ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСТАРЫ
V-тарау. Тұрақты электр тогы
II-нұсқа
1. Электр тогы дегеніміз:
А) Бейтарап бөлшектердің ретсіз қозғалысы. В) бейтарап бөлшектердің реттелген қозғалысы
С) Электр зарядтарының ретсіз қозғалысы және зарядталмаған бөлбөлшектердің реттелген қозғалысы
Д) Электр зарядтарының ретсіз қозғалысы Е) Электр зарядтарының реттеліп бағытталған қозғалысы
2. Ом заңының формуласын тап?
А) I=R/U B) I=q/R C) I=U/R Д)I=UR E) I=U/q
3. Ток күшін өлшейтін құралды не деп атайды?
А) амперметр В) вольтметр С) кедергі Д) генератор Е) реостат
4. Зарядтың өлшем бірлігі қандай?
А) А В) Ом С) В Д) Кл Е) Дж
5. Тізбекте тұрақты электр тогы жүріп тұру үшін қажетті емес шартты көрсетіңіз
А) Электр тізбегінің тұйықталған болуы. В) Тізбекте конденсатордың болуы.
С) Затта зарядталған еркін бөлшектердің болуы. D) Потенциалдар айырмасының болуы.
Е) Өткізгіштің ішінде тұрақты электр өрісінің болуы.
6. Ток күші дегеніміз –
А) өткізгіштің көлдеңен қимасы арқылы ∆t уақыт аралығында өтетін ∆q зарядтың сол уақытқа қатынасы.
В) уақыт бірлігінде тасымалданатын оң зарядтың шамасы. С) әрбір бөлшек тасымалдайтын зарядқа тәуелді шама.
D) заряд сияқты оң және теріс мәнге ие бола алатын скаляр шама.
Е) өткізгіштің көлдеңен қимасының ауданына тәуелді шама.
7. Бөгде күштің өлшем бірлігі қандай?
А) 1Дж=Кл/с В) 1Дж=В*кг С) 1Дж=В*Кл Д) 1Дж=Ом*м Е) 1Дж=Ом*Н
8. . Қандай құрылғыларды ток көздері деп атайды?
А) аккумулятор, генератор В) аккумулятор, вольтметр С) генератор, таразы
Д) гальвани элементтері, реостат Е) гальвани элементтері, таразы
9. Ток жүріп тұрған екі өткізгіш бір-бірін тартады немесе тебіледі – бұл электр тогының қандай әсері?
А) Жылулық В) Механикалық С) Химиялық Д) Магниттік Е) Электрондық
10. Өткізгіште электр өрісін туғызатын және оның ұзақ уақыт болуын қамтамасыз ететін не?
А) Ток көздері В) Зарядтар С) Гальвонометрлер Д) Оң және теріс полюстер Е) Теріс полюстер
11. Өткізгіштің меншікті кедергісі:
А) I= В) ρ= C) ρ= Д) ρ=m/v E) ρ=
12. Кедергісі 50 Ом болатын 20 В-қа есептелген реостаттың ток күші
А) 0,5 А. В) 0,6 А. С) 0,4 А. Д) 0,2 А. Е) 0,3 А
13. Электр станциясында алынатын 1кВт сағатпен өлшенеді. 1кВт*сағ неге тең?
А) 1кВт*сағ=1Дж В) 1кВт*сағ=1кДж С) 1кВт*сағ=3,6МДж Д) 1кВт*сағ=3600Дж E) 1кВт*сағ=360Дж
14. Қалта фонарінде орнатылған электр шамы арқылы өтетін ток күші 0,28 А болса, 1 минут ішінде шамның қыл сымы арқылы өтеді?
А) 16,8 Кл В) 18,8 Кл С) 20,8 Кл Д) 22,6 Кл Е) 24,6 Кл
15. Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі қалай анықталады?
А) R=R0(1+qt) B) R=R0(1+t) C) R=R0 (1+αt) Д) R=R0 (1-αt) E) R=R0 (q+αt)
16. Кедергісі 3,9 Ом радионың қылсымына кедергісі 2,41 Ом резистор тізбектеп қосылған. Жалпы кедергіні табыңдар?
А) 4,11 Ом В) 5,21 Ом С) 6,31 Ом Д) 7,41 Ом Е) 8,51 Ом
17. Электр плитасының спиралындағы ток күші 5 А болса, онда кернеу 120 В болғанда әр секунд сайын плита қанша энергия тұтынады?
А) 200 Дж В) 400 Дж С) 600 Дж Д) 800 Дж Е) 1000 Дж
18. Электр дәнекерлегіштің кедергісі 440 Ом. Ол 220 В кернеуде жұмыс істейді. Дәнекерлегіш тұтынатын токтың қуатын анықтаңдар?
А) 10 Вт В) 110Вт С) 210 Вт Д) 200 Вт Е) 300 Вт
19. Массасы 1,5т жүкті кран 0,5 м/с жылдамдықпен көтереді. Мотордың қуаты 10 кВт болса, кранның ПӘК-і қандай болғаны?
А) 65% В) 75% С) 85% Д) 95% Е) 105%
20. . Кедергілері 4 Ом және 6 Ом болатын өткізгіштер параллель жалғанған. Өткізгіштің жалпы кедергісі
А) 2,4 Ом В) 3,7 Ом С) 4,2 Ом Д) 6,2 Ом Е) 5,8 Ом
21. Тізбекке қосылған прибордың обмоткасы арқылы 5 мА жүріп тұр. Прибордан 1 сағатта қандай электр мөлшері өтеді?
А) 10 Кл В) 14 Кл С) 18 Кл Д) 22 Кл Е) 26 Кл
22. . Тізбек учаскесінен 6 Кл электр мөлшері өткенде, 132 Дж жұмыс істелген.Учаскедегі кернеу неге тең?
А) 20 В В) 22 В С) 24 В Д) 26 В Е) 28 В
23. ЭҚК-і 2,2 В және 0,9 В, ал ішкі кедергілері 0,2 Ом және 0,5 Ом тізбектеп жалғанған екі ток көзі 1 А ток береді. Осы тізбектің сыртқы кедергісін табу керек?
А) 2,4 Ом В) 2,6 Ом С) 2,8 Ом Д) 3 ОМ Е) 3,2 Ом
24. Никелин сымынан жасалған реостат орамының кедергісі 36 Ом. Егер осы сымның көлденең қимасының ауданы 0,2мм2 болса, онда оның ұзындығы қандай?
А) 12м В) 14м С) 16м Д) 18м Е) 20м
25. Электр шамындағы ток күшін 0,5 А деп алып осы шамды кернеуі 127 В желіге 10 минут қосқандағы электр энергиясының шығынын есептеңдер?
А) 38,1 Дж В) 38,2 Дж С) 38,3 Дж Д) 38,4 Дж Е) 38,5 Дж
Достарыңызбен бөлісу: |