Электр қауіпсіздігі Жоспар



бет24/27
Дата14.12.2023
өлшемі153.18 Kb.
#486548
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
f61dbbe17d5d170

Бақылау сұрақтары.
1. Статикалық электрдің пада болуын азайтатын іс-шараларды ата?
2. Статикалық электрдің пада болу мүмкіндігін жоғарлататын факторларды ата?
3. Құбырлардағы мұнай өнімдерінің қандай ең аз жылдамдығы кезінде статикалық электрдің зарядтарының пайда болуының әлсіреуі қамтамасыз етіледі?
4. Өндірістік шаңның электрлену қаупін ескерту үшін қандай шараларды қолданады?
8 дәріс. Электромагниттік өрістерден қорғау 
Жоспар:
1) Электр магниттік өрістердің сипаттамалары және көздері.
2) Адам организміне электромагниттің әсер етуі.
3) Электр магниттік өрістерді нормалау. Электр магниттік өрістердің шамаларын өлшеуге арналған приборлар.
4) Электр магниттік өрістердің әсер етулерінен қорғау әдістері мен құралдары.
1 Электр магниттік өрістердің сипаттамалары және көздері
Электр магниттік өріс (ЭМӨ) материяның ерекше формасын ұсынады. Электр магниттік өріспен бірыңғай бүтін құрайтын кезкелген электрлі зарядталған бөлшек электр магниттік өріспен қоршалған. Бірақ электр магниттік өріс зарядталған бөлшектерден бөлінген еркін жағдайда да -  м/с жылдамдықта фотондар немесе осы жылдамдықпен жүретін сәулеленген электр магниттік өріс (электр магниттік толқын немесе электр магниттік сәулелену ЭМС) түрінде өмір сүре алады.
Қозғалатын ЭМӨ, ЭМӨ күштік қасиеттерін көрсететін электрлік Е (В/м) және магниттік Н (А/м) өрістердің кернеулік векторларымен сипатталады.
Электр магниттік толқында Е және Н векторлары әрқашанда өзара перпендикуляр. Вакуум мен ауада Е - 377 Н. Толқын ұзындығының  , тербеліс жиілігінің f және электр магниттік толқынның ауада таралу жылдамдығы с =  f қатынасына байланысты. Мысалы, өндірістік жиілік үшін f = 50 Гц толқын ұзындығы  = / 50 = 6000 км, f = Гц жиілік үшін толқын ұзындығы 1 м тең.
Электромагниттік өрістердің табиғи көздері мен сәулелену болып, ең бірінші: атмосфералық электр, күннің және галактикалардың радиосәулеленулері, Жердің электрлік және магниттік өрісі. Барлық өндірістік және тұрмыстық электр және радио қондырғы жасанды өрістер мен сәулелену (әртүрлі қарқындағы) көздерін көрсетеді.
Электр статикалық өріс жеңіл электрленетін материалдармен және бұйымдармен жұмыс кезінде, тұрақты токтың жоғарғы вольтты қондырғыларын пайдаланғанда пайда болады.
Магниттік өрістің тұрақты көздері: тұрақты токты электромагниттер және тұздықтар, электр машиналарындағы және аппараттардағы магниттік сымдар; радиотехникада пайдаланылатын құйылған және метал керамикалық магниттер; түсті металдардардың электролиз цехтарындағы шинопроводтар және т.б.
Өндірістік жиіліктегі (50 Гц) электрлік өрістердің көздері: электр беретін желілар және ашық бөлгіш құрылғылар (коммутациялық аппараттар, қорғау және автоматика құрылғылары, өлшегіш приборлар, жинағыш, қосқыш шиналар, көмекші құрылғылар), сонымен бірге өндірістік жиілікті барлық жоғарғы вольтты қондырғылары.
Өндірістік жиіліктің магниттік өрісі кез келген өндірістік жиіліктегі қондырғылардың және ток өткізгіштердің төңірегінде пайда болады. Ток мәні көп болған сайын магнит өрісінің қарқындылығы жоғары болады.
Радио жиіліктердің электромагниттік сәулелену көздері: қуатты радио стансалар, антенналар, өте жоғарғы жиіліктердің генераторлары, индукциялық және диэлектрлік қыздыру қондырғылары, радарлар, өлшегіш және бақылағыш құрылғылар, зерттеу қондырғылары және медицинадағы және тұрмыстағы жоғарғы жиілікті приборлар мен құрылғылар.
Кең диапазонды жиіліктердің (аса және инфрат өмен жиіліктердегі, радиожиіліктердегі, инфрақызыл, көрінетін, ультракүлгін, рентген диапозандарда) электр статикалық көздері болып өндірісте де, ғылыми зерттеулерде де және тұрмыста да пайдаланылатын электронды сәулелік трубкалы жеке электронды есептеуіш машиналар (ЖЭЕМ) және бейнедисплейлі терминалдар (БДТ) табылады. Пайдаланушылар үшін басты қауіпті монитордың 5 Гц тен 400 кГц дейінгі электромагниттік сәулеленуі және экранда пайда болатын статикалық электр заряды тудырады.
Тұрмыста жоғарғы қауіпті тудыратын электромагниттік сәулеленудің көзі болып, сонымен бірге микротолқынды пештер, кез келген модификациялық теледидарлар, ұялы телфондар табылады. Қазіргі кезде өндірістік жиіліктегі магниттік өрістердің зиянды әсер етулері туралы соңғы мәліметтерге байланысты қауіптің көздері ретінде электрсымды электр пештер, электр грильдер, үтіктер, тоңазытқыштар (жұмыс істеп тұрған компрессорда) және басқада тұрмыстық электр приборлар есептеледі.
Жердің электромагниттік өрісі-адам өмірінің керекті жағдайы. Біздің планетадағы өмір элекромагниттік сәулеленулермен және барлығынан бұрын Жердің электромагниттік өрісімен өзара әсер етуден пайда болды. Жердің электромагниттік сферасы негізінен планетаның өзінің электрлік (Е= 120...150 В/м) және магниттік (Н= 24...40 А/м) өрістерімен, сонымен бірге атмосфералық электрмен, күннің және галактикалардың радио сәулеленулерімен, жасанды көздердің (қуатты радио стансалардың, өндірістік электр термиялық жабдықтың, зерттеу қондырғыларының, өлшегіш және бақылағыш құрылғылардың және т.б.) өрістерімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет