Электр желілер қағидалары



жүктеу 1.69 Mb.
бет3/9
Дата09.06.2016
өлшемі1.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

10-параграф. Пайдаланушылар беретін деректерге қойылатын техникалық талаптар
83. Осы параграф өңірлік электр желiсі мен пайдаланушының жүйесі арасындағы мүлiктiк керек-жарақ шекараларын белгiлеу үшiн қажеттi ақпаратты анықтайды және ол кернеудiң барлық деңгейлерiнде қолданылады. Ол қосу немесе қосу модификациясы туралы олар өтiнiш жасаған жағдайда немесе электр желiлiк компаниядан ақпарат беру талап етiлген жағдайда өңірлік электр желiсі пайдаланушыларының беруге тиiстi деректері бойынша талаптарды егжей-тегжейлі сипаттайды. Ол энергия өндiрмейтiн және 100 Ампер және одан төменгi балқымалы сақтандырғыштармен қорғалған төменгi вольтты жағына қосылған пайдаланушыларды шығарып тастайды.

      84. Төменгi кернеу кезiнде жүктеменi қосу. Төменгi кернеу кезiнде жабдықтау үшiн мынадай шектеулi деректер талап етiледi:

      1) ең жоғарғы қуат (кВА немесе кВт) бойынша талаптар;

      2) жабдықтың үлгiсi және электр жүктемесi;

      3) қосатын күні;

      4) электрмен жабдықтау санаты (өлшемнiң N).

      Кейбiр жағдайларда электр желiлiк компания бұдан гөрi егжей-тегжейлі ақпаратты талап ете алады.

      85. 88-тармақта сипатталғандардан басқа жүктеменiң барлық үлгiлерi бойынша:


      1) ең жоғарғы активтi қуат бойынша талаптар;

2) ең жоғарғы және ең төменгi реактивтi қуат бойынша талаптар, жүктеме мен реттеу тетiктерiнiң үлгiсi, мәселен, реттелетін түзеткiш немесе iрi электр жетектерi, қолданылатын оталдырғыш үлгiсi;

3) ең жоғарғы жүктеме кезiндегi әрбiр фаза бойынша ең жоғарғы жүктеме;
      4) өңірлік электр желiсі қолданатын ең жоғарғы үйлесімді токтар.

86. Циклдiк тербелiстер туралы және активтi қуаттың (егер де керек болса, реактивтi қуаттың) жұмыс циклi туралы егжей-тегжейлі мәлiметтер, соның iшiнде:

      1) азаюы мен көбеюiн қоса алғанда, активтi және реактивтi қуаттың өзгерiс жылдамдығы;

      2) активтi және реактивтi қуат тербелiстерiнің арасындағы ең төменгi қайталанатын уақытша аралық;

      3) көбеюi мен азаюын қоса алғанда, активтi және реактивтi қуаттың ең үлкен өзгерiс қадамының шамасы.

      Кейбiр жекелеген жағдайларда пайдаланушы жүктемесiнiң өңірлік электр желiсіне әсер етуін толық бағалау үшiн бұдан гөрi жан-жақты ақпарат талап етiледi. Мұндай ақпаратқа жүктеменi құру үлгiсi және пайдалануға енгiзуге қоса беріліп отырған бағдарлама кіреді. Егер қажет болса, электр желiлiк компания мұндай ақпаратты бөлек сұратады. Электр желiлiк компания осы Ережеге сәйкес пайдаланушының ақпаратын тек өзiнiң өңірлік электр желiсіне қатысты мiндеттемелерді орындау мақсатында қолдану құқығына ие болады.

87. Өңірлік электр желiсіне қосылған генераторлар үш негiзгi сыныпқа бөлiнедi, сол бойынша ЭӨҰ-ға электр желiлiк компанияның қосылуға өтiніш жасау рәсімі уақытында немесе басқалай түрде электр желiлiк компанияның қалай айқындағанына байланысты ақпараттың мынадай минимумын беруі тиіс:

      1) осы Ережеге сәйкес болу үшiн ең төменгi талап ретiнде өндiрiсi 1 МВт-тан аспайтын 400 В-тан кем кернеуге қосылған өндiрушi қондырғылар;

     2) кемінде 110 кВ кернеуге жалғанған өндiрушi қондырғылар (88-91 тармақтар);

     3) өңірлік электр желiсіне қосылған басқа өндiрушi қондырғылар (33-55 тармақтардың талаптары).

 

11-параграф. Өңірлік электр желiсіне қосылған барлық ЭӨҰ беретiн ақпарат
88. 87(1)-тармағына сәйкес алынғандардан басқа, барлық ЭЖҰ бойынша электр желiлiк компания үшiн олардың генераторлары және генераторлар мен өңірлік электр желiсі арасындағы ұсынылған өзара iс-қимыл тетiгi жөнiндегi ақпаратты тапсыру қажет. Элект ржелiлiк компания кез келген ЭӨҰ-дан өңірлік электр желiсіне жалғаным туралы шарт жасасқанға дейiн мынадай ақпаратты сұрата алады:


  1. Генератордың деректері:

     қыспақтардағы кернеу (кВ);

     МВА/кВА-ның тиiстi мәндерi;

     МВт/кВт-тың есептiк мәндерi;

     ең жоғарғы тапсырылған активтi қуат;

     реактивтiк қуатқа талаптар (Мvаr/кvаr), егер олар бар болса;

     генератордың түрі-синхрондық, асинхрондық және т.б.;

     бастапқы қозғалтқыштың үлгiсi;

     кернеудi реттеу әдiсi;

2) электр энергиясы өндiрiсiнiң күтілетін пайдалану режимі, мәселен, тұрақты, үзiктi, ең жоғарғы жүктемелерiн тегiстеу;

3) ҚТ қоректенуi деңгейiнiң деректері;

     4) қажет болатын генератор трансформаторының деректері;

5) қосымша энергиямен жабдықтауға және/немесе резервтiк энергиямен жабдықтауға қойылатын талаптар.

     89. Интерфейстер құрылғысы туралы мыналар берiледi:
     1) электр желiлiк компания мен пайдаланушы арасындағы синхрондау /үндестiк/ құралдары;

2) өңірлік электр желiсімен тiкелей байланысқан ЭӨҰ бөлiктерiнiң жерлендiру тетiктерiнiң бөлшектерi;



  1. қолданылатын қосу және ажырату құралдары;

4) егер аса жоғары кернеу кезiнде пайдаланылатын ЭӨҰ жүйесiнiң қайсыбiр бейтараптама жерге ұштау нүктесi жерге ұшталудан ажыраса, қауiпсiздiк шарттарының үздiксiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қабылдауға қажеттi сақтық шаралары.

      90. Қуатқа және резервке қойылатын талаптарға қатысты мынадай ақпарат керек болады:

1) әрбiр генератор мен электр станциясы бойынша тiркелген қуат пен ең төменгi өндiру, МВт;

2) генераторлар мен электр станциясының ең төменгi өндiруі жағдайында жеке (қосалқы) жүктеме (активтi және реактивтi қуат), МВт/Мvаr. Жеке электр энергиясын өндiретiн қуат тұтынушылары үшiн оған қосымша және резервтiк энергиямен жабдықтау жөніндегі талаптар кiреді.

91. Кейде генератордың немесе өңірлік электр желiсіне қосу нүктесiнiң үлгiсi мен мөлшерiне сәйкес барынша ұғынықты немесе егжей-тегжейлі ақпаратты ұсыну қажет болуы мүмкiн. Бұл ақпаратты энергия өндiрушi ұйым (ЭӨҰ) электр желiлiк компанияның негiздемелiк сұратуы бойынша бередi. Осы тармақпен белгiленген ақпарат әдетте, генератордың өңірлік электр желiсіне жалғанымы туралы шарт жасасуына дейiнгi оның қуаты 1 МВт-тан асқан ғана талап етiледi. Мыналар қажеттi ақпарат болып табылады:


  1. генератор туралы ақпарат (номиналдар бойынша ри кедергiсi);

2) генератордың өнiмдiлiк кестесi, Мегаватт/Мvаr (төменгi кернеулi терминалдарда), қоздыру жүйесiнiң үлгiсi;

      3) инерциялық константа, МВт сек/Мегавольт-ампер (барлық машина);


4) статор тiзбегiндегi кедергi реттеуіші;

5) көлденең ось бойынша реактивтi аса өтпелi/өтпелi/ үндескен кедергi;


  6) уақыт константалары;

  7) тура тізбектегі кедергi/реактивтi кедергi;

8) керi тізбектегі кедергi/реактивтi кедергi;

9) генератор трансформаторының кедергiсi, реактивтi кедергi, Мегавольт-ампердiң номиналды мәнi, аралық шықпалар құрылғысы, векторлық топтық жерге ұштау;

10) ЖАР үлгiсiнiң блок-схемасы, күшейту коэффициентi, тік бағыттағы және керi байланыс коэффициенттерi бойынша деректерді, уақыт константалары мен кернеудi реттеу шектерiн қоса алғанда;

      11) жылдамдық реттеуіші және бастапқы қозғалтқыш туралы деректер - шар реттеуішінің, егер болса - турбинаның номиналды сипаттамаларымен және ең жоғарғы өнiмдiлiгiмен бiрге турбинаның жүйелiк реттелуi мен уақыт константаларының жан-жақты сыйпаттамасымен қоса өндiрушi қондырғының реттеуіш үлгiсiнiң блок-схемасы.

      92. Электр желiлiк компанияның өңірлік электр желiсіне жалғанған генераторлары туралы ақпарат беруге қосымша Техникалық операторға (ЖО) осы Ереженің 42-43 тармақтарына сәйкес ақпарат тапсыру талабы бар. Электр желiлiк компания оны ЖО-ға оның арнайы сұратуы бойынша тапсырады.

3-параграф. Күтпеген жағдайлар
      5. ЖО мен электр желiлiк компаниялар тиісінше осы ЭЖЕ-де ескерiлмеген күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (өңіраралық деңгейдегi электр жеткiзу желiлерiне байланысты мәселелер ЖО-ға жатады; электр жеткiзудiң таратушы желiлерiмен байланысты мәселелер ӨЭК-ға жатқызылады), жағдайға байланысты мүмкiн болатын iс-әрекеттер бойынша келiсiмге қол жеткiзу үшiн барлық тартылған тараптармен тез арада кеңесуi немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдануы тиiс. 

      Егер ЖО немесе электр желiлiк компания және басқа тараптар арасындағы келiсiмге қол жеткiзiлмесе, онда ЖО немесе электр желiлiк компания күтпеген жағдайларды жою үшiн қажеттi шараларды анықтап алуы тиiс және тараптар мен уәкiлеттi органға өз шешiмi және оны қабылдау жайындағы дәлелдер туралы хабарлауы тиiс. 

      ЖО немесе электр желiлiк компания осындай шешiм қабылдаған барлық жағдайларда ол бар мүмкiндiгiнше осы мәселелер жөнiнде тараптар пiкiрiн ескеруi тиiс. 

      6. Әрбiр тарап шешiмдi орындаған кезде ЖО немесе электр желiлiк компанияның барлық ұйғарымдамаларына жүгінуі тиiс, олар белгiлi бiр тарап энергия қондырғылардың сенiмдi жұмысын бұзбауы тиіс. ЖО немесе электр желiлiк компания күтпеген жағдайлардың барлық жағдаяттары мен қабылданған шешiмдер туралы тез арада хабарлауы тиiс. 



5-параграф. Қазақстан электр энергетикасының секторы
        8. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы әртүрлi мақсаттағы энергия өндiрушi ұйымдардан, электр желiлiк компаниялардан, энергиямен жабдықтау ұйымдарынан, электр энергиясының көтерме саудасындағы тұтынушылардан, Техникалық (ТО) және Нарықтық операторлардан (НО), электр энергетикасын мемлекеттiк басқару мiндетiн атқаратын уәкілетті органнан тұрады. 

      9. Электр энергетикасы саласында мемлекеттiк реттеу:

      1) лицензиялауды;

      2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеуді;


      3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиядан ажырату мен жекешелендiруді;

      4) электр энергиясын өндiру, жеткiзу, техникалық диспетчерлендiру және тұтыну сенiмдiлiгiне, қауiпсiздiгi мен үнемділігіне мемлекеттiк қадағалауды;


      5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, электр және жылу энергиясын өндiру, жеткiзу, техникалық диспетчерлендiру және тұтыну саласындағы қызметті реттеудің техникалық және технологиялық талаптары қамтылған нормативтiк техникалық құжаттарды, сондай-ақ электр жеткiзу желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын салу мен пайдаланудың сенiмдiлiгiн, үнемділігі мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етушi нормаларды әзiрлеу мен бекiтуді білдіреді.

      10. Электр энергетикасындағы нарықтық қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.


      Электр энергиясының нарығы мынадай қатарлас және өзара толықтырушы нарықтардан тұрады:

      1) тараптардың келiсiмiмен белгiленген бағалар және жеткізу талаптары бойынша нарыққа қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негiзiнде жұмыс істейтін электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығы;

      2) электр энергиясын қысқа мерзiмдi (спот сауда-саттығы), орташа мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сатуға ұйымдастырылған сауда алаңын білдіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы;

      3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiнде жүйелiк оператордың электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiнде бекiткен электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақтылы және шарттық шамалары арасында операциялық тәулiкте туындаған сағат сайынғы теңгерiмсiздiктердi табиғи және бұдан кейін қаржылай реттеу мақсатында жұмыс істейтін нақты уақыт режиміндегі теңгермелi нарығы;

      4) мемлекеттiк стандарттармен белгiленген Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгi мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен сатып алуы негiзiнде де, жүйелiк оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiне тиiсiнше қызметтер көрсету негiзiнде де жұмыс iстейтiн жүйелік және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығы.

    11. ЭОСНО мынадай міндеттерді орындайды:

1) спот-сауда-саттықтың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн жүзеге асырады;
      2) электр энергиясын орташа мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) кезеңдеріне арналған орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру мен өткiзудi жүзеге асырады;

      3) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына кіруіне тең жағдайларды қамтамасыз етедi;

      4) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергияның орталықтандырылған сауда-саттығы ережесімен белгiлеген талаптарына сәйкестiгiн айқындайды;

      5) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында электр энергиясын сатып алу-сату жөнiнде жасалған мәмiлелердi тіркеу мен есепке алуды жүзеге асырады;

      6) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiн өз құзыреті шеңберiнде орталықтандырылған сауда-саттықтарда қалыптасқан электр энергиясына арналған көрсеткiштiк бағалар бойынша ақпаратпен және басқа нарық ақпаратымен қамтамасыз етедi.

 12. ҚР БЭЖ-нiң Жүйелiк операторы мынадай міндеттерді орындайды:

1) шартқа сәйкес ұлттық электр желiсi бойынша электр энергиясын жеткізу жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi, оған техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды қамтамасыз етедi;

2) электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен тәулiктiк кестесiн қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендiру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;

3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;

4) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;

5) электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн бұдан кейiн қаржылық реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;

7) нақты уақыт режимiндегi электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;

8) iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режимдерiн басқару мен олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды;

9) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың, электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларының бiртұтас ақпараттық жүйесiн, автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiнде техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;

10) ұлттық электр желiсiне электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;

11) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;

12) электр станцияларының, шағын станциялардың негiзгi жабдықтарын, электр жеткізу желiлерiн, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;

13) су электр станцияларының су-шаруашылық теңгерiмдерiн ескере отырып олардың жұмыс режимдерiн және Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн әзiрлеуге қатысады;

14) электр энергиясының теңгерiмдерiн ұзақ мерзiмдi болжауды әзiрлеудi жүзеге асырады

13. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқару:

1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу шарттарының талаптарын iске асыратын Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн басқарудан;

2) электр энергиясының мемлекетаралық ток ағымдары режимдерiн басқарудан;

3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде технологиялық бұзылыстарды болдырмауды, оқшауландыруды және жоюды қамтамасыз етуден;

4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi қуат резервтерiн оралымды басқарудан;

5) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң сенiмдi және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететiн релелiк қорғау, аварияға қарсы және режимдiк автоматика жүйелерiнiң құрылымын, принциптерін, орналасқан жерлерiн, көлемдерi мен қондырғыларын айқындаудан;

6) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн қалыптастыру мен бекiтуден;

7) электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасаудан тұрады.

     14. Энергия өндiретiн ұйымдар (ЭӨҰ) мынадай электр станцияларына бөлiнедi: 
      1) ұлттық мәндегi;

      2) өнеркәсiптiк мақсаттағы

      3) жылумен қамтамасыз ететiн кәсiпорындар электр станцияларының аумақтарымен бiрiгу. 

Ұлттық мәндегi электр станцияларына қуаттылығы жоғары конденсациялық электр станциялар мен Қазақстан БЭЖ-нiң жүктеме кестесiн реттеу үшiн қолданылатын гидроэлектр станциялар жатқызылады. 


Өнеркәсiптiк мақсаттағы электр станцияларына өнеркәсiптiк кешендерге тиесiлi электр станциялар жатқызылады. 

Аумақтармен бiрiктiрiлген электр станциялар - энергиясы бөлшек сауда нарығында басым түрде жүзеге асырылатын өңірлік электр желiлiк компаниялардың желiлерiне қосылған электр станциялары. 

15. Тарату электр желiлiк компаниялары (ТЭК) Қазақстанның жекелеген өңірлерінің iшiнде электр энергиясын жеткiзудi жүргiзедi және Ұлттық энергия өндіруші ұйымдардың (ЖО) қосалқы станцияларына тiкелей қосылған. ТЭК электр энергиясымен тұрғындарды, өнеркәсiп тұтынушыларын, ауыл шаруашылығы мен басқа да тұтынушыларды жабдықтайды. 

16. Құрылыс-жинақтау ұйымдары мен мамандандырылған жөндеу кәсiпорындары энергетика объектiлерін салу және жекелеген қондырғыларды жинақтау мен баптау қызметтерiн, сондай-ақ электр энергетикалық нарықтың субъектiлерiне арнайы жөндеу жөнiндегi қызметтерді көрсетедi. 

      17. Салада сондай-ақ мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институттары жұмыс iстейдi. Олар өндiру және тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету үшiн жаңа тиiмдi энергия үнемдегiш және экологиялық таза технологияларды ендiру мәселелерiн шешуге мiндеттi.

  6-параграф. Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастар

        18. Қазақстанның электр энергетикасына нарықтық қатынастарды енгiзу және жетiлдiрудiң негiзгi мақсаттары мыналар: 

      1) электр энергетикасы саласында экономикалық қатынастарды ырықтандыру; 


      2) электр энергиясының нарығына электр энергиясын сатушылар мен сатып алушылардың еркiн және теңдей кіруін қамтамасыз ету; 

3) электр энергиясын сатушылар арасында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру. Төлемдiк тәртiптi арттыру

4) Қазақстанның БЭЖ-нiң жұмыс істеу сенiмдiлiгiн нарық субъектiлерiнiң өзара жауапкершiлiгi, электр желiсi жұмысының оңтайлы режимдерін жасау, қандай да болмасын өндiрушi компанияның күтпеген жерден қуатты азайтқан немесе ҰЭТ-тың қандай да болмасын учаскесінің күтпеген жерден ажыратылуы кезiнде электр энергиясын тұтынудағы үзiлiстердi болдырмау үшiн қуат резервтерiн жасақтау негiзiнде арттыру. 

      19. Қазақстан Республикасында электрмен жабдықтау электр энергиясы нарықтарының жұмыс істеуі жағдайларында жүзеге асырылады. Электр энергиясы нарықта тауар болып табылады. Электр энергиясының нарығы екі деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарынан тұрады.

Электр энергиясының көтерме сауда нарығы:

1) нарыққа қатысушылар жасасатын тараптардың келiсiмдерiмен белгiленетiн жеткiзу бағалары мен талаптары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негiзiнде жұмыс iстейтiн электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығынан;

2) электр энергиясын қысқа мерзiмдi (спот - сауда-саттық), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сату үшiн ұйымдастырылған сауда алаңынан тұратын электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығынан;

3) жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiнде бекiткен Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты және шарттық шамалары арасында операциялық тәулiкте туындайтын сағат сайынғы теңгерiмсiздiктердi табиғи және бұдан кейiнгi қаржылық реттеу мақсатында жұмыс iстейтiн нақты уақыт режимiндегi теңгерiмдеушi нарықтан;

4) мемлекеттiк стандарттармен белгiленген Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгi мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен сатып алуы негiзiнде де, жүйелiк оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiне тиiсiнше қызметтер көрсету негiзiнде де жұмыс iстейтiн жүйелік және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығынан тұрады.

20. Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастар субъектiлерi:

1) энергия өндiрушi ұйымдар;

2) электр энергиясын тұтынушылар;

3) энергиямен жабдықтау ұйымдары;

4) жүйелік оператор;

5) энергия беруші ұйымдар;

6) электр энергиясының орталықтандырылған сауда операторы болып табылады.

Өңірлік электр желілік компаниялар өзінің теңгерімдік тиесіліндегі шекараларындағы электр желілері бойынша электр энергиясын жеткізу міндеттерін жүзеге асырады.

Электр энергиясын өңірлік электр желілері бойынша жеткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген үлгі нысан бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйыммен немесе өңірлік электр желілік компаниямен тұтынушы жасайтын электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметті көрсетуге арналған шарт негізінде жүзеге асырылады.

Электр қуатының резервтері Пулы.



3-бөлім. Энергия жүйесіне кіру тәртібі
3-тарау. Энергия жүйесіне кiру тәртiбi

93. Электр желiсiне кiру электр энергиясы нарығының қатысушыларына өздерінің электр қондырғыларын электр желiлiк компаниялардың электр желiлерiне қосылу және сатып алынған (сатылған) электр энергиясын әдiл және алалаусыз негiзде алуға (беруге) мүмкiндiк жасайды. Нарықтың барлық қатысушылары, сондай-ақ Қазақстан БЭЖ-нiң тұтастай алғанда және электр желiлерiнiң жұмыс сенiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн белгiлi бiр талаптар мен нормативтiк-құқықтық актiлерде көзделген мiндеттердi орындауы тиiс.

      94. Электр желiсiне кiру рұқсатын алу үшiн оның әрбiр пайдаланушысы электр желiлiк компаниямен тараптар өзінің құқылары мен мiндеттерiн айқындайтын Электр желiсiне кiру шартын жасауы тиiс.

      95. Жаңа пайдаланушылардың электр желiсiне кiруін ресiмдеудiң бiрiншi кезеңiне электр желiсiне жалғануға рұқсат алу жатады. Барлық әлеуеттi пайдаланушылар электр желiлiк компанияға өтiніш жасауы және қосылу шарттарына қатысты келiсiмге келуi тиiс.

      96. Электр желiсiне қосылуға қойылатын талаптар белгіленген нормалар негiзiнде Электр желiсiне кiру шартында (бұдан әрі - Шарт) айқындалады. Шарт электр желiлiк компания мен пайдаланушы арасындағы әрбiр бөлек қосылу нүктесi бойынша келiсiм-шартты білдіреді. Оған кiретін құжаттар тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн, соның iшiнде қосылуға қойылатын техникалық шарттарды айқындайды.

      97. Пайдаланушылар электр желiлiк компаниямен Шарт жасасу жолымен осы Ережеде баяндалған қағидаттарды, рәсімдерді, техникалық шарттар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етуi тиiс.

98. Энергия жүйесіне кiру тәртiбi :

      1) пайдаланушылардың жаңа немесе қайта жаңғыртылған құрылғылары мен жабдығының қажеттi қосу қағидаттары мен рәсімдерінің орындалуы және қосудың базалық ережелерi барлық пайдаланушыларды барлық заңды және лицензиялық мiндеттемелерге сәйкес тең негiзде қарауға мүмкiндiк беруі;


2) пайдаланушыларға қатысты ең төменгi техникалық, құрылымдық және пайдалану өлшемдерін анықтау көмегiмен электр желiсiне қосылатын кез келген жаңа немесе қайта жаңғыртылған құрылғы мен жабдық осы тарауда айқындалғандардан басқа қосымша шарттарды күштеп танылмауы үшін әзірленді. 

     99. Осы энергия жүйесіне кіру тарауы электр желiсiнiң мынадай субъектiлерiне мыналарды қоса алғанда, қолданылады:



  1. ЭӨҰ

  2. ЖО;

    3) электр желiлiк компаниялар;

    4) тұтынушылар атынан өтiнiмдердi өңдейтін делдал жеткiзушілер;


    5) электр желiлерiне тiкелей қосылатын және қосылған электр энергиясын тұтынушылар.
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет