«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компанияСЫ» Kazakhstan



Дата25.02.2016
өлшемі266.97 Kb.



«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН компанияСЫ» (Kazakhstan

Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


МАҚҰЛДАНДЫ:

БЕКІТІЛДІ:


«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы «05» сәуірдегі № 4 хаттамасы

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2013 жылғы «09» сәуірдегі № 17/13 хаттамасы


МАҚҰЛДАНДЫ:

«KEGOC» АҚ Басқармасының 2013 жылғы «27» наурыздағы № 9 хаттамасы


Өзгеріс енгізілді:

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2014 жылғы «03» қыркүйектегі № 42/14 хаттамасы


«KEGOC» АҚ-НЫҢ ДИВИДЕНДТІК САЯСАТЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


Е kegoc 00-202-13-ЕА

Дана № ___
2-шығарылым
Енгізу күні 09.04.2013ж.


Астана


1 Жалпы ережелер


    1. «KEGOC» АҚ-ның дивидендтік саясаты (бұдан әрі -Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамасына, «KEGOC» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Жарғысына, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленді.

    2. Осы Ереже жай акциялар бойынша дивидендтердің мөлшері, оларды төлеу шарттары мен тәртібі туралы Қоғамның Директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу кезіндегі басымдылықтарды айқындайды.

    3. Қоғамның дивидендтік саясаты дивидендтердің мөлшерін анықтау кезінде Қоғам мен акционерлердің мүдделерін сақтауға, Қоғамның инвестициялық тартымдылығын арттыруға, және оны капиталдандыруға, құрметтеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген акционерлердің құқықтарын қатаң қадағалауға негізделеді.


2 Дивидендтерді төлеудің негізгі шарттары


    1. Қоғам капиталдандыруды ұлғайтумен қатар жыл ішінде алынған таза табыстың мөлшері мен Қоғамның өндірістік және инвестициялық қызметін дамыту қажеттіліктеріне негізделе отырып төленетін дивидендтердің мөлшерін өсіруге ұмтылады.

    2. Дивидендтерді төлеудің негізгі шарттары:

      1. Қоғамда есептілік кезеңде таза табыстың немесе бөлінбеген пайданың болуы;

      2. осы Ереженің 9 және 10-тармақтарында көзделген дивидендтерді есептеу мен төлеуге шектеулердің болмауы;

      3. Қоғам акционерлері жалпы жиналысының дивиденд төлеу туралы шешім қабылдауы болып табылады.


3 Дивидендтер мөлшерін анықтау
6. Тиісті қаржылық жылдағы немесе жарты жылдағы табыс немесе ҚЕХС-ке сәйкес жасалған Қоғамның шоғырландырылған қаржылық есептемесінің негізінде есептелетін бөлінбеген пайда дивиденд төлеу көздері болып табылады.

7. Қоғамның Директорлар кеңесі өткен қаржылық жылдағы немесе жарты жылдағы Қоғамның таза табысын бөлу тәртібі мен дивидендтер мөлшері туралы ұсынысты дайындау кезінде жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге жұмсалатын сома таза табыстың кемінде 40%-ын құрауына негізделуі тиіс.

Жыл немесе жарты жыл қорытындысы бойынша дивидендтер мөлшері Қоғамның тиісінше өткен қаржылық жылындағы немесе жарты жылындағы 100% таза табысына тең немесе одан артық болуы мүмкін, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның шарттық міндеттемелеріне, осы Ереженің талаптары мен Қоғамның өзге ішкі құжаттарына қарама қайшы келмесе. Қоғамның таза табысының 100%-дан асатын мөлшерінде дивиденд төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда дивидендтер Қоғамның бөлінбеген пайдасынан төленеді.

8. Бір жай акцияға дивидендтің мөлшері акционерлердің арасында орналастырылған Қоғамның жай акциялары санына бөлінген дивидендттік төлемдерге жұмсалатын қаражатқа негізделе отырып анықталады және акционерлердің тізімі жасалған күнге дивиденд алуға құқы бар.




  1. Дивидендтерді есептеуге және төлеуге қойылатын шектеулер

9.Қоғамның жай акциялары бойынша:

1) өз капиталының теріс мөлшері болған жағдайда немесе егер қоғамның өз капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде теріс болса;

2) егер қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сай келсе немесе аталған белгiлер Қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесiнде пайда болса дивидендтер есептеуге жол берілмейді.

10. Орналастырылмаған немесе Қоғамның өзi сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды тарату туралы шешiм қабылдаса, дивидендтер есептелмейдi және төленбейдi.

5 Дивидендтерді төлеу тәртібі
11. Қоғамның Директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысына өткен қаржылық жылдағы немесе жарты жылдағы таза табысты бөлу тәртібі және бір жылда немесе жарты жылда Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы төленетін дивиденд мөлшері туралы ұсыныс әзірлейді.

Акционерлердің жалпы жиналысына ұсыныстар дайындау кезінде Директорлар кеңесі өзі қажетті деп есептеген кез келген факторларды, оқиғалар мен іс-әрекеттерді ескеруге, бірақ Қоғам табысының мөлшерімен, Қоғамның қаржылық жағдайымен, Қоғамның қаржылық жағдайына қатысты болжамдармен, Қоғамның ақшаларға деген сұранысымен (күрделі шығындар мен инвестициялық жоспарларды қоса алғанда), Директорлар кеңесі қолдануға болады деп есептейтін перспективалармен және өзге факторлармен шектелмеуін қоса алғанда, құқығы бар.

12. Жыл қорытындылары бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің жылдық жалпы жиналысы Қоғамның жылдық қаржылық есептемесі бекітілгеннен кейін қабылдайды.
      Жарты жылдың қорытындылары бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы Қоғамның тиісті кезең үшін қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін 3 ай ішінде қабылдайды.

Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің ұсынысын қарай келе, өз қалауы бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайды, Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы мөлшерін бекітеді, сондай-ақ дивидендтер төлеу басталатын күнді белгілейді.

13. Дивидендтерді төлеу кезеңі дивидендтер төлеу басталған күннен бастап 60 (алпыс) күннен аспауы тиіс.

14. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл шешім бұқаралық ақпарат құралдарында және Қоғамның корпоративтік веб-сайтында жариялануы тиіс.

15. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімде мынадай мәліметтер:

1) қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және өзге де деректемелері;

2) дивидендтер төленетін кезең;

3) бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің мөлшері;

4) дивидендтер төлеудің басталатын датасы;

дивидендтер төлеудің тәртібі мен нысаны қамтылуы тиіс.


16. Акционерлердің жалпы жиналысы жылдың немесе жарты жылдың қорытындылары бойынша  Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы, оны қабылдаған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнi ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және Қоғамның корпоративтік веб-сайтында көрсетілген шешімді міндетті түрде жариялайды.

17. Қоғам Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қоғам Жарғысының талаптарына және акционерлердің жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес дивидендтердің уақтылы және толығымен төленуін қамтамасыз етеді.

18. Дивидендтерді төлеу Қоғамның шотынан Қоғамның тіркеушісінде немесе номиналдық ұстаушыда шот ашуға арналған бұйрықта көрсетілген акционерлердің банктік шоттарына теңгемен тиісті ақшалай сомалардың аударылуы деп есептеледі.

19. Қоғам жай акциялар бойынша өзінің бағалы қағаздарымен дивидендтер төлеуге акционердің жазбаша келісімі болған жағдайда осындай төлем қоғамның жарияланған акцияларымен және оның шығарған облигациялармен жүзеге асырылатын жағдайда құқылы.

20. Дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі дивидендтер төлеу басталатын күннің алдындағы күні жасалуға тиіс. Төленбеген дивидендтері бар акцияларды иеліктен алу туралы шартта өзгеше көзделмесе, акцияның жаңа иесінің оларды алу құқығымен жүзеге асырылады.

21. Төленетін дивидендтерге салық салу Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

22. Акционер алынбаған дивидендтерді Қоғам берешегінің пайда болу мерзіміне қарамастан төлеуді талап етуге құқылы.

Дивидендтер оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелетін өсімақы төленеді.


6 Жауапкершілік
23. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дивидендтер төлеу туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімдерін уақтылы орындау үшін жауапты болады.

24. Акционер он күн ішінде Қоғамның тіркеушісі мен аталған акционерге тиесілі акцияларды номиналдық ұстаушыны Қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімдемесінің жүйесін жүргізу үшін қажетті мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауы тиіс.

25. Қоғам мен Қоғам тіркеушісі осы Ереженің 24 тармақшасында белгіленген талаптарды акционердің орындамау салдарлары үшін жауапты болмайды.


  1. Ережені басқару

26. Ережені басқару КЕGOC 00-102-07 «Ұйымдық құжаттаманы басқаруға» сәйкес жүзеге асырылады.

27. Ереже Басқарма төрағасымен, Басқарма төрағасының бірінші орынбасарымен, Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасарымен, Басқарушы директорлармен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісіледі.
Әзірлеуші:

Корпоративтік даму департаментінің

корпоративтік даму және тәуекелдерді

басқару бөлімінің менеджері А. Рамазанова

«KEGOC» АҚ дивидендтік саясаты

туралы ережеге 1-қосымша
Н. СТ KEGOC 00-101-01
Келісу парағы


Басқарма төрағасы

Б. Қажиев






Басқарма төрағасының бірінші орынбасары



Б. Жазықбаев







Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары

Ж. Бексары







Құқықтық қамтамасыз ету және қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор

Қ. Жақыпбаев







Экономика жөніндегі басқарушы директор

А. Ботабеков







Заң департаментінің директоры

Т. Сафуани







Жобаларды басқару департаментінің директоры

С. Катышев







Жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры

С. Жексембинов







Бухгалтерлік және салықты есепке алу департаменті

Д. Мұқанова







Корпоративтік даму департаменті

Е. Ахметов







Қазынашылық департаментінің директоры

Н. Молдыбаева










«KEGOC» АҚ дивидендтік саясаты

туралы ережеге 2-қосымша
Н. СТ KEGOC 00-101-02

Танысу парағы





р/с


«Қызметкерді» таныстыратын адамның Ф.А.Ә.


Қолы

Таныстыру күні

«Қызметкерді» таныстырған басшының

Ф.А.Ә.


Қолы


































































































































































































































































































































































































































































































































































































«KEGOC» АҚ дивидендтік саясаты

туралы ережеге 3-қосымша
Н. СТ KEGOC 00-101-03

Өзгерістерді тіркеу парағы



Негізінде өзгеріс енгізілген хабарлама №


Парақ нөмірлері

Өзгеріс енгізген адамның Т.А.Ә.

Өзгеріс енгізген адамның қолы

Өзгеріс енгізілген күн

өзгертілгендері

ауыстырылғандары

жаңалары

Жойылғандары



































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































«KEGOC» АҚ дивидендтік саясаты

туралы ережеге 4-қосымша
Н. СТ KEGOC 00-101-04

Мерзімді тексерістерді есепке алу парағы





Тексеру күні

Тексеруді орындаған адамның Т.А.Ә.

Тексеруді орындаған адамның қолы

Ескертулер тұжырымдамасы

1

2

3

4








































































































































































































































































































































146113.1.AL_IMANAGE

Каталог: up files
up files -> Жұмыс істемейтін Дизельді генераторлық қондырғыны (ДГҚ) сату және «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орнату үшін жаңа дгқ сатып алуға арналған техникалық тапсырма
up files -> АҚ мен ебұ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет туралы ақпарат
up files -> МАҚҰлданды «kegoc» АҚ бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі
up files -> «Ұлттық электр торабын жаңғырту – ІІ кезең» жобасын іске асырған кездегі экологиялық басқару жоспары
up files -> описание проекта часть I – Расширение/модернизация подстанций
up files -> Главный инженер Чернохаев К. П


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет