Электронды төлем жүйесін қҰРУ



жүктеу 111.02 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі111.02 Kb.
УДК 004

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ


Жолдас Р.


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекші –Баенова Г. М

  1. Кіріспе

Жаңа төлем инструменттерін ақша айналымында қолданудың және банк секторында осыған байланысты озық электрондық технологияны ақшаның белсенді қызметтерін атқаруды жеделдету үшін тәжірибеге енгізудің келешегі зор. Сондықтан, төлем жүйесінің институционалдық даму эволюциясы және қазіргі таңда электрондық технологияның төлем жүйесінде және Қазақстанның әр өңірі төңірегінде ақша айналымын ұйымдастыруда қандай маңызы бар екендігі нақты мәліметтермен көрсету мақсатқа алынды. Ол үшін төлем жүйесінде орын алатын тәуекелдердің түрлерін және олардың пайда болуының негізгі себептерін талдау қажет. Төлем жүйесі – құрамында қаржылық, операциялық қарым-қатынастар жұмыс жасайтын күрделі механизм. Бірнеше жыл бұрын, біз валютамен жұмыс істеуден сақтануды доғардық. Ал бүгінгі таңда ақша аудару дүңгіршектері нан сататын дүкендерден де көп десе де болады. Осыдан бірнеше жыл алдын VISA, MASTERCARD және өзге карталармен таныстық. Ал қазір қарт, үлкен кісілердің өздері де зейнетақыларын пластикалық карталармен алады. Осыдан алдын шет елге ақша жіберу және ақша алуды мүлде жасай алмайтын едік. Бүгін бұндай жұмысты барлық банктер жасай алады: валюталық есепшотын ашу арқылы немесе олсыз. Және ең қызықтысы, бұл қызметтің түрі тұрақты түрде өсіп отыр. Бұл шетелдік төлқұжат сияқты болды: егер жоқ болса, еш қайда бара алмайсын, ал егер болса, ыстық елдерге қазір –ақ ұшып кетуіңізге болады.

  1. Электронды және сандық ақшалар.

  1. Компьютерлік технологиялардың дамуы мемлекеттік орталық банктердің монополияларын өздерінің ақшаларын шығару мүмкіндігінен айырды және өзге мемлекеттік емес ұйымдарға өз ақшаларын параллельді шығаруға мүмкін болды. Бұл ақшалардың айырмашылығы оларды сипауға және қолмен ұстауға болмайды. Оларды қалтаға да салуға болмайды. Олар материалды түрде жоқ. Дегенмен де бұл ақшалардың керемет ерекшеліктері бар:

  2. Электронды ақшаларды қорғау деңгейі өте жоғары, оларды теориялық түрде де , мысалы егер сіз оны өз қалтаңызға салып қойсаңыз, оны ешкім алмайтынына 100% сенімді бола аласыз.

  3. Сіздің әмияныңыз компьютер арқылы құрылғандықтан, және сіз олардың қаншауын аламын десеңде өзіңіз білесіз, үшінші адам оларды тауып алуына мүмкіндік те жоқ. Ақша салудың құпиясы кепілденген. Осындай әмиянды ашу үшін , сіз ешкімге өзіңіз туралы мәліметтер беруге міндетті емес. Сіз мұндай әмиянды 5 минутта ашып, қалаған уақытыңызда жаба аласыз.

  4. Сіз аударатын ақшаның суммасын қандай да бір банктың инструкциясы емес , сіз анықтайсыз. Сіз оларды қайда жібересіз, ол да сіздің қалауыңызға байланысты анықталады. Сіздің не төлеп жатқаныңыз- жасыратын ешнарсесі болмаса да өзіңіздің жеке құпияңыз.

  5. Сандық ақшалар иеліктен айырылған электрондар болып табылмайды, олар кімге тиісті, олардың түсу көзін нақты анықтайды.

  6. Электронды әмиянның иесі алатын ыңғайлықтар өз алдына. Электронды ақшаларға алынатын тауар мен қызмет көрсетудің саны өсіп отырады, біріншіден, сіз уақытты өте қатты үнемдейсіз, екіншіден, бағасыз жүйкеңізді сақтайсыз, үшіншіден, электронды ақшаға ғана алатын тауарлар мен қызметтер түрі бар.

  7. Электронды ақшалардың иелері несие бере алады және ала алады.

  8. Көпбанктілік, көпвалюталық, керемет тез әрекет етушілік және байланыстың үзілуіне деген тұрақтылық.

Әрине, сандық ақшалар, өз алдына бар, ол әдеттегі қағаз, эквивалентті ақшамен тығыз байланысты. Кез келген уақытта рублдік және валюталық бірлікке айналдыра аламыз немесе кері процедураны орындай аламыз. Өз әмияныңызды алдын ала төленген картамен толтыра аласыз, мысалы, WebMoney немесе ЯндексДенег , немесе өз есепшотыңыздағы ақшаңызды банктен аудара аласыз немесе жай ғана банк арқылы аласыз. Қолма – қол ақшаны банкомат немесе банк арқылы түседі, жалпы алғанда, барлығы жай ғана.

Элетронды ақшалар дегеніміз-электронды түрде болатын, және де электронды карточкаларда орналасатын ақша түрін айтамыз. осындай электронды ақшалар келесі айтылытын критерияларға сәйкес келіп жұмыс істейді:



  1. Олар электронды тасымалдаушы құрылғыларда сақталынады, және бекітіледі.

  2. Басқа тұлғадан ақша алғаннан кейін эмитент арқылы жіберіледі.

  3. Басқа кәсіпорындарда басты төлемақы ретінде қаралады.

Қазіргі кезде электронды ақшалардың көптеген түрлері бар , олардың ішіндегі ең бастыларына:

  1. Төлемақы жүйесі болып саналатын « webmoney» (кошелегі):

  2. Және қазір екінші орынды иеленіп отырған « яндкс. Денгьи» (кошелегі):

Бұл екі төлемақы системаларының бір бірінен қандай айырмашылықтары бар, соған тоқталып кетейік. Webmoney ресейлік төлемақы системасы, ол өзіне тиесілі титульдік белгілерді қабылдайды басты қолданатын титульдік белгілерге ( оларды кошелек деп те атайды) келесі белгі түрлері жатады: WMR ( рубльдік эквивалент ), WMZ ( США долларының эквиваленті) және де басқа эквиваленттер жатады.

2.1.1 Webmoney төлемақы системасының ақша аударымы.

Webmoney кошелегындағы ақшаны, көптеген жолдар арқылы, ақшаға аударуға болады. Енді, осы — webmoney кошелектағы (әмиян) ақшаны, қалай visa, mastercard карточкаларына аударуға болады екен? Ол — wmtocard сервисі арқылы іске асады.

Осы сервис арқылы жұмыс істеу үшін, сізге мына нәрселер қажет:

1. Сізде visa, mastercard, maestro немесе momento деп, аталатын пластикалық карточкаларының біреуі болуы қажет.

2. Сізде аттестат болу керек, формальді аттестаттан төмен емес.

3. Ақша карточкаға аударылғанда алынатын коммисия пайызы — 3,5%

Егер де сізде формальді аттестат болса, сіз жеке куәлік (паспорт) пен ИИН-ді тексеруге жіберуіңіз керек. Бұның ешқандай қиындығы жоқ.

Ақша аударуға кірісейік! Keeper classik программасын қосып, wmtocard сервисіне кіріп, «Вывод на карту» кнопкасын басыңыз. Тіркелген webmoney аккаунтына (сайтына) кіріңіз, сіз автоматты түрде, wmtocard сервисіне өтесіз.



Осындай форманы көріп, көрсетілген барлық жолды толтыруға кірісіңіз.



Ең бастысы аты-жөніңізді (имя, фамилия) пластикалық картада көрсетілгендей етіп, ағылшынша жазыңыз. Кейін мәлімдемені (заявка) құптап, webmoney төлемақы системасы арқылы ақша төлеп, ақша аударымын күтеміз! 3−5 минуттан кейін, ақша пластикалық картаға келуі керек!

Кейбірде, болатын қателіктерден, пластикалық картаға ақша келмеуі мүмкін. Сондай жағдайда webmoney-ге осындай хабарлама келеді: «Произошла ошибка при отправке перевода №xxxx, возможно из за проблем на серверах Сбербанка. Служба поддержки wmtocard уведомлена и Ваш перевод будет зачислен в ближайшее время».

Бірақ қандай қателік болса да, пластикалық картаға ақша аударылады. Егер де кездесетін қателіктерден ақша аударылмай қалса, жіберілген ақша автоматты түрде, сізге қайтып келеді.

Салық (налог) туралы

Ақша аударымы кезінде, ешқандай да, сізден салық алынбайды. Себебі, сіз webmoney арқылы сервиске ақша жібересіз, ал, сервис болса көрсетілген пластикалық картаға ақша аударады.

Жалпы, Webmoney  кошелегына ақша аударудың жолдары өте көп. Жалпы айтатын болсақ, қазіргі кездегі адамдардың көп бөлігі, webmoney кошелегын толтыруды, кошелекқа ақша аударуды және де басқа да толып жатқан жағдайларды білмейді. Сұрақ туады, неліктен көп адамдар осы webmoney кошелегы жайлы аз мәлімет біледі? Жауап біреу-ақ, ол — адамдар webmoney кошелегымен жұмыс істеуді білмейді, және де осы кошелектармен жұмыс істеуді — қиын іс деп, Жазылатын барлық мәліметті ұғып алсаңыз, сіз еш қиындықсыз, кошелекты ақшаға толтыратын боласыз! Webmoney кошелегына ақша аудару үшін, яғни кошелекқа ақша салу үшін — qiwi сервисін қолдануға болады екен. Qiwi сервисімен таныс болмасаңыз, төменде Qiwi сервисінің сайтын көруге болады:

Webmoney кошелегына ақша аудару үшін не істеу керек?

1. Qiwi сайтына тіркелу қажет

2. Кошелекты Qiwi-ге тіркеу қажет

Жоғарыдағы айтылған нәрселерді орындасаңыз, енді кошелекқа тез ақша аударуға болады.

Qiwi-де тіркелу кезінде мобильдік телефоныңыздың нөмірін жазу керек болады, сондықтан да сізге шын мобильдік телефон нөмірін жазу керек. Тіркелуден өткеннен кейін, сізге sms арқылы пароль жіберілетін болады. Кейін осы пароль арқылы, qiwi аккаунтына кіретін боласыз. Тіркелуден кейін, аккаунтқа кіріңіз.  Енді, сізге өзіңіздің банк картасын (банковская карта) тіркеу керек. «Оплата» бетіне кіріп, сол жақ қатардағы «webmoney» сөзін таңдаңыз. Міндетті түрде «Выбрать способ оплаты» жерінде банк картасын таңдаңыз.



Осыдан кейін сізге картаны тіркелуден өткізуге шақырады. Карта түрін, берілген тізімнен таңдаңыз,  егерде бірде-бір карта сізге сәйкес келмесе, «Другие банки» бағанасын таңдаңыз.



Кейін барып, картаның барлық мәліметін теріп, «Регистрация» кнопкасын басыңыз. Сіздің банк картасынан кішкене де болса ақша алынады, яғни картаның тексерілуіне. Тексерілуден кейін сізге ақшаны банк картасына қайтарып береді. Карта тіркелгеннен кейін, сіз өзіңіздің кошелегыңызға карта арқылы еш қиындықсыз ақша толтыратын боласыз. Qiwi аккауынтының төменгі жағында сіздің тіркелген карта көрініп тұрады:



Міне, осымен сіз үйде отырып-ақ, webmoney кошелегын карта арқылы толтыратын боласыз!




      1. webmoney төлемақы системасымен сайтты байланыстыру

Бізге осы сайтты webmoney системасымен байланыстыру не береді? Сіз интернет-предприниматель немесе интернет бизнесімен айналысып жүрген болсаңыз, Сіздің жұмысыңыз 2 есеге жеңілдейтін болады. Яғни, Сіз сайтыңыз бен webmoney төлемақы системасын байланыстырып, клиенттерден түсетін ақшаны, сайт арқылы алатын боласыз! Яғни, жұмысыңыз 2 есеге жеңілдейді! Ал, осы webmoney мен сайтты байланыстырудың ж алпы қарастырылатын жолдар саны — үшеу.

1. Автоматты түрде (Автоматический)

2. Жартылай автоматты түрде (Полуавтоматический)

3. Қол арқылы жасалатын түрі (Ручной)

Webmoney төлемақы системасын сайтыңызда автоматты түрде қабылдайтын болсаңыз, Сізге — сатушы аттестатын алу қажет. Осы аттестатты алу үшін, Сіз осы төлемақы системасының тіркеушісімен тікелей кездесу арқылы ғана ала аласыз. Егер де осы системаның тіркеушісімен кездесе алмасаңыз, басқа да жолдар арқылы да аттестат алуға болады. Барлық керек документтерді нотариустан алып, пошта арқылы документтерді, төлемақы тіркеу орталығына жібересіз! Аттестат алынғаннан кейін, Сізге көптеген жұмыстармен айналысуға тура келеді, осы документтерге қатысты.

Осы аттестат алудың ең оңай жолы, ол — қол арқылы жасалатын түрі. Осы тәсіл арқылы сатушы аттестатын қалай алуға болады? Сайтта webmoney кошелегының нөмірін (№) көрсетіп,  мынадай хатты жібересіз: «Отправьте на этот кошелек 100$» және осы сөзді толықтырып жазып, webmoney төлемақы системасына жібересіз.

Осы айтылып кеткендердің ішіндегі, ең оңайы — ол, жартылай автоматты түрі. Аттестат алу үшін Сіз сайтыңызға html код қойып, өңдейсіз. Осы жасалған істен кейін, қолданушылар немесе сатып алушылар, Сіздің сайтыңыз арқылы, ақша төлей алатын болады, яғни — webmoney төлемақы системасы бойынша.

2.2.1 Яндекс. Ақша Төлем жүйесі

Яндекс. Ақша дегеніміз - Яндекс интернет- порталы мен PayCash төлем жүйесінің бірігіп жасаған жобасы, онда PayCash төлем жүйесінің қасиеттері мен жұмыс принципі бар.

Яндекс. Ақша төлем жүйесі PayCash сенімді технологиясының және Яндекстің көпмиллионды аудиториясының бірігуі ғана емес, сонымен қатар, бірнеше қатысушылармен жасалған әріптестік болып табылады. Банктің әріптестерінің ішінде , интернет провайдерлері, интернет- магазин, пошта, коммуналды қызметтер, өзге төлем жүйелері бар.

Яндекс. Ақша жүйесінің қатысушысы болу үшін сізге банкте немесе кредит картасында ақша болу міндетті емес. Өзіңіздің компьютеріңізге арнайы программа- Интернет. Әмиян (Кошелек) орнатасыз. Мұнда төлем жүйесінде автоматты түрде есепшот ашылады, осы Әмиянмен байланысты. Осы есепшотқа кез келген әдіспен өз ақшаңызды аудара аласыз, әдеттегі банкте аударған сияқты. Осыдан кейін есептеулер жүргізесіз, өз әмияныңызға белгілі бір адамнан ақша аудара аласыз. Виртуалды есепшоттан электронды ақшаларды шын қағаз ақшаға кез келген уақытта ауыстырып ала аласыз.



  1. Өз компьютеріңізде Интернет. Әмиян программасын орнатып, Яндекс. Ақша жүйесінің Процессингтік Орталығында өз есепшотыңызға ақша жинай аласыз. Осылайша, сіздің Интернет. Әмияныңызда электронды ақша пайда болады.

  2. Электронды дүкеннен тауар таңдап немесе тапсырыс бере аласыз- «сатып алу» деген батырманы басасыз. Сіздің Әмияныңыз осы уақытта орындауға жіберіледі. Сатушының Әмияны сіздің Әмияныңызға төлеу керектігі туралы талап қояды, онда келісім- шарт мәтіні жазылған. (сату-сатып алу келісімшарты) Келісімшарт сатушының электронды сандық қолтаңбасына жазылған.

  3. Сіздің Әмияныңыз Келісімшарттың мәтінін ұсынады. Егер сіз келіссеңіз және сізде есепшотыңызда жеткілікті ақша болса, онда сіздің Әмияныңыз Сатушының Әмиянына электронды ақша мен сіздің қолтаңбаңызбен жазылған келісімшартты жібереді.

  4. Сатушының Әмияны сізден алынған электронды ақшаларды Процессингтік Орталыққа олардың сенімділігі туралы ақпаратты растау үшін жібереді.

  5. Процессингтік Орталықты тексерудің қалыпты нәтижесі кезінде төлем жүйесі керекті ақшаның суммасын есептеп алады. Бұл туралы хабарлама сатушының Әмиянына квитанциямен бірге жіберіледі.

  6. Банктен жауап алғаннан кейін, сатушының Әмияны ақшаның сәтті түскендігі туралы хабарламаны жібереді және квитанцияны сіздің Интернет. Әмияныңызға жібереді.

2.2.2 Интернет- әмиянды толтыру

Өзіңнің ақшаңды сандық нақты Яндекс. Ақшаға айналдыру үшін ақшаны толтырудың кез келген ыңғайлы әдісін қолдана аласыз.:



  • Қосымша төленген Яндекс. Ақша;

  • STB Card банк картасынан аудару;

  • Интернет- банкинг жүйесі;

  • Жүйенің офистарындағы төлем;

  • Банк арқылы қолма-қол немесе ақшасыз төдем;

  • Visa, Master Card банк картасынан аудару;

  • Ресей поштасының бөлімшелерінен қолма-қол төлем.

2.2.3 Шынайы ақшаға аудару

Қалаған уақытта сіз өзіңіздің электронды ақшаларыңызды шын ақшаға айналдыра аласыз, яғни оларды Яндекс. Ақша жүйесінен шығара аласыз.

Ол үшін ақшаның белгілі бір бөлігін немесе толықтай өзіңіздің Виртуалды есепшотыңыздан Процессингтік Орталықтан өзіңнің есепшотыңа аударып, кәдімгі банктен ала аласыз. Ол үшін Интернет. Әмиянды орындауға жібересіз, « Есепшоттан ақшаны алу» деген пунктті таңдайсыз. Ашылған терезеден жүйеден ақшаны алу әдісін таңдайсың, формадағы қатарларды толтырасыз.

Жүйеден ақшаны шығарған үшін коммиссиялық алады, 1% өлшемінде. Қосымша проценттер трансфер- агент( банк, пошта) алынады. Трансфер- агент заңды немесе физикалық түр(банк, пошта немесе басқа субъект), ол клиенттен операторға ақшаны береді және керісінше операцияны орындайды.



Қорытынды

Электронды ақшалармен қандай мәселелер болуы мүмкін, негізінде олар екеу ғана. Біріншісі- сізде дербес компьютер жоқ, немесе ол бар, бірақ сіз одан қорқасыз және жиһаз түрінде тұрады. екіншісі- сіздің ойыңызда компьютерлік әмияндар және сандық ақша түріндегі барлық нәрселер сізге арналмаған, немесе сізге ақшаңыз өз қалтаңызда қағаз түрінде тұрған ұнайды. Және тежеуші фактор бар, ол әмиянды толтыру үшін қолданылатын карталарға төлеу керек, ал қолма –қол ақша одан арзанырақ болады, қосымша шығындар көп адамдарды осы ақшаны қолдануына кедергі болады, негізінде бәрі бекер. Неге?

Ақша да ақша тұратынын түсіну керек. Ақша да , айран секілді тауар болып саналады. Және бұл нарықтық экономикада қалыпты жағдай. Сіз валюта айырбастау пункттерінде комиссия алынатындағына қарамастан валюта сатып аласыз ғой. Егер сіз банк арқылы ақша аударатын болсаңыз немесе банкоматтан алатын болсаңыз, онда да комиссия алатыны сізді таң қалдырмайды ма? Ақшамен жасалатын кез келген операция ақша тұрады. Әдетте барлық адамдардың жасайтыны, қайда баға арзан, сол жерді іздейді. Жиі жағдайда, оны да жасамайды, курс пен проценттің тиімді айырмашылығын іздеуге кеткен уақыт, осы аз ғана айырмашылығы болатын ақшаға тұрмайды да.

Бір нәрсені жоғалта отырып, сіз басқада жеңесіз. «Уақыт- ақша» (ал электронды төлемдер банктік төлемдерге қарағанда тез, жылдам өтеді), тауар сатушы және қызмет көрсетушілер электронды ақшамен есептескенде сатып алушыға жеңілдіктен де көп нәрсе береді.



Әдебиеттер

  1. 1. Ильяс А. А. , Саулембекова А.К. « платежная система РК: теория и практика. Алматы_2009г.

  2. О.А. Кобелев Электронная коммерция «Дашков и К» Москва. 2008г.

  3. А.С.Генкин « частные денги» ( история и современность) .Москва_2002г.

  4. А. Генкин , Е. Суворова « электронные платежи» Москва_2011.

  5. http://jnet.kz/tag/kzm/

  6. https://money.yandex.ru/

  7. http://www.roboxchange.com/


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет