«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» акционерлік қОҒамы



бет4/9
Дата24.02.2016
өлшемі0.91 Mb.
#16224
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Табысты тану
Табыс мәмілеге байланысты экономикалық пайдаларды алу және табыс сомасын дұрыс бағалау мүмкін болған жағдайда танылады. Сатудан болған табыстар қосымша құн салығын шегергеннен кейін танылады.
Топ өндірушілерден көтерме сауда мен ірі тұтынушыларға дейін электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтен, сондай-ақ электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсетуден табыс алады. Табыс қызмет көрсету сәтінде танылады.
Реттелетін қызметтер бойынша табысты есептеу үшін Агенттік бекіткен тарифтер негіз болып табылады. 2008 жылғы 1 тамыздан бастап Агенттіктің 2008 жылғы 23 маусымындағы №197-ОД бұйрығымен Электр энергиясын жеткізу және электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтерге жаңа тарифтер бекітілді. Электр энергиясын жеткізу бойынша тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне сәйкес әр аумақ үшін жекелеген тарифтер, сондай-ақ транзиттік және экспортталатын электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтерге тарифтер белгіленді. Техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі 2005 жылдан бастап бекітілді және қолданыста.
2007 жылғы қарашада Топ Агенттікпен бірге электр энергиясын жеткізу және электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі негізгі қызметпен технологиялық байланысты, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды келісті. Аталған қызметті Агенттікпен келісу негізінде Топ 2007 жылғы 10 желтоқсандағы №760 бұйрықпен электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметке тариф бекітті. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған қызмет түрі табиғи монополиялар саласына жатқызылған, сәйкесінше, оны Агенттік реттейді.
Жалгерлік
Шарттары активтерді иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайдаларды көшіруді білдіретін жалгерлік қаржылық жалгерлік деп жіктеледі. Жалгерліктің басқа да барлық түрлері операциялық жалгерлік болып жіктеледі.
Операциялық қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын жалгерлік төлемдер пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте олардың пайда болу шамасына қарай көрсетіледі.
Заемдар бойынша шығындар
Пайдалануға енгізілуі немесе іске асырылуы елеулі уақыт кезеңінен кейін болатын біліктілік активтерін сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей жататын заемдар бойынша шығындар аталған активтің құнына осындай актив пайдалануға енгізуге немесе іске асыруға нақты дайын болған сәтке дейін аталған активтің құнына енгізу жолымен капиталдандырылады.
Білікті активтерге жұмсау күтілетін нақты заемдардың уақытша инвестициясынан алынған инвестициялық табыс капиталдандырылуы мүмкін заемдар бойынша шығындардан шегеріледі.
Заемдар бойынша барлық басқа да шығындар пайдаларда немесе залалдарда олар болған кезеңде танылады.
Зейнетақылық міндеттемелер
2008 жылы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес Топ жинақтау зейнетақы қорына аударымдар ретінде қызметкерлердің жалақысынан 10 % мөлшерінде, бірақ айына 90,188 теңгеден көп емес (2007 жылы 73,140 теңге) мөлшерде төлемдерді жүзеге асырады. Зейнетақы қорларына төлемдер қызметкерлердің жалақысынан ұсталып қалынады және еңбек ақы төлеу бойынша жалпы шығыстарға және пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте олар пайда болған сәтте еңбек ақыға байланысты басқадай аударымдармен енгізіледі. Топтың зейнетақы төлемдері бойынша қайсыбір басқа да міндеттемелері жоқ.
Табыс салығы
Табыс салығы бойынша шығыстар өз алдына төленетін ағымдағы табыс салығының және мерзімі кейінге қалдырылған табыс салығының сомасын білдіреді.
Ағымдағы салық
Төленетін ағымдағы табыс салығы жыл ішіндегі салық салынатын пайда негізінде есептелген. Салық салынатын пайда пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте көрсетілген таза пайдадан ерекшеленеді, себебі оған салық салынатын немесе басқа есептік кезеңдерде шегерілетін табыстар мен шығыстардың сомасы қосылмайды және ешқашан да не салық салынатын, не шегерілетін болып танылмайтын сомалар қосылмайды. Топтың ағымдағы табыс салығы бойынша міндеттемелері бухгалтерлік теңгерім күніне қолданылатын салық мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
Мерзімі кейінге қалдырылған салық
Мерзімі кейінге қалдырылған табыс салығы шоғырландырылған қаржылық есептемеде активтер мен міндеттемелердің ағымдағы құны мен салық салынатын пайданы анықтау мақсаты үшін танылған тиісті сомалар арасындағы айырмашылықтар бойынша танылады. Мерзімі кейінге қалдырылған міндеттемелер әдетте барлық салық салынатын уақытша айырмашылықтар үшін танылады. Мерзімі кейінге қалдырылған салықтық активтер уақытша шегерілетін айырмашылықтар үшін салық салынатын пайда жетіклікті болуы ықтимал дәрежеде танылады. Осындай активтер мен міндеттемелер, егер уақытша айырмашылық не салық салынатын пайдаға, не бухгалтерлік пайдаға әсер етпейтін операциялардан болған міндеттемелер мен активтерді бастапқы танудан (кәсіпорындарды біріктіру жөніндегі операциялардан басқа) немесе гудвиллдан туындаған болса, танылмайды.
Мерзімі кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер еншілес компанияларға және қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестицияларға байланысты барлық уақытша айырмашылықтарға және Топ уақытша айырмашылықты түзетуді бақылайтын жағдайдан басқа бірлескен кәсіпорындарға қатысу үлесіне қатысты көрініс табады және уақытша айырмашылық болашақта түзетілмеуі мүмкін. Мерзімі кейінге қалдырылған салық активтері осындай инвестициялар мен үлестерге байланысты шегерілетін уақытша айырмашылықтардың нәтижесінде уақытша айрмашылықтардың пайдасын қарсы қолдануға болатын жеткілікті салық салынатын пайда болатындай және олардың алдағы болашақта түзетілуі күтілетін шамада ғана танылады.
Мерзімі кейінге қалдырылған активтердің теңгерімдік құны әр есептік күнге бағаланады және есебінен барлық сома немесе активтің бір бөлігі өтелуі мүмкін салық салынатын жеткілікті пайданың болу ықтималдығы болмайтындай дәрежеде азаяды.
Мерзімі кейінге қалдырылған салықтық активтер немесе міндеттеме активтердің шығуы немесе міндеттемелердің өтелуі кезеңі барысында қолданылуы күтілетін мөлшерлеме бойынша есепке алынады. Мерзімі кейінге қалдырылған табыс салығы тікелей капиталды есепке алу шоттарында көрсетілген баптарға жататын жағдайларды қоспағанда пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі және аталған жағдайда мерзімі кейінге қалдырылған табыс салығы капиталдық құрамында көрсетіледі.
Мерзімі кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемлер бойынша өзара есеп айырысу ағымдағы салықтық активтерді ағымдағы салықтық міндеттемелерге қарсы есепке алудың заңды түрде бекітілген құқығы бар және олар бір ғана салық органы өндіріп алатын табыс салығына жататын жағдайда жүргізіледі және Топ өзінің салықтық активтерін өтеуді және салықтық міндеттемелерді нетто негізде өтеуді жоспарлайды.
Ағымдағы және мерзімі кейінге қалдырылған салықтар олар тікелей капиталға жатқызылған баптарға жататын немесе олар кәсіпорындарды бастапқы есепке алу нәтижесінде пайда болатын жағдайлардан басқа пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте шығыстар немесе табыстар ретінде танылады. Кәсіпорындарды біріктірген жағдайда салықтық әсер гудвиллды есепке алған кезде немесе сатып алынатын компаниялардың бірдейлендірілген активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің таза әділ құнындағы сатып алушының үлесінің өзіндік құннан артуын анықтаған кезде есепке алынады.
Байланысты тараптармен жасалатын операциялар
Аталған шоғырландырылған қаржылық есептемені дайындаған кезде мына тараптар байланысты тараптар ретінде қаралды:
Тарап байланысты компания болып табылады, егер:

(а) тікелей немесе жанама түрде бір немесе бірнеше делдал арқылы тарап:

і) бақылайтын болса немесе компанияның жалпы бақылауында болса (оларға холдингтік компаниялар, еншілес компаниялар мен бір негізгі фирманың басқа да еншілес компаниялары жатады);

іі) компанияда үлестік қатысуы бар болса, бұл оған компанияға елеулі әсер ету мүмкіндігін береді;

ііі) компанияны бірлесе бақылайтын болса.

(ә) тарап компанияның қауымдастырылған тарабы болып табылса;

(б) тарап компания қатысушысы болып табылатын бірлескен кәсіпорын болып табылса;

(в) тарап компанияның немесе оның негізгі компаниясының негізгі басқарушы персоналының мүшесі болып табылса;

(г) тарап (а) немесе (в) тармақтарында көрсетілген кез-келген тұлғаның отбасы мүшесі болып табылатын болса;

(д) тарап тікелей немесе жанама түрде (в) немесе (г) тармақтарында көрсетілген кез-келген тұлғаның бақылауында, бірлескен бақылауында немесе елеулі ықпалында болатын немесе осындай компанияда елеулі дауыс беру құқығы бар компания болып табылатын болса; немесе

(е) тарап өз алдына компанияның немесе компанияның байланысты тарабы болып табылатын кез-келген компанияның қызметкерлері үшін зейнетақы схемасын білдірсе.
Әр ықтимал байланысты тарапты қараған кезде тараптардың тек қана заңды нысанына ғана емес, олардың қарым-қатынастарының мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді.
Жіктеудің өзгеруі
2007 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жылғы шоғырландырылған қаржылық есептемеде оны 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған шоғырландырылған қаржылық есептемені ұсыну нысанына сәйкестендіру үшін жіктеуді өзгерту жүргізілді.
Жіктеменің мына өзгерістері шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімде жүргізілді:


Шоғырландырылған қаржылық есептеменің баптары

Өткен таныстыруға сәйкес

Жіктеудің өзгерістері

Ағымдағы

таныстыруға сай

Ақша қаражаттары

7,122,533

488

7,123,021

Басқа да қаржылық активтер

1,123,083

(488)

1,122,592



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет