Біліктерімендағдылары: 1. Жабдық бөлшектері мен элементтерінің аса күрделі және жауапты түйіндерін жылжыту, бөлшектеу және орнату жөніндегі такелажды жұмыстарды орындау.
Білімі: Жүк көтеретін машиналарға, механизмдер мен жүк қармағыш құрылғыларға қойылатын талаптар.
Такелажды жұмыстарды жүргізу ережесі..
Еңбек функциясы 2 Автоматтар мен жартылай автоматтардың элементтері
жөніндегі дәнекерлеу жұмыстарын орындау.
Біліктерімендағдылары: 6-7 квалитет бойынша бөлшектерді қиюластырып, бабына жеткізе отырып,өңдеу арқылы аса күрделі дәнекерлеу операцияларын орындау.
Фосфорлы-мысты және күміс дәнекерлерді қолдана отырып дәнекерлеу.
Әр түрлі құрамдалған кесетін және өлшейтін құралды қолдана отырып, 6-7 квалитет бойынша (2-3- м дәлдік класы бойынша) аралықпен күрделі бөлшектерді өңдеу үшін токарлық-револьверлік станоктарды, токарлық көп шпиндельді автоматтар мен жартылай автоматтарды, тік көп кескіш және көп шпиндельді жартылай автоматтарды баптау.
Станоктарды баптау кезінде қажетті техникалық есептеулерді орындау.