Елемесов К. А. 1, Коржикенова Н. О. 2, Игликов



Дата17.07.2016
өлшемі140.75 Kb.
#206341
УДК 636.6.08:549.67:636.087.72(045)
Елемесов К.А.1, Коржикенова Н.О.2, Игликов О.Д. 1, Билялов Е.Е.1

1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

2 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қаласы
Жапондық тұқымды бөдененің ет және жұмыртқа өнімділігі
Аннотация: Мақалада жапондық тұқымды бөдененің цеолитті минералымен қосымша азықтандырудағы ет және жұмыртқалау өнімділігі артатыны мәлімделген.
Түйін сөздер: бөдене, цеолитті жартылай минеральды қосынды, тірі салмақ, өсіп-жетілу, жұмыртқалағыштық.
Соңғы уақытта құс шаруашылығында жаңа бір сала пайда болды. Бұл саланың Жапонияда өндірістік құс шаруашылығы ретінде басталып, қазіргі кезде біздің елде де кең таралып, елді мекенді нәрлі диеталық жұмыртқа және ет өнімімен қамтамасыз етуде. Жапондық бөдене салмағы 120-140 гр. жетеді де, 35-45 күндік жасында жұмыртқалай бастап жылына 200-250 жұмыртқа береді.

Бөдене жұмыртқасында фосфор, темір, және витамин мол болса, еті жабайы (дичи) құс етінің дәміне ұқсас, ұшасы 100-112 гр. [1]. Бөдене еті мен жұмыртқа өндіруді арттыру үшін оларды балапан кезінен сойғанға дейін немесе жетілдіріп өсіруде құнарлылығы үйлесімді азық рационының әсіресе, құсты торда және құнарлы азықпен толықтай қамтамасыз ету шектеулі болған жағдайда маңызды болып табылады. Сондықтан азықтың құнарлылығын және ондағы минеральды заттарды арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерді және дәстүрлі емес арзан азықтық қосындыларды пайдалануды іздестіру керек.

Бөдене азығында минеральды зат тапшылығын толықтыру үшін макро және микроэлементті азықтық минеральды кеңінен қолдану қажет. Сондықтан да, полиминеральды азықтық қоспаны тиімді пайдалану үшін бұл заттардың азықтағы мөлшерін және құсқа қанша қажеттілігін сондай-ақ, қосындыны рацонға қосу әдісін білу керек. Осыған орай, өсіп-жетілу қарқыны мен өнімділіктің артуы үшін күл (зольных) элементтерінің қажеттілігі прогрессиялық түрде артуда [2, 3, 4]. Сонымен қатар мүмкіндіктегі қол жетімді негізгі азықтық заттарда кальций, фосфор, мырыш, кобальт, марганец, мыс, йод және басқа азықтық элементтер жетіспейді. Бұндай азықтық рационды пайдалану, минеральды затқа қажеттілікті қамтамасыз те алмайды. Бұл рациондағы қоректік заттардың қорытылуын төмендетіп, денсаулығын және көбею әрекетін нашарлатып, өнімділік көрсеткішін төмендетеді. Бұл мәселені шешу үшін ауыл шаруашылық құсын өндірістік жағдайда азықтандыру мақсатында жергілікті табиғи минеральдық шикі затты нақты дәйектеп зерттеу қажет. Осыған орай бізді, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданына қарасты Митрофандық кен орынындағы цеолиттік топырақтың құрамындағы негізгі үлес /құрғақ зат салмағының % қатынасы/ көрсеткіші бойынша: кремний – 58,86; алюминий – 21,19; натрий – 1,45; калий – 3,20; марганец – 0,01; темір – 2,44; кальций – 2,09; фосфор – 0,15; фтор – 0,005; мыс – 0,0047; мырыш – 0,0064; кобальт – 0,0001; күкірт – 0,99; молибден – 0,005 және селен – 0,005. цеолитте бұдан басқа 27 микро- және макроэлементтердің болуы ғылыми-зерттеу жұмысына алғы шарттар болып табылды [4,5]. Бұл химиялық элементтер біріншіден жұмыртқаның түзілуіне, сапасына, ұрықтануына және балапандардың өмірге бейімділігіне пайдасы зор.

Бізде және шет елде цеолитті - азықтық қоспа ретінде мүйізді ірі қара, марал, қоян және ауыл шаруашылық құстарын азықтандыруға пайдалану жөнінде зерттеулер жүргізіліп, ұсыныстар құрастырылған және жарияланған [6,7].

Жұмыстың мақсаты бөдене рационына цеолитті топырақты қосқанда – балапанның өсіп жетілуіне және жұмыртқа өнімділігіне әсерін зерттеу болып табылады.

Материалдар мен зерттеу әдістері.

Зерттеу жұмысы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ветеринариялық клиникасында жапондық бөдене тұқымына жүргізілді. Ғылыми-тәжірибелік жұмыстың жүйелілігі №1 кестеде көрсетілді.
Кесте №1 Ғылыми-шаруашылық сынағының жүйесі


Тобы

Құстардың саны (бас)

Жасы (күн)

Тірі салмағы, г

Азықтандыру рационы

Тәжірибе сынағы басталарда

Тәжірибе сынағының соңы

I топ

(бақылау)



27

15-16

40-50

120-170

Құрама жем

II топ

(сынақ-тәжірибелік)



27

15-16

40-50

120-170

Құрама жем + цеолитті топырақ

Зерттеуде бөдене балапандарының 15 күндік жасынан бастап ары қарайғы өнімділік сапасын зерттеу қарастырылып, тәжірибеге алынған 54 бас бөдене 2 топқа 27 бастан бөлінеді. І топтағы жас құстарға зауыттық нұсқадағы құсқа арналған құрама жеммен азықтандырылды. Ал, ІІ топтағы әр құс басы үшін 1,5 г есебінде цеолитті топырақ қосылған азық берілді. Тәжірибе барысында екі топтағы бөденелер бірдей жағдайдағы күтімде ұсталды.

Зерттеу нәтижелері №2 кестеде көрсетілгендей алынған нәтижелері рационға полиминеральды цеолитті топырақты қосу салдарынан екінші топтағы бөденелердің тірі салмағы бақылау тобына қарағанда 12 % - ға артық болғандығы анықталып отыр. Осы уақыт мерзімінде тәжірибе тобында 390 жұмыртқа алынды, бұл 97 жұмыртқаға бақылау тобына қарағанда көп екендігін көрсетеді.
Кесте №2 Тәжірибедегі құстардың өнімділік көрсеткіші.


Көрсеткіштер

I топ

(бақылау)



II топ

(сынақ-тәжірибелік)



Тәжірибе басталардағы тірі салмақ, гр.

45,0

45,0

Тәжірибе соңындағы тірі салмақ, гр.

195,3

210,1

Жалпы салмақ қосуы, гр.

150,3

165,1

І топта, %

100

112

Жалпы алынған жұмыртқа, дана

293

390

І топта, %

100

133

Инкувацияға салынған жұмыртқа саны, дана

50

50

Жұмыртқадан балапан жарып шыққаны, дана

31

39

Жалпы көрсеткіш, %

62

78

І топқа қарағандағы пайызы

100

116

Жоғарғыдағы кесте дерегі көрсеткендей, инкубацияға салынған тәжірибе тобындағы 50 бөдене жұмыртқасынан 39 балапан жұмыртқаны жарып шықты, бұл бақылау тобына қарағанда 8 балапанға артық.

Сонымен қатар біз жапондық бөдене тұқымының әр тобынан 5 бастан сойылған құс етінің өнімдіік нәтижесінің көрсеткіші №3 кестеде берілді.
Кесте 3 Тәжірибе топтарындағы жас құстардың ет өнімділігінің көрсеткіштері.


Көрсеткіштер

I топ

(бақылау)



II топ

(сынақ-тәжірибелік)



Сойылған құс саны, бас

5

5

Құсттарды сояр алдындағы тірі салмағы, гр

185

205

Ұша салмағы, гр

125,2

145,3

Сойыс шығымы, %

67,5

70,7

Кестеден көрсетіліп тұрғандай бақылау тобындағы бөденелердің тірі салмағы сою алдында 185г ал, тәжірибе тобында 205 гр. Екінші топтағы цеолитті топырақта минеральды қоспаны қабылдаған бөденелердің ұша салмағы 145,3 гр., бұл 9% - ға бірінші топқа қарағанда артық болды. Сойыс шығымы екінші топтағы бөденеде 3,2%-ға бірінші топқа қарағанда артық болды.

Осыған қарағанда цеолит қосылған құрама жемді қабылдаған бөденелердің жұмыртқа өнімділігі 33 % және сойыс шығымы __% бақылау тобына қарағанда артық болғандығы анықталды.

Әдебиеттер


  1. С.И. Сметнев. Птицеводство. Москва «Колос», 1978 г.

  2. Г.Т. Клиценко. Минеральное питание сельскохозяйственных животных. М.Урожай, 1974 г.

  3. Г.В.Сафронов О ходе выполнения программы «Цеолиты России» Использование природных цеолитов в народном хозяйстве. Новосибирск, 1991., С.910

  4. Воробьев А.А. Цеолиты и месторождения «Багратион». Свойства и применение. (рекоменд. И Усть-Каменогорск, 2007)

  5. С.П. Жданов, Е.Н. Егорова. Химия цеолитов. Л.Наука, 1968 г.

  6. Кожебаев Б.Ж, Игликов О.Д. О возможности использования нетрадиционных источников восполнения минерального недостатка рациона сельскохозяйственных животных и птиц. Вост. СГУ имени Шакарима

  7. Коржикенова Н.О. Цеолит в качествен минеральной подкормки в кормлении маралов. Вест. СГУ имени Шакарима №2 2010

  8. Мелехин Г.П., Гридин Н.Я. «Физиология сельскохозяйственной птицы». Москва. «Колос»., 1977.



УТВЕРЖДАЮ

Ректор Государственного Университета имени Шакарима города Семей

____________ Ш. А. Амирбеков

«___» _____________ 2015г.





ЭКСПЕРТНОЕ ЗАКЛЮЧЕНИЕ

О ВОЗМОЖНОСТИ ПУБЛИКАЦИИ
Экспертная комиссия Аграрного факультета Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Государственный университет имени Шакарима города Семей» Министерства образования и науки Республики Казахстан.

Рассмотрев 18.12.2015г. материалы статьи «Жапондық тұқымды бөдененің ет және жұмыртқа өнімділігі», авторы Елемесов К.А.1, Коржикенова Н.О.2, Игликов3 О.Д. Билялов Е.Е., утверждает, что в материале не содержатся сведения, предусмотренные статьями 11-14 Закона Республики Казахстан «О государственных секретах Республики Казахстан» от 15.03.1999 года; на публикацию материала не требуется получение разрешения Министерства образования и науки Республики Казахстан.


Заключение - материалы могут быть опубликованы в открытой печати.


Председатель

экспертной

комиссии


Амирханов К.Ж. док.тех.наук.,

Проректор по научной и инновационной работе и стратегическому развитию



Эксперт

Игликов О.Д. кан.с/х.наук., доцент

Секретарь

Даутова М.Б.

Специалист РИЦ


Приложение



Сведение об авторе

(заполняется на каждого автора)






Ф.И.О. автора

Елемесов К.А.

1.

Место работы (без сокращений), должность

Государственный университет имени Шакарима г.Семей.

2.

Ученная степень и звание

Магистр селскохозяйственных наук

3.

Почтовый адрес

г.Семей. улица, Джамбула 96

4.

Телефон: дом., раб., сотовый

8 7079070488

5.

Адрес электронной почты

Elemesov-90 @mail.ru



Ф.И.О. автора

Коржикенова Н.О.2,

1.

Место работы (без сокращений), должность

Казахский агротехнический университет имени С.Сейфуллина

2.

Ученная степень и звание

Доктор PHD

3.

Почтовый адрес

г.Астана. ул, Б.Момушулы 30. кв-7

4.

Телефон: дом., раб., сотовый

8 7772646986

5.

Адрес электронной почты









Ф.И.О. автора

Игликов3 О.Д.

1.

Место работы (без сокращений), должность

Государственный университет имени Шакарима г.Семей.

2.

Ученная степень и звание

Кандидат сельскохозяйственных наук, доцент

3.

Почтовый адрес

г.Семей. Озерки 30

4.

Телефон: дом., раб., сотовый

8 7052442062

5.

Адрес электронной почты

@ mail.ru






Ф.И.О. автора

Билялов Ермекказы Ережепович

1.

Место работы (без сокращений), должность

Государственный университет имени Шакарима г.Семей. старший преподаватель

2.

Ученная степень и звание

Кандидат ветеринарный наук

3.

Почтовый адрес

г.Семей. улица, А.Байтурсунова, 31. кв.37.

4.

Телефон: дом., раб., сотовый

34-96-29; 53-19-20; 8-777-706-21-59

5.

Адрес электронной почты

er_men67@mail.ru



Сведения о статье

(заполняется автором на каждую статью журнала)






Сведения (статья)

1.

УДК (индекс Универсальной десятичной классификации)

УДК 636.6.08:549.67:636.087.72(045)


2.

Основной автор

Елемесов К.А

3.

Соавторы

Игликов1 О.Д.,, Коржикенова Н.О.2, Билялов Е.Е. 3

4.

Место работы автора (полное наименование)

Государственный университет имени Шакарима г.Семей.

5.

Название, заглавие статьи

«Жапондық тұқымды бөдененің ет және жұмыртқа өнімділігі»

6.

Ключевые слова

бөдене, цеолитті жартылай минеральды қосынды, тірі салмақ, өсіп-жетілу, жұмыртқалағыштық.

7.

Резюме на русском языке

В данной статье изучено яичная и мясная продуктивность перепелов японской породы при использовании минеральной подкормки из цеолита.

8.

Резюме на казахском языке

Мақалада жапондық тұқымды бөдененің цеолитті минералымен қосымша азықтандырудағы ет және жұмыртқалау өнімділігі артатыны мәлімделген.

9.

Резюме на английском языке

This article studied the egg and meat efficiency of Japanese quail breed by using a zeolite mineral feeding.

10.

Список литератур

  1. С.И. Сметнев. Птицеводство. Москва «Колос», 1978 г.

  2. Г.Т. Клиценко. Минеральное питание сельскохозяйственных животных. М.Урожай, 1974 г.

  3. Г.В.Сафронов О ходе выполнения программы «Цеолиты России» Использование природных цеолитов в народном хозяйстве. Новосибирск, 1991., С.910

  4. Воробьев А.А. Цеолиты и месторождения «Багратион». Свойства и применение. (рекоменд. И Усть-Каменогорск, 2007)

  5. С.П. Жданов, Е.Н. Егорова. Химия цеолитов. Л.Наука, 1968 г.

  6. Кожебаев Б.Ж, Игликов О.Д. О возможности использования нетрадиционных источников восполнения минерального недостатка рациона сельскохозяйственных животных и птиц. Вост. СГУ имени Шакарима

  7. Коржикенова Н.О. Цеолит в качествен минеральной подкормки в кормлении маралов. Вест. СГУ имени Шакарима №2 2010

  8. Мемхин Г.П., Гридин Н.Я. «Физиология сельскохозяйственных птиц». Москва. «Колос»., 1977.

ПІКІР
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсатына байланысты әріптестік зерттеу нәтижелеріне сәйкес Елемесов К.А.1, Коржикенова Н.О.2, Игликов3 О.Д., Билялов Е.Е тарапынан әзірленген «Жапондық тұқымды бөдененің ет және жұмыртқа өнімділігі», тақырыбындағы мақаласына пікір


Мақала бөдене өсіруді өндірістік жағдайында өсіруге негіз болар ғылыми-зерттеулік дәйектемелерді мәлімдей отырып, бөдене құс еті мен жұмыртқасын арттырудың алғы шарттарын пайдаланудың өзектілігі анықталған тұжырымды ғылыми ұсыныстар негізінде жазылған.

Ғылыми-зерттеу жұмысында бөдене өнімділігін арттыру мақсатында жергілікті қол жетімді табиғи цеолитті топырақты құс жеміне қосу және азықтандыру технологиясы негізіндегі зерттеу нәтижелерінен алынған биологиялық физиологиялық үрдістерге зоотехникалық тұрғыдан дәйектемелер беріліп, ізденіс жұмысының басты мақсаты нақты айқын көрсетілген. Бұл ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудегі басты талаптардың тиісті денгейде сақталғанын және алынған нәтижелерге ғылыми негіздемелер ғылыми және тәжірибелік дәйекті еңбектерге сүйене отырып, ғылыми теориялық және тәжірибелік тұрғыдан нақты дәйектей берілген.

Әріптестік зерттеу нәтижелеріне сәйкес – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік универсиеті оқытушылары тарапынан әзірленген ғылыми ізденіс мақсаты елімізде бөдене шаруашылығын дамытуға және құс өнімділігін арттыруға ғылыми негіздемелік болады және уақыт талабы деп бағалай отырып, мақаланы ғылыми баспаханалық жарияланымға ұсынуға пікір білдіремін.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университетінің аграрлық



факультетінің доценті, биология

ғылымдарының кандидаты Ф.С.Насыров

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет