Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі. Меншікті және молярлы электр өткізгіштік. Әлсіз және күшті электролиттердің электр өткізгіштігінің концентрацияға тәуелділігі. Кольрауш, Дебай-Онзагер заңдары



бет2/6
Дата01.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479380
1   2   3   4   5   6
11-лекция

Әлсіз электролит
сұйылтылған ерітінділерде иондарға толығымен ыдырайды
ерітінділерде толығымен ыдырамайды
күшті қышқылдар, сілтілер,
тұздар
әлсіз бейорганикалық қышқылдар, органикалық қышқылдар, әлсіз негіздер, кейбір тұздар, су
ЭЛЕКТР ӨТКІЗГІШТІККЕ ӘРТҮРЛІ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
температура
концентрация
орта тұтқырлығы
ион радиусы
ион заряды
Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі, яғни олардың электр тогын өткізу қабілеті электролит пен еріткіштің табиғатына, концентрациясына, температурасына және басқа да факторларға байланысты.
меншікті өткізгіштік
молярлы өткізгіштік
Меншікті электрөткізгіштік
Электролит ерітіндісінің электр тогын өткізу қабілетінің өлшемі- электр өткізгіштік χ ( каппа) - ерітіндінің R кедергісіне кері мән.
кез келген өткізгіштің электр кедергісін келесі формуламен есептеуге болады
ρ-меншікті кедергі, Ом·м
l-электродтар арасындағы қашықтық( өткізгіштің ұзындығы), м
S-электродтардың ауданы (өткізгіштің көлденең қимасы), м2
Электр өткізгіштіктің өлшем бірлігі О немесе Сименс (См)
(2)
(1)
(3)
Меншікті электрөткізгіштік
  • Электролит ерітіндісінің меншікті электр өткізгіштігі (каппа) - бұл бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, әрқайсысы 1 м2 болатын екі параллель электродтар арасында орналасқан ерітінді көлемінің электр өткізгіштігі

Өлшем бірліктері: Ом-1·м-1, См·м-1, Ом-1·см-1, См·см-1
Практикада меншікті электрөткізгіштікті анықтау үшін l мен S шамаларын білу қажет, бірақ оларды -өлшеу өте қиын. Дегенмен l /S қатынасын анықтау оңай, ол үшін меншікті электрөткізгіштігі белгілі ерітіндінің кедергісін өлшеп l /S қатынасын табамыз; бұл қатынасты ыдыс тұрақтысы (К) деп атайды. Сонда
(4)
Ыдыс тұрақтысы электрөткізгіштікті өлшейтін ыдысқа құйылған ерітіндінің жалпы кедергісі оның меншікті кедергісінен қанша есе көп немесе аз екенін көрсетеді.
Сөйтіп, берілген электролит ерітіндісінің меншікті электрөткізгіштігін практикада анықтау үшін алдымен ыдыс тұрақтысын (К) анықтап, содан соң берілген ерітіндінің кедергісін (R) өлшеп, (4) - теңдеудің көмегімен меншікті электрөткізгіштігін () есептейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет