3-Параграф. Егжей-тегжейлі жоспарлы деректер
46. Желiнiң барлық пайдаланушыларынан мынадай деректер берiлуi тиiс:
1) бiрсызықты схема (берiлген форматқа сәйкес жалғанымдарды көрсете отырып);
2) жалғанымдардың номиналды параметрлері;
3) жалғаным нүктесi және кернеу;
4) энергияны тұтыну (активтi және реактивтi қуат) мен активтi энергия кестелерi;
5) өндiрiс кестелерi;
6) үйлесімділік мазмұны;
7) энергияны тұтыну/тербелiс сезгiштiгi;
8) энергияны тұтынуды басқару жөнiндегi деректер;
9) тұтынатын қуатты жеткiзу мүмкiндiктерi;
10) жалғаным орны (жалпы реактивтi қуат/КГ тогымен қоректендiру);
11) реактивтi қарымталау құрылғылары;
12) қорғаныс туралы деректер;
13) жабдық жөнiндегi техникалық деректер (48-тармақтың
10-тармақшасында көрсетiлген);
14) қашықтықтағы пункттерден түсетiн деректер және осы деректерді жеткiзуге қойылатын талаптар (48-тармақтың 10-тармақшасына сәйкес);
15) өтпелi режимдегі асқын кернеу туралы деректер.
4-Параграф. Энергия қондырғылары туралы деректер
47. Электр энергиясын жеке және шаруашылық мұқтаждарына тұтыну шамасы. Трансформаторы бар әрбiр қондырғы бойынша энергия қондырғының номиналды шығуы кезінде оның мегаваттпен (МВт) тұтынатын қуаты туралы ақпаратты беру қажет.
Егер электр станциясы iске қосу трансформаторы (электр станциясының жеке мұқтаждар трансформаторы) арқылы электр желiсiнен тұтынатын энергия қондырғының тұтынуына қосымша электр энергиясын тұтынуға ие болса, ЭӨҰ электр станциясындағы әрбiр осындай трансформатор бойынша болжамдар бередi:
1) барынша энергияны тұтыну, ол ЭӨҰ-ның пiкiрiнше ЖО электр желiсiнiң жұмысына елеулi әсер етуi мүмкiн;
2) электр желiсiндегi ең жоғары тұтыну кезiндегi энергияны тұтыну;
3) электр желiсiндегi ең төменгi тұтыну кезiндегi энергияны тұтыну.
48. Синхрондық машиналар мен басқару жүйелерi туралы деректерді алу үшiн энергия қондырғылары мен электр станциялары туралы мынадай деректердi беру қажет:
1) электр станциялары туралы техникалық деректер:
жалғану нүктелерiнен электр желiсiне дейiн (мәтiндiк ақпарат,
схемалар);
жалғаным нүктесiндегi номиналды кернеу - кВ;
электр станциясының жалпы қондырылған қуаты - мегаватт (МВт);
жалғаным нүктесiндегi ең iрi өзара байланыстық iстен шығу.
ҚТ үш фазалы тогының ең жоғары қоректендiру есебi - кА (симметриялы, асимметриялы);
нөлдiк дәйектiлiктiң ең төменгi толық кедергiсi - 100 МВА-ның
базасынан %;
керi дәйектiлiктiң ең төменгi толық кедергiсi - 100 МВА-ның
базасынан %;
2) әрбiр энергия қондырғысы бойынша деректер. Әрбiр энергия қондырғы туралы мынадай мәлiметтердi беру қажет:
қондырылған қуат;
қуаттың номиналды мәнi - МВА;
қуаттың номиналды мәнi - мегаватт;
қыспақтардағы номиналды кернеу;
қосымша жүктеме - мегаватт;
номиналды реактивтiк қуат - Мvаг;
ең төменгi және ең жоғарғы өнiмдiлiк;
турбина - генератордың инерция тұрақтылығы, мегаватт/ МВА номиналдық;
ҚТ токтарының еселiгi;
статордың номиналдық тогы;
Мва-ның және қуат коэффициентiнiң номиналдық мәнiндегi ротордың номиналдық тогы, қыспақтардағы номиналды кернеу мен номиналды жылдамдық;
жоғарыда көрсетiлген ток өндiрiлетiн ротор кернеуi;
қыспақтардағы номиналды кернеу мен номиналды жылдамдық кезiнде ротордың жеделдету режиміндегі кернеуi;
статордың кедергiсi;
бойлық осi бойынша синхрондық реактивтi кедергi, өтпелi реактивтi кедергi және аса өтпелi реактивтi кедергi;
көлденең ось бойынша синхрондық реактивтi кедергi, өтпелi реактивтi кедергi және аса өтпелi реактивтi кедергi;
статордың реактивтiк жылыстау кедергiсi;
нөлдiк тізбектегі реактивтi кедергi, керi тізбектегі реактивтi кедергi және Портье реактивтi кедергiсi;
ажыраған орам кезiнде бойлық және көлденең осьтер бойынша өтпелi уақыт тұрақтылары;
ажыраған орам кезiнде бойлық және көлденең осьтер бойынша аса өтпелi уақыт тұрақтылары;
демпфердiң бойлық осi бойынша жылыстау уақыт тұрақтысы;
өндiрiстiк қуат кестесi;
ажыраған контурдың және ҚТ тізбектерінің кестелер сипаттамасы;
қуаттың нөлдiк коэффициент сызығы;
3) энергия қондырғылар мен электр станциялар трансформаторлары.
Энергия кондырғылар мен электр станциялар трансформаторлары
жөнiнде мынадай деректердi беру қажет:
орамдар саны;
әрбiр орам үшiн МВА-ның номиналды мәнi;
тармақталудың негiзгi номиналды кернеуi;
әрбiр орам үшiн тура, керi және нөлдiк тізбектің толық кедергiсi;
жалғанған орамдар тобы;
жерге ұштау схемасы;
қанығу қисығы (магнит өткiзгiш болаттың волътамперлiк сипаттамасы);
тармақталулардың ауыстырып қосқышы туралы;
бұрулы орам - мәтiндiк диаграмма;
тармақталулардың ауыстырып қосу ауқымы, қадам мөлшерi;
тармақталулардың ауыстырып қосқышының үлгiсi;
тармақталу ауыстырып қосқышының цикл ұзақтығы;
4) энергоқондырғының реактивтiк қуаты (жұмыс кестесi).
энергоқондырғының реактивтiк қуаты жөнiнде мынадай деректерді тапсыру қажет (жұмыс кестесi):
реактивтi жүктеменiң сипатын анықтайтын қуат коэффициентi;
қуат коэффициентi, активтi қуаттың ең төменгi мәнiндегi қысқа уақыттық реактивтi қуаттың мәнi;
қуат коэффициентi, активтiк қуаттың номиналды мәнiндегi қысқа уақыттық реактивтi қуаттың мәнi, қыспақтардағы кернеу мен жылдамдық;
5) қоздыру жүйесi туралы деректер. Мынадай деректерді тапсыру қажет:
қоздыруды басқару контурындағы тұрақты ток берiлiсiнiң коэффициентi;
МВА-ның номиналдық мәнiндегi қоздырудың номиналды кернеуi, қуат коэффициентi, қыспақтардағы номиналды кернеу және жылдамдық;
қоздырудың ең жоғарғы кернеуi;
қоздырудың ең төменгi кернеуi;
қоздыру кернеуi өзгерiсiнiң (артуы немесе кемуi) ең жоғарғы жылдамдығы;
энергия қондырғы мен 50-120% қоздырғыштың (диаграмманың) қанығу сипаттамасы;
асқын қоздыру мен жетiлмеген қоздыру шектемесiнiң динамикалық сипаттамасы (блок-схемасы);
6) энергия қондырғының жүктеме реттегiшi. Мынадай деректерді тапсыру қажет:
ең жоғарғы, ең төменгi және номиналды - %;
жиiлiктердiң ең жоғарғы, ең төменгi және номиналды ауқымы - Гц;
Мегаватт ауқымы;
өндiрудi автоматты басқару мүмкiндiгi (АGС);
7) реттеуіштің әсерi және энергия қондырғының керi әсерi.
Мынадай деректерді тапсыру қажет:
жиiлiктiң өзгерiсiне тұрақты әсер - мегаватт/Гц;
жиiлiктiң өзгерiсiне тұрақсыз әсер - мегаватт/Гц;
реттеуіштің уақыт тұрақтысы (секундпен);
жүктеменiң ең жоғарғы лақтырымы;
Жекелеген элементтердiң жұмыс істеуін және өлшем бiрлiк-схемасын көрсете отырып, блок-схемаларды реттеу жүйесi туралы егжей-тегжейлi ақпарат;
құрамбөлiктердiң инерциясын, демпферлеу мен бiлiктердiң қатаңдығын көрсете отырып, турбогенератордың жалпы түрдегi бiлiктер жүйесiнiң динамикалық үлгiсi;
бiлiктердiң айналдыру тербелiс үлгiлерiн өзiндiк демпфирлеу (әрбiр модель үлгiсi үшiн жиiлiк, логарифмдiк декремент);
бу турбинасының әрбiр жұмыс сатысында өндiрiлген қуат (жоғары, аралық және ең жоғарғы қуат бiрлiгiне төменгi қысым);
кезең мен аралық асқын қоздырудың уақыт тұрақтылары;
қазан мен тағайыншаманы реттеу параметрлері;
"қазан - турбина" блогын автоматты басқару жүйесiнiң жалпы блок-схемасы:
8) энергия қондырғының реле қорғанышының аспаптар тағайыншамаларының мәндерi туралы деректер.
Мынадай қорғаныштың тағайыншамалары:
қоздыру жоғалуы;
асқын қоздыру /жетiлмеген қоздыру/;
дифференциал;
фазалар кезектесуiнiң керi дәйектiлiгi;
9) басқару деректері. Әрбiр элементтiң жұмысы мен өлшем бiрлiгін көрсете отырып, блок-схема түрiнде қоздыру контуры туралы жан-жақты ақпарат.
Мынадай басқару құралдарына арналған тағайыншамалар:
асқын/жетiлмеген қоздыру шектегiшi;
статордың ток шектегiшi (егер болса);
тыйым салудың қол шектегiшi;
жүктеменiң түсуiн қарымталау/жеткiзу (егер болса);
кернеу/жиiлiк шектеуiш (егер болса);
-
жабдық жөнiндегi техникалық деректер. Мынадай деректерді
тапсыру қажет:
Оқшаулауды үйлестiру деректері;
Найзағай соққылары кезiнде серпiндiк ұстамды номиналды кернеу - кВ;
өнеркәсiп жиiлiгiндегi қысқа мерзiмдiк номиналды ұстамдылық кернеу - кВ;
тiзбектiң ең жоғарғы тогы;
номиналды қысқа мерзiмдi ұстамдылы;
осындай ток қолданылатын қоршаған орта жағдайлары;
жерге ұштау әдiсi және номиналды ток;
оқшаулықтың ластануы:
қашықтықтағы пункттерден келiп түскен деректер және деректерді тапсыруға қойылатын талаптар;
Өлшеуiш жабдық туралы деректер;
ТН мен ТТ коэффициенттерi және тексеру сертификаты;
Желiнiң кескiнi және бiрсызықтық схемалар;
барлық қорғаныш құралдарының электржеткiзу желiлерiндегi немесе кабельдердегi әрекет саласы - 100 МВа базасындағы %;
әрбiр желiдегi қорғаныш құралдарының саны;
жақын жердегi және алыстағы объектiлерде зақымдануды жоюдың жалпы уақыты;
желiнi автоматты қайталама қосу туралы егжей-тегжейлі деректер;
трансформатор тармақталуларының барлық ауыстырып қосқыштары үшiн уақыт ұстанымын орнықтыру;
реактивтi қуатты қарымталау - тұрған жерi, номиналды мәнi, көрсеткіші, кедергiсi, барлық шунттаушы реакторлардың және/немесе конденсатор батареяларының арнаулы реттеу және ауыстырып қосу құралдары туралы деректер.
5-Параграф. Желiлiк мәлiметтер (ЖО-дың пайдаланушыларға ұсынатын)
49. Пайдаланушылар өз электр желiлерiн үлгiлеу үшiн ЖО пайдаланушыларға мынадай ақпаратты бередi:
1) зақымдану кезiнде симметриялық үш фазалық ҚТ тогымен қоректендiру;
2) зақымданудың асқын өтпелi тогы елеулi төмендегеннен кейін симметриялық үш фазалық ҚТ тогымен қоректендiру;
3) қоректендiру көзiнiң iшкi нөлдiк кедергiсi және жалғаным нүктесiнде ең жоғарғы қоректендiруге сәйкес реактивтi кедергiнiң мәндерi;
4) зақымданудың ең жоғарғы тогын есептеу кезiнде қолданылған зақымдануға дейiнгi кернеу мәнi;
5) зақымдану уақытындағы тура дәйектiлi х/г коэффициентi;
6) керi дәйектiлiк кедергiсi мен жалғаным нүктесiндегi электр желiсiнiң реактивтi кедергiсiнiң мәндерi;
7) нөлдiк тізбектегі тиiстi толымды кедергiнiң мәндерi;
8) кернеуi 1150, 500 және 220 кВ электр желiсi бөлiгiнде балама есептелетiн болғандықтан, ЖО трансформатор туралы тиiстi деректерді ұсынады.
6-Параграф. Объект туралы алдын ала мәлiметтер
50. Әрбiр ЭӨҰ ЖО-ға жаңа жалғанымға немесе қолданыстағы жалғанымның модификациясына өтінім берген кезiнде өтінім бағасын жүргiзу үшiн мынадай ақпаратты ұсынады.
51. Жалғанымға өтінім (энергия қондырғы туралы деректер) мынаны қамтуы тиiс:
1) қондырғының атауы мен үлгiсi;
2) учаскенің жақсырақ орналасуы (баламалы нұсқалардың тiзбесi);
3) барлық қондырғының қуатын ұйғарымды тапсыру (ең жоғарғы, және/не МВА);
4) күтiлген өнiмдiлiк (айына мегаватт/сағ);
5) қосалқы жүйенiң күтпеген энергия тұтынуы;
6) қондырғының тұрпаты мен кескiнi;
7) кез келген ұйтқу жүктемесiнiң табиғаты;
8) ұсынылған энергия қондырғының қолданатын технологиясы;
-
жегiмге iске қосу күні;
10) ең төменгi өндiру, мегаватт (МВт);
11) МВА-ның номиналды мәндерi, мегаватт, бойлық осi бойынша өтпелі реактивтi кедергi, қысқа тұйықталудың қатынасы, энергия қондырғының инерция тұрақтылығы;
12) арттырушы трансформатор МВА-ның номиналды мәнi және тура дәйектiлiктегi реактивтi кедергi (тармақталудың мах/мiп кезiнде);
13) қоздырушы үлгiсi мен санаты туралы егжей-тегжейлi деректер, мәселен, роторлық немесе тұрақты үлгiдегi қоздырушы.
7-Параграф. Өңірлік электр желiсін жоспарлау
52. Өңірлік электр желiсі нормативтiк құжаттармен белгiленген міндетті талаптарға сәйкес болуы қажет.
53. Электр желiлiк компания электрмен жабдықтаудың тиiмдi, сенiмдi және үнемдi, сол сияқты қауiпсiз болып табылатын үйлесiмдi жүйесiн дамытады және қолдайды.
54. Өңірлік электр желiлерінің дамытылуын жоспарлау үшiн тиiстi нормативтiк материалдарды басшылыққа алған жөн.
Өңірлік электр желiсі энергияны жеткiзудің сенiмдiлiгi жөнiндегi санаттарға сәйкес тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуi тиiс.
Бiрiншi санат кезiнде энергиямен жабдықтау тек энергия көздерiн ауыстыру жөнiндегi операциялар кезiнде үзiлiстермен екi тәуелсiз энергия көздерінен қамтамасыз етiлуi тиiс. Үшiншi көз кез келген арнаулы жүктеме топтарына берілуі керек.
Екiншi санат кезiнде энергиямен жабдықтау диспетчермен немесе учаскедегі пайдалану командасымен энергия көздерiн ауыстыру жөнiндегi операцияларды орындау үшiн қажеттi үзiлiстi кезеңдердегі екi тәуелсiз кездерден қамтамасыз етілуi тиiс.
Үшiншi санат кезiнде энергиямен жабдықтау егер үзiлiс жөндеу жұмыстарымен немесе ағымдағы техникалық қызмет көрсетумен туындағанда, энергиямен жабдықтаудағы үзiлiс кезеңі тек қана бiр күнге тең деген шартпен бiр көзден қамтамасыз етiлуi тиiс.
55. Құру қағидалары, өңірлік электр желiлерінде қолданылатын жабдық пен материалдар мемлекеттiк стандарттарға, техникалық ерекшеліктер мен басқа техникалық қағидаттарға сәйкес болуы тиiс.
Осы тармақ номиналды тогы 100 ампер немесе одан төмен кезiнде сақтандырғыштармен және басқа құрылғылармен қорғалған бiр фазалық немесе үш фазалық тiзбекте қоректенетiн, төмен вольттық жағына қосылған пайдаланушылар (генераторлардан басқа) үшiн құру қағидаларын баяндайды.
Пайдаланушының кез келген электр қондырғысы осы Ереженің талаптарына сәйкес болуы тиiс.
Пайдаланушының талабы бойынша электр желiлiк компания желiнiң құрастырмасы, құрылуы және басқа сипаттамалары бойынша бұл қаншалықты негiздемелi болатындай мыналарды қоса алғанда, тиiстi ақпаратпен қамтамасыз етедi:
төмен вольттық тiзбектер мен жүйелердегi ҚТ сипаттамалары бойынша анықтамалық;
қорғаныштың жерге ұштау жөнiндегi құрастырмалық мүмкiндiктерi.
1) өңірлік электр желiсінің схемасы тұтынушылар жүктемелерiнiң, желi элементтерiнiң жоспарлы немесе авариялық ажыратулары нәтижесiнде туындаған электр қуаты мен электр энергиясы таралуының алуан режимдеріне бейiмделген икемдi болуы тиiс.
2) өңірлік электр желiсінің схемасы қысқа тұйықталу (ҚТ) токтарының орынды деңгейiн экономикалық және техникалық жағынан қамтамасыз етуi керек.
56. Өңірлік электр желiлерін жобалау және салу кезiнде мемлекеттiк стандарттарға, техникалық шарттар мен қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес шығарылатын жабдықтың келешегi бар, ең жаңа түрлерi қолданылуы тиiс. Техникалық ерекшелері құрамына номиналды ток, кернеу, қысқа тұйықталу тогы, оқшаулықтың электр берiктiлiгi, коммутациялық қабiлетi, қыздыру бойынша температуралық шектер, ауа райы жағдайлары жөнiндегi талаптар, механикалық төзiмдiлiгі мен сындарлы ерекшелiктері жөнiндегi талаптар, сондай-ақ сапа жөнiндегi талаптар кiредi.
Жабдықтың, ЭЖЖ-нiң және кабелдердiң ерешеліктері қауiпсiздiктi басқару жүйесiнiң шеңберiнде өңірлік электр желiнің пайдалану шамаларына сәйкес болуы тиiс, оның бөлшектерi электр желiлiк компанияның талабы бойынша тапсырылады.
Жабдық жұмыс жиiлiгi кезiнде, ҚТ-ға беріктігі жөнiндегi мүмкiндiктердi және қосылу мен ажырату режимдерін тиісінше ескере отырып жалғанған өңірлік электр желiнiң ҚТ-дың есептiк кернеулерi мен номиналдары шегiнде қолданылуы үшiн сай болуы тиiс. Тиiстi жағдайларда электр желiлiк компания жалғаным жүргiзiлетiн жүйе бойынша егжей-тегжейлі ақпаратпен қамтамасыз етедi.
Жабдық, ЭЖЖ және жерасты кабелдерi белгіленген пайдалану параметрлерін ескере отырып, тиiстi стандарттардың, ерешеліктер мен басқа тиiстi басылымдардың қызуы жөнiндегi номиналды көрсеткiштерi шегiнде пайдаланылуы қажет.
57. Энергия қондырғыларды жерге ұштау нормативтiк құжаттарға сәйкес орындалады.
Жүйенi жерге ұштау контурларына қосу жөнiндегi іс-шаралар нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болатын есеппен жобалануы тиiс.
Қауымдастырылған жабдық бойынша ерешелік жабдыққа жүктелген кернеулерге сәйкес болуы тиiс. Бiрнеше жерге ұштау жүйелерi жөнiндегi талаптар нормативтiк құжаттарда егжей-тегжейлі түрде беріледі.
58. Өңірлік электр желiсінің көлiктiк электр желiсiнде жалғаным нүктелерiндегi электр энергиясының көрсеткiштерi мен сапа нормалары нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес болуы тиiс. Кез келген кеңейтiлу немесе өңірлік электр желiсiне жалғану өңірлік электр желiсiнде қабылданған кернеудің реттелуіне әсер етпейтiндей етіп жоспарлануы тиіс. Кернеудi реттеу жөнiндегi ақпаратты электр желiлiк компания пайдаланушының талабы бойынша ұсынуы қажет.
59. Өңірлік электр желiсі және өңірлік электр желiсіне қосылған кез келген пайдаланушының жүйесi нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес қорғаныш құралдарын ескеруi тиiс. Өңірлік электр желiсін қорғауға арналған стандарттар мен ережелер нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс.
Өңірлік электр желiсінің дамуын жоспарлау кезiнде зақымдалмаған учаскелердің жұмыс қабiлетiн бұзбастан зақымдалған учаскелердің талғаулы ажырауын қамтамасыз ететiн реле қорғанышы ескерiлуi және таңдалуы қажет. Төмен кернеулi таратушы құрылғыны таңдау жабдықтың зақымдалуының алдын алу мақсатында ҚТ-н тез ажыратылуын қамтамасыз ететiн баптаумен бiрге желiлердiң, трансформаторлардың нақтылы параметрлерін ескере отырып негiздемелi түрде жүргiзiлуi тиiс.
Өңірлік электр желiсінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшiн қорғаныш жүйелерi, пайдалану кезеңдері, теңгерімдік керек-жарақ шекарасындағы талғаулық пен сезгiштiкті жалғанымға өтінім берген кезде электр желiлiк компания мен пайдаланушы арасында келiсiм болуы тиіс. Барлық осы деректерді пайдаланушының келiсiмiмен электр желiлiк компания қайта қарауы мүмкiн.
6кВ, 110кВ немесе 35кВ жүйелерiндегi ҚТ токтарын табыссыз үзген ажыратқышты немесе жұмысы ажыратқышпен ұқсас басқа жабдықты сақтандыру үшiн басқа ажыратқыш немесе ажыратқыштағы секiлдi фунциялары бар басқа жабдықтың резервтiк қорғанышы ескерiлуi тиiс. Жалғанымға өтінімді қараған кезде электр желiлiк компания пайдаланушымен резервтiк қорғаныш қажеттiлiгi туралы кеңеседi. Егер мұндай резервтiк қорғанышты қамтамасыз ететiн жабдық электр желiлiк компанияға тиесілі болса, қорғаныш өңірлік электр желiсіне қатысты міндеттi талаптарды қанағаттандыру үшін керектi шектерге дейiн шектеуi мүмкiн.
Асқын кернеулердi қорғау ЭЖЖ-н және қосалқы станция жабдығын электр желiсiне найзағайдың тура соққыларын, сонымен катар индуктелген найзағайлық асқын кернеулердiң әсер ету мүмкiндiгiн ескере отырып, найзағай құбылыстарынан туындаған асқын кернеулерден қорғауды ескеруi қажет.
Оқшауланған бейтараптамалы желiде доға өшiргiш реакторларды қолдана отырып, сыйымдылықты токтарды қарымталау жолымен iшкi асқын кернеулерден қорғаныш, сондай-ақ резонансқа қарсы ТН (бейтараптамаларды) және оларды қосу схемаларын қолдану ескерiлуi тиiс.
60. Электр жеткiзудiң әуелiк желiлерi бойынша жиiлiк спектрiн таңдау және оны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен келiсу ЖО-ға жүктеледi. Осы желiлер бойынша ЖЖ байланысының жабдығын қолданатын, меншiк нысанына қарамастан тұтынушылар ЖО-ға қолданылатын жабдықтың үлгiлерiн және жиiлiктердің номиналдарын нақты объектiлерге таңа отырып көрсетумен осы желiлер бойынша барлық байланыс ЖЖ арналарының егжей-тегжейлi схемасын ұсынуы керек.
Сигналдарды жеткiзу жүйелерiнiң басқа үлгiлерiн пайдаланушы өңірлік электр желiсінде тек электр желiлiк компаниямен келiсiлгеннен кейiн ғана қолдануы мүмкiн.
8-Параграф. Өңірлік электр желiсін дамыту жоспары
61. Электр желiлiк компания жыл сайын қолданыстағы желі мен үш жылда іске қосылатын схемаларды нақтылай отырып, өңірлік электр желiсін дамыту жоспарын (ӨЭЖДЖ) жасайды.
62. Әрбiр электр желiлiк компания осы электр желiлiк компанияны қамту саласындағы барлық электр желiлiк компаниялар мен пайдаланушыларды ескере отырып схемасын жасауы тиiс.
63. ТЖДЖ-ға мынадай негізгі тұстар кіреді:
1) өңірлік электр желісінің кескiнiн, параметрлері мен құрылыс кезектілігін таңдау;
2) сыйымдылықты токтар мен реактивтi қуатты қарымталау, кернеудi реттеу құралдарын таңдау, өңірлік электр желiсіндегi электр энергиясының ысыраптарын азайту, оның параметрлерін негiздеу;
3) мынадай сәттердi қамтамасыз ете отырып, қажеттi күрделi құрылыс жұмсалымдарын бағдарлық бағалау:
өңірлік электр желiсінің тұрақтылығы мен сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
өңірлік электр желiсі жұмысының ең жоғарғы үнемдiлiгiн қамтамасыз ету.
64. ТЖДЖ мынадай факторларды ескередi:
1) қолданыстағы өңірлік электр желiсін оның топологиясы, жүктемесi, кернеудi реттеу, шектеулер тұрғысынан талдау;
2) жекелеген қосалқы станциялар мен энергия тораптар бойынша активтi қуатты анықтау;
-
жаңа өңірлік электр желiсінің жүктемелерiн айқындау;
4) өңірлік электр желiсінiң қуат ағындарын есептеу және осы есептеу негiзiнде даму жөнiндегi ұсыныстарды негiздеу;
5) реактивтi қуат теңгерімін жасау және желiдегi кернеудi реттеу шарттарын анықтау, қарымталау құрылғыларын орналастыру орындарын, олардың түрлері мен қуатын негiздеу;
6) жобаланатын өңірлік электр желiсінің қысқа тұйықталу қуаттарын есептеу және коммутациялық аппаратураның ажыратқыш қабiлетiне қойылатын талаптарды белгiлеу, қысқа тұйықталу қуатын шектеу жөнiндегi ұсыныстарды жасау;
7) сыйымдылықты токтарды қарымталау үшiн доға өшiргiш реакторлардың санын, қуатын және орнатылатын орнын таңдау мен негiздеу.
65. Электр желiлiк компаниямен келiсiлуге жататын кәдiмгi форматтағы ТЖДЖ жасалуы тиiс. Қазан айының аяғында электр желiлiк компания жыл сайынғы ТЖДЖ-н шығаруы тиiс. Содан соң ТЖДЖ қараша айының аяқ кезiнде ЖО, ЭОСНО, барлық басқа электр желiлiк компаниялар және өзінің өңірлік электр желiсінiң барлық басқа пайдаланушылары үшiн шығарылады.
66. Егер пайдаланушы немесе басқа электр желiлiк компания электр желiлiк компаниядан қосымша ақпаратты сұратса, соңғысы талап бойынша керектi қосымша ақпаратты егжей-тегжейлі талдай отырып құжатты дайындауы тиiс. Онда құжат тiзбектердiң қуаттары бойынша, қуаттардың болжамдық ағындары бойынша және өңірлік электр желiсінiң жекелеген бөлiгiнде немесе бөлiктерiндегi жүктемелер бойынша ағымдық пен одан кейінгі деректерді егжей-тегжейлі талқыланады. Бұдан басқа, құжатта қосымша ақпараттың сауал-талапқа тұспа-тұс келетiн өңірлік электр желiсінiң әрбiр желісі бойынша ҚТ токтарының деңгейлерi көрсетiлуi тиiс. Электр желiлiк компания осындай құжатты сауал-талап берілген күннен бастап бiр айдың iшiнде тапсыруы тиiс және пайдаланушының келiсiмiмен мұндай құжатты әзiрлеуге байланысты шығындарды төлеуi тиіс.
67. Электр желiлiк компания электр энергиясын жеткiзуге арналған лицензияда көзделген оның қызметiне қатысты немесе осы Ереженің қағидаттарына сәйкес тек өзiне қажеттi ақпаратты талап ете алады.
9-Параграф. Жоспарлау жөнiндегi деректерге қойылатын талаптар
68. Электр желiлiк компания жеткiзу мен бөлу жөніндегі өздерінің мiндеттерiн орындау үшiн өңірлік электр желiсінің барлық пайдаланушыларынан ақпаратты және деректерді талап етуге, сондай-ақ өңірлік электр желiсінің барлық пайдаланушыларына ақпарат бередi. 70-91, 102- тармақтар осы талаптарды егжей-тегжейлі нақтылайды.
69. ТЖДЖ-ны дайындау мүмкiндiгiн жасау үшiн осы тарауда келтiрiлген деректерді әрбiр пайдаланушы электр желiлiк компания үшiн ұсынуы тиiс. Бұл деректер әрбiр жылдың келісілген аптасының iшiнде ұсынылуы керек және жоғарыда көрсетiлген алдағы үш жылдың әрбір жылын қамтуы қажет. Егер бiр дерек жиынтығын беру уақытынан екiншi дерек жиынтығын беру уақтысына дейiн ұсынылған деректерде ешқандай өзгерiстер болмаса, бiр деректерді қайталап берудiң орнына пайдаланушы бұның алдындағы деректі беру уақытынан оларда ешқандай өзгерiс болмағанын көрсететiн жазбаша куәлiктi ұсына алады.
70. Өңірлік электр желiсінің пайдаланушылары электр желiлiк компания электр энергиясын сенiмдi және кiдiрiссiз жеткiзу бойынша жүзеге асыру мүмкiндiгiне ие болуы үшiн электр желiлiк компаниядан деректерге/ақпаратқа сұрау салулар мезгіл сайын келiп түскен кезде жеткiлiктi, қол жететiндей негiздемелi осындай деректерді/ақпаратты ұсынады. Осы Ережеге сай жүктемеге болжам беру талап етiлетiн пайдаланушылар үшiн электр желiлiк компанияға жыл сайын ұсынуды дайындау жөнiндегi талап енгiзiледi. Бұл ұсынысқа кемiнде үш жылды жабатын даму жоспары кіруі тиіс және онда пайдаланушы алдағы бес жылға жоспарлау жөнiндегi деректерді немесе ақпаратты келтiредi. Қажет болған жағдайда сондай-ақ ең жоғарғы жүктеменi арттыруды кiргiзетiн деректер немесе ақпарат, электр энергиясын жеткiзу жөнiндегi талаптар немесе генераторлардың қуаты бойынша деректер тапсырылады.
71. Жоспарлау деректерін мезгiл сайын жаңартып отыруға қосымша ретiнде пайдаланушы электр желiлiк компанияға өзінің даму жоспарын дайындау мүмкiндiгiн беру, бюджеттi жүйенiң кез келген қажеттi модификациялары үшiн есептеу және жоғарыда көрсетiлген модификацияларды ендiру үшiн оның жүйесiндегi немесе жұмыс режиміндегі кез келген елеулi өзгерiс туралы пара-пар ескерту беруi тиiс. Мұндай ақпаратқа қажеттiлік бойынша ең жоғарғы жүктеменi арттыруды немесе азайтуды, электр энергиясын жеткiзу жөнiндегi талаптар немесе генераторлардың қуаты бойынша деректер кiредi. Пайдаланушының жүйесiнде немесе оның жұмыс режимінде жоспарланбаған өзгерiстер болған жағдайда электр желiлiк компания осындай мүмкiн болатын өзгерiстердiң салдарларына байланысты барлық қажеттi алдын алу шараларын қамтамасыз ету үшiн пайдаланушы бұл туралы электр желiлiк компанияға жедел хабарлағаны жөн.
72. Электр желiлiк компания (диспетчерлiк қызмет) ең жоғарғы және ең төменгi жүктемелер сағаттарында тұтынушыға берiлетiн оңтайлы реактивтi қуатты және оның желiсiндегi қарымталау құрылғыларының қажеттi қуатын есептеудi орындауы тиiс. Электр желiлiк компаниялар мен тұтынушылар желiлерiнде орнатылған оңтайлы қарымталаушы қуаттар өзара байланыста болуы керек. Есептiк мәндер сондай-ақ жаңадан жалғанатын тұтынушыларға арналған Техникалық шарттарды беру кезiнде және тұтынушыларда реактивтi қуатты қарымталауды жобалау кезiнде қолданылады. Электр желiлiк компания оңтайлы реактивтi қуатты есептеу нәтижелерiн жобалау ұйымдары мен тұтынушылардың назарына жіберуі тиiс.
Тұтынушылар электр желiлiк компанияға (оның диспетчерлiк қызметiне) жылына бiр рет мынадай ақпаратты тапсырады:
1) бiр қыс пен бiр жаз айы үшiн активтi және реактивтi электр энергиясын тұтыну;
2) жекелей 6-10 кВ және 0,4 кВ кернеулерi бойынша конденсаторлық қондырғылардың, соның iшiнде реттелетiндердiң жиынтық қуаты;
3) резервтердегiлердi есепке алмағандағы 6-10 кВ синхрондық қозғалтқыштардың барлық қуаты;
-
синхрондық қозғалтқыштардың саны;
5) ең жоғарғы және ең төменгi жүктемелер сағаттарындағы синхрондық қозғалтқыштардың жиынтық иелiктi реактивтi қуаты;
6) ең жоғарғы және ең төменгi жүктемелер сағаттарындағы синхрондық қозғалтқыштардың нақты қолданатын реактивтi қуаты.
73. Пайдаланушы өңірлік электр желiсімен тiкелей немесе жанамалай байланысты реактивтiк қарымталаудың кез келген шамасына салыстырмалы түрде мыналарды қоса алғанда, электр желiлiк компанияны ақпаратпен қамтамасыз етуi тиiс:
1) МВАр, жабдықты сыйымдылықпен немесе индуктивтiкпен бағалау және өзгертулер кезiндегi жедел аралық;
2) анықталуы мүмкiн операциялық сипаттамалардың кез келген автоматты басқаруларының деректері;
3) өңірлік электр желiсіне жалғану нүктесi.
74. Тұтынушы электр желiлiк компанияның талап етуі бойынша өңірлік электр желiсіне жалғау тұсындағы номиналы параметрлері кезiнде реактивтi өткiзгiштiк туралы деректерді тапсыруы тиiс.
75. Пайдаланушылар, аралас немесе бiрiктiрiлген электр желiлiк компанияларды қоса алғанда, электр желiлiк компанияларға олардың өңірлік электр желiлерi мен тiзбек параметрлері секiлдi қағидаларды қамтитын егжей-тегжейлi деректерді талап ететiн жоғарыда аталған электр желiлiк компанияның желiлерi арасындағы жалғанымдар бойынша егжей-тегжелі деректерді, өңірлік электр желiсіне тура жалғанған немесе оның жұмысына әсер ететiн таратушы құрылғылар мен жабдықтың қорғаныш схемалары бойынша деректердi тапсырады. Бұл деректер электр желiлiк компанияға осы жалғаным нүктелерiмен байланысты барлық өзекті мәселелердi бағалауға мүмкiндiк береді. Бұл ретте өзара негiзде ақпарат алмасу үдерiстерi жүреді.
76. Өңірлік электр желiсіне жалғанған генераторымен бірге әрбiр ЭӨҰ олардың генераторларын (ЭӨҰ генераторлары) iске қосу мүмкіндігін немесе энергиямен жабдықтаудың сыртқы көздерiне жалғанбай-ақ жұмыс істей алатындығын электр желiлiк компанияға және/немесе ЖО-ға хабарлауы тиiс. Сондай-ақ олардың генераторларының осындай сыртқы көздерiнен/көздерiнсiз жұмыс iстеу қабiлетiне байланысты кез келген өзгерiстер туралы хабарлау керек.
77. Электр желiлiк компания мен пайдаланушы өңірлік электр желсіне жалғаным нүктесiндегi ҚТ-ды қоректендiру деңгейлерi туралы ақпаратпен мынадай нысанда алмасуы тиiс:
1) ең жоғарғы және ең төменгi үш фазалы симметриялы ҚТ мен фазасы жерленген ҚТ-ды қоректендiру;
2) ҚТ кезiндегi тiзбектiң активтi және реактивтi кедергiлерiнiң ара қатынасы;
3) өзара байланысқан жүйелер үшiн баламалы желiлiк ақпарат.
78. Желiнiң зақымданған учаскелерін қоректендiретiн және ҚТ-ды ажырату тұсында ҚТ мәнi мен таратушы құрылғының жұмысына елеулi әсерi бар, өңірлік электр желiсіне жалғанған жоғары қуатты синхрондық және асинхрондық генераторлар бойынша пайдаланушы электр желiлiк компанияға ақпарат тапсырады.
79. Пайдаланушыларды өңірлік электр желiсіне жалғау үшiн электр желiлiк компания мен тұтынушы арасындағы жалғаным кезiндегі кедергi туралы ақпарат алмасуды жүргiзу қажет. Бұл ақпарат қосарлас пайдаланушының немесе өңірлік электр желiнiң баламалы бiрлiктiк толық кедергiсiн (активтi кедергi, реактивтi кедергi, шунттық реактивтiк өткiзгiштiгi) қамтуы тиiс.
80. Баламалы электр желiлiк компаниялардан немесе пайдаланушылардың энергиямен жабдықтау нүктелерiнен осындай жүктеме алынатын жерде жүктеме бойынша оның өткiзу қабiлетi туралы ақпаратты алмасу жүргiзiлуi тиiс. Оған энергиямен жабдықтаудың әрбiр нүктесiнен жеткізілетін жүктеме үлесi мен жоспарлы/авариялық жағдайларда жеткiзу кезiндегi режимдер (қолымен немесе автоматты) кiредi.
81. Өңірлік электр желiлер 6-дан 10 кВ дейiн кернеудегi iшкi асқын кернеуден қорғанатындай болуы тиiс.
Өңірлік электр желiсі мен электр желілік компанияға қосылған пайдаланушыларға тиесілі мүліктік керек-жарағы бар жалғаным нүктелерінде, пайдаланушы мен электр желiлiк компанияның арасында негіздемелі сұрату арқылы қажетті және толық ақпарат алмасу (табиғи, электр схемалары, параметрлер, қорғаныш ерекшеліктері мен бөлшектері) өтпелі асқын кернеулердің салдарларына бағалау жүргізу мақсатында жүзеге асырылуы тиіс.
82. Электр желiлiк компания пайдаланушыдан 77-83-тармақтарға сәйкес қайсыбір ақпаратты немесе деректерді алатын жерде немесе электр желiлiк компанияның негіздемелі қорытындысы бойынша пайдаланушылардың кез келгенiнiң жүйесiне тиетiн әрбір осындай жағдайларда электржелiлiк компания өңірлік электр желiсінің модификациясын жүргiзудi ұсынған жерде ол осы ұсыныстар туралы хабардар етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |