Технология - құралдар жасау, яғни табиғи ресурстарды адамзат игілігіне пайдалану үшін адамның білімін пайдалану. - Технология - құралдар жасау, яғни табиғи ресурстарды адамзат игілігіне пайдалану үшін адамның білімін пайдалану.
- Бұл термин тек қүралдардың (материалдық мәдениетке тән) өзіне ғана емес, сондай-ақ адамдардың осы құралдар турасындағы сеніміне, құндылықтары мен көзқарасына да (материалдық емес мәдениет аспектілеріне де) қатысты.
- Әлеуметтік өзгерістер - әлеуметтік құрылымдардың немесе институттардың белгілі бір уақыттан кейінгі әрбір елеулі өзгерісі немесе трансформациясы.
- Технология - әлеуметтік өзгерістердің маңызды бір түрі және себебі.
- XIX ғасырдан бастап әлеуметтанушылар технология мен әлеуметтік өзгерістердің арасындағы байланысты зерттеді:
- Қурылымдық-функциялық теория: технология және эволюциялық әлеуметтік өзгерістер
- Конфликт теориясы: технология, билік және әлеуметтік өзгеріс
Құрылымдық-функциялық теория, ең алдымен, әлеуметтік құрылымның ұйымдасқан тәсілмен бір қалыпта сақталуын, қоғам мен мәдениеттің өзгеруін зерттейді; - Құрылымдық-функциялық теория, ең алдымен, әлеуметтік құрылымның ұйымдасқан тәсілмен бір қалыпта сақталуын, қоғам мен мәдениеттің өзгеруін зерттейді;
- әлеуметтік өзгерістерді ретті және жалпылай келісім деп қарастырады.
- Құрылымдық-функциялық теория бойынша өзгеріс эволюция арқылы жүзеге асады: әлеуметтік құрылымдар жаңа сұраныстар мен талаптарға кезең-кезеңімен бейімделеді, ал ескірген үлгілер, ойлар және құндылықтар біртіндеп жойылады, эволюцияға түрткі болатын жаңа сүраныстар мен талаптар технологиялық жетістіктер болып саналады.
- Өзгерістер эволюциялық жолмен жүргенімен әрдайым біркелкі болмайды, себебі – мәдениеттер өзгерістерге бейім келеді, бірақ бейімделу белгілі бір уақытты қажет етеді, соның салдарынан қоғамдар «мәдени кешігуді» сезінеді.
- Мысалы, 1870 жылы фабрикалардың көбеюі өндірістік апаттарды көбейтті, бірақ жүмысшылардың өндірістік жарақатына өтемақы төлеу туралы заңнамалар 1920 жылға дейін қабылданбады, яғни 50 жылға жуық мәдени кешігу байқалды.
- Мәдени кешігу - әлеуметтік құрылым жаңа технологияларға бейімделіп жатқан кезде болатын уақытша кезең.
Достарыңызбен бөлісу: |