Электр қауіпсіздігі Жоспар


Істегі электр қондырғылардағы жұмыс категориялары



бет16/27
Дата14.12.2023
өлшемі153.18 Kb.
#486548
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
f61dbbe17d5d170

3 Істегі электр қондырғылардағы жұмыс категориялары
Істегі электр қондырғылардағы жұмыстарды электр қауіпсіздігі шаралары бойынша төрт категорияға бөледі. Бұл жұмыстар кернеуді толық алған кезде; жартылай алған кезде; кернеуде болатын жақын жерде және ток жүретін бөліктерде кернеуді алмай ақ; кернеуде болатын ток жүретін бөліктерден қашықта кернеуді алмай ақ жүргізіледі.
Толық кернеу алынған кездегі жұмыстар деп электр қондырғыларда (немесе олардың бөліктерінде), олардың барлық ток жүретін бөліктерінде кернеу толық алынған жұмыстарды есепетейді.
Жартылай кернеуі алынған жұмыстарға ашық электр қондырғыларда немесе жеке бөлмелерде орналасқан электр қондырғыларда кернеуді тек жұмыс жүргізіліп жатқан қосылыстарда немесе олардың бөліктерінде орындалатын жұмыстар жатады.
Кернеуде болатын жақын жерде және ток жүретін бөліктерде кернеуді алмай ақ жүргізілетін жұмыстар болып табылатын жұмыстарды жүргізген кезде ток жүретін бөліктерге 1 м кем қашықтықта жұмыс істейтін адамдардың жақындауын және құрал-жабдықтар мен аспаптарды, олардың пайдалануында техникалық және ұйымдастыру шаралары керек.
Машиналар, механизмдер, стропалар, жүктерден 1000 В дейінгі кернеуде болатын ток жүретін бөліктерге дейінгі рұқсатты қашықтық 1м кем болмауы керек.
Кернеуде болатын ток жүретін бөліктерден қашықта кернеуді алмай ақ жүргізілетін жұмыстар деп жұмыс істейтін адамдардың байқаусызда жақындауы және олар құрал-жабдықтар мен аспаптарды ток жүретін бөліктерде қауіпті қашықтықта пайдалануға болмайды және осындай жақындаудың алдын алу үшін техникалық немесе ұйымдастыру шаралары керек емес.
4 Ұйымдастыру іс - шаралары
Электр қондырғылардағы қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін міндетті ұйымдастыру шараларына жататындар: жұмысты толтыру, жұмысқа рұқсат, жұмыс кезінде бақылау, жұмыстағы үзілісті, басқа орынға ауысуды және жұмыстың аяқталғанын толтыру. Жұмыстардың қауіпсіз орындалуына жауапты болып табылатын: наряд, жарлық беруші; жіберуші; жұмыстардың жауапты басшысы; жұмыстарды жасаушы; бақылаушы; бригада мүшелері.
Жұмысты толтыру. Электр қондырғыларда жұмыстар жазбаша немесе ауызша түрде жүргізіледі.
Жұмыстың категориясын және сипатын, оның орны мен уақытын, бригаданың квалификациялық құрамын, қауіпсіз орындау жағдайын, жауапты жұмыскерлерді (жұмыс бастығы немесе беруші және бақылаушы) анықтайтын жазбаша жарлық - наряд бойынша анықтайтын кернеуді толық немесе жартылай кернеуді алып, сонымен бірге алыс жерде кернеуде болатын ток жүретін бөліктерде кернеуді алмай ақ кейбір жұмыстар орындалады. Ауызша жарлық бойынша тек қана апаттық оқиғада жұмыстар орындалады, сонымен бірге кернеуде болатын ток жүретін бөліктерден алыста кернеуді алмай ақ орындалатын жұмыстар.
Наряд – бұл берілген формада арнайы бланкте орындалған жұмыс істеуге берілетін жазбаша тапсырма. Наряд кернеуде болатын жақын жерде және ток жүретін бөліктерде, онымен жұмыс орындалатын құқықтық құжат болып табылады.
Жарлықтың нарядтан айырмашылығы, ауызша – тікелей немесе байланыс көмегімен беріліп, соңынан жедел журналда жазылады.
Наряд екі данада жазылады, оның біреуі тіркелгеннен кейін жұмыс берушіде қалады, ал екіншісі – рұқсат берушіде болады. Наряд он бес календарлық күннен аспайтын мерзімге беріледі және бір рет сол мерзімге ұзартылады. Кәсіпорында жұмыстан кейін 30 тәуліктен кем емес сақталады. Наряд алдын-ала емес, тікелей жұмыс орындарын дайындау алдында жасалады.
Наряд, жарлық беруші жұмыстың орындалуына, қауіпсіздік шараларының жеткілікті және дұрыс екеніне, берілген жұмысқа жауапты тұлғаларды тағайындауға және олардың квалификациясының сәйкестігіне жауап береді. Наряд пен жарлықты беру құқығы электр қауіпсіздігі бойынша V топты әкімшілік- техникалық қызметкерлерге беріледі.
Жарлықтың бір реттік сипатты бар, оның мерзімі орындаушының жұмыс күнінің ұзақтығымен шектелген
Жұмысқа рұқсат. Жұмысқа бригаданы жіберуді бригада және бастық қатысуымен арнайы жұмыскер орындайды.
Жұмыс басшысы қауіпсіздік шараларының орындалуына, бригаданың нұсқаудан өтуіне және жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін ұйымдастырылуына жауапты; V топтағы ИТЖ ішінен сайланады. Нұсқау бригаданы жұмысқа жіберер алдында өткізіледі.
Басшы орындалатын жұмыс болатын жердің шекарасын анықтайды, жұмыс категориясын көрсетеді, жерленетін штангының орнатылатын жерін және жұмыс орнын қоршауын анықтайды, бригада мүшелері арасындағы міндеттерді бөледі.
Жұмыс беруші жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына, наряд нұсқауына сәйкес жұмыстың өткізілуіне және барлық бригада мүшелерінің қауіпсіздік ережелерін сақтауына жауап береді.
Жұмыс кезіндегі бақылау. Бақылауды әдетте, жұмысқа қатысуға құқығы жоқ басшы жүргізеді. Керек кезінде, ол жұмыскер ретінде жоғарғы квалификациялы топпен бірге өзі өте қиын жұмысты орындайды, бұл кезде орындаушыларға бақылауды бригада мүшелерінен арнайы таңдап алынған қадағалаушы жүргізеді.
Бригадир жұмыс технологиясына байланысты қауіпсіздікке, әрбір бригада мүшесі – олардың жекелей қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауап береді.
Бригада құрамында екі адамнан кем болмауы керек. Басшыны немесе жұмыс берушіні ауыстырған кезде, сонымен бірге бригада құрамы жартысынан аса өзгергенде наряд жаңадан жазылады.
Жұмыста үзілісті, басқа жұмыс орнына ауысуын және жұмыстың аяқталуын толтыру. Жұмысты орындау үрдісінде бригадаға дем алу мен тамақ ішу үшін, сонымен бірге бір жұмыс категориясынан екінші жұмыс категориясына ауысқан кезде үзіліс беріледі. Үзіліс басталар алдында басшы жұмыстың аяқталғаны туралы бұйрық береді, барлық жұмыскерлер оны біткендеріне, аспаптар мен бейімдегіштерді алғанына, ал ажыратқыш пен жерлегіште жұмыс істеген кезде жерлендергіш штангыларды алғанына көзін жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет