Әлеуметтік – ғылымдар гуманитарлық факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Мониторинг жүйесі туралы еліміздегі жалпы ережелер



бет4/4
Дата25.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#465739
1   2   3   4
ACTLYONLSDLT23112022101958

Мониторинг жүйесі туралы еліміздегі жалпы ережелер.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш және негізгі орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады. ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.
3. Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру нәтижелерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
5. Қағидалар меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, түріне қарамастан, орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылады.
2-тарау. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібі
6. Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында жүргізіледі.
7. ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.
8. ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі.
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші курс және (немесе) кәсіптік модульдер немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша үшінші курс білім алушыларының арасында жүргізіледі.
10. ББЖМ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде жүргізіледі.
11. ББЖМ-ға үйде (денсаулық жағдайы бойынша) немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балаларға арналған санаторийлік үлгідегі сауықтыру мекемелерінде білім алушылардан, сондай-ақ тестілеу кезінде объективті себептермен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туыстары қайтыс болған жағдайда, жарыстар мен олимпиадаларға қатысуына байланысты) қатыспаған адамдардан басқа осы Қағидалардың 6 және 9-тармақтарында көрсетілген білім алушылар қатысады.
12. Білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қатысушылар мен жұршылықты іс-шараға дайындық жұмыстары мен өткізілуі туралы бір ай бұрын хабардар етеді.
13. Тестілеу жыл сайын сәуір айында тестіленушілер оқитын орта білім беру ұйымдарының базасында және қараша айында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
14. ББЖМ жүргізілетін орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды. Білім беру ұйымдары мынадай параметрлер бойынша іріктеледі:
- аумақтық тиістілігі (қала, ауыл);
- жалпы білім беретін мекемелердің түрлері (жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, мектеп-гимназия, мектеп-лицей);
- білім алушылар контингенті;
- оқыту тілі (қазақ/орыс);
- білім беру ұйымдарының қатысу пайызы (25%).
Жыл сайын бұл саннан өткен оқу жылдары ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары алынып тасталады.
Білім беру ұйымдарын іріктеу оларды кездейсоқ іріктеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қалыптастырылған жұмыс тізімін жүктеу нәтижесінде жүзеге асырылады.
15. Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының ұсыныстары негізінде ББЖМ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдайды.
16. Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.
Тест спецификациясын "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) әзірлейді.
17. Білім беру ұйымдарында ББЖМ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдерінің тізімін бекітеді, оның құрамына облыстық, аудандық білім беруді басқару органдарының өкілдері (жауаптылары), Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерінің өкілдері (бұдан әрі – Министрліктің уәкілетті өкілдер) кіреді.
18. Білім беру ұйымдарында ББЖМ жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
19. Тестілеу басталғанға дейін Министрліктің уәкілетті өкілі компьютерлік аудиториялардың дайындығын тексереді және тестіленушінің жеке коды бар отырғызу парақтары бойынша тестіленушілерді сәйкестендіруді білім беру ұйымы ұсынған білім алушылардың тізіміне сәйкес жүзеге асырады.
Тестілеу басталар алдында тестіленушіге сілтеме мен веб-қосымшаға авторизациялау параметрлері беріледі (логин және пароль).
Министрліктің уәкілетті өкілі білім алушыларға ББЖМ-ны жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
20. Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға сөйлесуге, қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштардағы ақпараттарды пайдалануға тыйым салынады.
Тестілеуден өту кезінде калькуляторды, анықтамалық әдебиетті (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесінен басқа), электрондық жазба кітапшаларын және қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде мобильді телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тестіленуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда Министрліктің уәкілетті өкілі тестіленушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдап, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тыйым салынған заттың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акт жасайды, тестіленушінің нәтижелері жойылады.
21. Бөгде адам анықталған жағдайда Министрліктің уәкілетті өкілі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тестілеуге кіргізу немесе тестілеу өткізу кезінде бөгде адамды анықтау актісін жасайды.
22. Тестілеу уақытында аудиторияға Министрліктің уәкілетті өкілі мен ұйым басшысы ғана кіреді.
23.Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға Министрліктің уәкілетті өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға жол берілмейді.
24. Тестілеу аяқталған соң білім алушылардың нәтижелері компьютердің экранына шығарылады.
25. ББЖМ жүргізілгеннен кейін білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау үшін орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тестіленушілері мен педагогтері арасында жасырын сауалнама жүргізіледі.
26. ҰТО уәкілетті орган белгілеген мерзімде тестілеу рәсімін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етеді және ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді жүзеге асырады.
27. ББЖМ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына ол аяқталған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жеткізіледі және құқықтық салдары болмайды.
28. ББЖМ нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
29. ББЖМ нәтижелері бойынша уәкілетті орган білім беру ұйымдарына ол аяқталған күннен кейін үш ай ішінде ББЖМ нәтижелерінің кешенді талдауын, "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған әдістемелік ұсынымдарды жолдайды.
30. Уәкілетті орган рейтингтік зерттеулер жүргізетін ұйымдардың пайдалануы және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға енгізу үшін білім беру саласындағы ағымдағы ахуалды бағалауды көрсететін талдамалық есепті қалыптастырады.

Сапалы білім болу үшін оқыту үдерісіне мониторингтің жасалуы


Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде педагогтың әлеуметтік мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды өзгерістер, жаңа енгізілімдер – әлеуметтік шеңбердегі жалпы мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылады.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайында Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда, өйткені ол мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып табылады.
Тәуелсіздік алғалы бері еліміз білім беру жүйесінде бірнеше реформаларды бастан кешірді. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман даярлап, сол арқылы әлемдік білім беру кеңістігіне еніп, дамыған елдердің қатарынан орын алу. Қай елдің білім деңгейі жоғары, көші ілгері тұрса сол елдің экономикасы да, әлеуметтік жағдайы да, нақты айтқанда өмір сүру сапасы жоғары болмақ. Біз өмір сүріп жатқан ғасыр бәсекелестік заман. Сол бәсекеде жеңіске жететін тек білімді ел болмақ. Білім беру жүйесінің де нақты бір қалыпқа түсіп, белгілі бір ғана бағытпен жүрмеуінің де себебі осы деп ойлаймын. Егер білім беру жүйесін тек бір ғана бағытта алып жүрген болса, онда даму да болмас еді. Білім беру саласындағы түрлі проблемалар күн тәртібінен еш уақытта түскен де, өз маңызын жойған да емес. Сол маңызды мәселелердің бірі еліміздегі білім беру сапасын оңтайландыру.
Сапалы білім беру ісі – білім беру ұйымдары мен еліміздегі бүкіл педагогтар қауымының алдында тұрған үлкен жауапты әрі қиын міндет. Білім сапасы ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық іс-әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы.
Осындай сапалы білімді ұйымдастырып, оны ары қарай дамытатын басты тұлға – ұстаз. Білім сапасының негізгі кілті – мұғалімдердің кәсіби шеберлігінде. Яғни, қазіргі қоғам талап етіп отырған жаңа формация мұғалімі үздіксіз іздену үстінде болуы шарт. Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады»-деген сөзі осының дәлелі болмақ. Білім беруде ескеретін негізгі жайт – оқытудың нәтижелі болуына алдын-ала болжам жасап, оқушы дағдысын үнемі жетілдіруге және шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау. Мұғалім осы жағдайларды ескерген кезде ғана сапалы білімге қол жеткізуі мүмкін.
Сонымен қатар, сапалы білім болу үшін оқыту үдерісіне үнемі мониторинг жасалып, мониторингтік зерттеулердің қорытындысы бойынша нақты шешімдер шығарылып, сол шешімдер негізінде жұмыс жасалуы қажет. Еліміздегі барлық білім ордаларында мониторинг толықтай жолға қойылған деп айту қиын. Мұның себебі, айналып келіп тағы да кәсіби білікті маманға келіп тіреледі. Педагогикалық мониторинг мұғалімнің кәсіптік деңгейін анықтап, қажеттіліктерін нақтылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұғалімнің еңбегін рейтингілік бағалау арқылы әртүрлі топтарға бөліп, жекелей жұмыс істеу нәтижесінде кәсіби шеберлігінің өсуіне жағдай жасап отыру қажет». Егер, әрбір білім беру мекемелерінде мониторингтік жүйе дұрыстап жолға қойылған болса, елдегі білім жүйесінде болып жатқан түрлі ауқымды проблемалар азайған болар еді. Мысалы, елдегі ҰБТ нәтижелері көңіл көншітерлік емес. 10 жылдан аса уақыт өтсе де ҰБТ өзінің тиімділігін көрсете алмай келеді. Оқушылар өздерінің 11 жыл бойы не оқығандарын емес, соңғы 1-2 жылда түрлі қосымша курстарға барып сонда алған жалпылама, жаттанды білімдерін көрсетіп жатыр. ҰБТ болғалы оқушыларымыз да терең зерделеп оқымайтын болды. Мұғалімнің жұмысы тәжірибеде оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Мұның бәрі айналып келгенде бақылаудың жоқтығынан. Бұл көрсеткіш төмен бола тұра «… әлі күнге дейін тестілеу проблемасымен шұғылданатын бірде-бір зертхана жоқ, «Педагогикалық өлшеулер» мамандығы бойынша кадрлар дайындалмайды». PISA, TIMSS халықаралық халықаралық зерттеулер нәтижесі де оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің жеткіліксіз екенін, теориядан алған ақпараттарға сын тұрғысынан бағалау мен болжам жасау, өзіндік көзқарасын негіздеу деңгейінің төмен екендігін көрсетті. Осы проблемаларды ескере келе елімізде білім беру жүйесіне бірыңғай мониторингтік жүйе жасалып, сол жүйенің дұрыс орындалып, орындалмай жатқанын қатаң қолға алғанда ғана білім беру сапасының артуы ықтимал. «Барлық озық жүйелерде білім сапасын анықтайтын өлшем жүйесі жасалмайынша, оның сапасын көтеру мүмкін емес деп есептелінеді. Сондықтан әлемнің жетекші елдерінде білім беру сапасы мониторингі жүйесін құруға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, АҚШ білім беру саласын дамытуға жұмсалатын қаражаттың 20-25 пайызы мониторинг жүйесін жетілдіруге жұмсалады». Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқу үдерісіне мониторинг жасаудың маңызы зор екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Мониторинг жасау қай салада болмасын өз өзектілігін жойған емес. Әсіресе, білім беру саласындағы мониторинг қызметі бақылаудың ерекше түрі болып табылады.
Әрбір мұғалім мектепке келген кезде білімі мен білігі бойынша түрлі мониторингтік зерттеулерден өтіп, сол зерттеулер қорытындысы бойынша жұмыс жасаса, яғни қай тұстан ақсайды, өзінің білігі қай деңгейде, қай бағыт негізінде нақты жұмыс жасау қажеттігін білер еді. Мониторинг жүргізудің негізі қағидасы оның үздіксіздігінде. Демек, мониторингті айына бір рет қана, болмаса жылына жасап қоюға болмайды. Оны білім беру ісінде үздіксіз жүргізіп, сол бойынша басқарушылық шешімдер шығарып отыру қажет. Сонда ғана ол өз өзектілігіне ие болмақ.
Қазіргі таңда кейбір мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде мониторингтік зерттеулер жүйелі түрде жұмыс жасап, өзінің оң нәтижесін де беріп келеді. Оқу үдерісіне мониторинг жасау арқылы педагогтардың жұмысын өз деңгейінде бағалауға және сол мониторинг қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлықтарын объективті тұрғыда шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқу үдерісіне жүргізілген мониторинг мұғалімнің педагогикалық шеберлігін нақтылайды, педагогикалық мүмкіндігін анықтайды, мұғалімге нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді және мектепішілік басқару процесін жүзеге асырады.
Әлемдегі жетекші кез келген елді алып қарасақ, ол елдерде білім үдерісіндегі мониторинг нақты жұмыс жасайды. Олар сол мониторингтің қорытындысы негізінде нақты шешімдер шығарып, осал жақтарын үнемі дамытып отырады.
Қорыта айтқанда, кез келген елдің білім беру жүйесінде өзіндік ерекшеліктер мен артықшылықтар, тіпті кемшіліктері де болады. Біз отандық білім беру жүйесіндегі өзіндік ерекшелігімізді сақтай отырып, артықшылығымызды арттырып, кемшілігімізбен күресуіміз керек. Оқу үдерісіндегі орын алып жатқан олқылықтарды жою үшін еліміздегі барлық білім беру мекемелеріне бірізді мониторинг жүйесін жасауды ұсынамын. Барлық жалпы орта білім беру мекемелерінде мониторингтік жүйе орын алса, елдегі білім беру сапасы да артар еді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. // Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж


2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
3. .Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау».
4. «Бастауыш сынып » әдістемелік - педагогикалық журнал № 2 , 2013 жыл.
5. «Бастауыш сынып » әдістемелік - педагогикалық журнал № 4 , 2015 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет