Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет12/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

Торқалы тойдың тағылымы 
Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек
Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты 
көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да 
бейнесін танытқан Абай - елдік мұраттың айнымас темірқазығы. 
Әр қазақтың төрінде домбыра тұрсын деген ұғым қалыптасқанын бәріміз жақсы білеміз. 
Сол сияқты әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы 
керек деп санаймын. 
Келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауға тиіс. Бұл – ұлы ақын арманының орындалуы. 
Сондықтан біз Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз. 
Биыл Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық 
деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Тамыз айында Семей қаласында ЮНЕСКО-
мен бірлесіп өткізілетін «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-
практикалық конференция ең басты шараға айналады. Сондай-ақ, қазан айында Нұр-Сұлтан 
қаласында «Абай және рухани жаңғыру мәселелері» деген тақырыпта халықаралық 
конференция өтеді. Бұл жиындарда Абайдың тұлғасы мен мұрасы жан-жақты зерделеніп, оның 
шығармашылығын ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанның игілігіне пайдалануға жол ашылады. 
Маңызды жобаның бірі – ұлы ақынның шығармаларын он тілге аударып, басып шығару. 
Атап айтқанда, Абай еңбектері ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, 
түрік, француз тілдеріне тәржімаланады. Ақынның өмірі, мұрасы, қазақ мәдениетін дамытудағы 
рөлі туралы бірнеше деректі фильм және «Абай» телесериалы түсіріледі. 
Ақын тойынан өнер саласы да тыс қалмайды. Республикалық және халықаралық деңгейде 
театр және музыка фестивальдері өтеді. Биылғы бәйгелер Абай шығармашылығына арналады. 
Әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай 
атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатын болады. 
Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау шетелдерде де жалғасады. Ресейдегі
Франциядағы, Ұлыбританиядағы және басқа да мемлекеттердегі Қазақстанның елшіліктері 


17 
жанынан «Абай орталықтарын» құру жоспарланып отыр. Бұл мәдени іс-шараларды 
ысырапшылдыққа жол бермей ұйымдастыру қажет. 
Шығыс Қазақстан облысының Ақшоқы елді мекеніндегі Құнанбай Өскенбайұлы әулетінің 
қорымы абаттандырылады.Сонымен қатар, Абай тұлғасын жоғары дәрежеде дәріптеу үшін 
Үкімет мынадай шараларды қолға алуы керек деп есептеймін. 
Семей өңірі - қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан, елдің рухани дамуында 
ерекше орны бар Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеген жөн. Ұлы Абай мен 
Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңір айрықша құрметке лайық. Осыған орай, 
шаһарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытып, ондағы тарихи-мәдени 
нысандарды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкіметке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар 
қабылдауды тапсырамын.Мерейтой жылы аясында Абайдың қастерлі мекені – әйгілі 
Жидебайды абаттандырып, ұлы ақынның рухына тағзым етуге келетін жұртшылыққа қолайлы 
жағдай жасау қажет.Сонымен қатар, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени 
және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне ерекше көңіл бөліп, ғылыми-танымдық жұмыстармен 
айналысатын орталыққа айналдыру керек.Жидебайда музейге арнайы лайықталған «Абай 
мұрасы» атты жаңа ғимарат салу қажет.1918 жылы Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен 
Жүсіпбек Аймауытов негізін қалаған, 1992 жылдан бері қайта шыға бастаған «Абай» 
журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек.Осы және басқа да ауқымды шаралар 
Ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, оның мол мұрасын дәріптеу үшін өткізілмек. Ендеше, бүкіл 
Қазақстан халқын осы игі бастамаға белсене атсалысуға шақырамын. 
* * * 
Біз Абайдың 175 жылдық мерейтойына қоғамдық сананы жаңғыртатын, бір ел, тұтас ұлт 
болып дамуымызға серпін беретін іс-шара ретінде зор мән беріп отырмыз.Бұл тойдың 
тұсындағы басты мақсатымыз – бүкіл халықтың ұлт ұстазы алдындағы өзіндік бір есеп беруі 
іспеттес болуға тиіс деп білемін. Абай сыны – ауыр сын, сындарлы сын.Елбасы бастап, ел 
қостап, биік белестерді бағындырдық. Озық елулікке кіреміз деп мақсат қойдық, ол мақсатқа 
мерзімінен бұрын жеттік.Озық отыздыққа қосылуды межеледік. Ол межеге де жетеміз. Сол 
межеге жетуге де бізге Абай мұрасы көмек бере алады. Ендігі мәселе – біз сол Абайдың көмегін 
түсіне алдық па, зерделей аламыз ба? 
Ұлылықтың тойы ұлт алдындағы ұлы міндеттің үдесінен шығудың жолын іздеуге 
ұмтылдыруға тиіс. Әр азамат осы тойдың алдында еліміз, елдігіміз жөнінде терең ойланса 
дейміз. Абай бізге нені аманаттады? Абай бізден нені талап етті? Абай бізден нені күтіп еді? 
Абай елдің қай ісіне сүйініп еді? Сол сүйінген ісінен үйрене алдық па? Абай қазақтың қай ісіне 
күйініп еді? Сол күйінген ісінен жирене алдық па? Басқасын былай қойғанда, ақын айтқан бес 
асыл істі жүзеге асырып, бес дұшпанды бойдан қашырып жатырмыз ба деген ойдың төңірегінде 
толғансақ та талай жайға қаныға аламыз. 
Абай мұрасы - біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі 
құндылық.Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел 
ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз. Абай арманы – халық арманы. Халық 
арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ 
ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет