Электр машиналары


Зертханалық стендтің сипаттамасы



бет4/4
Дата17.11.2022
өлшемі97.05 Kb.
#465085
түріНұсқаулар
1   2   3   4
1 зертхана эм (1)

4.3 Зертханалық стендтің сипаттамасы

Зертханалық стенд (принціптік схемасы 4.3 суретінде көрсетілген) 0...250В аралығында өзгере алатын, Т1 реттелетін кернеу көзінен, электр өлшеуіш аспаптардан: амперметрлер А1 және А2, вольтмеирлер V1 және V2, ваттметр W1; Q6 қоректендіру көзінің ажыратқышынан; Q5 трансформатордың жұмыс режимін ауыстырып қосқыштан; жүктемені сатылы түрде өзгертетін Q1 . . . Q4 ажыратқыштардан; ОСО-0,25 типті зерттелетін Т2 трансформатордан (стенд панелінің артында орналасқан, әйнек арқылды көрінеді) R1 . . . R4 жүктеме резисторларынан тұрады.


Стенд панелінің бетінде стендтің электрлік қосылуларының принциптік схемасы, зертелетін трансформатордың паспорттық мәліметтері орналасқан. V1 вольтметр мен W1 ваттметрдің өлшеу диапазоны трансформатордың жұмыс режимі өзгергенде автоматты түрде өзгереді. Әрбір режим үшін өлшеулердің жоғарғы шегі аспаптардың шкаласында көрсетілген.



4.3 сурет - Стендтің принциптік электрлік сұлбасы
4.4 Жұмыстың орындалу тәртібі

4.4.1 Дайындық барысында істелетін жұмыстар


- Әдістемелік нұсқаудың п.4.2 және көрсетілген әдебиеттердегі теориялық мәліметтерді оқып шығыңыздар.
- Есеп беру протоқолында стендтің принциптік схемасын сызыңыздыр (4.3 сурет).
- Эксперимент мәліметтерінің 4.1 кестесін дайындаңыздар.
4.4.2 Зертханада орындалатын жұмыстар:
- Зертханалық стенд жабдықтарымен танысыңыздар.
- Есеп беру протоқолына зертелетін трансформатордың паспорттық мәліметтерін жазып алыңыздар.
- 4.6.1п көрсетілген методикаға сәйкес бос жүріс тәжірибесін жасаңыздар және аспаптар көрсетулерін 4.1 кестеге енгізіңіздер.
- 4.6.2п нұсқаулар бойынша жүктемелі трансформаторды сынаңыздар және аспаптар көрсетулерін 4.1 кестеге енгізіңіздер.
ЕСКЕ САҚТАҢЫЗДАР! Қысқа тұйықталу тәжірибесін жүргізер алдында Т1 кернеу реттегішінің тұтқасын сағат тілінің бағытына қарсы ең ақырына дейін бұрыңыздар, сөйтіп U1 кернеуді 0-ге дейін төмендетіңіздер, әйтпесе стенд қатардан шығуы мүмкін.
- 4.6.3п келтірілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес қысқа тұйықталу тәжірибесін жүргізіңіздер және аспаптар көрсетуін 4.1 кестеге енгізіңіздер.
- Бір координаталар жұйесінде , , эксплуатациялық сипаттамаларын салыңыздар.
- n трансформация коэффициентін, бос жүріс тоғын, қысқа тұйықталу кернеуін есептеп шығарыңыздар.

4.1 кесте - Эксперимент мәліметтері



Тәжірибе №

Тәжірибе атауы

Өлшенген

Есептелген

U1

I1

P1

U2

I2

P2

cos



В

А

Вт

В

А

Вт







1

Бос жүріс

























2

Жүктеме 50 %

























3

75%

























4

100 %

























5

125 %

























6

Қысқа тұйықталу

























4.5 СӨЗЖ-на арналған тапсырма

4.5.1. Бос жүріс және қысқа тұйықталу тәжірибелерінің мәліметтері мен трансформатордың паспорттық мәліметтері бойынша:


- Т – тәрізді алмастыру схемасы параметрлерін есептеңіздер.
- , тәуелділіктерін теория жүзінде есептеп салыңыздар және эксперимент нәтижесімен салыстырыңыздар.
- cosφжүкт=0,8 актив-сыйымдылық жүктемесі бар трансформатордың сыртқы сипаттамасын салыңыздар және есептелген немесе эксперимент нәтижесінде алған сипаттамамен салыстырыңыздар. Қорытынды жасаңыздар.
4.5.2 Жоғарыда есептелген мәліметтері бойынша номинал жүктемемен жұмыс істеп тұрған, жүктеме сипаты актив-индуктивті (cosφжүкт=0,8) және актив-сыйымдылық (cosφжүкт=0,8) болған жағдайдағы трансформатордың векторлық диаграммаларын салыңыздар. Оларды өзара салыстырып қорытынды жасаңыздар.
4.6 Есеп беруге және жұмысты орындауға
арналған әдістемелік нұсқаулар

4.6.1 Бос жүріс тәжірибесін жүргізу үшін Q5 жұмыс режимінің ауыстырып-қосқышын бос жүріс қалпына қойып, Q6 ажыратқышпен стендті қоректендіру көзіне қосыңыздар және Т1 кернеу реттегішінің тұтқасын бұрай отырып, зерттелетін трансформатордың бірінші реттік орамасындағы кернеуді номинал кернеуге тең етіңіздер.


4.6.2 Жүктемелі трансформаторды сынау үшін жұмыс режимінің ауыстырып-қосқышын «жүктеме» қалпына қойыңыздар. Q1...Q4 қосқыштарын бірінен соң бірін қоса отырып, трансформатордың екінші реттік орамасындағы I2 тоқты жуық шамамен: 0,5I2ном; 0,75I2ном; I2ном; 1,25I2ном етіп ұстаңыздар. I2 тоғының әрбір тұрақталған мәні үшін аспаптар көрсетуін 4.1 кестеге енгізіңіздер. Сынақ кезінде бірінші реттік орамадағы кернеуді номинал мәніне, 220В-қа тең етіп ұстаңыздар.
4.6.3. Қысқа тұйықталу тәжірибесін жүргізу үшін трансформатордың бірінші реттік орамасындағы кернеуді Т1 кернеу реттегішінің тұтқасын сағат тілінің бағытына қарсы ең ақырына дейін бұрай отырып 0-ге теңеңіздер. Жұмыс режимінің ауыстырып-қосқышын «қысқа тұйықталу» қалпына қойыңыздар, Т1 кернеу реттегішінің тұтқасын жайлап бұрап отырып, екінші реттік орамадағы тоқты номинал тоққа теңеңіздер I2=I2ном
4.6.4 Жұмыс соңынан Q6 ажыратқышпен стендті ажыратыңыздар, Т1 кернеу реттегішінің тұтқасын сағат тілінің бағытына қарсы соңына дейін бұраңыздар. Жұмыс режимінің ауыстырып-қосқышын «бос жүріс» қалпына қойыңыздар.
4.6.5 cos , P2, шамалары мына формулалар бойынша есептеледі:

(4.15)


(4.16)




(4.17)
4.7 Бақылау сұрақтары

1. Трансформатордың құрылысы мен әрекет ету приципін түсіндіріп беріңіздер.


2. Бос жүріс тәжірибесін жүргізу шарттарын атаңыздар. Тәжірибе нәтижесінде трансформатордың қандай параметрлері анықталады?
3. Қысқа тұйықталу тәжірибесін жүргізу шарттарын атаңыздар. Тәжірибе нәтижесінде трансформатордың қандай параметрлерін анықтауға болады?
4. Трансформатордың негізгі магнит ағынының амплитудасы немен анықталады және ол жүктеме тоғына қалай тәуелді? Жауабын түсіндіріңіздер.
5. Трансформаторда қандай шығындар орын алады, олардың физикалық мәні қандай және олардың шамасы неге тәуелді?
6. Неліктен магнит өткізгіштегі шығынды бос жүріс тәжірибесі нәтижесінде, ал орамалардағы шығынды қысқа тұйықталу тәжірибесі нәтижесінде анықтайды?
7. Егер номинал кернеуі 220В трансформаторды кернеуі 220В тұрақты тоқ желісіне қосса не болады? Жауабын түсіндіріңдер.
8. Қоректендіруші кернеу жиілігін 50 Гц –тен 400 Гц-ке арттырса трансформатордың екінші реттік орамасындағы кернеу неге тең болады? Егер жиілік 50 Гц болса, Е2=200В екені белгілі.
9. Неліктен жүктеме тоғын арттырғанда екінші реттік орамадағы кернеу азаяды? Электр қабылдағыштың қуат коэффициентінің азаюуы сыртқы сипаттама түріне қалай әсер етеді?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет