезімін тудыру.

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к., доцент Сопыханова А.Б.
«ҚР кәсіпкерлік құқығы», 3 кредит

Пререквизиттер: «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР банк құқығы»

Постреквизиттер: дипломалды және өндірістік практика

Мақсаты: ҚР кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын зерттеу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі, пәні және әдістері. Кәсіпкерлік құқық ғылымы. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері. Дара кәсіпкерлік: өзіндік және бірліскен кәсіпкерлік. Заңды тұлғалдардың кәсіпкерлігі. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау. Стандартизацияның құқықтың негіздері. Сертификацияның құқықтық негіздері. Моногамияны мемлекеттік реттеу. Жосықсыз бәсекенің түсінігі және формалары. Жосықсыз бәсеке үшін жауапкершілік. Шетел инвестицияларының түсінігі және түрлері. Сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері және түінігі.



Күтілетін нәтижелер: Құқықтық нормаларды нақты ситуацияда қолдана білу, кәсіпкерлік құқық саласында құқықтық ұғымдар мен категорияларға сүйене білу, теория және практиканың құқықтық мәселелерін талдап, шеше білу, сабақтас құқық саласының білімдерін құқықтық мәселелерді шешуде қолдану, құқықтық істердің мән жайларын зерттеп, негізді шешім қабылдай білу;

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: магистр Амантай А.А.
«ҚР бәсекелестік саясатты құқықтық реттеу және қорғау», 3 кредит

Пререквизиттер: «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР банк құқығы», «Кәсіпорын экономикасы»

Постреквизит: дипломалды және өндірістік практика

Мақсаты: Студенттердің бәсекелестік құқық бойынша теориялық материалдарды меңгеріп, оны практикада қолдана білуге үйрету, сол арқылы нарықтық қатынастарда заңгер-маман ретінде біліктілік, дағдыларын, істей білу қабілетін қолдана білуге оқыту және заңдарды талқылауға үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Нарықтық экономиканы және оның себептерін құқықтық реттеудің қажеттілігі. Нарықтық экономиканы құқықтық реттеудің негіздері мен әдістерінің қалыптасуы. (мемлекеттік кәсіпкерліктегі экономиканы нарықтық әдістермен реттеу) . Жекешелендірудің нысандары, ерекшелігі және себептері, нарықтық экономикамен дамушы елдердегі бағалық саясатты құқықтық реттеу, ТМД елдерінің антимонополиялық заңдары.

Күтілетін нәтижелер: құқықтық ақпараттарды өңдеудің құралдары мен әдістерін, кәсіпкерлік және антимонополиялық реттеу төңірегіндегі нормативтік құқықтық актілердің ережелерін білуі тиіс; құқықтық ақпараттарды өңдеу мен іздеуде, заң құжаттарын рәсімдеу және ақпараттарды статистикалық талдауда қазіргі ақпараттық технологияларды қолдануды игеру, заңдық түсініктер мен санаттарды анықтауды игеру, құқықтық қатынастар тудыратын заңдық фактілерді талдауды игере алу; Бәсекелестікке қатысты құқықтық норамалардың жүзеге асыру үшін маңызы бар ақпараттармен жұмыс істеуге дағдылану, антимонополиялық заңнамалармен жұмыс істеуге дағдылану.

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: магистр Амантай А.А.
ЭҚҚР кафедрасының меңгерушісі

з.ғ.к.,профессор Весельская Н.Р.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет