Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі. Меншікті және молярлы электр өткізгіштік. Әлсіз және күшті электролиттердің электр өткізгіштігінің концентрацияға тәуелділігі. Кольрауш, Дебай-Онзагер заңдары



бет6/6
Дата01.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479380
1   2   3   4   5   6
11-лекция

Электрофоретикалық эффект
Иондық атмосферадағы қарсы зарядталған иондар электр тогы әсерінен орталық ионның қозғалысына қарсы қозғалады. Сол кезде орталық ион мен оның иондық атмосферасының шекарасында үйкеліс күші пайда болады да, иондар қозғалысы тағы да тежеледі. Бұл құбылысты электрофоретикалық эффекті деп атайды.
Дебай-Хюккель теориясын, релаксациялық және электрофоретикалық эффектілерді ескеріп, Онзагер 1:1 зарядты электролиттердің сұйылтылған ерітінділері үшін мына теориялық теңдеуді ұсынды:
(8)
мұнда Аэ –электрофоретикалық, Ар-релаксациялық эффектілер.
Бұл теңдеу Дебай-Хюккель-Онзагер теңдеуі деп аталады.
Вин эффектісі
  • Электролит ерітіндісіне кернеулігі үлкен (20-40 мВ/м) электр өрісімен әсер еткенде иондар өте үлкен жылдамдықпен қозғалады, бұл кезде .

(8)
Дебай-Фалькенгаген эффектісі
  • Бұл эффектіні алғашында Дебай мен Хюккель байқап, содан соң Фалькенгаген зерттеп дәлелдеген. Айнымалы тоқтың өте үлкен тербеліс жиілігінде (109 терб/с) иондық атмосфера жойылып үлгермейді, оның симметриясы сақталады, демек релаксациялық эффект болмайды. Бірақ, иондық атмосфера сақталатындықтан электрофоретикалық эффектде сақталады. Сол кезде , бірақ .

Сөйтіп Вин, Дебай және Фалькенгаген зерттеулерінің нәтижесінде әр ионның төңірегінде иондық атмосфера түзілетіндігі дәлелденді.
Концентрациясы 0,001 моль/л-ден жоғары электролиттер үшін Дебай-Хюккель-Онзагер теориясынан ауытқу байқалады. Концентрациясы 0,1 моль/л –ге дейінгі ерітінділердің эквиваленттік электрµткізгіштігін түсіндіру үшін Шидловскийдің жартылай эмперикалық формуласы қолданылады
Мұнда В - теңдеудің сол жағы оң жағына (-мәніне) тең болу үшін таңдалатын түзету коэффицинеті, оның физикалық мағынасы белгісіз.
(12)
Шидловский формуласының орнына көбінесе Робинсон-Стокс теңдеуі жиі қолданылады:
(12)
(13)
Бақылау сұрақтары:
  • Электрөткізгіштік дегеніміз не? Электрөткізгіштіктің қандай түрлері бар?
  • Электрөткізгіштіктің концентрацияға тәуелділігін түсіндіріңіз.
  • Релаксация (немесе асимметрия) эффектісі дегеніміз не?
  • Электрофоретикалық эффектісі дегеніміз не?
  • Кольрауш заңын сипаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет