Электр монтаждаушының жобалық және нормативтік құжаттары


Электр монтаждаушының жұмыс құжаттамасы



бет2/2
Дата05.09.2023
өлшемі17.25 Kb.
#476612
1   2
Лекция №1 ЭО-20о

Электр монтаждаушының жұмыс құжаттамасы
Ғимараттар мен үй-жайлардың құрылысы, технологиялық, санитарлық-техникалық, электр техникалық жабдықты, автоматика жүйелері мен әлсіз тоқты құрылғыларды монтаждау бойынша жұмыстарды әрбір объектіге арнайы жасалатын жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалады. Өнеркәсіптік объектілердің құрылысы кезінде жұмыс сызбалары сәулет-құрылыс, санитарлықтехникалық, электр техникалық және технологиялық құжаттама жинақтарын қамтуы тиіс. Электр монтаждау жұмыстарында өзіне сыртқы және ішкі электр тораптарына, қосалқы станциялар мен басқа электрмен жабдықтау құрылғыларына, күш және жарықтандыру электр жабдығына техникалық құжаттаманы қамтитын жобаның элеткр техникалық бөлігінің жұмыс сызбаларын қолданады. Әдетте, жобаның электр техникалық бөлігінің жұмыс сызбаларын әзірлеу кезінде ірілендірілген түйіндермен электр жабдығын орнатумен жинақты-блокты әдіске негізделген электр монтаждау қарастырылады. Бұл әдісте қондыру үдерісінде түзету, бұрғылау, реттеу, кесу және т.б. операцияларын орындау қажет емес. Жұмыс құжаттамасын қабылдай отырып, ондағы монтаждау жұмыстарын индустриалдандыру, сонымен қатар, кабельдерді төсеу, электр жабдығының түйіндері мен блоктарының такелажы және оларды қондыру бойынша жұмыстарды механикаландыру талаптарын есепке алуға назар аударған жөн. Жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде монтаждауды жүргізетін ұйымның электр монтаждауды жүргізу технологиясының талаптарын ескеру қажет. Монтаждау аймағында (жабдықты орнату және электр тораптарын цехтарда, ғимараттарда төсеу орнында тікелей) монтаждау жұмыстары электр техникалық құрылғылардың ірі блоктарын қондыруда, түйіндерді құрастыру мен тораптарды төсеуде көрінеді. Жұмыс сызбалары дайындама жұмыстары үшін, яғни, дайындаушы кәсіпорындардағы немесе электр монтаждау дайындамаларының шеберханаларында (ЭМДШ) блоктар мен түйіндерге тапсырыс беру және монтаждауаймағында электр 118 монтаждау құрылғыларын монтаждау үшін арнайы жинақталуы тиіс. Жоба монтаждау үдерісінде тесік ою жұмыстарын минимумға жеткізуді қарастыруы тиіс. Электр монтаждау үшін ойықтар, қуыстар, саңылаулар жобаның сәулет-құрылыс бөлігінің сызбаларында қарастырылуы тиіс. Сымдарды төсеуге арналған арналар немесе құбырларды, тарату шкафтарын,ашалы розеткаларды, сөндіргіштерді, батырмаларды қондыруға арналған төсеме бөлшектері бар қуыстарды, ұяшықтарды құрылыс құрастырылымдарының жұмыс ызбаларында қарастырған жөн (жабынның темір бетонды, гипсбетонды, керамзитбетонды панельдерінде, қабырға панельдерінде). Күш электр жабдығын монтаждау үшін ғимарат мен цехтың қабатты жоспарларын оларда қуаттандыру және тарату күш тораптарын төсеу және шина сымдарын, күш қуаттандыру пунктері мен шкафтарын, электр қабылдағыштар мен жүргізу-реттеу аппараттарын орналастыру трассаларын көрсете отырып жасайды. Электрмен жарықтандыруды монтаждау үшін қуаттандыру және топтық тораптарды, шырағдандарды және кішкентай қалқандарды көрсете және координациялай (қоса) отырып, сызбаларын жасайды. Электр сымдары құбырларының ірі ағындарын ашық немесе жасырын төсеу кезінде күрделі коммуникациялары бар өндірістік үй-жайлар үшін олардың шығуын, сонымен қатар, трасса бойында орналастыру орындарын таңбалай, қоса және белгілей отырып, құбырлардың тарту жоспарын жасайды. Қосалқы станциялардың машиналық залдары мен тарату құрылғыларының сызбалары электр жабдығының түйіндері мен блоктарын орналастыруды, жерге тұйықтау тораптарын төсеуді көрсете отырып, объектінің жоспары мен қималарын, бас және қосымша тізбектердің принципиалды және монтаждық сұлбаларын, кабельді журналдарды қамтуы тиіс. Электрмонтаждау бөлімшесі тапсырыс берушіден жобалық құжаттаманы алады және дайындаушы кәсіпорындарында және монтаждау ұйымдарының базаларында электр қондырғыларының блоктары мен түйіндерін дайындауға тапсырыс береді. Монтаждау ұйымы беретін жұмыс сызбаларында «Өндіріске рұқсат етілді» жазуы немесе штамп қойылады, оның жанына тапсырыс берушінің жауапты өкілі қол қояды. Сонымен қатар, тапсырыс беруші монтаждау ұйымына дайындаушы кәсіпорындардан келіп түскен жабдықты монтаждау бойынша сұлбалар мен нұсқауларды береді. Электр монтажды жұмыстарды келесілерді қамтитын жұмыстарды жүргізу жобасына (ЖЖЖ) сәйкес орындайды: жобалық қалыпқа орнатылатын электр монтаждау және электр техникалық құрастырылымдардың технологиялылығын тексеру, жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін бар тетіктер мен құрылғыларды таңдап алу. Монтаждалатын элементтердің құрастырылымдарын оларды монтаждау ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі, сонымен қатар, қажетті механикаландыру құралдарын пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан қарастырады. Әрі қарай монтаждаушылар үшін жүк көтергіш крандар мен басқа да машиналарды таңдайды, оларды орналастыру орындары мен құрылыс алаңында қозғалыс сұлбаларын анықтайды. Машиналардың жұмыс аймағында қауіпсіздік белгілері мен ескерту жазуларын орнату орындарын анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет