«Электронды білезік» жүйесінің аясын кеңейту керек пе?



жүктеу 17.04 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі17.04 Kb.
Айнұр БЕКМУРЗИНА, Манаш Қозыбаев атындагы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік

университетінің ага оқытушысы


«Электронды білезік» жүйесінің аясын кеңейту керек пе?
Бас бостандығынан айырылғандарды әлеуметтік өмірге бейімдеу де оңай емес. 10-20 жыл отырып, қоғамнан тысқары қалған адамның жан дүниесін сауықтыру психологиялық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да ауыр. Сондықтан, орташа қылмыстарды бос-тандықта жүріп өтеген құптарлық жайт.

Мемлекет басшысы қүқықтық саясат тұжырымдамасында қоғамдық қауіп тудыратын қылмыстардың аражігін ажыратып, оны жасаған қауіпті тұлғалардың жазасын ауыр-латып, керісінше, жеңіл қылмыстар санатын ізгілендіріп, жаза өтеудің балама жолдарын қарастыруды тапсырған болатын.

Электронды білезік жазаны бостандықта өтеу үшін ғана емес, Франциядағыдай жыныстык, зорлық үшін сотталып, бостандыққа шыққандарға да электронды білезік киіп жүру міндеттелуі тиіс. Әсіресе, «бүлдіршін құмарлар» сотталғаннан кейін, 20 жыл отыра ма, одан да көп пе, жазасын өтеп шыққан күннің өзінде электронды білезік тағып, таңбаланып тұрса. Қолы мен аяғына тағылған білезіктен қоғам жыныстық зорлықпен сотталғандығын даралап білетін болады және жергілікті инспекторлардың қатаң бақылауында болады.

Электронды білезікті қолданысқа шығарса, алдымен.аяғы ауыр, босанатын әйелдерге тезірек қолданылғаны жақсы болар еді. Бала перенаталдық орталықта, білікті ме-дициналық көмек керсетілетін жерде дүниеге келуі керек. Олардың туу туралы куәлігінде түрмеде туылғаны көрсетілмей, жазасын өтеп жатқан аналарының жазасын бостандықта жүріп өтеуге мүмкіншілік жасау қажет. Экономикалық қылмыстармен 10-15 жылға сотталғандар бар, ол қоғамдық қауіп туғызбайтын қылмыс ретінде сараланып, жазасын электронды бақылау арқылы шартты түрде бостандықта өтегендері дұрыс. Шартты түрде сотталғандарды, бас бостандығын шектеуге сотталғандар мен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандарды электронды білезік арқылы бақылап отырудың құқықтық қауіптілігі, қүқықтық тәртібі мен жауапкершілігін қатаңдататын қүқықтық нормалар занда болуы тиіс.


// Заң газеті. - 2014. - 11 ақпан


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет