«Электрондық коммерция орталығы» жшс мемлекеттік сатып алу порталында тіркеу



жүктеу 101.57 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі101.57 Kb.




«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС

Мемлекеттік сатып алу порталында тіркеу

Мемлекеттік сатып алу веб – порталы

Тақырыбы

Мемлекеттік сатып алу веб – порталында тіркеу бойынша басшылық 3

Кіріспе 3

Құжаттың мақсаты 3

Портал туралы 3

Белгіленуі 4

аутентификация құралдарын алу және электрондық сандық қолтаңба 5

Мемлекеттік сатып алуды веб - порталда тіркеу 5

Ұйым туралы ақпарат енгізу 8

Пайдаланушы профилін редакциялау 12

Пайдаланушы келісіміне, қатысушы келісіміне қол қою 14

Сондай жағдайда қатысушы келісіміне қол қою рәсімі «Қатысушы профилі» тарауында «Менің кабинетім» мәзірінде өтеді. 14

Қатысушы профилін редакциялау 15



Ұйымдастырушының жеке кабинетіндегі таңдауы 18



Мемлекеттік сатып алу веб – порталында тіркеу бойынша басшылық

Кіріспе

Құжаттың мақсаты


Осы құжатты жасаудың мақсаты мемлекеттік сатып алу порталында тіркеуді сипаттауда болып табылады.

Портал туралы


Мемлекеттік сатып алу веб–порталы – электрондық мемлекеттік сатып алуға электрондық қызметке қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін мемлекеттік ақпараттық жүйе.

Мемлекеттік сатып алу веб–порталы мынадай функционалдықты қамтамасыз етеді:

  • мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысушыларды тіркеу;

  • мемлекеттік сатып алуды жоспарлау;

  • өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат жинау;

  • электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу, сонымен қатар тапсырыс беруші мен әлуетті өнім беруші арасында электрондық құжаттармен алмасу;

  • мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жоспарланған, өткізілген және жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат ұсыну;

  • өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша статистика және есеп беруді қалыптастыру;

  • мемлекеттік сатып алу саласында түсініктеме және нормативтік-анықтамалық ақпарат жариялау;

  • мемлекеттік сатып алу тізіліміне енгізілетін мәліметтерді ұсыну және жариялау;

Жүйе шешетін міндеттер: 

  • мемлекет қажеті үшін тауар, жұмыс және қызметтерді алуға бюджеттік шығындардың төмендеуі;

  • мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастырудың Бірыңғай тәртібі;

  • мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуге шығындарды қысқарту;

  • өнім берушілер арасындағы бәсекелестікке бірдей жағдай жасау;

  • жиналған ақпаратқа жылдам қол жеткізу;

  • қағаз құжаттар айналымын анағұрлым қысқарту;

  • мемлекеттік сатып алу рәсімінің транспаренттігін және ашықтығын ұлғайту;

  • мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі құқық бұзушылықтың санын азайту.

Белгіленуі


ҰКО – Қазақстан Республикасының Ұлттық Куәландіру Орталығы, ҚР заңды және жеке тұлғалары үшін сенімді аутентификация құралдарын және электрондық сандық қолтаңбаны ұсынуды жүзеге асырады.

Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) – электрондық сандық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның кміге тиістілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандар рәміздерінің жиынтығы.

Электрондық сандық қолтаңбаның жабық кілті – тіркеу куәлігі иесіне белгілі және электрондық сандық қолтаңба құралдарын пайдалану арқылы электрондық сандық қолтаңбаны жасауға лайықталған электрондық сандық рәміздер кезегі.

Электрондық сандық қолтаңбаның ашық кілті – әрбір тұлғаға қолжетімді және электрондық құжаттағы электрондық сандық қолтаңбаның шынайылығын растауға лайықталған электрондық сандық рәміздер кезегі.

Тіркеу куәлігі – электрондық сандық қолтаңбаның осы Заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін куәландіру орталығы берген қағаз жүзіндегі құжат немесе электрондық құжат. «Ашық кілт сертификаты» синонимі қолданылады.

Тіркеу куәлігінің иесі - тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес, жабық кілтті пайдалануға құқылы, тіркеу куәлігі соның атына берілген жеке немесе заңды тұлға.

аутентификация құралдарын алу және электрондық сандық қолтаңба


Тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алу бойынша ақпаратты ұсынуы қағаз рәсімдерін қолданбай, веб-портал арқылы электрондық пішінде жүзеге асырылады. Бұл аутентификация құралдарын және электрондық сандық қолтаңбаны қолдануды талап етеді.

Аутентификация құралдарын және электрондық сандық қолтаңбаны беру Астана, Алматы қалаларында және Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында орналасқан Қызмет көрсету орталықтарындағы Ұлттық куәландіру орталығының Тіркеу орталықтарында жүзеге асырылады.



ЭСҚ алу үшін мыналар қажет:

Заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлердің сәйкестендіру деректері мынадай сәйкестендіру құжаттары негізінде тексерілу тиіс:



  • заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің нотариус растаған бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бар көшірмесі, жеке кәсіпкерлер үшін жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;

  • өкілетті тұлғаны куәландіретін құжаттар (ҚР төлқұжаты, жеке куәлігі) және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар көшірмесі;

  • өкілетті тұлғаға заңды тұлғаның атынан заңды әрекеттер жасауға берілген сенімхаттары (4 қосымша). Жеке кәсіпкерлерден ол талап етілмейді, өйткені олар өздері келуі тиіс;

  • мәлімдеуші-тіркеу куәлігінің иесіне жұмыс орнынан берілген анықтама.

Ұсынылған БСН негізінде ҚО тіркеуші (қауіпсіздік офицері) ҚР заңды тұлғаларының Деректердің мемлекеттік қоймасы бойынша берілген ақпараттың шынайылығын тексеруді жүзеге асырады. Қажетті құжаттардың толық тізіміне және тіркеу орталықтары тізіліміне Ұлттық куәландіру орталығының www.pki.gov.kz сайтында қол жеткізуге болады.

Мемлекеттік сатып алуды веб - порталда тіркеу


Аутентификация және электрондық сандық қолтаңба құралдарын алып, орнатқан соң (ЭСҚ орнату бойынша толық нұсқаулық Ұлттық куәландіру орталығының www.pki.gov.kz сайтында қолжетімді) мемлекеттік сатып алу веб-порталында https://goszakup.gov.kz мекенжайы бойынша тіркеу рәсімінен өту қажет.

Мемлекеттік сатып алу веб – порталының Басты беті мынадай болады:




Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу рәсімін бастау үшін «Веб-порталдың жаңа нұсқасына ену» сілтемесін өту керек: Сілтеме бойынша өткеннен кейін порталдың жаңа нұсқасының алғашқы беті көрсетіледі:


«Ену» түймешесін басқанда, пайдаланушы деректерін толтыру үшін бет ашылады:


Барлық деректерді толтырып, келісімді қабылдаған соң және «Тіркеу» түймешесін басқанда жүйе пайдаланушыны тіркеудің табысты аяқталғаны туралы мәлімдеме шығарады:


Одан әрі пайдаланушыны авторизациялау үшін «Ену» түймешесін басып, тіркеу кезінде көрсетілген парольді енгізу керек.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталына енгеннен кейін мәзірде пайдаланушы туралы ақпарат көрсетіледі.




Ұйым туралы ақпарат енгізу


Ұйым туралы ақпарат енгізу үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталына енгеннен кейін «Ұйымды қосу» сілтемесі бойынша өту қажет.

Ұйым туралы ақпарат қосу беті мынадай болады:




Ұйым туралы барлық ақпаратты енгізгеннен кейін (ұйымның СТН және БСН/ЖСН), «Сұраныс» түймешесін басу қажет.


Сұранысты өңдегеннен кейін ұйым туралы деректер қосу үшін бет ашылады, ол мынадай болады:






Ұйым туралы деректерді толтырғаннан кейін «Сақтау» түймешесін басу керек. Алаңдарды дұрыс толтырғанда жүйе субъектің табысты тіркелгені туралы хабарлама шығарады:


Осымен мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу рәсімі аяқталады.

Пайдаланушы профилін редакциялау


Пайдаланушы профилін редакциялау «Пайдаланушы профилі» тарауында «Менің кабинетім» мәзірінде өтеді.

Түймешенібасқанда пайдаланушы деректерін редакциялау беті ашылады.

Сілтемені басқанда парольді редакциялау беті ашылады:

Осылайша пайдаланушыны авторизациялау кезінде «Парольді ұмыттыңыз» сілтемесіне басып, парольді өзгертуге болады:



Электрондық пошта мекенжайын тексеру мына белгінібасқанда орындалады. Жүйе хабарлама береді:



Электрондық пошта мекенжайына активация сілтемесі бар хаттар келеді:



Активация өткенсоң электрондық пошта мекенжайында мәлімдеме пайда болады:




Пайдаланушы келісіміне, қатысушы келісіміне қол қою


Пайдаланушы келісіміне қол қою «Пайдаланушы профилі» тарауында өтеді:

Келісімге қол қою үшін келісім атауы белсенді сілтемесі бойынша өтіп, «Қол қою» түймешесін басу керек:



Келісімге қол қою мынадай болады:





Сондай жағдайда қатысушы келісіміне қол қою рәсімі «Қатысушы профилі» тарауында «Менің кабинетім» мәзірінде өтеді.







Қатысушы профилін редакциялау


Пайдаланушының ұйымы туралы деректерді редакциялау үшін «Менің кабинетім» тарауының «Қатысушы профилі» мәзіріне өту керек:


«Менің кабинетім» тарауындағы «Қатысушы профилі» мәзіріне өту кезінде сол жақта мәзірдің мынадай тармақтары болады:



Мәзір тармақтары

Міндеттері

Сәйкестендірілген деректері

Ұйым туралы субъектіні тіркеу кезінде ИСАЖ жүйесінен енгізілген деректер болады

Атрибуттары

Ұйымның атрибуттары туралы мәліметтер болады. м

Мәліметтер түсіп қалатын тізімнен алынады:



  • ҰҚПЖ (ұйымдастыру-құқықтық пішіндер жіктегіші)

  • ЖПЖ (жекеменшік пішіндер жіктегіші)

  • Мекеменің мөлшерлілігі

  • Экономика секторының коды (БеК екінші санына сәйкес келеді)

Тармақты белгілеу жолымен таңдалған ұйымның атрибутына сәйкес келетін мәліметтер:

  • Халықаралық компания

  • Мемлекеттік монополия

  • Отандық өнім шығарушы

  • Отандық өнім жеткізуші

  • Отандық кәсіпкер

  • Шағын кәсіпкерлік субъект (ШКС)

Басшылар

Ұйымның басшысы туралы деректер

Қызметкерлер

Веб-порталда тіркелген ұйымдардың қызметкерлері туралы мәліметтер болады.

«Қызметкерлер» тарауындағы жетекші рөлдерді (жұмыс орындары) тағайындайды - ол үшін қызметкерлердің ТАӘ белсенді сілтемесін басқан кезде рөлдерді таңдау беті ашылады.



Мәлімдеуші

Ұйымды тіркеген қызметкер туралы деректер болады.

Құрылтайшылар

Заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы мәліметтер болады.

Байланыс ақпараты

Ұйымның орналасқан жері, байланыс деректері туралы ақпарат

Банк реквизиттері

Ұйымның банк реквизиттері туралы мәлімет болады.

Қатысушылар

Ұйым туралы қысқаша мәлімет болады, белсенді ұйымның бейімдеуі көрсетіледі.

Қызметі

Ұйымның қызмет түрлері туралы мәлімет болады

Үйым туралы деректері бар бет мынадай болады:



Мына белгіні басқан кездедеректерді редакциялау беті ашылады:




Ұйым туралы деректерді редакциялау беттерінде мынадай басқару элементтері болады:

Нысан

Әрекеті

«Сақтау» түймешесі

Деректерді сақтау жүзеге асады

«Кейін қайту» түймешесі

Деректерді сақтамай өту

«ИСАЖ-дан деректер алу» түймешесі

ИСАЖ анықтамалық жүйеден деректердің аударылуы жүзеге асады

«Қосу» түймешесі

Деректер қосу беті ашылады

«Редакциялау» түймешесі

Енгізілген деректерді редакциялау

«Жою» түймешесі

Жасалған жазбаны жою

«Үнсіздікпен орнату» түймешесі

Банк реквизиттерін белсендіреді. Өнім берушінің тапсырысын беру кезінде үнсіздікпен орнатылған банк реквизиттері өнім берушінің баға ұсынысында көрініс береді.

Назар аударыңыз! Ұйым туралы деректерді «Жетекші» рөліне ие пайдаланушы ғана редакциялай алады.

Ұйымдастырушының жеке кабинетіндегі таңдауы


Ұйымдастырушыны таңдау үшін «Менің кабинетім» - «Қатысушы профилі» - «Менің ұйымдастырушыларым» тарауына ену керек:


«Ұйымды қосу» түймешесін басып, іздеу үшін фильтрді пайдаланып, /СТН/БСН атауы бойынша ұйымды тауып, деректерді сақтау керек:




Сақтағаннан кейін, ұйымдастырушының сұрату жолында «Жауап күту» мәртебесі көрсетіледі:

Ұйымдастырушының сұратуын дәлелдеу үшін «Менің кабинетім» - «Қатысушы профилі» - «Менің тапсырыс берушілерім» тарауына кіріңіз:




Ұйымдастырушының сұрату жолында «Жауап күту» мәртебесі көрсетіледі. Сұратуды дәлелдеу үшін жолды бөлектеп, «Тапсырыс берушіні бекіту» түймешесін басу керек:

Бекіткеннен кейін мәртебесі «Бекітілген» болып өзгертіледі:




«Тапсырыс берушіні кері қайтару» түймешесін басқан кезде таңдалған тапсырыс берушіден бастарту болады:


«Тапсырыс берушіні жою» түймешесін басқан кезде тапсырыс беруші шығарып тасталады:





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет