Электр монтаждау жұмыстарын индустриалдандыру



Дата05.09.2023
өлшемі19.26 Kb.
#476611
Лекция №3 ЭО-20о


Электр монтаждау жұмыстарын индустриалдандыру

Монтаждау өндірісіндегі техникалық прогрестің маңызды бағыттарының бірі индустриалдандыру болып табылады. Ол екі негізгі мақсатты көздейді:


монтаждау жұмыстарының ең жоғарғы көлемдерін монтаждау аймағынан монтаждау ұйымдарының өндірістік базалары мен зауыттарға ауыстыру, себебі, сонда жетілдірілген білдектер мен тетіктерді пайдалана отырып, жұмыстардың неғұрлым өнімді әдістері қамтамасыз етіле алады;
құрылыс жұмыстарын жүргізумен қатар ірілендірілген блоктар мен түйіндерге жиынтықталған электр жабдығын, электр құрастырылымдарын және электр сымдарын дайындау.
Индустриалдандыру монтаждау жұмыстарының қарқындарын жылдамдару мен олардың жылдамдығын төмендетуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, толымдайтын ірі блоктық құрылғылар мен түйіндердің жаппай зауыттық өндірісі монтаждау аймағына жеткізілетін жабдық пен материалдардан орында монтаждалатын электр қондырғыларымен салыстырғанда олардан монтаждалған электр қоныдрғыларының сапасын жақсартады.
Сонымен қатар, ірі блокты құрылғылар мен монтаждау түйіндерін пайдалану кәсіпорындардың электр шаруашылығын пайдалануды жеңілдетеді. Ақырында, ірі блокты жинақты құрылғылар құрылыс жұмыстарының көлемін қысқартады, себебі олар көптеген жағдайларда цехтарда тікелей орнатылуы мүмкін, яғни, арнайы ғимараттарды салуды талап етпейді.
Мамандандырылған электр монтажды ұйымдар (компаниялар, кәсіпорындар, холдингтер) ірі блокты жинақты құрылғылардың кең ассортиментін шығарады: жинақты тарату құрылғылары (ЖТҚ); жинақты трансформаторлы қосалқы станциялар (ЖТҚС); жинақты түрлендіретін қосалқы станциялар (ЖТҚС); жартылай өткізгіштердегі жинақты түзеткіш қосалқы станциялар (ЖӚЖТҚС); жинақты конденсаторлы қондырғылар (ЖКҚ); болат шкафтардағы резисторлармен толымданған магнитті станциялары бар механизмдерді басқарудың жинақты қалқандары; тарату күш және жарықтандыру пунктері; тарату және магистралды тоқжолдар және т.б.
Әмбебап құрама электр монтажды құрастырылымдарды (ӘҚЭМҚ) шеберханаларда немесе объектілерде тікелей пайдаланады. Дәнекерлемей және бұрғыламай олардан кронштейндер, аспалар, бекітпелер және арналымы бойынша әр түрлі құрылғылар мен коммуникацияларды қондыруға немесе төсеуге арналған басқа да элементтерді – шина сымдарды, науаларды, қораптардыжарықтандыру арматурасын және т.б. жинайды. Металл құрастырылымдар қарапайым металл бекітпе бұйыдарының немесе сыналы қосылыстардың көмегімен жинайды. ӘҚЭМҚ бұйымдарының номенклатурасы өзіне 35 тип өлшемдерінің бөлшектерін қамтиды: қапсырмалар, бұрыштар, негіздер, келте құбырлар, профильдер, жолақтар, шарнирлер, бастырықтаржәне т.б.
Электрмонтажды құрастырылымдарды ӘҚЭМҚ элементтерінен типтік альбомдар бойынша дайындайды. Сонымен қатар, механикалық өңдеуді минимумға дейін қысқарады, жабындарды жағу мен дәнекерлеу үдерістері жоққа шығарылады. Номенклатурада сыналы қосылыстардың болуы қосылыстарды орындауды жеңілдетеді.
ӘҚЭМҚ әмбебаптылығының арқасында электр монтаждау жұмыстарының үдерісі анағұрлым жеңілдейді, оларды жүргізу мерзімдері қысқарады, еңбек өнімділігі артады.
Кабельдерді, құбырларды және сымдардың түйіндерін көптесікті профильдер мен жолақтарға бекіту үшін, сонымен қатар, пакетке бірнеше оқшауланған сымдарды қысып буу үшін әр түрлі тоғаларды, жолақтарды және ленталарды пайдаланады.
ЛМ монтаждау лентасын саңылаулар арасындағы арақашықтық
10 және 15 мм болатын, ені 10 және 15 мм етіп дайындайды. Саңылаулардың диаметрі сәйкесінше 2,2 және 3 мм-ді құрайды. Лента оның осу бойымен бағытталған 120 Н қысатын күшіне шыдайды. Лентаны ішіне 1 000 м лента мен 1 500 батырма кіретін (МЕМСТ 17563—80) жинақ түрінде жеткізеді.
Сонымен қатар, сымдамдан жгуттар жасау, таңбалау және құрастырылымдарда бекіту үшін термопластикалық материалдардан жасалған қысып-буғыш тісті ленталар (МЕМСТ 22612.1—77 және МЕМСТ 22612.2—77) пайдаланылады. Диаметрлері әр түрлі сымдарды, кабельдерді және құбырларды құрастырылымдарда тікелей бекітуді қапсырмалардың, қамыттардың және болат пен пластмассадан жасалған қаптамалардың көмегімен де орындайды.
Монтаждау жұмыстарын индустриалдандырудың міндеті зауыттан және алдын ала дайындамадан ірі блокты жиынтық құрылғылары мен монтаждау түйіндерінің есебінен монтаждауды оларды жинауына барынша жеткізуде көрінеді. Осында монтаждау ұйымдарының жүйесінде өндірісті дайындау топтары үлкен рөл атқарады.
Егер ЖТҚҚ, ЖТҚС, қалқандар секілді осындай типтік ірі блокты құрылғылар жобада қарастырылатын болса, онда осы өндірістің спецификасына қатысты күш және жарықтандыру тораптарының түйіндерін ірілендіру өндірісті дайындау топтарының сызбаларды әзірлеу жолымен жүзеге асырылады және монтаждау ұйымдарында орындалады.
Соңғы уақытта ірі электр техникалық компаниялар, мысалы, «Интерэлектрокомплект», «ОЭК—Энерго», «Флавир», «Электрощит», «Тяжпромэлектро» зауыттық монтаждау бұйымдарын пайдалана отырып, электр сымдарының әр түрлі түрлерінің типтік монтаждау түйіндерін жасайды. Жобалық жұмыстардың көлемін қысқартып қана қоймай, өндірісті дайындау топтарының жұмысы мен монтаждау ұйымдарының шеберханаларындағы ірілендірілген монтаждау түйіндерін алдын ала құрастыруды анағұрлым жеңілдететін осындай түйіндердің жобалық альбомдарының көп саны шығарылды.
Жұмыстардың индустриалды әдістерін енгізудің негізгі қағидаларының бірі болып монтаждауды екі сатыда ұйымдастыру табылады.
Бірінші саты барлық дайындау және жинау жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Осы сатыда құрылыстар мен ғимараттардың ішінде электр жабдығын қондыруға, кабельдерді, сымдарды, шина сымдарын, троллейлерді төсеуге арналған тірек құрастырылымдарын монтаждауды; электр сымдарына арналған болат және пластмасса құбырларын монтаждауды; сылау және әрлеу жұмыстарына дейін жасырын сымдарды төсеуді орындайды. Ғимараттар мен құрылыстардың сыртында кабель тораптары мен жерге тұйықтау тораптарын монтаждауды орындайды. Ғимараттар мен құрылыстардағы аталған жұмыстарды бірлескен график бойынша, яғни, негізгі құрылыс жұмыстарын жүргізумен қатар жүзеге асырады. Осы сатыда шеберханаларда күш және жарықтандыру электр сымдарының түйіндері мен пакеттерін дайындайды, электр жабдығының блоктарын жинайды, электр жабдығына алдын ала реттеуді жүргізеді, аппаратура мен машиналарды стендтерде тексереді және сынайды және т.б.
Екінші сатыда электр жабдығын (ірілендірілген түйіндер мен блоктар) монтаждайды, кабельдер мен сымдарды (түйіндер мен пакеттерді), шина сымдарын төсейді, кабельдер мен сымдарды электр жабдығының шығуларына қосады. Электр техникалық ғимараттарда (ЖТҚ, машина залдарында, тарату қалқандарының ғимараттарында, басқару станциялары мен посттарда, трансформаторлар камераларында, кабельді жартылай қабаттарда, туннельдер мен арналарда) екінші сатының жұмыстарын жалпы құрылыстық, әрлеу жұмыстарының және санитарлық-техникалық құрылғыларды монтаждау кешенін аяқтағаннан кейін орындайды.
Басқа (өндірістік электр техникалық емес) ғимараттар мен аймақтарда, соның ішінде, цехтардың аралықтарында екінші сатының электр монтажды жұмыстарын технологиялық жабдықты қондырғаннан, технологиялық, санитарлық-техникалық құбыр желілерін және желдету қораптарын монтаждағаннан кейін орындайды. Аралық мамандандырылған ұйымдардың жұмыстарымен бір уақытта орындалатын екінші сатының электр монтажды жұмыстарды жұмыстарды әр түрлі ұйымдар бірлесе орындаған кездегі қауіпсіздік техникасының сұрақтары ескерілген жиынтық тораптық графикпен орнатылған реттілікте жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет