39
мағынасы айтарлықтай болса да, өз деңгейiнде дами алмауындағы себебi бұл кезеңде шығыс
тiлдерiн терең меңгерген мамандардың болмауынан кешеуiлдеп қалды.
Екiншiден, 20-30
жылдардағы қоғам өмiрiнде болып өткен саяси әлеуметтiк дауылдардың яғни барлық саладағы
күштеу саясатының салдарынан көпке дейiн ес жия алмаған қоғамдық ой санадағы дағдарыстар
мен бiрге, әсiресе,
1949 жылғы КПСС ОК космополитизм туралы қабылданған арнаулы
қаулысы бұл саладағы жұмыстарды бiржолата тұқыртып тоқтатып тастады. Мiне, осы
жағдайларға байланысты ғалымдар бұл саланың қажет екендiгiн бiлсе де,
тиым салынған
тақырыпқа баруға мүмкiндiктерi болмады.
КПСС ХХ сьзiнен кейiн жеке басқа табыну қатты сыналып, қоғамдық ойға қозғау түскен
кезден кейiн ғана, Абай мұрасының шығысқа қатысы туралы мәселеге
Қазақстанда ғалымдар
артына үрке қарай отырып там тұмдап болса да пiкiр тудыра бастады.
1965 жылы ҚазПИ дiң
ғылыми кеңесiнде «Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зерттелу жайы» тақырыпта Абай
мұрасының рухани нәр алған бұлағы Шығыстық арнасы жөнiндегi
мәселе өткiр қойылып, қызу
пiкiр таласына ұласты. Яғни тиым салынған салаға қозғау түстi, алғаш рет ресми түрде
көтерiлдi.
1989 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Абайдың
исламиятқа қатысы мен адамгершiлiк мұраттары жөнiнде жаңа танымдағы ой пiкiрлер ғылыми
жағынан белгiлi бiр жүйеге түсiрiлiп, байсалды түрде баяндалды.С.Оразалиевтiң «Абай және
Дауани», М.Әлiпхановтың «Кiсiлiк кiлтi» және С.Ғаббасов пен Ә.Көшербаеваның
докторлық
диссертациялары мен философтардың жаңа зерттеу еңбектерi бұл саладағы танымды тереңдете
түстi.
Достарыңызбен бөлісу: