Электр стансалар және қосалқы стансалар пәні



бет2/3
Дата01.03.2024
өлшемі0.78 Mb.
#493516
1   2   3
лекция 6 ЭСжҚС

Тәуелсіз қоздыру жүйесі
1. Тұрақты ток генераторы арқылы қоздыру жүйесі
Генератордың электромашиналық тәуелсіз қоздырылуының ұстанымдық сұлбасы
LGE – қоздырғыштың қоздыру орамы
GE – тұрақты тоқ генераторы
LG – синхронды генератордың
қоздыру орамы
G – синхронды генератор
RR – реттуіш реостат
Қуаты 100 МВт дейінгі генераторлар үшін қоздырғыш ретінде генератор білігіне қосылған GE тұрақты ток генераторы қолданылады. LGE қоздырғышының қозу орамасы қоздырғыштың зәкірімен қоректенеді, ондағы ток RR реостатымен немесе автоматты қоздыу реттегішімен реттеледі (АҚР). LG синхронды G генераторының қоздыру орамасына берілетін ток қоздырғыштағы кернеудің шамасымен анықталады.

Мұндай қоздыру жүйесінің кемшіліктеріне: қоздыру арту жылдамдығының аздығы; тұрақты ток генераторының діріл әсерінен және коллектор мен щетканың (коммутациялар шарттары) қиын жұмыс шартынан сенімділігінің төмендеуі болып табылады. Қуаты 165 МВт-тан жоғары турбогенераторларда қажетті қуатта айналу жиілігі 3000 айн/мин тұрақты ток генераторын, коммутация шарттары бойынша дайындау күрделі болып табылады
2. жартылай өткізгішты өзін-өзі қоздыру
LGE – қоздырғыштың қоздыру орамы
GE – тұрақты тоқ генераторы
LG – синхронды генератордың
қоздыру орамы
G – синхронды генератор
RR – реттуіш реостат
Өздігінен қозу жүйесінде генераторының қоздыру орамасы генераторлардың шықпаларына қосылған АРВ арқылы басқарылатын VS вентилі арқылы ТЕ трансформатордан және басқарылмайтын VD вентилі арқылы ТА тоқ трансформаторынан қоректенеді,
VD вентиль тогы статор тогына пропорционалды, сондықтан олар қозуды күшейтуді және жүктеме кезінде генератордың жұмысын қамтамасыз етеді.
Басқарылатын VS вентильдері генератордың кернеуіне пропорционалды ток береді және қалыпты режимде кернеуді реттеуді қамтамасыз етеді.
Мұндай жүйе қуатты синхронды машиналар үшін қолданылады
Тәуелсіз қозудың статикалық тиристорлық жүйесі
Машиналық қоздырғышы бар қоздыру жүйесі
G генератормен бірге бір білікте қосымша GE синхронды генератор орналасқан. Қосымша генератордың статорында үш фазалық дәнекерленген орамдары бар. Оларға екі топ тиристорлар қосылған: VD1 - жұмыс тобы - қоздырғыштың төменгі кернеуіне қосылған, ал VD2 - еселелік (форсирововчная) топ - толық кернеуге.
Тиристорлардың екі тобын қолдану қозу төбесін 4Ufном дейын және жоғары жылдамдықты қамтамасыз етеді (V= 50 C-1). Екі топ үш фазалы көпір схемасы бойынша параллель жалғанады.
Схеманың кемшіліктері пайдалануды қиындататын айнымалы ток қоздырғышының болуын.
Щеткасыз қоздыру жүйесі
Бұл жүйеде GE қоздырғышы ретінде 50 Гц синхронды генератор қолданылады, оның қоздыру орамасы LE тұрақты статорда, ал үш фазалы орамасы айналмалы роторда орналасқан. LE орамасы VDE түзеткіші арқылы GEA қоздырғышынан қоректенеді. Қоздыру тогын реттеу тиристорларға әсер ету жолымен импульстік А құрылғысы және айналмалы ТА трансформаторы арқылы жүзеге асырылады.
Бұл жүйенің артықшылығы — байланыс сақиналары мен щеткалардың болмауы, кемшілігі-генераторды резервтік қоздыруға немесе тиристорларды ауыстыру үшін тоқтату қажеттілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет